Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
краткий конспект лекции анимация.docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
53.71 Кб
Скачать

2. Мерекелердің жіктелуі

Мереке- көпқырлы көрініс табатын күрделі ұғым саналады. Оларды тарихи кезеңдерге , белгілі бір ұлттарға топтастыруға, жіктеуге болмайды. Тағы да күрделілігі –қайсібір мереке болмасын бірі болмаса екіншісіне топтастыруға болады.

Бұқаралық мерекелерді жіктеуді алғаш 19 ғ. Снегирев И.М ұсынған болатын. Ол мерекелерді былай бөлген:

  1. Жылжымалы (тұрақты белгіленген уақыты жоқ ), жылжымайтын(тұрақты белгіленген уақыты бар), осылардан басқасы (бір оқиғаға байланысты)

  2. ауылдық және қалалық

  3. отандық және біріккен

Бұл жіктелу мереке ұғымын ашуға бағытталған алғашқы қадамдардың бірі болып саналады және де бұдан кейінгі ақпарат көзінің таралуына себепші болды.

Төмендегі классификация толық қарастырылған болып келеді:

  1. Мемлекеттік мерекелер: Үкімет тарапынан бекітілген мерекелер. Күнтізбедегі күндер, діни мерекелер, тарихтағы оқиғаларға байланысты, мысалы, Тәуелсіздік күні, Жеңіс күні, Отан қорғаушылар күні, Халықаралық әйелдер күні.

  2. Күнтізбедегі мерекелер: Күнтізбедегі уақыт келген кездегі мереке, мысалы, Жаңа Жыл

  3. Халық мерекелері: Мемлекттен, ұлтынан, нәсілінен тыс атап өтілетін мерекелері. Мысалы, Наурыз мейрамы т.б

  4. Ұлттық мерекелер: осы ұлт өкілдері мейрамдайтын ұлттық мерекелер. Мысалы, «Сабантой» татар-башқұрттардың ұлттық мерекесі.

  5. Кәсіби ( ұжымдық мерекелер): Белгілі бір мамандық,кәсіп мерекесі. Мұғалімдер мерекесі, тимбилдинг

  6. Күнделікті отбасылық өмірдегі мерекелер: Жанұядағы туыстарының бірінің туылған күні, үйлену тойы, т.б

  7. Діни мерекелер: бір дінді ұстанушылар мен сенушілер атап өтетін мерекелер, «Пасха», «Ханука», «Құран-байрам» т.б.

  8. Қияли мерекелер: Демалу, көңіл көтеру мақсатында тойланатын мерекелер. Олар мемлекеттік, халықтық, күнтізбелік мерекелерге қатысы жоқ болып саналады. Мысалы, балалар лагерінде «Нептун күні», қалалық парктерде «Аққала мейрамы». Ұйымдастырушының ой-қиялына тікелей байланысты.

  9. Маркетингтік : Акциялар, сыйлықтар ұтысы, презентациялар түрінде өтетін мейрамдар. Бұндай шерулер мен жиылыстардың нақты бір мақсаты бар, мазмұнды болып келеді.

Сценарийдің құрылу этаптары.

1. Сценарий

1-ші этап – шараға дайындық. Ол шоу, сценаридың өңдеу сақнаға бейiмделген орындаушылардың таңдап алу түрлi жарнамасы, әсер орынының таңдауы кең дерек беру тұрды және т.б..

Екiншi этап - мерекенiң тiкелей өткiзуi, өйткенi. сақнаға бейiмделген экскурсияның сценариының өмiрiне iске асыру: оқиғаларды мерекенiң ұйымы, кiрiспе бөлiк, шынжыр, кульминация және финал. Өз әрекетi сөз сөйлеулер және тағы басқалар мерекенiң қатысушыларының активизациясы театрленген әр түрлi жарыстар, жарыстардың өткiзу өзі қосатын әсердiң аяқтауы сонымен бiрге өткiзуден кейiн.

2.Режиссерлік ой. Бұл этапта мынадай сұрақтарға жауап ізделінуі керек: бұл бағдарламада қалай ойнау керек? Қандай костюм кию керек? Жарықтандыруды қалай қою керек? Қандай декорацияларды қолданамыз? Мерекелік шараға қатысушыларға қандай талаптар қою керек? Егер осы сұрақтарға жауап табылса, режиссер ойы шешілді деп есептеуге болады.

  1. Режиссерлік жоспар. Толыққанды, мазмұнды режиссерлік ой режиссерлік жоспарға ұласады. Мұнда эпизодтардағы номірлердің реті анықталып, жалпы бағдарламадағы эпизодтар кезек орындалады.

  2. Қойылымдық жұмыс. Дайындық кезінде эпизодтарда техникалық қызметтерді қолдану. Бұл жерде қойылым режиссері өзінің жұмысын нақты ұйымдастырып, жұмысты алдын-ала тексеріп алу керек. Алдын-ала дайындық кезеңі қалай өтсе, жұмыстың нәтижесі солай болады. Анимациялық бағдарламалардың қойылым режиссері әр түрлі адамдармен жұмыс істей алып, оларды өзінің айтқанын орындата алатындай болуы керек.