Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Р ылмысты іс жргізу кодексі

.docx
Скачиваний:
59
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
590.35 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

  • ҚАЗ

  • РУС

  • ENG

  • Негізгі

  • Іздеу

  • Ресми жариялау

  • "БҰҰ" құжаттары

  • Таңдалған

  • Кабинет

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы N 206 Кодексi

  • Мәтін

  • Ресми жарияланым

  • Ақпарат

  • Өзгерістер тарихы

  • Сілтемелер

  • Екі тілде

  • Көшіру

  • Қағазға шығару

Жинақталған:

  • МАЗМҰНЫ

  • сот iсiн жүргiзу

      РҚАО-ның ескертпесі!       Кодекстің 01.01.2015 бастап күшін жою көзделген - ҚР 04.07.2014 № 231-V Кодексімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).

МАЗМҰНЫ

      РҚАО-ның ескертпесі!       ҚР ҚІЖК қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 1997.12.13 N 207 ҚР Заңынан қараңыз.

Жалпы бөлім

      Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "зерттеу үшiн үлгiлердi", "зерттеу үшiн үлгiлер", "зерттеу үшiн алынған үлгiлер", "Сараптамалық зерттеу үшiн үлгiлер", "Сараптамалық зерттеу үшiн үлгi", "caраптамалық зерттеу үшiн үлгiлер", "сараптамалық зерттеу үшiн үлгiлердi", "Сараптамалық зерттеу үшiн үлгiлердi", "сараптамалық зерттеудiң үлгiлерi", "Сараптамалық зерттеу үшiн дәрiгердiң немесе басқа маманның үлгiлер алуы", "сараптамалық зерттеу үшiн үлгi", "Сараптамалық зерттеу үшiн алынған үлгiлер", "сараптамалық зерттеуге үлгiлер" деген сөздер тиiсiнше "үлгiлердi", "үлгiлер", "Yлгілер", "Үлгi", "Yлгілердi", "Дәрiгердiң немесе басқа маманның үлгiлер алуы", "үлгi", "Алынған үлгілер" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2006.07.04 N 151 Заңымен.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "өтінімдер", "өтінімі", "өтінімдерді", "өтінім", "өтінімдердің", "өтінімдерінің" деген сөздер тиісінше "өтініштер", "өтініші", "өтініштерді", "өтініш", "өтініштердің", "өтініштерінің" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «медициналық мекемеге», «медициналық мекеменің», «медициналық мекемеден», «медициналық мекемелерге», «медицина мекемесіне», «медициналық мекеме», «Медициналық мекемеде» деген сөздер тиісінше «медициналық ұйымға», «медициналық ұйымның», «медициналық ұйымнан», «медициналық ұйымға», «медициналық ұйымға», «медициналық ұйым», «Медициналық ұйымда» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

1-бөлім. Негізгі ережелер

1-тарау. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу заңдары

      1-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiн айқындайтын               заңдар

      1. Қазақстан Республикасы аумағына қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясыменконституциялық заңдарымен, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделген Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiмен айқындалады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiн реттейтiн өзге заңдардың ережелерi осы Кодекске енгiзiлуге тиiс.       2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiн реттейтiн нормативтiк қаулылары қылмыстық iс жүргiзу құқығының құрамдас бөлiгi болып табылады.       3. Егер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу барысында азаматтық немесе әкiмшiлiк құқықтарға сәйкес шешiлуi тиiс мәселенi қарау қажеттiгi туындаса, ол азаматтық немесе әкiмшiлiк iс жүргiзу тәртiбiмен шешiледi.

      2-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуде басым күшi бар               құқықтық нормаларды қолдану

      1. Қазақстан Республикасы Конституциясының Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жоғары заң күшi болады және ол тiкелей қолданылады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының Конституциясы ережелерiнiң арасында қайшылық болған жағдайда Конституцияның ережелерi қолданылады.       2. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының конституциялық заңы ережелерiнiң арасында қайшылық болған жағдайда конституциялық заңның ережелерi қолданылады. Осы Кодекс пен өзге де заңдар ережелерi арасында қайшылық болған жағдайда осы Кодекстiң ережелерi қолданылады.       3. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың осы Кодекстен басымдығы болады және халықаралық шартта оны қолдану үшiн заң шығару қажет екендiгi айтылған жағдайларды қоспағанда, тiкелей қолданылады.

      3-бап. Қылмыстық iс жүргiзу заңының кеңiстiкте               қолданылуы

      1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық сот iсiн жүргiзу қылмыс жасалған жерге қарамастан осы Кодекске сәйкес жүргiзiледi.       2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Кодекстiң кеңiстiкте қолданылуының өзгеше ережелерi белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      4-бап. Қазақстан Республикасының аумағында шет               мемлекеттiң қылмыстық iс жүргiзу құқығының               қолданылуы

      Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттiң тергеу органдары мен сотының немесе олардың тапсырмасы бойынша қылмыстық процестi жүргiзушi органның шет мемлекеттiң қылмыстық iс жүргiзу құқығын, егер ол Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта көзделсе, қолдануға болады.

      5-бап. Қылмыстық iс жүргiзу заңының уақыт тұрғысында               қолданылуы

      1. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу iс жүргiзу әрекетiн орындау, iс жүргiзу шешiмiн қабылдау кезiне дейiн күшiне енген қылмыстық iс жүргiзу заңына сәйкес жүзеге асырылады.       2. Жаңа мiндеттер жүктейтiн, процеске қатысушыларға тиесiлi құқықтардың күшiн жоятын немесе оларды кемiтетiн, оның пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтiн қылмыстық iс жүргiзу заңының керi күшi болмайды.       3. Дәлелдердiң жарамдылығы олар алынған кезде қолданылып жүрген заңға сәйкес айқындалады.

      6-бап. Қылмыстық iс жүргiзу заңының шетелдiктер мен               азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылуы

      1. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қылмыстық сот iсiн жүргiзу осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.       2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген дипломатиялық немесе өзге де артықшылықтар мен иммунитеттерге ие адамдарға қатысты немесе олардың қатысуымен жүзеге асырылатын қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң ерекшелiктерi осы Кодекстiң 53-тарауына сәйкес айқындалады.

      7-бап. Осы Кодекстегi кейбiр ұғымдардың түсiнiктемесi

      Осы Кодексте қамтылған ұғымдардың, егер заңда ерекше нұсқаулар болмаса, мынадай мағынасы бар:       1) "сот" - сот билiгi органы, Қазақстан Республикасының сот жүйесiне кiретiн, iстi алқалық немесе жеке қарайтын кез келген заңды түрде құрылған сот;       2) "бiрiншi сатыдағы сот" - қылмыстық iстi мәнi бойынша қарайтын сот;       3) "апелляциялық саты" – бiрiншi сатыдағы соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне, қаулыларына апелляциялық шағымдар (наразылықтар) бойынша iстi мәні бойынша қарайтын сот;       4) алынып тасталды - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен;       4-1) "кассациялық саты" – бірінші және апелляциялық сатыдағы соттың заңды күшіне енген үкімдеріне, қаулыларына кассациялық шағымдар (наразылықтар) бойынша істі қарайтын сот;       5) "қадағалау сатысы" - заңды күшiне енген сот шешiмдерiне өтініштер, наразылықтар бойынша істі қадағалау тәртібімен қарайтын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алқасы, сондай-ақ Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынымын немесе Бас прокурордың наразылығын қарайтын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы;       6) "судья" - сот билiгiн жүргізуші; осы лауазымға заңда белгiленген тәртiппен тағайындалған немесе сайланған кәсiпқой судья (соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы, тиiстi соттың судьясы);       7) "төрағалық етушi" - қылмыстық iстi алқалық немесе жеке қарау кезiнде төрағалық ететiн судья;       7-1) алқаби - соттың қылмыстық iсті осы Кодексте белгіленген тәртiппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы;       8) "басты сот талқылауы" - бiрiншi сатыдағы соттың қылмыстық iстi мәнi бойынша қарауы;       9) "процеске қатысушылар" - қылмыстық iзге түсудi және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өздерiнiң немесе өздерi бiлдiретiн құқықтар мен мүдделердi қорғайтын адамдар: прокурор (мемлекеттiк айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы, сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер, оның заңды өкiлi мен өкiлi, жәбiрленушi, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi;       10) "қылмыстық процестi жүргiзушi орган" - сот, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iстi сотқа дейiн жүргiзу кезiнде прокурор, тергеушi, анықтау органы, анықтаушы;       11) "тараптар" - сот талқылауында бәсекелестiк пен тең құқықтылық негiзiнде айыптауды (қылмыстық iзге түсудi) және айыптаудан қорғауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар;       12) "айыптау тарабы" - қылмыстық iзге түсу органдары, сондай-ақ жәбiрленушi (жеке айыптаушы), азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi;       13) "қылмыстық iзге түсу (айыптау)" - қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кiнәлiлiгiн анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшiн айыптау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi;       14) "қылмыстық iзге түсу органдары" - прокурор (мемлекеттiк айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы;       14-1) сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу - анықтау органының, анықтаушының, тергеушінің осы Кодексте белгіленген өкілеттіктері шегінде сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысаны;       15) "анықтау" - анықтау органдарының осы Кодекспен белгiленген өкiлеттiк шегiнде iстiң мән-жайының жиынтығын анықтау, белгiлеу, бекiту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөнiндегi сотқа дейiнгi қызметiнiң iс жүргiзу нысаны;       16) "алдын ала тергеу" ("алдын ала iздестiру") - уәкiлеттi органдардың осы Кодекспен белгiленген өкiлеттiк шегiнде iстiң мән-жайының жиынтығын анықтау, белгiлеу, бекiту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөнiндегi сотқа дейiнгi қызметiнiң iс жүргiзу нысаны;       17) "тергеуде болу" - осы Кодексте белгiленген, белгiлi бiр қылмысты тергеу белгiлi бiр алдын ала тергеу органының немесе анықтаудың құзыретiне жататын белгiлердiң жиынтығы;       18) "қорғану тарабы" - сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның өкiлi;       19) "қорғау" - қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңiлдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық iзге түсуге ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi;       20) "мәлiмдеушi" - сотқа немесе қылмыстық iзге түсу органдарына қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен өзiнiң (басқаның) нақты немесе жорамалды құқығын қорғау үшiн өтiнiш жасаған адам;       21) "өкiлдер" - заңның немесе келiсiмнiң күшiне орай жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң заңды мүдделерiн бiлдiруге уәкiлдiк берiлген адамдар;       22) "заңды өкiлдер" - сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, сондай-ақ сезiктiнi, айыпталушыны немесе жәбiрленушiнi қорғап немесе асырап отырған ұйымдар мен адамдардың өкiлдерi;       23) "туыстар" - үлкен атасы мен үлкен әжесiне дейiн ортақ ата-бабалары бар туыстық байланыстағы адамдар;       24) "жақын туыстар" - ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, бiрге туған және бiрге тумаған туыс аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, атасы, әжесi, немерелерi;       25) "қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар" - сот отырысының хатшысы, аудармашы, көрген адам, куә, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы;       25-1) "хабар-ошарсыз жоғалған адам" – өтініш берілген кезден бастап екі ай бойы жүргізілген жедел-іздестіру шараларымен тұрған жерін осы мерзімде анықтау мүмкін болмаған адам;       26) "қылмыстық iс" - жасалды деп жорамалданған бiр немесе бiрнеше қылмыстар бойынша қылмыстық iзге түсу органы мен сот жүргiзетiн оқшауландырылған iс жүргiзу;       27) "iс бойынша iс жүргiзу" - қозғау, сотқа дейiнгi дайындау, сотта талқылау және соттың үкiмiн (қаулысын) орындау барысында нақты қылмыстық iс бойынша жүзеге асырылатын iс жүргiзу әрекеттерi мен шешiмдерiнiң жиынтығы;       28) "қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу" - қылмыстық iс қозғалған кезден бастап оны мәнi бойынша қарау үшiн сотқа жолдағанға дейiн қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу (анықтау және алдын ала тергеу), сондай-ақ қылмыстық iс бойынша жеке айыптаушы мен қорғау тарабының материалдар дайындауы;       29) "iстiң материалдары" - iстiң құрамдас бөлiгi болып табылатын немесе оған қосу үшiн ұсынылған құжаттар мен заттар; хабарлаулар, сондай-ақ iс бойынша жағдайды белгiлеу үшiн маңызы болуы мүмкiн құжаттар мен заттар;       30) "iс жүргiзу әрекеттерi" - осы Кодекске сәйкес қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында жүргiзiлетiн iс-әрекеттер;       31) "хаттама" - қылмыстық процестi жүргiзушi орган жасаған iс жүргiзу әрекетi көрсетiлетiн iс жүргiзу құжаты;       32) "iс жүргiзу шешiмдерi" - өз құзыреттерi шегiнде қылмыстық процестi жүргiзушi органдар шығаратын және осы Кодексте айқындалған нысанда көрiнiс табатын қылмыстық iс жүргiзу құқығын қолдану актiлерi - үкiмдер, қаулылар, қорытындылар, ұсыныстар, санкциялар;       33) "қаулы" - соттың үкiмнен басқа әртүрлi шешiмдерi; анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында, сондай-ақ сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу шеңберінде қабылданған шешiмдерi;       34) "үкiм" - айыпталушының кiнәлiлiгi немесе кiнәсiздiгi және оған жаза қолдану немесе қолданбау туралы мәселе бойынша бiрiншi, апелляциялық сатыдағы сот шығарған сот шешiмi;       35) "қорытынды шешiм" - қылмыстық процестi жүргiзушi органның iс бойынша iс жүргiзудiң басталуын немесе жалғастырылуын болдырмайтын, сондай-ақ, түпкiлiктi болмаса да, iстi мәнi бойынша шешетiн әртүрлi шешiмдерi;       36) "санкция" - прокурордың, соттың сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында қылмыстық iзге түсу органы қабылдаған iс жүргiзу шешiмiн бекiту актiсi;       37) "түсiндiру" - процеске қатысушылар мен мәлiмдеушiлердiң өзiнiң дәмесiн немесе өздерi өкiлi болған адамдардың дәмесiн негiздеу үшiн келтiрiлген ауызша немесе жазбаша дәйектемесi;       38) "шағым, наразылық" - процеске қатысушылардың анықтау, алдын ала тергеу, прокурор немесе соттың iс-әрекетiне өздерiнiң құзыретi шегiнде және осы Кодексте белгiленген тәртiппен енгiзiлген көңiл аудару актiсi;       39) "өтініш жасау" – тараптың немесе арыз берушінің қылмыстық процесті жүргізуші органға жолданған іс-жүргізу іс-әрекеттерін жүргізу немесе іс жүргізу шешімін қабылдау туралы өтініші, ал қадағалау сатысында – қадағалау іс жүргізуін қозғау және заңды күшіне енген сот актісін қайта қарау туралы жолданым;       40) "ғылыми-техникалық құралдар" - дәлелдердi анықтау, көрсету, алу және зерттеу үшiн заңды түрде қолданылатын аспаптар, арнаулы жабдықтар, материалдар;       41) "арнаулы бiлiм" - адам кәсiби оқудың не практикалық қызметтің барысында алған, қылмыстық сот iсiн жүргiзу мiндеттерiн шешу үшiн пайдаланылатын қылмыстық сот iсiн жүргiзудегi жалпы жұртқа белгiлi емес бiлiм;       41-1) «арнаулы ғылыми білім» - сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерінде іске асырылған, мазмұны ғылыми білімді құрайтын арнаулы білім саласы;       42) "баспана" - бiр немесе бiрнеше адамның уақытша немесе тұрақты тұруына арналған үй-жай немесе құрылыс, оның iшiнде: меншiктi немесе жалға алынған пәтер, үй, саяжай үйi, мейманхана нөмiрi, каюта; көп пәтерлi үйлердi қоспағанда, оларға тiкелей жалғасатын тұрғын үйлердiң верандалары, террасалары, галереялары, балкондары, жертөлесi және шатыры, сондай-ақ өзен немесе теңiз кемесi;       43) "түнгi уақыт" - жергiлiктi уақыт бойынша сағат жиырма екiден алтыға дейiнгi уақыт аралығы.       Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.16 N 122 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.03 N 213-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

  2-тарау. Қылмыстық процестің міндеттері мен принциптері

      8-бап. Қылмыстық процестiң мiндеттерi

      1. Қылмыстық процестiң мiндеттерi қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әдiл сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады.       2. Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзудiң заңда белгiленген тәртiбi адамды және азаматты негiзсiз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кiнәсiз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда - оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуi, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесуi тиiс.

      9-бап. Қылмыстық процесс принциптерiнiң мәнi

      Қылмыстық процесс принциптерiнiң мәнi мынада: оларды бұзу, оның сипаты мен мәнiне қарай, iс бойынша болған iс жүргiзудi жарамсыз деп тануға, мұндай iс жүргiзудiң барысында шығарылған шешiмдердi бұзуға не осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдеу күшi жоқ деп тануға әкелiп соқтырады.

      10-бап. Заңдылық

      1. Сот, прокурор, тергеушi, анықтау органы және анықтаушы қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Кодекстiң, осы Кодекстiң 1-бабында көрсетiлген өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын дәл сақтауға мiндеттi.       2. Соттардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiретiн заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қолдануға құқығы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiредi деп тапса, ол iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұруға және осы актiнi конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне жүгiнуге мiндеттi.       3. Соттың, қылмыстық iзге түсу органдарының қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзу кезiнде заңды бұзуына жол берiлмейдi және ол заңмен белгiленген жауаптылыққа, актiлердi заңсыз деп тануға және олардың күшiн жоюға әкеп соғады.       Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 32-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      11-бап. Сот әдiлдiгiн тек соттың ғана жүзеге асыруы

      1. Қазақстан Республикасында қылмыстық iстер бойынша сот әдiлдiгiн тек соттар ғана жүзеге асырады. Сот өкiлеттiгiн кiмнiң болса да иемденуi заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соқтырады.       2. Соттың үкiмi бойынша және заңға сәйкес болмаса, ешкiм де қылмыс жасағаны үшiн кiнәлi деп таныла алмайды, сондай-ақ қылмыстық жазаға тартыла алмайды.       3. Соттың құзыретi, оның заңды құқығының шегi, оның қылмыстық сот iсiн жүргiзудi жүзеге асыру тәртiбi заңмен айқындалады және оны өз бетiнше өзгертуге болмайды. Қылмыстық iстердi қарау үшiн қандай атаумен болса да төтенше немесе арнаулы соттар құруға жол берiлмейдi. Төтенше соттардың, сондай-ақ өзге де заңсыз құрылған соттардың үкiмдерi мен басқа да шешiмдерiнiң заңды күшi болмайды және атқарылуға жатпайды.       4. Өзi қарауына жатпайтын iс бойынша қылмыстық сот iсiн жүргiзудi жүзеге асырушы, өзiнiң өкiлеттiгiн асыра қолданған немесе осы Кодексте көзделген қылмыстық сот iсiн жүргiзу принциптерiн өзгедей бұзған соттың үкiмi мен басқа да шешiмдерi заңсыз болады және олардың күшi жойылуға тиiс.       5. Соттың қылмыстық iс бойынша үкiмi мен басқа да шешiмдерiн осы Кодексте көзделген тәртiппен тек тиiстi соттар ғана тексерiп, қайта қарай алады.

      12-бап. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын                сот арқылы қорғау

      1. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғауға құқығы бар.       2. Ешкiмге өзiнiң келiсiмiнсiз ол үшiн заңмен көзделген соттылығы өзгертiле алмайды.       3. Мемлекет заңда белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша жәбірленушiге сот әдiлдiгiне қол жеткiзуiн және келтiрiлген залалдың өтелуiн қамтамасыз етедi.     

      13-бап. Жеке адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн                құрметтеу

      1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде қылмыстық процеске қатысушы адамдардың абыройын түсiретiн немесе қадiр-қасиетiн кемiтетiн шешiмдер мен iс-әрекеттерге тыйым салынады, адамның жеке өмiрi туралы мәлiметтердi, сонымен бiрдей осы Кодексте көзделмеген мақсаттар үшiн адам құпия сақтау қажет деп санайтын жеке сипаттағы мәлiметтердi жинауға, пайдалануға және таратуға жол берiлмейдi.       2. Қылмыстық процестi жүргiзушi органдардың заңсыз әрекеттерiнен адамға келтiрiлген моральдық зиян заңда белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс.

      14-бап. Адамның жеке басына тиiспеушiлiк

      1. Осы Кодексте белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша болмаса, ешкiмдi де қылмыс жасады деген сезiк бойынша ұстауға, қамауға алуға немесе өзгеше түрде бас бостандығынан айыруға болмайды.       2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда ғана және қамауға алынған адамға сотқа шағымдану құқығын бере отырып, тек соттың санкциясымен ғана қамауға алуға және күзетпен ұстауға жол берiледi. Адам соттың санкциясынсыз жетпiс екi сағаттан аспайтын мерзiмге ғана ұсталуы мүмкiн. Күзетпен ұсталмаған адамды сот-психиатриялық сараптама жүргiзу үшiн медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруға соттың шешiмiмен ғана жол берiледi. Күзетпен ұсталмаған адамды сот-медициналық сараптама жүргiзу үшiн медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруға соттың шешiмi санкциясы бойынша жол берiледi.       3. Әрбiр ұсталған адамға ұстаудың негiзi, сондай-ақ ол жасады деп сезiк келтiрiлген немесе айыпталған қылмыстың заңдық сипаттамасы дереу хабарланады.       4. Сот, қылмыстық iзге түсу органдары заңсыз ұсталған немесе қамауға алынған, немесе медициналық ұйымға заңсыз орналастырылған не заңда немесе үкiмде көзделгендегiден артық мерзiмге күзетпен ұсталған адамды дереу босатуға мiндеттi.       5. Қылмыстық процеске қатысушы адамдардың ешқайсысына күш қолдануға, қатал немесе адамның қадiр-қасиетiн түсiретiн әрекет жасауға болмайды.       6. Ешкiмдi де адамның өмiрiне немесе денсаулығына қауiп туғызатын iс жүргiзу әрекеттерiне қатысуға тартуға болмайды. Адамның жеке басына тиiспеушiлiктi бұзатын iс жүргiзу әрекеттерi адамның не оның заңды өкiлiнiң еркiне қарсы осы Кодексте тiкелей көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша ғана жүргiзiлуi мүмкiн.       7. Өзiне қатысты жолын кесу шарасы ретiнде қамауға алу таңдалған адамды, сондай-ақ қылмыс жасады деген сезiкпен ұсталған адамды қамауда ұстау оның өмiрi мен денсаулығына қауiп туғызбайтын жағдайларда жүзеге асырылуы тиiс.       8. Заңсыз бас бостандығынан айыру, өмiрi мен денсаулығына қауiптi жағдайда ұстау, оған қатал қарау салдарынан азаматқа келтiрiлген зиян осы Кодексте көзделген тәртiппен өтелуге тиiс.       Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.07.05 N 65-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      15-бап. Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзу кезiнде                азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау

      1. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган қылмыстық процеске қатысушы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, оларды жүзеге асыру үшiн жағдай жасауға, процеске қатысушылардың заңды талаптарын қанағаттандыруға уақытылы шаралар қолдануға мiндеттi.       2. Азаматқа қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде оның құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы салдарынан келтiрiлген зиян осы Кодексте көзделген негiздер мен тәртiп бойынша өтелуге тиiс.       3. Жәбiрленушiнi, куәнi немесе қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдарды, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiн немесе өзге де жақын туыстарын өлтiрумен, күш қолданумен, мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен, не өзге де заңға қарсы қауiптi әрекеттермен қорқытқандығына жеткiлiктi негiздер болған кезде қылмыстық процестi жүргiзушi орган өз құзыретi шегiнде бұл адамдардың өмiрiн, денсаулығын, абыройын, қадiр-қасиетiн және мүлкiн қорғауға заңда көзделген шараларды қолдануға мiндеттi.

      16-бап. Жеке өмiрге қол сұқпаушылық. Хат жазысудың,                телефон арқылы сөйлесудiң, почта, телеграф және                өзге де хабарлардың құпиясы

      Азаматтардың жеке өмiрi, жеке және отбасылық құпия заңның қорғауында болады. Әркiмнiң жеке салымдар мен жинақтардың, хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудiң, почта, телеграф және өзге де хабарлардың құпиясына құқығы бар. Қылмыстық процесс барысында бұл құқықтарды шектеуге заңда тiкелей белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша ғана жол берiледi.

       17-бап. Тұрғын үйге қол сұқпаушылық

       Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Тұрғын үйге онда тұратын адамдардың еркiне қарсы кiруге, оны қарауға және тiнту жүргiзуге заңда белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша ғана жол берiледi.

      18-бап. Меншiкке қол сұқпаушылық

      1. Меншiкке заңмен кепiлдiк берiледi. Ешкiмдi де соттың шешiмi болмайынша өз мүлкiнен айыруға болмайды.       2. Iс жүргiзу әрекеттерiнiң барысында адамдардың банктегi салымдарына және басқа да мүлiктерiне тыйым салу, сондай-ақ оны алу осы Кодексте көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша жүргiзiлуi мүмкiн.

      19-бап. Кiнәсiздiк презумпциясы

      1. Әр адам оның қылмыс жасағандығы үшiн кiнәлiлiгi осы Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз деп саналады.       2. Ешкiм де өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес.       3. Айыпталушының кiнәлiлiгiне сейiлмеген күдiк оның пайдасына түсiндiрiледi. Қылмыстық және қылмыстық iс жүргiзу заңын қолдану кезiнде пайда болған күмәндер де айыпталушының пайдасына шешiлуi тиiс.       4. Айыптау үкiмiн болжамдарға негiздеуге болмайды және ол ақиқат дәлелдердiң жеткiлiктi жиынтығымен расталуы тиiс.

      20-бап. Қайта соттауға және қылмыстық iзге түсуге жол                берiлмеуi

      Ешкiмдi де нақ бiр қылмыс үшiн қайтадан қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

      21-бап. Сот әдiлдiгiн заң мен сот алдындағы теңдiк                негiздерiнде жүзеге асыру

      1. Сот әдiлдiгi барша жұрттың заң мен сот алдында теңдiгi негiзiнде жүзеге асырылады.       2. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында ешкiмдi де шыққан тегi, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайы, жынысы, нәсiлi, ұлты, тiлi, дiнге қатысы, сенiмдерi, тұрғылықты жерi бойынша немесе өзге де кез келген мән-жайлар бойынша қандай да болсын кемсiтушiлiкке ұшыратуға болмайды.       3. Қылмыстық iзге түсуден иммунитетi бар адамдарға қатысты қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң шарттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Кодекспен, заңдармен және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен айқындалады.

      22-бап. Судьялардың тәуелсiздiгi

      1. Судья сот әдiлдiгiн атқару кезiнде тәуелсiз болады және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады.       2. Соттың сот әдiлдiгiн атқару жөнiндегi қызметiне қандай да болсын араласуға жол берiлмейдi және ол заң бойынша жауапқа тартылады. Нақты iстер бойынша судьялар есеп бермейдi.       3. Судьялар тәуелсiздiгiнiң кепiлдiгi Қазақстан Республикасының  Конституциясыменжәне заңмен белгiленген.