Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ондиристик логистика 11-20.docx
Скачиваний:
18
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
27.68 Кб
Скачать

11. «Just-in-time» ережесі бойынша өндірісті ұйымдастырудың ерекшеліктерін атап өтіңіз

Дүниеде ең кең таралған микрологистикалық тұжырымдама «Just-in-time»-тұжырымдамасы болып табылады. Бұл тұжырымдама 1950жылдың соңында пайда болды,бұл кезде Тоета Моторс Жапон компаниясы және басқа да Жапонияның автомобиль өндіруші фирмалары белсенді түрде KANBAN микрологистикалық жүйесін енгізе бастады. Бұл концепцияның бастапқы ұраны – материалдық қорларды болдырмау,яғни өндірістік кесте берілген болса,онда барлық материалдардың дайын өнім өндірісі үшін қажетті көлемде,қажетті мерзімде,қажетті орынға келіп түсетін қозғалыс ұйымдастыруға болады. Бұл жағдайда кәсіпорынның ақшалай құралдарын ұстап отыратын сақтандыру қорлары қажет болмайды. Бұл концепция басқарудың айтарлықтай қарапайым логикасына негізделеді.,яғни қорлар минимумының талабын орындау үшін материалдық ресурс ағымдары оларға деген қажеттілікпен мұқият сәйкестендіру тиіс. Басқаша айтқанда бұл 2 логистикалық қызметтің жабдықтау мен өндірістік менеджментін үйлестіруі. «ДМ» концепциясы бұл қорларды жасаумен байланысты шығындарды төмендету мақсатындалогистикалық жүйе қажет еткен уақытта және көлемде дайын өнім мен материалдық ресурстарды жеткізу үрдістерін сәйкестендіруге негізделген өндірісте жабдықтауға және дистрибюцияда логистикалық жүйені құрудың заманауи концепциясы. Аталған лог-қ концепция келесі негізгі белгілермен сипатталады.

  1. Материалдық ресурс аяқталмаған өндіріс және дайын өнімнің минималды қорлары

  2. Неғұрлым қысқа өндірістік цикл

  3. Дайын өнім өндірісінің шағын көлемдері

  4. Материалдық ресурстарды сатып алу жөнінде жабдықтаушылардың және тасымалдаушылардың аз ғана санымен қарым қатынаста болу

  5. Сенімді ақпаратты қолдау

  6. Өнімнің жоғары сапасы

  7. Сервистің жоғары деңгейі

  8. Сақтандыру қорларының жоқтығы

Қазіргі логистикалық технологиялар неғұрлым интеграцияланған және үйлестірілгенболып табылады. Яғни, олар логистикалық концепциялар мен жүйелердің бірнеше варианттарынан құралады. Осындай концепциялардың бірі «JIT2» д.а. Ол келесі жүйелердің интеграциясы болып табылады:

  1. Логистикалық арналардағы қорларды минималды ету

  2. Жылдам жауап қайтару әдісі

  3. Жаппай статистикалық бақылау

  4. Өнім сапасын басқару

12. «Канбан» жүйесі «just-in-time» концепциясын іске асырудың құралы ретінде сипаттаңыз

«JIT» тұжырымдамасын іс жүзіне енгізуінің бірден бір әрекеті «Тоета Моторс» корпорациясы жасаған KANBAN микрологистикалық жүйесі болып табылады. KANBAN жүйесі өндірістегі «созылмалы» микрологистикалық жүйесінің бірінші рет жүзеге асырылуын білдіреді, оны енгізуге шамамен 10жыл кеткен. Мұндай ұзақ уақыттың себебі – KANBAN жүйесінің өзі сәйкес JIT тұжырымдамасының логистикалық ортасынсыз жұмыс жасай алмады. Осы ортаның маңызды элементтері мыналар:

  • Өндірістің дұрыс ұйымдастырылуы

  • Өндіріс үрдісінің барлық сатыларындағы сапаны және жабдықтаушылардағы бастапқы материалды ресурстарының сапасын жалпы бағалау

  • Тек сенімді жабдықтаушылар мен тасымалдаушылармен әріптесу

  • Бүкіл қызметкерлердің жоғарғы кәсіби жауаптылығы мен жоғары еңбек моралі

KANBAN жүйесі бұл жылдам қайта құруға қабілетті және сақтандыру қорларын мүлдем қажет етпейтін, өндірілген өнім көлемін үздіксіз өндірістік ағымның ұйымдастырылуын жылдам реттеуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе. KANBAN карточкаларының екі түрі қарастырылған:

  1. Таңдап алу карточкасы – өңдеудің алдыңғы учаскісінен алынуға тиісті бөлшек немесе жартылай фабрикаттардың санын көрсету

  2. Өндірістік тапсырыс карточкасы алдыңғы өндірістік учаскісінде өндірілуге тиісті бөлшектер санын көрсетеді.

13. Өндірістің жабдықтаушылық қызметі. Жабдықтау қызметінің әрекет етуінің тиімділігін негіздеңіз

14. Жабдықтаушылар нарығында еңбек заттарының сипаттамаларын анықтаңыздар. Еңбек заттарының бағасы, қызмет көрсету сапасы, басқа да сипаттамалары

Өндіріске қатысты нарықты 2-ге бөлуге болады: 1. Еңбек заттарының нарығы. 2.дайын өнім нарығы. Еңбек заттарын сатып алу олардың нарықтан кәсіпорын қоймасына дейінгі қозғалыс үрдісін білдіреді. Сатып алу үрдісі келісім шарт жасаудан басталады.Келісім шарттан кейін қажетті еңбек заттарына тапсырым жасап,онда еңбек заттарының сапасын,жеткізу мерзімін,шарттарын көрсетеді. Бұл кезеңдегі маңызды мәселелерінің бірі –сатып алудың әдісін таңдау. Негізгі әдістеріне жататындар: 1.Көтерме сатып алулар,яғни еңбек заттарының үлкен партиясын белгілі мерзімде бірден сатып алу. Оның артықшылықтыры –құжаттарды рәсімдеудің оңайлылығы,жалпы партияны жеткізіп берудің кепіілдігі және жоғары саудалық жеңілдіктер. Кемшілігі- қойма ғимараттарының үлкен қажеттілігі және капиталдың баяу айналымдылығы. 2.Шағын партиялармен мерзім сайын сатып алу. Артықшылықтары:капитал айналымының артуы,қойма ғимараттарының үнемделуі,құжаттамаға кететін шағындар кемиді. Кемшіліктер: артық санды тапсыру мүмкіндігі барлық санына бірден төлеу қажеттілігі. 3.Еңбек заттарын қажеттілік шамасы бойынша сатып алу.Ерекшеліктері:а)дәл саны бекітілмейді,шмамен анықталады.ә)жабдықтаушылар әрбір тапсырысты орындау алдында жабдықтау.б)тек жеткізіліп берген сны үшін ақысы төленеді. Артықшылықтары:белгілі бір санын сатып алу бойынша қатаң міндеттемелердің жоқтығы,капитал айналымының артуы және құжаттарды рәсімдеу жұмыстарының аздығы. Еңбек заттарын сатып алу үшін келісім шарт жасалынады. Бұл екі жақпен қол қойған жазбаша түрдегі құжат. Практикада еңбек заттарын жеткізіп берудің 2 тәсілін қолданады: 1.жеткізіп берудің транзиттік тәсілін сатып алу бөлімінің қоймасын пайдалануды көздейді.Мұнда қойма жұмскерлері көлік құралын қабылдау көлік құралынан еңбек заттарын түсіру және еңбек заттарын алғашқы қабылдау операцияларын орындайды. I.Көлік құралдарын қабылдау операциялары төмендегілерді қамтиды: 1.Көлік құралының жүкті түсіру орнына келуі.2.құжаттардың дұрыс рәсімделуін тексеру.3.бухгалтерияға еңбек заттарын жүктеу туралы құжат рәсімдеу.4.тіркеу кітабын жүргізу.5.жеткізіп беру мерзімінің орындалуын тексеру.6.көлік құралын сырттай байқау.7.тасымалдау кезіндегі тәртіп бұзушылық туралы АКТ жазу. II. Еңбек заттарын көлік құралынан түсіріп алу операциясы.Бұл жерде: 1.Пломбаларын алу және көлік құралының есіктерін ашу.2.тасымалдау ережелерін орындалуын тексеру. 3.Механизация құралдарын алып келу. 4.Әрбір жүк бірлігін қарау. 5.Актілерді жасау және жазбаларды енгізу. III.Еңбек заттарын алғашқы қабылдау операциялар: 1.Еңбек заттарын жүк орындарының саны бойынша қабылдау. 2.Құжттарды тексеру,салыстыру және рәсімдеу. 3.Еңбек заттарынң бұзылуы және жетіспеушілігі туралы актілерді рәсімдеу. 4.Еңбек заттарын қойманың қабылдау зонасына жеткізу және олардың сапасын бақылау. 5.өнімді қабылдап алу. Еңбек заттарын тасымалдауда қоймалық әдісі.Мұнда құрылымы айтарлықтай оңай және жабдықтаушы мен өндіріс арасындағы байланыстар неғұрлым қысқа.Яғниғ сатып алу бөлімі және оның қоймалары көптеген жұмыстан босайды.Себебі,жүктерді таңдау және жеткізу қызметі делдал болып табылатын көтерме сауда ұйымына өтеді.