Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Алия 1-ши

.docx
Скачиваний:
15
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
472.6 Кб
Скачать

Операциялық жүйе – адам мен ЭЕМ аппараттық құралдарының арасындағы байланысты ұйымдастыратын бағдарлама немесе бiрiктiрiлген бағдарлама тобы.

Операциялық жүйе екі негізгі қызметті орындайды:

  1. барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмыстарын қолдап, олардың бір – бірімен және аппараттық жабдықтармен байланыстарын қамтамасыз ету;

  2. әрбір адамға ЭЕМ –ді жалпы басқару мүмкіндігін беру.

ОЖ негізгі мақсаты – программалардың бір – бірімен және сыртқы құрылғылары мен әрекеттігін қамтамасыз ету, ЭЕМ –нің жадын бөлу, жұмыс кезінде туындайтын әртүрлі оқиғаларды анықтау, жұмыс нәтижелерін қағзға, экранға шығару жолдарын ұйымдастыру, мәліметтерді сыртқы ортадан алу және беру т.б. ОЖ –нің негізгі ядросы машина іске қосылған сәттен бастап ЭЕМ –нің жадында болады. Машинаны жалпы басқару үшін ОЖ –нің командалық тілі пайдаланады, оның көмегімен адам дискіні белгілеу, мәліметтерді көшіру, кез келген әртүрлі әрекеттерді орындайды.

Әрбір ОЖ үш міндетті бөліктен тұрады:

І. Ядро – командалық интерпретатор, программалық тілден «темір» тіліне аударатын аудармашы, машина кодасының тілі.

ІІ.Драйвер- компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға сәйкес келеді, мысалы, принтер драйвері, сканер драйвері, жүйелік картаның драйвері.

ІІІ. Интерфейс - пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым-қатынаста болатын ыңғайлы қабық.

Көптеген ұялы телефон модельдері бар, бірақ ұялы телефон амалдық жүйелері біраз ғана. Амалдық жүйе – телефонда орындалатын және сізге карталарды көру, істер тізіміне кіру, қоңыраулар соғу немесе музыка ойнату сияқты нәрселерді істеуге мүмкіндік беретін бағдарламалық құрал.

Қалта және ұялы компьютерлік жүйелеріне арналған негізгі операциялық жүйелер:

  • Android Бұл Google компаниясының мобильді амалдық жүйесі, кейде ол Droid деп аталады. 

  • Apple (iOS)   Бұл iPhone, iPod Touch және iPad құрылғыларында болатын Apple компаниясының мобильді операциялық жүйесі. 

  • BlackBerry Бұл Research in Motion (RIM) компаниясының мобильді амалдық жүйесі.

  • Nokia (Symbian)   Бұл — Windows Phone операциялық жүйесі орнатылмаған Nokia мобильді телефондарында пайдаланылатын операциялық жүйе. 

  • Windows Phone және Windows Mobile   Windows Phone — соңғы Microsoft мобильді операциялық жүйесі. Windows Mobile (мысалы, Windows Mobile 6.5) — алдыңғы Microsoft мобильді операциялық жүйесі.

Android операциялық жүйесі

Android — Linux ядросының негізінде жасалған ықшамды (желілі) операциялық жүйе. Бүгінгі біздің күнделікті қолданысқа ие болған, Google, HTC, Samsung Electronics, LG Electronics, T-Mobile қатарлы компаниялардан шығатын смартфон, таблет компьютер, сияқты мобильді құрылғылардың операциялық жүйесі болып табылады. Ең алғаш Андройд Инк., компаниясы дамытқан. 2005 жылы Google сатып алғаннан кейін 2007 жылдан бастап Open Handset Alliance – ке қарасты болған.

Android Google кітапхана арқылы жасалынған басқару құрылғысыменJava-қолданбалар жасауға мүмкіндік береді. Android Native Development Kit Си және де басқа да бағдарламалау тілінде жазылған қолданбаларды жасай алады.

Жаңалану тарихы

2008 жылы алғашқы нұсқасы шыққаннан бері жүйе бірнеше рет жаңаланып тұрды. Бұл жаңаландырулар жүйеден табылған ақаулар мен жаңа функцияларды қосу болып табылады. Әр нұсқаның өзінше кодталған есім болады. Кодты есімі алфавит бойынша беріледі.

Қазіргі таңда операциялық жүйенің 10 нұсқасы шығып үлгерді және біреуі әзірлену үстінде. Соңғы нұсқасы — 4.0 Ice Cream Sandwich («Брикеттегі балмұздақ»).

Даму тарихы

2005 жыл

  • шілде — Google компаниясы Android Inc. компаниясын сатып алды.

2007 жыл

  • 5 қыркүйек — мобилді құрылғыларға арналған ашық стандарттар жасау мақсатында құрылатын Open Handset Alliance (OHA) компания тобының құрылуы жөнінде ресми хабарлады.

  • 12 қараша — Android «Early Look» SDK жасаушыларына арналған алғашқы нұсқаның пакеті көрсетілді әрі жүктеуге ұсынылды.

2008 жыл

  • 18 тамыз — OHA SDK 0.9 beta жаңа нұсқасы шыққаны туралы хабарлады.

  • 23 қыркүйек — Google компаниясы T-Mobile мобилді оператормен және тайваньдық HTC компаниясымен бірге жаңа Android 1.0 платформасының базасында жұмыс жасайтын T-Mobile G1 (HTC Dream) смартфоны шығатыны туралы құлақтандырды.

SDK 1.0, Release 1 жасаушысының алғашқы толыққанды пакетті шықты.

2009 жыл

  • 30 сәуір — жаңаланған Android 1.5 (Cupcake) нұсқасы ресми түрде шықты.

  • 15 қыркүйек — Android 1.6 (Donut) нұсқасы шықты.

  • 26 қазан — Android 2.0 (Eclair) нұсқасы шықты.

  • 3 желтоқсан — Android 2.0.1 нұсқасы шықты.

2010 жыл

  • 12 қаңтар — Android 2.1 нұсқасы шықты. Кейбір деректер бойынша оны «Flan» деп атаған, бірақта бұл «Eclair» релизінің бір бөлігі болған.

  • мамыр — Android 2.2 (FroYo) нұсқасы шықты.

  • жетоқсан — Android 2.3 (Gingerbread) нұсқасы шықты.

2011 жыл

  • 22 ақпан — Android 3.0 (Honeycomb) нұсқасы шықты.

  • 15 тамыз — Google компания Motorola Mobility директорлар кеңесімен телекоммуникациялық корпорацияны 12,5 млрд долларға сату жөніндегі келісімге отыра алды.

  • 9 қыркүйек — Android 5.0 Jelly Bean туралы алғашқы сыбыстар естіле бастады.

  • 19 қазан — Android 4.0 Ice Cream Sandwich нұсқасы шықты.

Сын-пікір

  • Android-тың 1.6 нұсқасында жасаушылар Native Development Kit комплектін қосты. Онымен linux-кітапхананың стандарттарына қарайласа отырып, C/С++ тілдік жүйесіне арнап төменгі дәрежелі модулдер жазуға болады.

  • Java қолданба жәй жылдамдықпен жұмыс жасайды, сонымен қатар оперативтік жадты үлкен көлемде қажет етеді (соңғы жетіспеушіліктің орны толтырылуы мүмкін).

  • Google Play және де Google-дің басқа қызмет түрлеріне ену үшін телефон жасаушы компания міндетті түрде Google-мен мақұлданған

Абырой-атақ

  • Кейбір шолушылардың айтуы бойынша, Android өзінің бәсекелесі Apple iOS-тан бірнеше қызмет түрлерінен алда болып тұр екен, мысалға: уеб-серфинг, Google Inc. қызмет түрлерімен бірлесіп жұмыс жасау және т.б. Android жүйесі iOS жүйесіне қарағанда ашық түрдегі платформа болып табылады, сондықтан онда көп функцияларды қолдануға болады.

  • iOS пен Windows Phone 7-ке қарағанда Android-та Bluetooth-дің бір мезетте файлды жіберіп және алуға мүмкіндік беретін толыққанды жасалған торшасы бар.

  • Android аппараттарда дәстүр бойынша құжаттарды компьютерден телефонға тез арада тасымалдай алатын MicroSD-кардридері болады.

Жүлдерлер мен жетістіктері

PC Magazine баспасы Android 4.0 Ice Cream Sandwich операциялық жүйесін «Редакция қалауы» аты жүлдемен марапаттады, олардың айтуынша, жаңа ОЖ платформаға көптеген жаңартулар әкелді, соның ішінде смартфон мен планшеттік жүйелер арасындағы айырмашылықты кетірген.

2012 жылдың маусым айында «Ведомости» газетінің хабарлауы бойынша, Android өзінің басты қарсыласын Apple-ді планшетті компьютерлер нарығында жеңе алған. Сарапшылардың айтуынша, бұл сырғудың себебі Apple-дің өз құрылығыларын шығаруды кешеуілдетіп жатуынан дейді.

Android операциялық жүйесінің нұсқалары:

     

Android 2.3 Gingerbread (Имбирный пряник)

Ерекшеліктері:

  • Қолданбалы интерфейстің жаңартылған үлгісі қолданылды

  • Near Field Communication (NFC) стандарты қолданылды

  • Көшіру және сақтау жүйелік қолдау тапты

Android 3.x Honeycomb (Медовые соты)

Планшеттерге арналған. Ерекшелітері:

  • 3 өлшемді жұмыстық үстел

  • Google Talk көмегімен видеочаттарды пайдалану мүмкіндігі туды.

  • Видеочат қолданысқа енгізілді, аппараттық жылдамдық жақсартылды.

  • Көпядролы процессор қолданылды

  • Аудио –файлдар FLAC форматта ойнатылды

Android 4.0 Ice Cream Sandwich (Вафельное мороженое)

Негізгі мақсаты- смартфондық ОЖ мен планшеттік ОЖ нұсқаларын біріктіру нәтижесінде жаңа нұсқа жасап шығарылды. (Samsung Galaxy Nexus). Аудио үшін Real-time Transport Protocol API және Wi-Fi Direct қолданылды.

Android 4.1 / 4.2 Jelly Bean (Желейная конфета)

4.1 нұсқаның ерекшеліктері

  • Жаңартылған интерфейс, Project Butter технологиясының қолданылуы

  • Мәліметтер жоғарғы жылдамдықпен жүктеліп, сақталады.

  • Виртуалды пернетақта жаңартылды. Сөздік қоры кеңейтілді. Жаңа тілдер қолданылды.

  • Желіге қосылмай-ақ автономды режимде дыбыстық жазуларды орындау мүмкін болды. Іздеу кезінде дыбыстық сұраққа дыбыстық жауап алу мүмкіндігі туды.

Құрылғылар

Android ОЖ-нің басқаруымен жұмыс істейтін алғашқы құрылғы HTC компаниясының T-Mobile G1 смартфоны болды (2008 ж 23-қыркүйек).

OS Android Архитектурасы

Приложение деңгейі (Applications)

Android құрамына базалық (негізгі) приложениелер комплекті кіреді: электронды почта клиенті және SMS, календарь, әртүрлі карталар, браузер, контактілерді басқаруға арналған бағдарлама және т.б. Android платформасында орындалған приложениелердің барлығы Java тілінде жазылған.

Приложение қаңқасының деңгейі (Application Framework)

Ядро приложениесінде қолданылатын API –дің барлық қуатын Android қолдануға мүмкіндік береді. Архитектурасы келесі түрде құрылған, кез келген приложение басқа приложениенің іске асқан мүмкіндіктерін қолдана алады, бірақ соңғы приложение өз функцияларын қолдануға рұқсат береді. Сонымен, архитектура – приложение және ОЖ компоненттерін бірнеше рет қолдану әдісін іске асырады.

Кітапхана деңгейі (Libraries)

Android платформасы ОЖ-нің әртүрлі компоненттерімен қолданлатын С/С++ кітапханалар жиынтығын қамтиды. Құрастырушыларға бұл кітапханалардың функцияларына ену Application Framework қолдану арқылы іске асады.

Орындау ортасының деңгейі (Android Runtime)

Android құрамына ядро кітапханалар жиынтығы кіреді. Бұл Java тілінің ядро кітапханаларының қызметін ұсынады.

Linux ядросының деңгейі (Linux Kernel)

Android Linux 2.6 ОЖ негізінде жасалған. Сондықтан, платформадағы ядроның жүйелік қызметі (жадты және процесті басқару, қауіпсіздікпен қамтамасыз ету, желілермен және драйверлермен жұмыс жасау) қол жетімді болды.