Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты по элективу Гематология 180 каз..doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
494.59 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ИНТЕРНАТУРА ЖӘНЕ РЕЗИДЕНТУРАДАҒЫ ТЕРАПИЯ № 3 КАФЕДРАСЫ

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

«Жтд тәжірибесіндегі гематологиялық синдромдар» элективі бойынша емтиханға арналған тест тапсырмалары

  1. Қандай лабораторлы белгілер теміртапшылық анемиясына тән:

  1. ретикулоцитоз + эритроциттердің осмостық резистентілігінің төмендеуі

  2. панцитопения + ЭТЖ үдеуі

  3. панцитоз + ЭТЖ күрт тқмендеуі

  4. эритроциттердің макроцитозы + Жолли денешіктері

  5. сарысулық темірдің төмендеуі + сарысудың темір байланыстырушы қабілетінің жоғарылауы (СТБҚ)

  1. Аталған аурулардың қайсысы теміртапшылық анемиясының себебі болуы мүмкін:

  1. атрофиялық гастрит

  2. жалпақ құрттардың инвазиясы

  3. созылмалы панкреатит

  4. вирусты гепатит В

  5. Асқазанның ойық жара ауруы

  1. Қандай клиникалық көріністер теміртапшылық анемиясына тән:

  1. глоссит + койлонихиялар + геофагия

  2. дисфагия + сарғаю + спленомегалия

  3. дисфагия + фуникулярлы миелоз

  4. геморрагиялық синдром + полисерозиты

  5. спленомегалия + лимфоаденопатия + полисерозиттер

  1. Науқас С., 30 жасар, айқын циркуляторлы-гипоксиялық синдроммен эпигастральді аймақтағы ауру сезімімен ауруханаға жатқызылды. Анамнезінде – асқазанның ойық жара ауруы. Тері жабындысы боз. Қан анализінде: Нв – 79 г/л, Эр. – 3,5х 1012/л, ТК – 0,7, лейкоциттер – 5,2 х 109/л, тромбоциттер – 280,0х109/л,  ретикулоциттер – 0,5 %. Билирубин – 12 мкмоль/л, сарысулық темір – 4,6 ммоль/л. Грегерсен реакциясы оң.

Қандай диагноз айқын:

  1. Аплазиялық анемия

  2. гемолитикалық анемия

  3. жедел постгеморрагиялық анемия

  4. Теміртапшылық анемия

  5. витамин-B12-тапшы анемия

  1. Науқас Д., 31 жасар, айқын циркуляторлы-гипоксиялық синдроммен эпигастральді аймақтағы ауру сезімімен ауруханаға жатқызылды. Анамнезінде – асқазанның ойық жара ауруы. Тері жабындысы боз. Қан анализінде: Нв – 79 г/л, Эр. – 3,5х 1012/л, ТК – 0,7, лейкоциттер – 5,2 х 109/л, тромбоциттер – 280,0х109/л,  ретикулоциттер – 0,5 %. Билирубин – 12 мкмоль/л, сарысулық темір – 4,6 ммоль/л. Грегерсен реакциясы оң.

Ем жоспарына аталғандардың қайсысын қосқан дұрыс?

  1. кортикостероидты препараттар

  2. витамин В12

  3. гемотрансфузия

  4. Парентеральді темір препараттары

  5. пероральді темір препараттары

  1. Науқас Е., 32 жасар, айқын циркуляторлы-гипоксиялық синдроммен эпигастральді аймақтағы ауру сезімімен ауруханаға жатқызылды. Анамнезінде – асқазанның ойық жара ауруы. Тері жабындысы боз. Қан анализінде: Нв – 79 г/л, Эр. – 3,5х 1012/л, ТК – 0,7, лейкоциттер – 5,2 х 109/л, тромбоциттер – 280,0х109/л,  ретикулоциттер – 0,5 %. Билирубин – 12 мкмоль/л, сарысулық темір – 4,6 ммоль/л. Грегерсен реакциясы оң.

Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу әдісі қажет?

  1. Кумбстың тура сынамасы

  2. Сарысулық темір деңгейі

  3. эритроциттердің осмостық резистентілігі

  4. стернальді пункция

  5. трепанобиопсия

  1. Науқас П., 39 жасар, жалпы әлсіздікке, басының айналуына, ентігу, тырнақтардың сынуына, көз алдының қарауытуына шағымданады. Соңғы жылдары бор жеуге әуестенуді байқаған. Етеккірі 5-6 күннен көп мөлшерде. Тері жабындысымен шырышты қабаттары боз. Жүрек тондары ұяң, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Қан анализінде: Нв 60 г/л, эритроциттер 2,5 х 1012/л, ТК- 0,7, ретикулоциттер – 0,8%, тромбоциттер 210,0 х 109/л, лейкоциттер 5,1 х 109/л, эоз.-2%, т/я.-5%, сегм.-57%, лимф.-28%, моноц.-8%, ЭТЖ-20 мм/сағ, анизо- и пойкилоцитоз. Сарысулық темір 6 мкмоль/л.                

Қандай диагнозды болжауға болады?