Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

АЛИНА-сауалнама

.docx
Скачиваний:
21
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
23.93 Кб
Скачать

«Коммуникативті және ұйымдастырушылық бейімділік» сауалнамасы

Арналуы: Жасөспірімдердің коммуникативті және ұйымдастырушылық қабілеттерін тексеруге арналған .

Бұл әдістеме психологиялық- педагогикалық тәжірибресінде бұрыннан қолданылады, кәсіби маңызды сапаларды кешенді диагностикалау ретінде   құрастырумен белгілі болған.

Нұсқау: Әрбір сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруі керек. Егер сіз дұрыс жауапта таңдауда қателессеңіз, онда (+) немесе (-) таңбаларына сәйкес альтернативті ұқсас бейімділікке жүгіну керек.

Сауалнама мәтіні

1)    Үнемі, сіз араласып тұратын достарыңыз көп пе?

2)    Сіз өз достарыңыздың көп бөлігін өзіңіз қабылдаған шешімге бейімдей аласыз ба?

3)    Егер достарыңыздың біреуі сізді ренжіткен болса, оған деген ренішіңіз ұзаққа созыла ма?

4)    Егер сіз қиын критикалық жағдайға тап болсаңыз оған бағдарлану қиынға соға ма?

5)    Сіздің әр түрлі адамдармен танысуға деген құштарлығыңыз бар ма?

6)    Сізге қоғамдық жұмыспен айналысқан ұнай ма?

7)    Сізге адамдардан гөрі, бос уақытыңызды кітап оқу немесе басқада іс-әрекеттер мен шұғылдану жағымдырақ па? Бұл дұрыс па?

8)    Егер сіздің ойларыңызды жүзеге асыру барысында кейбір келеңсіз оқиғалар орын алса, сіз кері шегінермедіңіз?

9)    Сіз өзіңізден жасы жағынан үлкен адамдармен тез әрі оңай қарым-қатынасқа түсе аласыз ба?

10)  Сіз өз достарыңызбен бірге түрлі ойындарды ойдан құрап және оны ұйымдастыра аласыз ба?

11)  Сізге бұрын таныс емес ортаға тез үйреніп кете аласыз ба?

12)  Сіз бүгін бітіретін кейбір шаруаларды басқа күнге ысырып тастайсыз ба?

13)  Сіз өзіңіз танымайтын адамдар мен қарым-қатынасқа оңай түсесіз бе?

14)  Өзіңіздің достарыңыз сіздің ойыңызбен жүру үшін, сіз сол мақсатқа жете аласыз ба?

15)  Сіздің жаңа ұжымға үйренуіңіз қиын ба?

16)  Егер сіздің ұжымда бірге істейтін достарыңыз өз міндеттерін дұрыс атқармаса, сіз олармен қақтығысқа түспейсіз бе?

17)  Егер сізге оңтайлы сәтке танымайтын адаммен танысу мүмкіндігі берілсе, сіз танысарма едіңіз?

18)  Егер сіз маңызды бір істі бітірер кезде жауапкершілікті өзіңізге алар ма едіңіз?

19)  Сізді қоршаған адамдар сіздің жыныңызға тие ме? Осындай сәтте жалғыз қалғыңыз келе ме?

20)  Сіз өзіңіз танымайтын ортаға бағдарлануыңыз қиын екен, сол рас па?

21)  Сізге үнемі көп адамдардың арасында болған ұнай ма?

22)Егер сіз бастаған істі аяқтай алмай жатсаңыз, ол сіздің жыныңызға тие ме?

23)  Егер сіз жаңа бір адаммен танысу барысында қиыншылықты, ұйалшақтықты сезінесіз бе?

24)  Сіз достарыңызбен көп араласқан уақытта көп шаршайсыз ба?

25)  Сіз ұжымдық ойындарға қатысуды ұнатасыз ба?

26)  Достарыңыздың қызығушылын ойататын сұрақтарға жауап беру де сіз қиналасыз ба?

27)  Сіз өзіңіздің аз танитын адамдардың арасында, өзіңізді сенімсіз сезінесіз бе? Бұл рас па?

28)  Сіз өзіңіздің құқығыңызды дәлелдеу үшін ұмтыласыз ба?

29)  Сіз өзіңіз аз танитын ұжым үшін  көп еңбек ете аласыз ба, бұл сізге қиын емес пе?

30)  Сіз мектептегі қоғамдық жұмыстарға қатысасыз ба?

31)  Сіз өз таныстарыңыздың көлемін азайтуға аз ғана адамдармен қалуыңызға ұмтыласыз ба?

32)  Егер сіздің ойыңызды достарыңыз бірден қабылдамайтын болса, сіз өз шешіміңізге жетуге тырысасыз ба?

33)  Сіз өзіңіз танымайтын ортаға тап болсаңыз, қиналмайсыз ба?

34)  Сіз өз достарыңыз үшін ұжымдағы мерекелік іс шараларға бірден қатысып кете аласыз ба?

35)   Егер сізге үлкен топ адамдар арасында сөйлеу құқығы берілсе, сіз өзіңізді сенімді  және жайлы сезіне аласыз ба?

36) Сіз маңызды кездесулерге үнемі кешікпей келесіз бе?

37)   Сіздің көп досыңыз бар бұл рас па?

38)  Сіз аз танитын адамдар мен араласқанда, олармен қарым-қатынасқа түскенде ұяласыз ба, қысыласыз ба?

39)  Сізді жаңа ұжымда жұмыс істеу қорқыныш тудырмай ма?

40) Сіз өз достарыңыздың арасында өзіңізді сенімді түрде ұстайсыз, бұл рас па?

 

Нәтижелердің өңделуі

 Коммуникативті қабілеттер – егер мына сұрақтарға «иә» деп жауап берсеңіз: 1,5,9,13,17,21,25,29,33,37 «жоқ» деп мына сұрақтарға: 3,7,11,15,19,23,27,31,35,39.

Ұйымдастырушылық қабілет – мына сұрақтарға «иә» деп жауап берсеңіз: 2,6,10,14,18,22,26,30,34,38 «жоқ» деп мына сұрақтарға: 4,8,12,16,20,24,28,32,36,40.

Әдістің әр бөлімі бойынша дұрыс жауаппен сәйкес келген жауаптар барлығы саналады. Сосын бағалаушы коэфициенттнр коммуникативті және ұйымдастырушылық қабілеттерге байланысты әрқайсысы жеке-жеке мына формула бойынша тексеріледі  К=0,05 с, бұл жердегі К- бағалаушы коэфициенттің көлемі, с- дұрыс жауаптармен сәйкес келген жауаптардың саны.

Бағалаушы коэфициенттнрдің вармативтілігі 0 ден 1- ге дейін. Көрсеткіштер 1- ге жақын болса коммуникативті, ұйымдастырушылық қабілеттері жоғарғы деңгейде екенін көрсетеді. Егер 0- ге жақын болса төмен деңгейде саналушылардың бірінші көрсеткіштері коммуникативті және ұйымдастырушылық қабілеттерді бағалау түрінде көрсетуі мүмкін, бірақ зерттелініп отырған қабілеттер әр түрлі деңгейде болуы мүмкін.

 

Коммуникативті іскерлік

 

Көрсеткіш

баға

Деңгей

0,10-0,45

1

I - төмен

0,46-0,55

2

II – ортадан төмен

0,56-0,65

3

III - орта

0,66-0,75

4

IV - жоғары

0,76-1

5

V – өте жоғары

 

Ұжымдық іскерлік

 

Көрсеткіш

Баға

Деңгей

0,20-0,55

1

I - төмен

0,56-0,65

2

II – ортадан төмен

0,66-0,70

3

III - орта

0,71-0,80

4

IV - жоғары

0,81-1

5

V – өте жоғары

 

Алынған нәтижелерді  талдау

1 деген бағаны алған сыналушылар коммуникативті және ұйымдастырушылық бейімділіктің төменгі деңгейдің көрінуімен ерекшеленеді.

2 деген бағаны алған сыналушылар, коммуникативті және ұйымдастырушылық бейімділігі орташадан төмен деңгейде. Олар қарым-қатынасқа ұмтылмайды, жаңа ұжымда өздерін ыңғайсыз сезінеді, уақытының барлығында жалғыз болғысы келеді, өзін басқа адамдар мен танысудан шектейді, адамдармен қарым-қатынасқа түскенде, аудиторияларда көпшіліктің алдында сөйлегенде қиналады, таныс емес жағдайларға бағдарланулары өте қиын, өз ойларын айта алмайды, ренжісе қайтулары қиын, қоғамдық жерлерде өз қабілеттерін көрсете алмайды, көп жерлерде өзіндік шешім қабылдаудан қорқады және ондай оқиғалардан қашады;

3 деген бағаны алған сыналушылар коммуникативті және ұйымдастырушылық бейімділіктің көрінуінің орташа деңгейі.

Адамдармен қарым-қатынас орнатуға ұмтылады, өз таныстарының санын азайтпайды, өз ойларын қорғай алады, жұмыстарына жоспар қоя алады, бірақ олардың бейімділігі жоғары және тұрақты болмайды. Коммуникативті және ұйымдастырушылық бейімділіктерін дамыту және жүзеге асыру керек..

4 деген бағаны алған сыналушылар коммуникативті және ұйымдастырушылық бейімділігі жоғары деңгейдегі топқа жатқызуға болады. Олар жаңа ортада өздерін жоғалтпайды, достарды тез табады, өз таныстарының санын арттырғысы келеді, қоғамдық шараларға қатысады, жақын адамдарына көмектеседі. Достарымен қарым-қатынас жасағанда өз ойларын білдіреді, мерекелік-іс-шараларға белсенді қатысады, қиын кезеңдерде өзіндік шешім қабылдай алады. Бұның барлығын олар біреудің бұйрығымен емес, өздерінің ішкі қалаулары бойынша істейді.

5 деген жоғары бағаны алған сыналушылар – коммуникативті және ұйымдастырушылық бейімділіктің өте жоғары деңгейінің барлығымен көрінеді, ерекшеленеді. Қиын кездерде оңай әрі тез бағдарлана алады, жаңа ұжымдарда өздерін еркін ұстайды, маңызды және қиын сәттерде өздері шешім қабылдауды дұрыс санайды, өз шешімдерін жоғары бағалайды және өз мақсаттарына жете алады, басқарғанды, әр түрлі ойындарды, мерекелік іс-шараларды ұйымдастырғанды жақсы көреді. Өздері қызығатын іс-әрекеттерде тұрақты, өздері қиын жұмыстар іздейді. Бірақ бұл жұмыстар өздерінің коммуникативті және ұйымдастырушылық қабілеттерін қанағаттандырулары керек