Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otchet_po_praktike_1.docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
30.04.2015
Размер:
51.85 Кб
Скачать

Акциздерді Әкімшіліктендіру бөлімі

Бөлімнің негізгі мақсаты. Уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету. Салық басқармасына ұсынылған декларациялар мен есептеулердің нақтылығын деректі (тақырыптық), дұрыс саналынғанын, толықтылығын дер кезінде төленгенін және заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің акцизін тексерулерді жүзеге асыру. Салық төлеуші жасаған операцияда салықтық есептікте дұрыс көрсетілуі туралы салықтық тексеру кезінде аталған тұлғаларға байланысты қосымша акпарат алу қажеттілігі туындаса үшінші тұлғаларға қатысты қарсы тексеру жүргізу. Басқа салық басқармасының сұрауы бойынша карсы тексерулер жүргізу. Акциз төлеушілерге қатысты карсы тексерулер жүргізу. Түскен арыздар мен шағымдар және көрсетулер бойынша жанама салық саласында салық заңнамасын орындау мәселелері бойынша заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді зерттеу және тексеру. Бөлім қызметкерлері салық төлеушілердің құқықтарын және мемлекет мүддесін қорғауға міндетті.

Бөлімнің қызметкерлерінің қызметтік міндеттері

Штаттық кестеге сәйкес бөлім қызметкерлерінің саны - 9 адам:

  • бөлім бастығы-1

  • бас салық инспекторы-5

  • жетекші салық инспекторы-1

Бөлім қызметкерлері Министрліктің салық органдарының лауазымды тұлғалары болып табылады, Кодексте көрсетілген барлық құқықтар мен міндеттер оларға қатысты.

Бөлім өз жұмысын басқарманың құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып ағымдағы және перспективтік жоспар негізінде ұйымдастырады.

Бөлім қызметкері Комитетке, Министрлікке және Әкім аппаратына ұсыну үшін баяндамалар, анықтамалар және ақпарат әзірлеуге атсалысады;

Салық заңнамасын және есептік түрлерін жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеуге атсалысады;

Кодекске сәйкес, салық төлеушілерді тексеру кезінде іс жүргізу шешімін қабылдау үшін қылмыстық белгілері анықталған заң бұзу фактілері бойынша материалдарын қаржы полиция органдарына жолдау;

Бөлім құзыры шеңберіне енетін мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат-хабар алмасу;

Оларға берілген құқық шеңберінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес құзырын жүргізу, қызметтік және орындау тәртібін сақтау, заңнамамен белгіленген құпияны сақтау, сонымен қатар Кодесте және «мелекеттік қызмет туралы» Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңында белгіленген басқа да міндеттерді орындау. Бөлімді Басқарма төрағасы тағайындаған бөлім бастығы жетекшілік етеді, жұмыстан босататын да ол. Басқа бөлім қызметкерлерін жұмысқа қабылдау және орнынан алу туралы шешімдерді бөлім бастығы ұсынады . Бөлім бастығы лауазымына жоғары экономикалық білімі бар және мамандығы бойынша практикалық тәжірибесі бар тұлға тағайындалады. Бөлім бастығы жоқ кезде (іс сапар, демалыс, ауырып қалғанда) оның міндеттерін Басқарма бастығы тағайындаған бөлім қызметкері атқарады. Бөлім бастығы тікелей бөлім бастығының құзырына ғана жататын құқықтардан басқа кейбір құқықтарды қол астындағы лауазымды тұлғаларға жұктеуге құқылы.

Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі данада жасалады, оның біреуі мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің көшірмелерімен қоса жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (келіп түскен) мүлікпен жұмыс жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жіберіледі. Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға кейіннен оларды салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді өтеу есебіне аудару үшін ақша тапсыру бойынша операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшалардың барлық шығыс операцияларына қолданылады.

Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі данада жасалады, оның бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) қол қойдырылып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылады.

Салық органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін салық төлеуші (салық агенті) бұлжытпай орындауға тиiс.

Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

Салық органы салық төлеуші (салық агенті) салық берешегін өтегеннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін жояды.

Салық берешегін өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық берешегi өтелмеген жағдайда, сондай-ақ салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағым жасалған жағдайда, салық органы осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билiк етуiн шектеуді жүргiзедi.

Бұл ретте, мониторингке жататын ірі салық төлеушіні қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағым жасаған жағдайда салық органы салық берешегін өтеу туралы хабарлама жібермей-ақ осы бапта белгіленген тәртіппен салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың шағым жасалған сомалары шегінде оның мүлкіне билiк етуiне шектеу жүргізеді. Мұндай шектеу салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараушы салық қызметі органы шешім шығарғанға дейін немесе салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органы шешімінің күшін толық жоятын сот актісі заңды күшіне енгенге дейін қолданыста болады. Мүлікке билiк етуiн шектеу туралы шешім уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі данада жасалады, оның біреуі салық төлеушіге (салық агентіне) қол қойдырылып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылады. Салық төлеуші (салық агенті) мүлікке билiк етудi шектеу туралы шешімді алудан бас тартқан не оның лауазымды адамдары орналасқан жері бойынша болмаған жағдайда, шешім тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей, жылжымайтын мүлiкке құқықтардың ауыртпалығын тiркеу қажеттігі туралы уәкілетті мемлекеттік органдарды бір мезгілде хабардар ете отырып, почта бойынша тапсырыс хатпен жіберіледі . Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билiк етуiн шектеу туралы шешім осы салық төлеушінің (салық агентінің) меншiк құқығындағы немесе шаруашылық жүргiзу құқығындағы, сондай-ақ балансында тұрған мүлiкке қатысты шығарылады. Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билiк етуiн шектеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіріп алуға мүмкін болатын мүлікке ғана қатысты жүргізіледі. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) қаржы лизингiне не кепiлге берiлген (алынған) билiк етуi шектелген мүлкiн лизинг және (немесе) кепіл шартының қолданысы аяқталғанға дейiн салық органының алып қоюына тыйым салынады. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық органы мүлiкке билік етуді шектеген күннен бастап және оның күшi жойылғанға дейiн шарттың талаптарын өзгертуіне (шарттың қолданылу мерзiмiн ұзартуына, қосалқы лизингке және (немесе) қайта кепiлге беруіне) тыйым салынады. Мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмдi салық органы мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм шығарылған күнгі салық төлеушiнiң (салық агентінің) дербес шотында бар салық берешегi сомасы туралы деректердiң негiзiнде қабылдайды. Мүлік тiзiмдемесінің актiсiн жасау кезiнде салық төлеушi (салық агенті) мұндай мүлiкке меншiк құқығын және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығын растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариат куәландырған көшiрмелерiн танысу үшін табыс етуге мiндеттi. Мүлiкке меншiк құқығын және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері мүлік тізімдемесінің актісіне қоса тіркеледі.Мүлік тізімдемесінің актісіне оны толтырған адам, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) лауазымды адамы қол қояды. Мүлік тізімдемесі актісінің бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылады. Салық төлеуші (салық агенті) иелік етуі шектелген мүліктің шектеу алып тасталғанға дейін сақталуын, оған тиісті күтім жасалуын қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болады. Салық төлеуші (салық агенті) аталған мүлікке қатысты заңсыз әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Осы талаптарды сақтамаған жағдайда салық төлеуші (салық агенті) иелік етуі шектелген мүлікті аукционға дайындау бойынша болған шығындарды өтеуге міндетті. Салық берешегі өтелмеген және екі аукцион өткізілгеннен кейін билік етуі шектелген мүлік сатылмаған жағдайда салық органы жаңа мүлік тізімдемесінің актісі жасалған күнгі салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы салық берешегінің сомасы туралы деректерді ескере отырып, жаңа мүлік тізімдемесінің актісін жасау жолымен салық төлеушінің (салық агентінің) басқа мүлкіне тізімдеме жүргізуге құқылы. Уәкілетті органдарда тіркелуге тиіс мүлiкке құқықтардың ауыртпалығын тiркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің сомаларын өтегеннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмнің күшін жояды. Осы Кодекстің 614-бабының 1-тармағында көрсетілген салық төлеушiнiң (салық агентінің) банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған не оның банк шоттары болмаған жағдайда салық органы жиналып қалған салық берешегi шегiнде салық төлеушiге (салық агентіне) берешегi бар үшiншi бiр тұлғалардың (бұдан әрi - дебиторлардың) банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алады. Өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актілері бар болған кезде салық органы осы Кодекстің 84-тарауына сәйкес дебиторлар хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін дебиторлардың банктік шотына салық төлеушiнiң (салық агентінің) салық берешегін өндіріп алу туралы инкассалық өкімдер шығарады. Дебиторлар өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiн осы тармақта көрсетiлген мерзiмде табыс етпеген жағдайда, салық органы аталған дебиторларға салықтық тексеру жүргiзедi. Бұл ретте салық органы сотта дауланып жатқан дебиторлық берешек сомасын растауға құқығы жоқ. Дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актiсi және дебиторлардың банк шоттарындағы ақшасынан өндiрiп алуы туралы хабарлама болған кезде олар өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актiсiн ұсынбайды. Салық төлеушi (салық агенті) салық берешегiн өтеген жағдайда дебиторлар тiзiмi немесе өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актiсi ұсынылмайды. Салық органы инкассалық өкімді оны жасау күніне салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы салық берешегі туралы деректер негізінде жасайды. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) бір банктік шотынан салық берешегін өндіріп алу туралы салық органының инкассалық өкімін орындаған кезде, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық органына салық төлеушінің (салық агентінің) аталған банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассалық өкімдерді, егер салық органы мұндай инкассалық өкімдерді сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша, сол күнмен шығарған болса, салық органына орындаусыз қайтарады. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) бірнеше банктік шотынан инкассалық өкімде көрсетілген жалпы сомаға ақшаны есептен шығару жолымен салық берешегін өндіріп алу туралы салық органының инкассалық өкімін толық орындаған кезде, салық органына салық төлеушінің (салық агентінің) аталған банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассалық өкімдерді, егер салық органы мұндай инкассалық өкімдерді сол сомаға, сол күнге, берешектің сол түрі бойынша шығарған болса, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық органына орындаусыз қайтарады.

Инкассалық өкім Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген нысан бойынша шығарылады және онда салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегi сомаларын өндiрiп алуы жүргiзiлетiн сол банк шотын көрсетуді қамтиды. Клиентке қойылған талаптардың барлығын қанағаттандыру үшін клиенттің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ақшасы жеткілікті болған жағдайда, салық берешегін өндіріп алуға инкассалық өкімді банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бірінші кезектегі тәртіппен және аталған өкімді алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, банк шотында бар сомалар шегінде орындайды. Салық органы оған салық берешегiн өндiрiп алу туралы инкассалық өкiм шығарған салық төлеушiнiң (салық агентінің) банк шотында ақша болмаған жағдайда, инкассалық өкiмдi орындауға қабылдаған банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушiнің (салық агентінің) банк шоты жабылған кезде аталған инкассалық өкiмдi салық төлеушiнің (салық агентінің) банк шотының жабылуы туралы хабарламамен бiрге тиiстi салық органына қайтарады.

Өндіріп алу бөлімінің мәжбүрлеп алу тәсілдеріне кіргізілген өзгерістер

2012

2013

Айыппұл

айыппұл

5 жұмыс күн ішінде - инкассалық өкім тапсырылуы керек

5 жұмыс күні ішінде - шотқа өкім

10 жұмыс күн ішінде - дебитор тізімі

кассаға өкім

30 жұмыс күн ішінде - шотқа өкім

10 жұмыс күні ішінде - дебитор тізімі

40 жұмыс күн ішінде - мүлікке билік жұмыстары жүргізіледі

мүлікке билік

 

15 жұмыс күні ішінде - дебиторлардың барлық

 

шоттарына инкассалық өкім қою

Салық берешегін жабу кезектілігі бойынша өзгерістер:

2012

2013

өсімпұл

негізгі қарыз

негізгі қарыз

өсімпұл

Айыппұл

айыппұл

Банк шоттарындағы шығыс операцияларының тоқтата тұруы:

 

 

2012

2013

Ескеру

1

Шотқа өкім

5 жұмыс күні

30 жұмыс күні

2012 ж тек салық

төлемдерін

төлей алды

 

 

 

 

2009 ж салық төлемдерін

зейнетақы қорларына,

 

 

 

 

сақтандыру қорларына

аудара алады

2

Кассаға өкім

5 жұмыс күні

қолма - қол ақша лы

1 жұмыс күн ішінде түскен

қаржы бюджетке

 

 

 

Арқылы алу

немесе банк мекемелеріне

төленеді

3

Дебитор тізімін

10 жұмыс күні

10 жұмыс күні

хабарлама

 

беру

 

 

 

4

Мүлікке билік ету

10 жұмыс күні

40 жұмыс күні

мәжбүрлі түрде құжат

балансы арқылы

мүлікке қарыз

 

 

 

5

Инкассалық өкім

15 жұмыс күні

5 жұмыс күні

 

6

Инкассалық

 

 

 

 

дебиторлық шот

 

 

 

7

Шектелген мүлікті

сот

аукционда сату

 

 

аукциондарда сату

 

 

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]