Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ондиристик логистика 11-20.docx
Скачиваний:
18
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
27.68 Кб
Скачать

15. Кәсіпорында сатып алу қызметі. Кәсіпорынның әр түрлі бөлімшелерінің қызметіндегі жабдықтау қызметін іске асыруды баяндаңыздар.

Сатып алу – бұл кәсіпорынды материалды ресурстармен қамтамасыз ету үрдісіндегі материалдық ағымдарды басқару.Микрологистикалық жүйенің маңызды элементі материалдық ағымның логистикалық жүйеге кіруін ұйымдастыратын сатып алу элементі болып табылады. Кез келген өндірістік, сондай-ақ сауда кәсіпорынында материалдық ағымдар өңделеді,сондықтан оның құрамында еңбек заттарын – шикізат,жартылай фабрикаттарды,халық тұтынатын бұйымдарды сатып алатын, жеткізетін және уақытша сақтайтын қызметтерді атқарады. Бұл қызметтердің іс-әрекеті үш деңгейде қарастылылуы мүмкін,себебі жабдықтау қызметі бір уақытты:-кәсіпорын кіретін микрологистикалық жүйенің мақсттарының жүзеге асырылуын және байланыстарын қамтамасыз ететін элемент болады; -микрологистикалық жүйкенің элементі болып табылады,яғни кәсіпорынның мақсаттарының жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін осы кәсіпорынның бірден-бір бөлімшесі болып табылады; -элементтері, құрылымы және өздерінің мақсаттарыбар өзіндік жүйе. Жабдықтау қызметінің жоғарыда көрсетілген әр деңгейдегі қызмет ету мақсаттарын қарастырып өтейік.

1. Макрологистикалық жүйенің элементі ретінде жабдықтау қызметі жабдықтаушылармен тауарды жеткізумен байланысты техникалық-технологиялық, экономикалық және әдістемелік мәселелерді келісе отырып,олармен шаруашылық байланыстар орнатады. Жабдықтаушының өткізу қызметімен және тасымалдау ұйымдарымен бірлесе қызмет ете отырып жабдықтау қызметі кәсіпорынның микрологистикалық жүйеге кіруін қамтамасыз етеді. Кәсіпорын бүкіл макрологистикалық жүйенің элементіретінде қарастырылады,бүкіл жүйенің жағдайы жақсарады – оның элементі ретінде кәсіпорынның жағдайы жақсарады.

2.Оны ұйымдастырған кәсіпорынның элементі бола тұрып,жабдықтау қызметі жабдықтау-өндіріс-өткізу тізбегін материалдық ағымның өтуін қамтамасыз ететін микрологистикалық жүйеге түпкілікті кіруі тиіс. Жабдықтау қызметі мен өндіріс және өткізу қызметтері арасында материалды әрекеттердің жоғары үйлесімділігін қастамасыз ету – жалпы кәсіпорынның логистикалық ұйымының міндеті. Қазіргі өндірісте ұйымдастыру және материалдық техникалық қамтамасыз ету жүйелері нақты уақыт қарқынындағы тұрақты өзгерістерді ескере отырып,кәсіпорын шеңберінде жабдықтаушы,өндірістік және өткізу звеноларының жоспарлары мен қызметерін үйлестіру және тез дұрыстау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Жабдықтаушы-өндіруші-өткізу тізбегі қазіргі маркетинг тұжырымдамасының негізінде құрылуы тиіс,яғни ең алдымен өткізу стратегиясы,содан соң өндірісті дамыту стратегиясы және содан кейін өндірісті жабдықтау стратегиясыжасалынады.

3.Жабдықтау қызметінің тиімді қызмет етуі, аталған мақсаттардың кәсіпорын деңгейінде, сондай-ақ макрологистика деңгейінде жүзеге асырылу мүмкіндігі жабдықтау қызметінің жүйелі ұйымдастырылуына тәуелді.

16. Ресурстар қажеттілігін анықтау әдістерін бейнелеңіз: детерминацияланған, стохастикалық, эвристикалық

Ресурстардың қажеттілігін анықтау кезінде негізгі үш әдіс қолданылады: детерминацияланған, стохастикалық, эвристикалық. Эвристикалық әдіс деп алдағы өткен кезеңге есеп беруді үйренетін, нарықты талдайтын және минималды қажет ресурстар туралы шешім қабылдайтын мамандар пайдалануды болжайды. Маман ретінде әрқашан ресірстарды нормалау есебін шешетін кәсіпорын жұмысшысы бола алады. Бұл жағдайда қолданылатын есепті шешу әдісі тәжірибе статистикалық деп аталады. Ресурстарды басқару саласына қойылатын есептерқиын болған жағдайда бір емес, бірнеше мамандар тәжірибесін қолдануға болады. Бұл әдіс те эвристикалық топқа жатады және бұны эксперттік бағалау әдісі деп атайды.

      Детерминацияланған  әдіс жүйенің дамуы кешенді  факторлардың бөлшектенуі есебінен жүргізіледі. Элементті (мысалымызда – жұмысшылар саны, істлген күндер саны, жұмыс күнінің ұзақтығы) көбейткіштерге бөлінбейді, өйткені олра сипаты бойынша біртекті болып табылады. Жүйенің дамуымен сандық факторлар біртіндеп жалпыға бөлшектенуі қысқарады, олар өз кезегінде бөлшектенуді қысқартып өзінің аналитикалық құрамы бойынша біртіндеп элементтіге (жай) жақындайды.

      Алайда  әдістік жүйелердің дамуы қажет  тереңдікке дейін кейбір әдіснамалық  қиындықтармен байланысты және ең алдымен  жалпы сипаттағы факторларды іздеу қиындығымен, олар бірнеше факторлардың жеке немесе алгебралық сомаларының туындысы түрінде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан әдетте, детерминирленген жүйелер жалпы факторлардың көлемін алады. Сонымен қатар, шаруашылық қызметті талдаудағы нақты факторларының зерттелуі жалпыдан қарағанда үлкен мәні бар болады.

      Осыдан  факторлық талдау әдіснамасын жетілдіру  нақты факторларды өзара байланысты зерттеуге бағытталған болуы  керек, олар нәтижелі көрсеткіштерімен стохастикалық тәуелділікте болады.

      Стохастикалық өзара байланыстылықты  зерттеуде зерттелетін көрсеткіштер арасындағы байланыс құрылымының сапалы (логикалық) талдаудың үлкен мәні бар. Ол зерттелетін көрсеткіштер арасындағы себеп-салдарлық байланыстың болу-болмауын айқындауға, байланыс бағытын зерттеуге, байланыстылық нысанын зерттеуге  мүмкіндік береді, бұл талдау нәтижелерін жалпылау барысында және зерттелуші құбылысқа олардың ықпал ету деңгейін анықтау үшін маңызды.