Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
41,50.docx
Скачиваний:
61
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
31.67 Кб
Скачать

41. Әлеуметтік философияның ұғымдары мен негізгі принциптерін сипаттаңыз.

Әлеуметтік философия әлеуметтік және индивидуалданған адам болмысы мәселелерімен айналысады. «Әлеуметтік және индивидуалды болмысқа» тарих та, мәдениет те, жеке адам болмысы да кіреді. Әлеуметтік философияға өзгеше анықтама берген орыс ойшылдары: Н.А. Бердяев, И.А.Ильин, П.А. Флоренский, С.Н.Булгаков т.б. С.Л.Франк (1877-1950) әлеуметтік философияға мынадай анықтама береді: «Әлеуметтік философия мәселесі – бұл қоғам деген не, ол адам өмірінде қандай мағынаға ие болады, оның шынайы мәні неде және ол бізге қандай міндет жүктейді деген сұрақтарға жауап береді.» Әлеуметтік философия қоғамдық шындықты оның нағыз, барлығын қамтитын құрамы мен нақтылығында көруге ұмтылу болып табылады. Әлеуметтік философияның зерттеу аймағы – қоғамдық өмірдің мәні, оның индивидуалды адам өмірімен қатынасы және қоғамдық өмірдің фундаменталды құндылықтарына қатынасы.

Әлеуметтік философия бірнеше қызмет атқарады. Алғашқықызметі- дүниетанымдық. Әлеуметтік философия «әлеуметтік әлемді» бейнелеп қана қоймай, оның саналы бейнесі ретінде «жаратады да». Екіншіден атқаратыны- методологиялық функция. Әлеуметтік философия әлеуметтік құбылыстарды тануда методологиялық бағдарлар мен жалпы философиялық принциптерді пайдаланудың үлгісі бола отырып жүзеге асырады.

Үшінші функциясы оның танымдық, эвристикалық қызметі болып табылады. Ол танымдық мәдениеттің элементі ретінде шындықты тек бейнелеп қана қоймай, қоғамдық өмірдің заңдылықтары мен принциптерін қалыптастыра отырып, бір нәрсені ашуға қабілеті бар, белгілі бір эвристикалық ерекшеліктерімен айрықшаланады.

Төртіншіден, әлеуметтік философия әлеуметтік болмыстың құндылық негіздерін пайымдай отырып, аксиологиялық қызметті атқарады. Оның ішіне белгілі дәрежеде тәрбиелеуші функция да кіреді.

Бесіншіден, әлеуметтік философия кейбір философиялық концепциялардағы әлеуметтік болжау сәтсіз және ғылыми негізі жоқ деп жарияланғанына қарамастан, болжамдық қызмет те атқарады.

Социогенез - бұл филогенездің бөлігі, Homo sapiens пайда болуынан басталады да бүгінгі күнмен аяқталады. Сонымен қатар, социогенез – әлеуметтенудің әр түрлі мәдениет пен қоғамдық-экономикалық формациялардағы ерекшеліктеріне байланысты танымның, тұлға мен тұлғааралық қатынастардың тууы мен дамуы. Социогенездің негізгі идеясының мәні – психолог абстакті адаммен емес, көпшілікпен әлеуметтік-мәдени контексте өзара әсерлесетін белгілі бір елдің немесе дәуірдің адамымен байланыста болад

43. Таным дегеніміз не? Танымның түрлерін сипаттап, салыстырыңыз.

Таным дегеніміз - сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнелеуінің қайшылыққа толы күрделі процесі. ''Таным'' — адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі. Уақыт өте келе бұл мәселені саналы қойылуы және оны шешуге тырысуы салыстырмалы тәртіпті пішін алып, сол кезде білім туралы ілім қалыптасты. Философтар таным теориясының мәселелері төңірегінде ой қозғай бастады. Гносеология — айналадағы әлемді тану туралы философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология (грекше gnosis — білім, таным) — философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, білімінің формаларын, оның жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін зерттейді. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға "таным субъектісі" мен "таным объектісі", "білім", "таным" жатады. Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол — бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін. Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, былайша айтқанда, кітап, молекула, атом, адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі материялық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы мүмкін. Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады:

— қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды (кітаптар оқиды, білім алады, материалдық және рухани мәдениеттің; барлық түрлерімен қауышады);

— қоршаған дүниені тікелей таниды (өзі немесе адамзат үмітін бір жаңалық ашады).

Таным теориясының философиялық пән ретіндегі зерттейтіні мыналар: тұтас түрдегі танымның сипаты, оның мүмкіндіктері мен шекаралары, білім мен шынайылықтың, білім мен сенімнің, таным субъектісі мен объектісінің ара-қатынасы, ақиқат және оның өлшемдері, танымның формалары мен деңгейлері, оның тарихи, әлеуметтік-мәдени негіздері, сонымен қоса білімнің түрлі формаларының ара-қатынастары. Қазіргі философияда таным ортақ мәселелердің бірі болып табылады

Танымның 2 түрі бар. Материалистік және идеалистік теория. Материалистік таным теориясы айналадағы материалдық шындықтың адам санасында бейнеленуі. Бейнелену теориясының мәні мынада: заттар, құбылыстар мен процестер, олардың қасиеттері мен маңызды байланыстарын танып-білуші субъектіден тәуелсіз өмір суреді. Түйсіктердің және қабылдаудың, ақыл-ойдың арқасында біз заттарды, қасиеттерін танып білеміз. таным – сыртқа заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің, қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнеленуі. Таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі, адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәліметі ішкі мәнге қарай умтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Философиядағы тиянақты идеалистік ағым жалпы алғанда дүниені танып-білуге болатындығын мойындайды. Бұл ретте Р.Декарттың, Г.Гегельдің ойларын айтуга болады. Гегель дүниені танып білуді өзін-өзі танып білу жолын дейді. Диалектикалық матерализмнің таным теориясы қоғамдық практиканың негізінде дамитын және шындықты қоғам мүдделері үшін практикада қайта құру мақсатын көздейтін таным прорцестерінің заңдылықтарын зерттейді. Материализм шынайы болмысты, нақтылы дүниені танып-білу туралы міселеге ден қойса, идеалистер түрлі заттар мен құбылыстарда өз өрнегі мен бейнесін тауып отырған мінсіз құбылыстарды, яғни адам санасының түрлі өнімдерін танып-білу туралы айтады. Идеалинизм бейнелену принциптерін жоққа шығарып, болмыс пен ойдың тепе-теңдігін мойындауды талап етеді.материализм керісінше, тепе-теңдік принципін жоққа шығарады да, бейнелену принципін мойындауды талап етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]