Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом 1,1жне 1,2.doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
30.04.2015
Размер:
1.76 Mб
Скачать

Сурет-3. Болжау әдістерінің типологиясы

Суретте бейнеленгендей, екі өлшем бойынша түрленген болжау әдісі қарастырылған: субъективтіліктен болжау процесінің еркіндік деңгейі және бұл процестің көп немесе аз аналитикалығы. Шеткі нүктелер – субъективті және объективті әдістер мен аңғырт және себеп-салдарлық әдістер.

Субъективті әдістер — болжау жасаушы тараптан бөлінбейтін, нақты формада берілмейтін болжауды қалыптастыруда пайдаланатын процестер.

Объективные методы — басқа тараптармен қайта жаңғыртылуы мүмкін айқын тұжырымдалған болжау процестері.

Өлшеудің бұл түрі интуиция, шығармышылық пен елестету мүмкіндіктері орын алатын сапалық әдістер мен сандық әдістерді бір-біріне қарсы қояды.

Өлшеудің аңғырт түрі нақты формада әрекет ететін факторларды ескермей, зерттеліп отырған айнымалының бұрынғы өзгерістерін бақылау негізінде қалыптасатын болжау.

Себеп-салдарлық әдістер сұранысты анықтайды, бірыңғайландырылған, ал болашақ мүмкін мәндері болжанған; қабылданған сценарийді жүзеге асыру жағдайында олардан сұраныстың ықтимал мәні есептеледі.

Бұл екінші өлшеудің әдісі сапалық немесе сандық сипатта болуына тәуелсіз, өзара байланысты түсіндіретін экстраполяциялық әдіске қарсы шығады.

Сарапшылық пайымдаулар объективті мәліметтерге негізделмеген, керісінше олар менеджерлер, сатып алушылар мен мамандардың пікірлерімен санасады. Сарапшы өзінің пайымдауын себеп-салдарлық факторлар тізбегіне негіздейді. Сарапшылық әдістің негізгі артықшылығы – казуалдық құрылымның болуына байланысты идеялармен алмасудың мүмкіндігі.

Эвристикалық және экстраполяциялық әдіс болжау процесінің аналитикалық құрылымы әлсіз болғанда қолданылады, алайда, болжау маркетингтік ақпараттарға негізделеді. Бұл барынша оңай және бұрынғы сатулар туралы мәліметтердің қиын экстраполяциясына негізделетін әдіс. Бұған, қарым-қатынас тізбегінің әдісі, сатып алу қабілеттілігін талдау, трендтерді декомпозициялау мен талдау, экспоненциалды реттеу әдісі жатады.

Экспликативті «түсіндірілетін» модельдің басқа математикалық модельдерден негізгі айырмашылығы – объективті бақылау мен өлшеуге болатын шартта себеп-салдарлық құрылым эксперименталды түрде қойылып, бақыланады.

  Сурет-4. Тауарлық нарықтың даму мүмкіндіктерінің көрсеткіштері

4-суреттен көретініміз, тауарлық нарықтың даму мүмкіндіктері нақты нарықта тауарға сұраныс тенденциясын бағалаумен, нарық сыйымдылығының өзгерістерінің перспективасын анықтаумен, жалпылай тауар нарығының даму динамикасын болжаумен, өндіріс, тұтыну, әлемдік нарықтағы баға динамикасы, нақты тауармен халықаралық сауда перспективасын анықтаумен көрінеді. Сол себепті осы факторларға жету болжаудың дұрыс екендігін көрсетеді.

Сурет-5. Болжаудың әдісі пен моделін таңдау

* Экстраполяциялық тенденциялар процедурасы болжаудың трендтік модельдерді мен эмпираклық шамаларды жуық сипаттайтын қисық формасын таңдауды ұсынады.

** Нарық дамуының барысында ішкі және сыртқы өзара байланысты бейнелейтін модельді құру және пайдалану.

  Сурет-6. Болжау жұмысының реті

Суретте көрсетілгендей, болжау бұрынғы жағдайды ескере отырып, эволюциялық жүйе бойынша қазіргі жағдайға жетеді. Содан соң осы жағдайды қарастыра келе, жағдайдың болашақ нақты болжаулары құрастырылады.

Сонымен қатар, Завлина П.Н. тұжырымдауы бойынша маркетингтік технологиялардың түрлері келесідей болып қарастырылады.

Сурет-7. Маркетингтік технологиялардың түрлері

Суреттен көретініміздей, барлық маркетингтік технологиялардың бастауы маркетингтік зерттеуден алатынын байқауға болады. Яғни маркетингтік зерттеулерді жүргізе отырып, фирма нарықта маркетингтік технологиялардың қай түрін қолдануын шешеді. Яғни, жарнамалық кампаниялар ұйымдастыру, жеткізулер, көрмелер және жәрмеңкелер жасау, сынамалы тікелей және жеңілдіктік сатуларды ұйымдастыру, жеткізу мен көліктік қызметтерді ұсыну, сервистік және кепілдіктік қызмет көрсету, сатулар желісін қалыптастыру бойынша іс-шаралар жиынтығы мен тұтынушылар тарапынан жаңалықтарды талдауды, нарықтық жағдайды кешенді талдауды, әлеуетті тұтынушыларды талдауды қамтитын кең процесті маркетингтік технологиялар деп тұжырымдаған.