Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ондиристик логистика 11-20.docx
Скачиваний:
18
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
27.68 Кб
Скачать

17. Сатып алудың оптималды партиясын анықтау үрдісін сипаттаңыз

Еңбек заттарын сатып алу олардың нарықтан кәсіпорын қоймасына дейінгі қозғалыс үрдісін білдіреді. Сатып алу үрдісі келісім шарт жасаудан басталады.Келісім шарттан кейін қажетті еңбек заттарына тапсырым жасап,онда еңбек заттарының сапасын,жеткізу мерзімін,шарттарын көрсетеді. Бұл кезеңдегі маңызды мәселелерінің бірі –сатып алудың әдісін таңдау. Негізгі әдістеріне жататындар: 1.Көтерме сатып алулар,яғни еңбек заттарының үлкен партиясын белгілі мерзімде бірден сатып алу. Оның артықшылықтыры –құжаттарды рәсімдеудің оңайлылығы,жалпы партияны жеткізіп берудің кепіілдігі және жоғары саудалық жеңілдіктер. Кемшілігі- қойма ғимараттарының үлкен қажеттілігі және капиталдың баяу айналымдылығы. 2.Шағын партиялармен мерзім сайын сатып алу. Артықшылықтары:капитал айналымының артуы,қойма ғимараттарының үнемделуі,құжаттамаға кететін шағындар кемиді. Кемшіліктер: артық санды тапсыру мүмкіндігі барлық санына бірден төлеу қажеттілігі. 3.Еңбек заттарын қажеттілік шамасы бойынша сатып алу.Ерекшеліктері:а)дәл саны бекітілмейді,шмамен анықталады.ә)жабдықтаушылар әрбір тапсырысты орындау алдында жабдықтау.б)тек жеткізіліп берген сны үшін ақысы төленеді. Артықшылықтары:белгілі бір санын сатып алу бойынша қатаң міндеттемелердің жоқтығы,капитал айналымының артуы және құжаттарды рәсімдеу жұмыстарының аздығы. Еңбек заттарын сатып алу үшін келісім шарт жасалынады. Бұл екі жақпен қол қойған жазбаша түрдегі құжат.

18. «Сатып алу немесе өндіру» дилеммасы (Make-or-Buy Problem) қалай шешілетінін түсіндіріңіз

"Сатып алу немесе өндіру" дилеммасы екі альтернативалық шешімнің біреуін қабылдау үшін қажет болады. Олар: өзіміз өндіреміз бе, әлде басқа өндірушіден сатып алу керек па деген. Бұл кәсіпорынның ішкі факторлары мен орындай алу қабілеттілігіне байланысты шешімі қабылданады. Бұл сонымен қатар ағылшынның Make-or-Buy Problem деген атаумен әйгілі. Өндіріске байланысты барлық шешімдер ішкі ортаның жағдайына байланысты. Кейбір кезде белгілі бір факторлардың әсер етуіне байланысты кәсіпорын өнімді өзі өндіруден бас тартады. Өнімді өзі өндірмей,керісінше сатып алу мынадай жағдайларда қабылданады:

  • қосалқы бөлшектер, қажетті бөлшектер аз болса немесе жетіспесе

  • өндіріске өндіріс қуаттылығы аз болған жағдайда

  • қажетті квалификацияланған кадрлардың болмауы

Алғ өнімді сатып алмай,керісінше кәсіпорын өзі өндіру мынадай жағдайларда болады:

  • қосалқы бөлшектер, қажетті болшектер жеткілікті болған жағдайда

  • қолда бар құрал жабдықпен дайындауға болатын болса

Сатып алу немесе өндіру шешімі қабылданып болған соң, қандай шикізат қандай материалалу керек және қандай жабдықтаушыны таңдау керектігін анықап аламыз. Аталғандарды табу үшін келесі жағдайлар орындалады:

1.Өзімізге тиімді жабдықтаушыны таңдау. Ол келесі жолмен іске асырылады:

- конкурс жариялау

- жарнамалық материалдармен танысу: фирмалық каталогтар, БАҚ хабарландырулар жариялау

- көрме мен жәрменкелерде болу

- мүмкін болатын жабдықтаушылармен жеке хабар алмасу

19. Сатып алудың әдістерін сипаттаңыз, жабдықтау келісім-шартын жасауды түсіндіріңіз

Сатып алу олардың нарықтан кәсіпорын қоймасына дейінгі қозғалыс үрдісін білдіреді. Сатып алу үрдісі келісім шарт жасаудан басталады.Келісім шарттан кейін қажетті еңбек заттарына тапсырым жасап,онда еңбек заттарының сапасын,жеткізу мерзімін,шарттарын көрсетеді. Бұл кезеңдегі маңызды мәселелерінің бірі –сатып алудың әдісін таңдау. Негізгі әдістеріне жататындар: 1.Көтерме сатып алулар,яғни еңбек заттарының үлкен партиясын белгілі мерзімде бірден сатып алу. Оның артықшылықтыры –құжаттарды рәсімдеудің оңайлылығы,жалпы партияны жеткізіп берудің кепіілдігі және жоғары саудалық жеңілдіктер. Кемшілігі- қойма ғимараттарының үлкен қажеттілігі және капиталдың баяу айналымдылығы. 2.Шағын партиялармен мерзім сайын сатып алу. Артықшылықтары:капитал айналымының артуы,қойма ғимараттарының үнемделуі,құжаттамаға кететін шағындар кемиді. Кемшіліктер: артық санды тапсыру мүмкіндігі барлық санына бірден төлеу қажеттілігі. 3.Еңбек заттарын қажеттілік шамасы бойынша сатып алу.Ерекшеліктері:а)дәл саны бекітілмейді,шмамен анықталады.ә)жабдықтаушылар әрбір тапсырысты орындау алдында жабдықтау.б)тек жеткізіліп берген сны үшін ақысы төленеді. Артықшылықтары:белгілі бір санын сатып алу бойынша қатаң міндеттемелердің жоқтығы,капитал айналымының артуы және құжаттарды рәсімдеу жұмыстарының аздығы. Еңбек заттарын сатып алу үшін келісім шарт жасалынады. Бұл екі жақпен қол қойған жазбаша түрдегі құжат. Жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы келісімшартта ең алдымен келісім жасалынып жатқан қала мен келісім жасалынып жатқан күн белгіленеді. Сатып алушы мен жабдықтаушының кәсіпорындарының аты, келісім жасап отырған тұлғалардың аты-жөні жазылады. Жабдықтаушы сатып алушыға тауарды жеткізу уақыт аралығы белгіленеді.