Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
краткий конспект лекции анимация.docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
53.71 Кб
Скачать

МОДУЛЬ 1. Туристік анимацияның теориялық негіздері

Лекция 1. Анимацияға кіріспе

  1. «Досуг» түсінігі. Демалыс түрлері және маңызы. Досуг және рекреация.

  2. Ойын – сауық индустриясы және мәдени – досугтік ойын – сауық. Туризм досугтік іс – әрекеттің бір түрі ретінде.

  3. Мәдени – досугтік іс – әрекеттің тарихы.

  4. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар. Анимация туристік іс – әрекеттің түрі мен технологиясы ретінде.

  1. Бос уақыт (досуг) – әдетте уақыт периоды ретінде белгілейді, көбінесе адам іс – әрекетін өзі таңдайтын кезде, яғни адамның міндетті жұмысы болмаған жағдайда (жұмыс, үй шаруашылығы, оқу, тағам, ұйқы және т.б.). Адамның осы уақытта өзі таңдайтын белсенді іс – әрекетін, бірегей жұмысын хобби деп атайды, ол адамның өзінің іс – әрекеті үшін жасалынады, ақша табу үшін емес.

Демалыс – мақсаты ағзаның жұмыс қабілеттілігінің жетістігінің жағдайы болып табылатын, уақыт өткізу түрі. Әдетте демалыс келесідей стадиялардан тұрады: шаршаңқылық, еріксіну, күшті қалпына келтіру және ойын – сауық. Демалысқа арналған жаттығулар: ұйқы, тамақ, спорт, ән тыңдау, теледидар қарау, өнер туындыларын тамашалау, кітап оқу және басқа да ойын – сауық түрлері.

Демалыс классификациясы.

  1. Ұзақтығы бойынша

  • Секундтар: қысқа босаңсу.

  • Минуттар: үзіліс.

  • Сағаттар: тәулік сайынғы демалыс, ұйқы, бір затпен айналысу, концерттерге бару, экскурсия, мерекелер, фильм көру.

  • Күндер: демалыс күндер (сенбі, жексенбі), жыл сайынғы демалыс және саяхаттау.

  • Айлар: ұзақ демалыс, ұзақ оқушылар демалысы (каникул).

  • Жылдар және онжылдықтар: зейнетақы.

  1. Белсенділігі бойынша

  • Белсенді (әлдебір іс – әрекет түріне ауысу, жүгіру шаршаңқылықтан жақсы, мысалы: бұл қарапайым жүріп өту, жүзудегі – судағы салмақты қозғалыстар):спорт, туризм, әңгімелесу.

  • Пассивті ( қатысты тыныштық, белсенді қозғалыс әрекетінің болмауы): ұйқы, еріксіну, фильм көру және т.б.

  • Аралас: аң және балық аулау.

Досуг –қоғамдық және тұрмыстық сферадан алшақ бос уақыттағы іс – әрекет, индивид өзінің еңбекке деген қабілеттілігін және негізінен еңбек әрекетіндегі жетілдіруге болатын шеберлік пен алғырлығын қалпына келтіруге бағытталған іс – әрекет болып саналады. Досуг – әрекет болып саналса, онда ол уақытты бос өткізу емес, жай ғана жалқаулық және: « нені жасағым келсе, соны жасаймын» деген принцип бойынша емес. Бұл іс – әрекет, адамның өзінің алдына қойған, белгілі бір қызығушылығы пен мақсаты негізінде жүзеге асырылады. Мәдени құндылықтарды игеру, жаңашылықты тану, әуесқойлық еңбек, шығармашылық, дене шынықтыру және спорт, туризм, саяхат – бос уақытында осы аталған қызығушылық түрлерімен айналыса алады.

Ойын – сауық – босаңсуға көмектесетін және рақаттануға арналған, адамның өзін ұстау түрі. Ойын – сауық адам өмірінде әрқашан маңызды рөл атқарады. Адам психологияның өзінде ойын – сауыққа деген талпынысы анықталған. Ойын – сауыққа деген қажеттілік, адамға оның пайда болу орнын іздеп табуға итермелейді, іздестіру процессінде адам мұң мен мазасыздыққа ұшырайды. Бірақ, сауықтыру орнын табу, қуаныш сезімінің пайда болуына алып келеді. Сезім әлемі әлі күнге дейін жеткілікті зерттеле қойған жоқ, бірақ сезімнің адам психологиясына әсер ететіндігі дәлелденген.

Адамның әлеуметтік қажеттілігі рақаттылық сезімі негізінде пішінделетіндігі анықталған.

Ойын – сауықтың кейбір түрлері:

  • Ойын: рөлдік ойын, спорттық ойын, үстелдік ойын, интеллектуалды ойын, азарттық ойын, түнгі ізденушілік ойындары.

  • Спорт;

  • Өнер(қабылдау және өнер): мультипликация, кино, театр, әдебиет, әуен, би, ән айту;

  • Хобби;

  • Фотолар;

  • Туризм;

  • Үлгілеу;

  • Жинақтау;

  • Үй жануарлары;

  • Әңгіме айту;

  • Флирт.

Туристік анимация бүгін

Индустриялану мен урбандалуға байланысты, заманауи адамның өмір стилінің, еңбек әрекетінің сипаттамасының өзгеруі оның демалыстағы қажеттіліктерінің және соған сәйкес туристік өнім құрамының өзгеруіне алып келді. Орналастыру мен тамақтанудан бөлек ол көңіл–көтер қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, досугды қызықты өткізуге арналған басқа да элементтерді қосады. Туристік іс–әрекет пен қонақ үй қызметінің терминологиясында, туристің анимациялық қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған «туристік анимация» түсінігі пайда болды.

  1. Анимацияның негізгі түсініктері

Тұтынушыларға қызмет көрсетудегі жаңа талаптардың пайда болуына байланысты, жаңа мамандықтар пайда бола бастады, оларға туристік комплекстердегі, қонақ үйлердегі, турбазалардағы қызықты көңіл көтеру ұйымдарын жатқызуымызға болады. XXI ғасырдың басында әлем бойынша жаңа бағыт – анимация белсенді түрде қолданыла бастады. Шетелде осы сала мамандарын туристік аниматор деп атайды. Бұл сөз туристік бағыттағы мамандардың шеңберіне өте тез бейімделіп кетті. Аниматор деп, туристік кәсіпорындардағы, санаторлы – курорттық және басқа да сауықтыру мекемелеріндегі досугты ұйымдастыратын мамандарды атаймыз. «Аниматор» сөзін өте жиі қайталайтын болсақ, «бұқаралық–сауыққой» тіркесін байқай аламыз. Бірақ, анимацияның замануи мағынасы өте кең.

Анимация(латын тілінен Anima, animus–рух, жан, және animates–тірі, ағылшын тілінен animation–«жігерлілік, шапшаңдылық») – басты бағыты, демалыс уақытында адамдардың көңіл–күйін көтеруге бағытталған іс–әрекет болып табылады.

Анимация – бос уақытты өткізуге, ойын–сауық түрлерін ұймдастыру мен спорттық досугты өткізуге арналған арнайы бағдарламаларды ұсынатын және өңдейтін оперейтинг кешені. Анимациялық бағдарламалар рухани қызығушылық сферасына кіретін спорттық ойындар мен жарыстарды, билеу кештерін, карнавалдарды, ойындар мен хоббиді қамтиды.

Анимация – туризмдегі жаңа бағыт болып саналады. Анимация – бұл демалыстың жандануы және іс–шараларға жеке қатысудағы алған әсерлері.

етсе, кейбіреуіне теріс әсер етуі мүмкін. Ұсынылған анимациялық бағдарламаларды қабылдау үдерісі бірнеше факторлардан тұрады:

  • Қатысушылар мен көрермендер жасы;

  • Білімділігінің деңгейі;

  • Жынысы;

  • Этникалық жабдығы:

  • Бағдарламаны жүзеге асыру кезіндегі көңіл–күй және т.б.

Лекция №2. Туризмдегі анимация түрлері, маңызы және мақсаттары

  1. Туристік анимация қызметтері

  2. Анимация типологиясы

  3. Анимация түрлері

  4. Анимациялық шараларды ұйымдастыру мен бағыты әдістемесі

  5. Анимациялық шараларды өткізуге арналған материалдық база

Аниматор – бұл қызығушылықты тудыру мен көңіл аударту құпиясын білетін бірегей маман, ол пансионаттағы клоун немесе санаторий мен қонақүйдегі сайыққой емес. Туризмдегі заманауи көрсетілетін қызметтер нарығының даму тенденциясы соншалықты, болашақта анимация тұтас бір адам іс-әрекеттері саласына дейін өседі, қызмет көрсету анимациясы мүлдем басқа формаларды қабылдайды және әрбір қызмет көрсету сферасы кәсіпорындары құрылымында лайықты орын алатын болады.