Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ois_dayyn_shpor.docx
Скачиваний:
131
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
2.3 Mб
Скачать

1.Жүйелер теориясының негізгі элементтерін нақтылап көрсетіңіз. Жүйенің қасиеттерін атаңыз және әр қасиетіне сипаттама беріңіз

Жүйе – бұл бір-бірімен байланыста және қатынаста бола отырып, бүтіндей бірлікті құрайтын элементтердің жиынтығы.Кез келген жүйені ішкі жүйелерге, ал ішкі жүйені жүйенің ең кіші деңгейі -элементтерге бөлуге болады.

Ішкі жүйе – бұл нақты белгілерге байланысты берілген тәуелсіз жүйе бөлігі.

Жүйе элементі – бұл қандай да бір нақты функцияны орындайтын және әрі қарай бөлшектеуге жатпайтын объект.

Жүйе ішіндегі элементтер бір-бірімен өзара байланыста, ал сыртқы ортада - басқа жүйелермен тікелей және кері байланыста болады.

Мысалы, егер нарықты жүйе деп қарастырсақ, онда оның элементтері: тауар өндірушілер, сатып алушылар, маркетологтар, жарнамалар, сұраныс, тауар және т.б.

Схема 1. Жүйенің байланысы.

Кері байланыс

Тікелей байланыс

Жүйе құрылымы деп оның элементтерінің сыртқы ортамен өзара әсерін анықтайтын ішкі кеңістік байланыстарының салыстырмалы түрдегі орнықты тәртібін айтады.

Жүйе элементтерінің сыртқы ортамен байланысы берілген элементтердің енулері мен шығулары арқылы бейнеленеді. Ақпараттық жүйе енулер мен шығулардан тұратын динамикалық жүйе.

Жүйенің барлық элементтерінің өзара әрекеттесуі ақпарат ағымының қозғалысы арқылы жүзеге асады.

Нақты мақсаттарға байланысты жүйелер әр түрлі белгілерге сәйкес жіктелінеді:

Барлық жүйелер элементтерінің байланысу белгілеріне қарай айқындалған және ықтимал болып бөлінеді. Айқындалған жүйеде барлық элементтер нақты анықталған түрде болады. Ақпараттық жүйе айқындалған жүйеге жатады.

Қоршаған ортамен алмасу дәрежесі бойынша жүйелер ашық және жабық болады. Ашық жүйе мен жабық жүйенің арасындағы айырмашылық - алмасу үрдісі.

Күрделілік дәрежесіне байланысты жүйелер үшке бөлінеді: қарапайым, күрделі және өте күрделі. Қарапайым жүйенің мысалы: қызметкерлердің, жұмысшылардың жұмысқа келуін бақылау жүйесі және т.б. Күрделі жүйенің мысалы: фирманың, кәсіпорынның ақпараттық жүйесі және т.б. Өте күрделі жүйенің мысалы: мемлекеттік ақпараттық жүйе, халықаралық ақпараттық жүйе.

Жүйенің қасиеттері: гомеостатикалық, тұтастық, бөлекшелік, қосындылық, бөлінгіштік, көпшілік, бейімділік, изоморфизм, сәйкестік.

Гомеостатикалық қасиеті - тиімділікті төмендеткізбей қызметті жүргізу қабілетін қанағаттандыру. Ақпараттық жүйенің құрудың мақсаты – ақпарат қорларының өзара тиімді әсерлесуін өзгертпей біріктіру болып табылады.

Тұтастық қасиеті - жүйедегі бір элементінің өзгерісі жүйенің басқа элементтерінің өзгеруіне әсер ететін қасиеті.

Бөлекшелік қасиеті - жүйені сыртқы ортадан қорғау.

Қосындылық қасиеті - тек бір ғана элементтерінің өзгерісі бүкіл жүйенің өзгеруіне алып келеді.

Бөлінгіштік қасиеті - жүйеден қандай да бір ішкі жүйені немесе элементтерін бөліп алу қабілеті.

Көпшілік қасиеті- жүйедегі жеке элементтің басқа элементтердің өзгерісінен өзгеше болуы.

Бейімділік қасиеті- жүйенің өзгеріп отыратын жағдайларға байланысты бейімделу қабілеті.

Изоморфизм қасиеті- бір жүйенің қасиеті басқа жүйелердің қасиеттерінде бейнелену мүмкіндігі.

Сәйкестік қасиеті- бір жүйенің техникалық ұйымдастыру жағдайларын басқа жүйелермен ұштастыруды қамтамасыз ету.

2.Жүйеге анықтама беріңіз және мысал келтіріңіз. Жүйенің классификациясын сипаттаңыз. Жүйенің жүйелік белгілерін атаңыз.

Жүйе – бұл бір-бірімен байланыста және қатынаста бола отырып, бүтіндей бірлікті құрайтын элементтердің жиынтығы.Кез келген жүйені ішкі жүйелерге, ал ішкі жүйені жүйенің ең кіші деңгейі -элементтерге бөлуге болады.

Ішкі жүйе – бұл нақты белгілерге байланысты берілген тәуелсіз жүйе бөлігі.

Жүйе элементі – бұл қандай да бір нақты функцияны орындайтын және әрі қарай бөлшектеуге жатпайтын объект.

Жүйе ішіндегі элементтер бір-бірімен өзара байланыста, ал сыртқы ортада - басқа жүйелермен тікелей және кері байланыста болады.

Мысалы, егер нарықты жүйе деп қарастырсақ, онда оның элементтері: тауар өндірушілер, сатып алушылар, маркетологтар, жарнамалар, сұраныс, тауар және т.б Кез келген жүйені ішкі жүйелерге, ал ішкі жүйені жүйенің ең кіші деңгейі -элементтерге бөлуге болады.

Жүйе құрылымы деп оның элементтерінің сыртқы ортамен өзара әсерін анықтайтын ішкі кеңістік байланыстарының салыстырмалы түрдегі орнықты тәртібін айтады.

Жүйе элементтерінің сыртқы ортамен байланысы берілген элементтердің енулері мен шығулары арқылы бейнеленеді. Ақпараттық жүйе енулер мен шығулардан тұратын динамикалық жүйе.

Жүйенің барлық элементтерінің өзара әрекеттесуі ақпарат ағымының қозғалысы арқылы жүзеге асады.

Нақты мақсаттарға байланысты жүйелер әр түрлі белгілерге сәйкес жіктелінеді:

Барлық жүйелер элементтерінің байланысу белгілеріне қарай айқындалған және ықтимал болып бөлінеді. Айқындалған жүйеде барлық элементтер нақты анықталған түрде болады. Ақпараттық жүйе айқындалған жүйеге жатады.

Қоршаған ортамен алмасу дәрежесі бойынша жүйелер ашық және жабық болады. Ашық жүйе мен жабық жүйенің арасындағы айырмашылық - алмасу үрдісі.

Күрделілік дәрежесіне байланысты жүйелер үшке бөлінеді: қарапайым, күрделі және өте күрделі. Қарапайым жүйенің мысалы: қызметкерлердің, жұмысшылардың жұмысқа келуін бақылау жүйесі және т.б. Күрделі жүйенің мысалы: фирманың, кәсіпорынның ақпараттық жүйесі және т.б. Өте күрделі жүйенің мысалы: мемлекеттік ақпараттық жүйе, халықаралық ақпараттық жүйе

Жүйенің жүйелік белгілері:

Сыртқы тұтастық қағидасы- қоршаған ортадағы жүйенің салыстырмалы бейімделуі;

Ішкі тұтастық қағидасы- жүйенің қасиеті оның элементтерінің қасиеттерінен және олардың өзара байланыстарынан тәуелді (элементтердің өзара байланысының бұзылуынан жүйе өз функциясын орындай алмайды);

Иерархиялық қағидасы- жүйеге ішкі жүйелер бөліп беруге болады, екінші жағынан жүйенің өзі күрделі жүйенің элементі болуы да мүмкін.

3.Ақпараттық жүйе анықтамасы. Ақпараттық жүйе құрылымын анықтаңыз және мысал келтіріңіз. Ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптарды атаңыз.

Ақпараттық жүйе – бұл қолданушылардың талаптарын қанағаттандыратын ақпаратты жинау, сақтау, іздеу, өңдеу және беру жүйесі.

Ақпараттық жүйені құрудың негізгі мақсатына сәйкес ақпараттық жүйенің мәселелері:

  • жұмыстың жеделдігін және қызметкерлердің еңбегінің өнімділігін қамтамасыз ету;

  • берілетін мәліметтердің шынайы және нақты болуы;

  • тапсырушының сұранысы бойынша мәліметтерді алу жеделдігін қамтамасыз ету;

  • берілетін ақпараттың сенімділігі мен қорғалуы бойынша талаптар кешенін орындау.

Барлық жүйе әр түрлі бұзылулардан, санкцияланбаған қол сұғудан, шектеулерден және жүйенің сапалық мазмұнын жақсарту арқылы қорғалуы тиіс. Ақпараттық жүйенің негізгі ресурсы – ақпараттық ресурс.

Ақпараттық ресурстар дегеніміз құндылық және материалдық ресурстар болып табылатын мәліметтер жиынтығын айтамыз.

Ақпараттық жүйе (АЖ) күрделі жүйе болып табылады. Ол ақпараттық жүйе жобасынан және ақпаратты- есептеу жүйесінен тұрады.Ақпараттық жүйе жобасы АЖ құру мен жұмыс істетудің барлық мәселелері қарастырылған техникалық құжат.Ақпаратты-есептеу жүйесі – бұл ақпараттық жүйе жобасын жұмыс істетуге арналған техникалық кешен.

Ақпараттық жүйенің құрылымы– бұл ақпараттық жүйенің элементтері мен ішкі жүйелерінің өзара байланыстарының ішкі кеңістіктегі уақытша тұрақты бір тәртіппен құрылуының арқасында, сол ішкі жүйелердің функционалдық міндетінің анықтала түсуі және олардың сыртқы ортамен байланысы.

  • Ақпаратты дайындау, жинау және тіркеу құралдары алғашқы ақпараттарды ақпараттық тасығыштарға бекітуге арналған.

  • Ақпаратты өңдеу құралдары алғашқы мәліметтерді түрлендіру қызметін атқарады.

Ақпаратты беру құралдары машиналық тасығыштарға жазу үшін қолданылады.

  • Ақпаратты тапсыру құралдары ақпараттарды серверлерге немесе оларды қолданатын орындарға жеткізуге арналған.

  • Ұйымдастыру техника құралдарына ақпаратты қорғау, бейнелеу құралдары кіреді.

Ақпараттық жүйесі келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:

  • ақпараттық есептерді максималды автоматтандыру;

  • мәліметтерді іздеу, жылдам енгізу және жоғары өнімділікті қамтамасыз ету;

  • функционалды сенімді болу;

  • сұхбаттық режимде ақпаратты өндіру;

  • программамен қамтамасыз етуді, өңдеуді және техникамен қызмет көрсетуді жеңілдететін техника құралдарымен қамтамасыз ету.

Ақпараттық жүйелер икемділік, сенімділік, тиімділік, қауіпсіздік талаптарына жауап беруі тиіс. Кәсіпорынның жаңа талаптарына, жаңа шарттарына байланысты ақпараттық жүйелердің икемделуі икемділік қасиетіне тән. Егер ақпараттық жүйелерді құру кезінде құжаттандыру әдістері мен жалпыға бірдей жабдықтарды қолданатын болса, онда бұл шарт орындалады. Жүйені модернизациялауға болады деген сөз, яғни жүйеге ақпараттық жүйені құрушылар (разработчики) өзгерістер енгізе алады.

  • Ақпараттық жүйе ерте ме, әлде кеш пе тозады, сол кезде оны модернизациялау мүмкін болмаса, онда оны толығымен ауыстыру қажет.

  • Ақпараттық жүйенің сенімділігі “техникалық себептермен“ мәліметтердің жоғалмауын қамтамасыз етеді. Сенімділік талабы сақталынатын ақпараттың резервті көшірмесін алу арқылы қанағаттан- дырылады.

  • Егер ақпараттық жүйе өзіне қойылған есепті қысқа мерзімде шеше алатын болса, онда жүйе тиімді деп саналады. Жүйенің тиімділігі мәліметтердің оңтайлылығымен, олардың өңдеу әдістерімен және жобалау әдістерімен бағаланады. Ақпараттық жүйенің тиімділігін тапсырушы бағалайды. Ақпараттық жүйені құрушылар (разработчики) жүйемен өз саласының мамандары жұмыс істейтінін ұмытпауы тиіс.

  • Ұйымның ақпараттық ресурстарына бөтен тұлғалардың қол жеткізе алмау мүмкіндігін жүйе қауіпсіздігі деп түсінеміз. Ақпаратты қорғаудың программалық жабдықтары бөтен тұлғалардың жүйе ресурстарына ене алмауын қамтамасыз етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]