Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
краткий конспект лекции анимация.docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
53.71 Кб
Скачать

Лекция № 6. Спорттық анимация.

  1. Спорттық-сауықтыру турларының түрлері.

  2. Спорттық-сауықтыру шаралары.

  3. Спорттық-көңіл көтеру жиындары.

  4. Топтық спорттық ойындар.

1. Қазіргі таңда спорттық анимация эффективтік спорттық-көңіл көтеру амалдарының бірі ретінде танымал. Бұл адамдардың іс-әрекетінің спорттық анимациядағы спорттық-театрлық қойылым ретінде көрсетіледі, мұндағы аниматор сияқты ойнаушы адамдар да ойындарға қатысып отыруымен түсіндіріледі. Спорттық анимация негізінде салауатты өмір салты жатыр. Салауатты өмір салтына адамның қоғамдық, кәсіптік және тұрмыстық функциялары кіреді. Спорттық анимацияның негізгі функциясына – денсаулықты сақтау мен жақсарту кіреді.

Спорттық-сауықтыру қызметтері туркомплекс арқылы құрылған турөнімнің бір бөлігі болып келеді. Сонымен қатар ол негізгі қызметтер қатарына кіреді, яғни турпакеттегі негізгі қызметтер, туржолдамада көрсетілген немесе туркомплекстің өзге де қосымша қызметтеріне жатады.

Спорттық аниматор міндеттеріне қонақтармен түрлі ойындар мен сайыстар, аэробика мен шейпинг, т.б кіреді.

Египеттегі аниматор жұмыс күнінің мысалы:

Таңертеңгі бағдарлама: 10:00: қонақтармен сұхбаттасу

10:30 – 11:00: зарядка

11:10 – 11:40: дартс немесе үстелдік теннис

11:45 – 12:10: волейбол

12:15 – 12:45: аквааэробика

12:45 – 13:00: пляждық ойындар

13:00 – 13:10: клубтық би

Күндізгі бағдарлама: 15:00: қонақтармен сұхбаттасу

15:15 – 15:45: судағы поло немесе бильярд

15:45 – 16:15: волейбол не араб биінің сабақтары

16:15 – 16:45: латын биі

16:45 – 17:15: аэробика

17:15 – 17:30: клубтық билер

Кешкі бағдарлама: 19:30: қонақтарды кешкі кешкі шараларға шақыру

20:45: балаларға арналған дискотека

21:30: кешкі шоу

4. Топтық спорттық ойындар.

Командалық ойындар – бұл адамдар арасындағы жағымды қарым-қатынас құру формасы, сондай-ақ корпоративтік мықты команда құру, қатысушылардың лидерлік қасиеттерін нығайту болып табылады. Командалық тренингтердің негізі болып – экстремалдық жағдайларда бірігіп жұмыс істей алу болып табылады. Осыған жататын негізгі ойындарға: пейнтбол, страйкбол, т.б. жатады.

Пейнтбол – краскалық шариктермен ататын пневматтық маркерлерді қолдануға болатын спорттық-техникалық командалық ойын. Ойын барысында 2 команда 10-15 минут ішінде бір-бірінің базасындағы жалауларды алып, өзінің территориясына алып келу, сонымен қатар жауды көбірек атып-жеңу. Ойыншы жеңілген болып саналады егер: денесінде краскалық дақтың саны көп болса, ойын шекарасынан шығып кетсе, немесе ойын шарттарын бұзғаны үшін судьялар шығарып тастаса.

Қауіпсіздік мақсаттарында, бүкіл ойыншылар мен судьялар бет пен басқа арналған қажетті маскаларды киюі қажет, және де қосымшаға: қолғап, стегандық желеттер, тізе мен шынтақтарды жабушы арнайы киімдер қолданылады.

Пейнтболдың артықшылықтары. Қажетті жаттығуларды қажет етпейді, жеңіл шарттармен ерекшеленеді. Бұл ойынға кез-келген адам қатыса алады.

Бұл ойындар ашық аспан астында өткізіліп тұрады, қатысушылардың жас және салмақ категориялары есепке алынбайды.

Басқа спорт түрлерімен салыстырғанда, пейнтбол әскери-патриоттық секілді өзгеше тартымдылық білдіреді. Әрі пейнтбол агрессия мен стресстерді түсіруге көмектеседі.

Пейнтбол әскерде қызмет жүргізуге арнап әскери-патриоттық тәрбие бере алады, дәстүрлі емес спорт категориясы ретінде, жастарды көше өмірінен кері қайтару үшін.

Сонымен қатар пейнтболдың мынадай мүмкіндігі бар, ұйымға бірігу, табиғи тұрғыда лидерлік қасиеттерді анықтау (мысалы IMB) – көп командалар ең жақсы деген топты таңдау үшін осындай әдістерді қолданады.

Лекция № 8. Тимбилдинг