Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГАЖ.docx
Скачиваний:
178
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
51.28 Кб
Скачать

3. Гаж туралы түсінік.

ГАЖ дегеніміз - табиғи және әлеуметтік- экономикалық геожүйелерді, олардың қүрылымын, байланысын, динамикасын, кеңістік пен уақыттағы тіршілік етуін, географиялық білімдер мен мәліметтер банкісі негізінде компьютерлік белгілеудің көмегін зерттейтін ғылым.

ГАЖ-дың мағынасы болып географиялық ортадагы кеңістік - уакыттағы ақпараттар агыны табылады. ГАЖ-дың зерттеу әдісі ретінде кеңістік-уақыттағы ақпараттық үлгілеуді айтады.

Қазіргі уақытта ғылымдар жүйесінде ГАЖ өзіне лайықгы орнын алуда. Оны географиялық зерттеулерді информатизациялаудың мақсаты мен міндеттерінен көруге болады. ГАЖ-дың маңызды міндеттерінің, бірі - географиялық ақпараттардың синтезі мен талдауының көптеген варианттарының орындалуына көмектесетін алгоритмдер мен бағдарламалық қүралдарды құрудағы, географиялық зерттеулердің автоматтандырылуы.

ГАЖ - жүйе ретінде географияны, информатиканы, ақпараттар жүйелер теориясын біріктіре отырып, картография және басқғылымдардың тоғысқан жерінде пайда болды. Ол таным әдісі ретінде жүйелік тұрғы негізінде электронды есептеу техникаларының ең жаңа жетістіктерін қолданып құрылған жүйе.

ГАЖ мәліметтерді өңдеу мен картографияда өте күшті графикалық құрал болып табылады.

ГАЖ мынадай маңызды мәселелерді шешеді:

Жоғары сапалы картографиялық өнімдерді құру;

Мәліметтер базасында ақпараттарды графикалық объекггермен байланыстыру;

Мәліметтердің карта, графиктік, диаграммалық сызба түрінде берілуі;

Кеңістіктегі мәліметтерге талдау жасау, орналасқан жерін үлгілеу;

Басқару мен шұғыл шешімдерге қолғабыс беру;

Мәліметтердің түрлі ақпараттық жүйелермен қарым-қатынасы және т.б.

Сондықтан, қазіргі уақытта ГАЖ табиғи және әлеуметтік-экономи- калық үрдістер мен күбылыстарды үлгілейтін, олардың байланыстарын, қарым-қатынастарын, болашақта дамуын болжайтын және шешім қабылдап, басқаруға арналған негізгі ғылым болып отыр.

ГАЖ аймақта таралған ақпаратты жинап, өңдеп, сақтап, талдауға арналған. Адам-бағдарлама-машиналық кешен.

ГАЖ белгілі бір территорияда пайда болған жағдайда жедел ықпал ету және сол жағдайдың картографиялық және тақырыптық ақпаратын алу.

ГАЖ, бұл — аймақтың кеңістік контурынан әртүрлі тақырыптық ақпаратты бірінің үстіне бірін салу-оуегіау-лық операдия.

ГАЖ, бұл - аналитикалық және картометриялық зерттеу мен талдау. Негізінде кез-келген картаның жоспар жолы жасалынады.

ГАЖ, бұл — кез келген үрдістер мен құрылымдардың өзгеруін зерттеу және олардың жағдайын уақытында үлгілеу.

ГАЖ кеңістіктік ақпаратты визуализациялау және динамикалық режимді көрсету.

ГАЖ аумақтар мен қорларды басқару.

ГАЖ — жылдамдық, сапа, дәлдік.

ГАЖ, бұл - ғылым, технология жэне бизнес бәрі бір түрде.

ГАЖ, бұл - кеңістік талдауда картография мен картометриядағы революция.

Қорыта келгенде, ГАЖ бұл — кеңістіктік идеологияға негізделген жаңа қөзқарас, жаңа ойлау.

Қандай да бір ГАЖ-дың кұрамдас бөліктері:

Енгізу жүйесі

Мәліметтердің графикалық базасы Мәліметтердің тақырыптық базасы Визуализация базасы Мәліметтерді өңдеу және басқару жүйесі Шығару жүйесі

Мәліметтер базасы — ГАЖ-дың негізгі бөлігі. Ол екі өзара байланысты ақпаратгық компоненттерден тұрады: белгілі бір проекцияда (координаттар жүйесінде) картографияльщ нысандардьщ формасы мен орналасуын аныкгайтын - картографиялық мәліметтер базасы мен нысан реквизитгерін, олардың сандық және сапалык статтамаларын, сондай-ақ картада бейнеленуі мүмкін аумакгьщ сипаттамасы, профильдері, далалық жүмыстардың нәтижесін көрсететін - атрибутты мәліметтер базасы. Мәліметтер базасының екі түрі де векторлық және растрльпс форматтар- дағы мәліметтер жинағъшьщ файлдарьшан түрады. Сонымен қатар, ГАЖ- да мәліметтер базасьш іздейтін, сұрыптайтын, сараптайтын, түзейтін, жоятын - Мәліметтер базасьш басқару жүйесі (МББЖ) бар. Мәліметтер базасының және басқару жүйесінің жиынтығы мэліметтер банкін қүрайды.

Енгізу жүйесі - кеңістіктік мәліметтерді сандық формаға айналдыратын қүрылғылар (сканерлер, дигитайзерлер, клавиатура, электрондық геодезиялық приборлар) және сол мәліметтер базасын компьютер жадына енгізу.

Шығару жүйесі - өңделген мәліметтердің нәтижесін (карта, график тексттері, кестелер) тұтынушыға ыңғайлы формада шығару. Шығару жүйесінің шешетін мәселелеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін: монитор, принтер, плоттер, сыртқы тасығыштар (магниттік, лазерлік).

ГАЖ-дағы графикалық ақпарат сканерлеу, цифрлау, интерактивті әдістердің көмегімен басқа ГАЖ көздерінен мәліметтерді конвертациялау арқылы жүзеге асады.

Сканерлеу алғашқы картографиялық бейнені растрлық (нүктелік) формаға айналдыру процесі. Олар пиксель деп аталатын нүктелер торынан (матрицадан) түрады. Бейне неғұрлым күрделі болса, растр торы соншалықты «қою» болады. Егер алғашқы бейне түрлі-түсті болса, онда әрбір түске арнайы код беріледі.

Векторлық формадағы картографиялық бейне - негізгі графикалык нүктелер примитиві, сызықтар және полигондар арқылы ұсынылады. Нысан жеке примитивтерден де, не олардың топтарынан да түруы мүмкін. Яғни, ГАЖ-дағы барлық карталар нүктелік, сызықтық, полигональдық нысандардан түрады. ГАЖ-да әрбір нысанға идентифика- циялык код беріледі, олар атрибуттық кестенің мәліметтерін айқындайды.

Сандық түрдегі барлық нысандардың X және У координаталары: нүктеде - бір жүп координатамен, сызық - екі жүп координатамен (сызыктың басы мен аяғы), қисықгар - түзу кесінділердің координата жинағымен, полигондар - түйықталған контурмен беріледі.

Жалпы, ГАЖ-дағы картографиялық бейне біртекті нысандарға біріктірілген ақпараттық қабаттар жинағынан құралған.

Қазіргі уақытта ГАЖ-дың қолдану аясы кеңеюде, дәстүрлі қолдануын қарастырсақ: жер ресурстары мен жер кадастрын басқаруда арнайы ГАЖ қүрылады. Бұл тек географиялық бағытқа ұсынылған. Тематикалық картографиялауда ГАЖ-да картаға аса көңіл бөледі. ГАЖ-да картаны кұрастыру процесі қарапайым эрі ыңғайлы, ол дәстүрлі тәсілмен немесе автоматтандырылған картографиялаумен салыстырғанда. Ол мәліметтер базасын қүрудан басталады, шыққан мәліметгер, яғни олардың көзі ретінде қарапайым күнделікті қағаз карталарын цифровкалау арқылы қолданылады. Осындай мәліметтер базасын әркелкі территориядағы, эртүрлі масштабтағы белгілі бір шартгы белгілері бар карта қүрастыруға мүмкіндік береді. Әр уақытга мәліметтер базасы жаңа деректермен толықтырылып, ондағы басқа деректерді корректілеп, сол мезетте экранға көрсетіледі.

1) Кеңістіктік деректер — ол нысан немесе қүбылыстың піншгі немесе орналасу жағдайын анықгайды. Пішініне байланысты оларды: растрлық жэне векторлық деп бөледі. Растрлық деректерге - сандык, космостық, аэро және жай суреттер, кез келген оптикалық сканерлен- ген қүжаттар, қағаз карталарын жатқызуға болады.

2) Атрибуттық деректер — ол географиялық нысан туралы қосым- ша дерек береді. Кеңістіктік деректер базалық карта қүрастырудың негізі болса, атрибутты бүл картаға үлкен мағына мен специфика ерекшелілн береді. Векторлық деректер моделі — графикалық ақпараттар- дың нүкте, сызық, көп бүрынггы түрде берілуін айтады. Ол дискретті нысандардың, мысалы, қүбыр, жол, аудан шекараларына қолданғанға ыңғайлы. Ал растрлы деректер моделі ақиқат тең үяшықтарға бөлінген пикселдер түрінде көрінеді. Олар деректерді сақтауға және талдауға ыңғаилы. Әр үяшықтың класқа немесе категорияға қатыстылығын анықгайтын мэні болады.

Кез келген ГАЖ-дағы деректерді 5 процедурамен қамтамасыз етеді: енгізу, манипуляция, басқару, сұраныс, визуализациялау.

Геоақпараттық негіз мыналарды қамтамасыз етеді:

Барлық келетін және сақгапатын ақпаратты (біркелкі адресті кеңістік) байлаудың дэлдігі, систематизациясы, сүрыпталуы, интеграциясы;

Шешім қабылдауда ақпараттың көрнекілігі мен кешендшігі;

Құбылыстар мен процестердің динамикалық модельдеу мүмкіншілігі;

Шешілетін мақсаттың автоматизацияланган мүмкіншілігі;

Шұғыл оқиға кезіндегі ситуацияның оперативті анализінің мүмкіншілігі.

Әрине, бүл жағдайлардың шынайылыққа сәйкес келуі бағдарламамен қамтамасыздандырылумен іске асырылады. Геоақпараттық жүйенің қай-қайсысы болсын екі элементген түрады: сандық карта жэне бағдарламамен қамтамасыздандырылу. Баспадан шығару кезінде құбылыстар пластикамен, қолмен қойылып, егер ол өзгертуге тура келген жағдайда қиынға соғады, ал сандық картаның ерекшелігі оның автоматты түрде өзгеріс енгізуі.