Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Аманжолова Назерке

.docx
Скачиваний:
28
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.49 Mб
Скачать

Тақырыбы: VI тарау. Біржасушалы жәндіктер дүние тармағы немесе қарапайымдылар

§ 39. Қарапайымдылар - біржасушалы жәндіктер

Сабақтың мақсаты: қарапайымдылардың тіршілік ету ортасы мен өзіндік ерекшеліктеріне жалпы сипаттама беру, олардың кейбір өкілдеріне тоқталып, бір-бірінің ұқсас және ерекше қасиеттерін атап көрсету; түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасына жағымды өзгерістерге жету; пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Жануарлар туралы алған білімдерін жинақтау. Білгендерін қайталау, тереңдету, дүниетанымдарын кеңейту. Біржасушалылардың табиғатта таралған түрлерінің құрылысындағы және тіршілігіндегі ортақ белгілерін, бір - бірінен негізгі ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру

Дамытушылық:Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту, есте сақтау дағдысын қалыптастыру. Пәнге деген қызығушылығын ояту. Еркін сөйлеп, ойын жеткізуге, салыстыра білуге үйрету.

Тәрбиелік: Жаңа білімді игерте отырып, санитарлық-гигиеналық тәрбие беру.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі

Сабақтың типі: құрастырылған

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, стикерлер, карточкалар, стендтер және т.б

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих,

І Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу

Оқушылардың көңіл – күйлерін байқау үшін арнайы смайликтер алдын ала таратылады. Оқушылардың көңіл күйлерін қандай екендігін смайлик арқылы байқаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезіңі

«Арасындағы айырмашылығы...» ойыны.

Жануарлар мен өсімдіктерді жүйелеу негізінен алғанда ұқсас.Алайда жіктеу кезінде біраз айырмашылықтардың бар болатындығын байқаймыз. Мысал ретінде өсімдіктер мен жануарлардың жүйеленуін алуға болады.

Өсімдіктерде

Жануарларда

Өсімдіктер

Дүниесі

Жануарлар

Дүниесі

Ашық тұқымдылар

Бөлімі

Бір жасушалылар

Типі

Бүрлі өсімдіктер

Класы

Талшықтылар

Класы

Қылқан жапырақтылар

Тұқымдасы

Бірталшықтылар

Тұқымдасы

Қарағайлар

Туысы

Түншырақтар

Туысы

Кәдімгі қарағай

Түрі

Жылтылдық түншырақ

Түрі

«Сұрау есімдігі» ойыны

  1. Зоологияны ғылым ретінде терең зерттемеген, бірақ өмір тәжірбиесіне байланысты жануарларды қызықтай білген. Оларға аударған ықыласын аңыз – әңгіме, мақал –мәтелдер, ертегі – жұмбақтар басқа да тәсілдер арқылы жеткізіп отырды. Тіпті XI ғасырда республикамызда мекендейтін жануарлар туралы жазба деректер қалдырған кім? (М.Қашғари)

  2. Арал теңізі мен Балқаш көлінің балықтарын Л.С.Берг, құстар фаунасын Н.А.Зарудный,П.П. Сушкин қашан зерттеді? (ХХ ғасырда)

  3. Жабайы жануарларды зерттеу үшін республикамызда зоологиялық сектор ашылған болса, оған не әсер етті ? (Зерттеу жұмыстары ғылым академиясының институты құрылғаннан кейін ғана нақтылы жолға қойылды)

  4. Чарлз Роберт Дарвин кім және іліміне тоқталсаңыз? (ағылшын табиғат зерттеушісі, ол жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің табиғи сұрыпталу арқылы пайда болатыны туралы зерттеп, эволюциялық ілімнің негізін қалады.)

  5. К.Линней «Табиғат жүйесі» атты еңбегінде қай жылы жануарлар мен өсімдіктерді жүйелеудің осы заманғы негізін қалады? (1735 жылы)

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Жануарлар дүниесі біржасушалы және көпжасушалы болып екі тармаққа жіктеледі.

Біржасушалы жәндіктер денесі бір ғана жасушадан (клеткадан) тұратын, көпшілігі микроскоп арқылы ғана көрінетін ағзалар. Оларды қарапайымдар деп те атайды.

Құрылысы қарапайым сияқты болғанымен, бір жасушаның ішінде асқорыту, тынысалу, заталмасу, қозғалу, көбею, сыртқы әсерлерге жауап беру сияқты кез келген тіршілік иесіне тән тіршілік белгілері үздіксіз жүріп жатады. Қарапайымдардың көптеген түрлері жаңбырдан пайда болатын іркінді су, шалшықтан бастап, көл, теңіз, мұхитқа дейінгі су қоймаларында кездеседі. Топырақта мекендейтіндері де аз емес. Жануарлар мен адамның ішкі мүшелерінде (қанда, ішекте, бауырда және т. б.) паразиттік тіршілік ететіндері де бар. 

Жай көзге көрінбейтін қарапайым жәндіктердің бар екені ХVІІ ғасырға дейін ғылымда белгісіз болды. 1665 жылы өзі жасаған микроскоппен голландиялық ғалым Антони ван Левенгук (1632-1723) аталық жыныс жасушасын зерттегеннен кейін ғана қарапайым жәндіктердің түрлері ашыла бастады.

Қазіргі кезеңде қарапайымдардың 70 мыңға жуық түрі белгілі.

Саркодиналар немесе тамыраяқтылар типі.

  • Қарапайым жануарларда ішкі қанқа және омыртқа жотасы болмайды.

  • Олар жалғанаяқтың, талшықтың, кірпікшелредің жәрдемімен қозғалады.

  • Тұщы және тұзды суларда,топырақта өмір сүреді.

  • Зат алмастырады, қоректенеді,тыныс алады,қажетсіз заттарды бөледі,көбейеді, өседі, қозғалады.

Саркоталшықтылар типі екі типтің, арап айтқанда саркодина және талшықтылар типтерінің қосылысы. «Саркодина» грекше «саркос» - плазма, яғни плазмалық жарғақшалы дегенді білдіреді

Саркодиналар:

  • Жалған аяқ түзіп, дене пішінін өзгерте алады

  • Ағза денесін қаптаған, микроскоп арқылы ғана көрінетін өте жұқа плазмалық жарғақшаға байланысты құбылыс

  • Жалған аяқтарын денесінің кез – келген жерінен созып шығарады. Сондықтан оларды «тамыраяқтылар» деп те атайды.

  • Дене пішіндері тұрақты жәндіктер: сәулелі өрмеаяқ,қошқармүйіз көпірме, шұрықденелі бунақай.

  • Жұмырылған дене сыртында тығыз қорғаныш қабат бөлініп шығады циста түзеді.

  • Олардың ас қорыту, зәр шығару вакуольдері бар

  • Олар судағы еріген оттегімен тыныс алады, тітіркенеді олар бөліну арқылы жыныссыз жолмен көбейеді.

Оқушылардың сабақты түсінгенін байқау үшін «Стикерлер тобы » ойынын ойнатамын.

Стикердің ішінде термин сөздер және жаңа сабақ түсіндірілгендегі жаңа сөздер қолданылады.

Саркоталшықтылар

«Cаркос» -

Саркодина

Циста

Вакуоль

Плазмалық жарғақша

Плазма

Цитоплазма

Тамыраяқтылар

ІV. Бекіту.

Жәндіктердің денесі бір ғана жасушадан тұрады екен; яғни, бір жасуша – бір ағза. Жасушаның құрылымдық үш бөлігінің – жұқа жарғақ қабықшаның, оның ішіндегі іркілдек қоймалжың зат – цитоплазманың және ядроның – бір-бірімен тығыз байланыста үздіксіз жұмыс істеуі осы ағзаның (жасушаның) тіршілігін қамтамасыз етеді.

Біржасушалы қарапайымдар ғылымда қашан және қандай жағдайда белгілі болды?

Біржасушалылар табиғатта қай жерлерде көп таралған? Олардың қандай түрлері бар?

Біржасушалылар құрылысында, тіршілігінде бәріне ортақ қандай белгілері бар?

Біржасушалылар түрлерінің бір-бірінен ерекшеліктері қандай? Олар өз ішінде қандай топтарға жіктеледі?

Бұл тақырып 6 – cыныпта өтілген болатын . Естеріне түсіру үшін арнайы карточкаға осы сурет беріледі.

Кірпікшелі кебісше

1

2

3

4

5

6

7

1.____________________________________

______________________________________

2.____________________________________

______________________________________

3.____________________________________

______________________________________

4.____________________________________

______________________________________

5.____________________________________

______________________________________

6.____________________________________

______________________________________

7.____________________________________

______________________________________

Қорытынды:______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

V. Бағалау

Үй тапсырмасы. § 39 оқып, Амебаның құрылысы мен тіршілік әрекетіне байланысты қысқаша хабарлама жазыңыздар. Саркос, плазма, плазмалық жарғақша, вакуоль, цитоплазма терминдеріне назар аударыңыздар.Аталған терминдерді дәптерге жазыңыздар.