Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Алюм жне оны орытпалары 12 лекция

.docx
Скачиваний:
33
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
23.46 Кб
Скачать

Дәріс №12

Тақырыбы: Алюминий және оның қорытпалары.

  1. Алюминийдің балқу температурасын көрсет

А) 660°C;

Б) 760°C;

В) 880°C;

Г) 980°C;

Д) 500°C.

  1. Қандай жағдайларда алюминий мен оның қорытпаларын қолданады?

А) үлкен тығыздық пен кіші меншікті беріктілік маңызды мағынаға ие болғанда;

Б) кіші тығыздық пен үлкен меншікті беріктілік маңызды мағынаға ие болғанда ;

В) үлкен тығыздық пен үлкен меншікті беріктілік маңызды мағынаға ие болғанда;

Г) кіші тығыздық пен үлкен меншікті беріктілік маңызды мағынаға ие болғанда ;

Д) кіші тығыздық маңызды мағынаға ие болғанда.

  1. Алюминий қандай кристалдық тордың түрінде кристалданады?

А) көлемді-орталықтанған торда;

Б) тетрагональды торларда;

В) гексональді кубтық торда;

Г) тығыз қапталған торда;

Д) шекті орталықтанған торда.

  1. Сөйлемді жалғастыр. Алюминий таза және әр түрлі қоспалардан көбірек бос болған сайын,

А) оның коррозиялық тұрақтылығы төмен;

Б) коррозиялық тұрақтылығы байқалмайды;

В) оның коррозиялық тұрақтылығы жоғары;

Г) балқу температурасы жоғары;

Д) балқу температурасы төмен.

  1. Қандай қоспалар алюминийді ластайды?

А) темір мен кремний;

Б) темір мен мыс;

В) мыс пен кремний;

Г) мырыш пен мыс;

Д) алюминий мен мырыш.

  1. Алюминий қабықшасының тотығы нені болдырмайды?

А) бұзылудан сақтайды;

Б) ластанудан сақтайды;

В) ыдыраудан сақтайды;

Г) шаң-тозаңнан сақтайды;

Д) коррозиядан сақтайды.

  1. Алюминийден жоғарғы созымдылықты шығару неге мүмкіндік береді?

А) әр түрлі ұзындықты прокаттауға;

Б) жұқа қалыңдыққа дейін прокаттауға;

В) үлкен тығыздықты прокаттауға;

Г) үлкен беріктікті прокаттауға;

Д) әр түрлі қаттылықты прокаттауға.

  1. Техникалық алюминийді қолданудың неше бағыты бар?

А) 2;

Б) 5;

В) 4;

Г) 3;

Д) 6.

  1. Алюминийді өнеркәсіптік алуда қандай кендер қолданылады?

А) бокситтер;

Б) нефелиндер;

В) хлоридтер;

Г) криолиттер;

Д) бокситтер мен нефелиндер.

  1. Алюминийлік фольга шығаруды неге байланысты?

А) жоғарғы созымдылығына;

Б) жоғарғы электрөткізгіштігіне;

В) жоғарғы коррозияға тұрақтылығына;

Г) жоғарғы беріктігіне;

Д) жоғарғы балқу температурасына.

  1. Неліктен берилий алюминиймен қоспаланады?

А) коррозиға тұрақтылық үшін;

Б) алюминийдің созымдылығын жоғарылату үшін;

В) алюминий легірлену тығыздығын азайту үшін;

Г) жоғарғы температураларда тотығуын азайту үшін;

Д) дұрыс жауап жоқ.

  1. Қандай жағдайларда алюминийге борды енгізеді?

А) беріктігін жоғарылату үшін;

Б) оксидтік қабықша түзілу үшін;

В) электрөткізгіштігін жоғарылату үшін;

Г) балқу температурасын жоғарылату үшін;

Д) алюминий легірлену тығыздығын азайту үшін.

  1. Нейтрондардың жұтылуымен айтулы, алюминийдің бормен қоспасы қандай салада қолданылады?

А) атомдық энергетикада;

Б) молекулалық физикада;

В) қаруланған әскерде;

Г) денсаулықты сақтауда;

Д) медицинада.

  1. Алюминий мен оның қоспасының физика-механикалық құрылысы негізінде алу әдісі қалай бөлінеді:

А) деформацияланатын;

Б) құйылатын;

В) легірлену жүйесі бойынша;

Г) деформацияланатын және құйылатын;

Д) термиялық өңдеудің қолданылуын байлнысты.

  1. Алюминий қоспаларында модификацияланған қоспаларды көрсет

А) кремний, бор, мыс;

Б) мырыш, бор, мыс;

В) алтын, күміс, платина;

Г) кремний, титан, мыс;

Д) титан, цирконий, бор.

  1. Алюминий мен оның қоспаларының балқытылып біріктірілуін зерттеу барысында, химиялық элементтер неше топқа бөлінеді?

А) 3;

Б) 2;

В) 4;

Г) 5;

Д) 7.

  1. Алюминийді қоршаған ортадан не ажыратады?

А) тотық қабықшасы;

Б) шаң-тозаң өткізбейтін қабат;

В) тығыздық;

Г) су өткізбейтін қабат;

Д) жоғарыда айтылғанның бәрі.

  1. Материалдың арнайы құрылысын алу үшін 1%-тен кем арнайы енгізілетін элементтер қалай аталады?

А) модификаторлар;

Б) қоспалар;

В) балқытылып біріктірілетіндер;

Г) легірленетін элементтер;

Д) жоғарыда айтылғанның бәрі.

  1. Қорытпаларда болатын (0,5%-дан кем), арнайы енгізілмеген, алюминий немесе легірленген және модификацияланған элементтермен бірге түскен элементтер қалай аталады?

А) модификаторлар;

Б) қоспалар;

В) балқытылып біріктірілетіндер;

Г) легірленетін элементтер;

Д) жоғарыда айтылғанның бәрі.

  1. Шығарылатын қорытпада негізгі керекті құрылым алу үшін алюминий қоспаларына (немесе қорытпаларына) енгізілетін арнай енгізілетін элементтер қалай аталады?

А) модификаторлар;

Б) қоспалар;

В) балқытылып біріктірілетіндер;

Г) легірленетін элементтер;

Д) жоғарыда айтылғанның бәрі.