Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Документ Microsoft Word.docx
Скачиваний:
231
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
486.82 Кб
Скачать

49 XVII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы мен халықаралық ахуалын сипаттап беріңіз.

Есім хан(1598-1628)ж қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» атпен әйгілі, бұл атақ оған 1598ж ағасы Тәуекел ханмен бірге Мәуераннахрға жасаған жорықта ерлігімен көзге түскені үшін берілген.Есім Шығайдың баласы.Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім\шартын жасасып,Орта Азия қалаларымен бейбііт,экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды.Қазақ ханд бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді.Саясатының ерекшелігі:Барлық қалалармен қоса Түркістан аумағы Қазақ хандығына қосылды.Осы кезден бастап Ташкент қаласы 200ж қазақтардың иелігінде болды.Оңтүстік Қ\ғы отырықшы,егіншілік аймақтар Қазақ хандығының жері болып есептелді.Бұхар ханымен бітімге келіп,Орта Азия қала\н бейбіт экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды.Қазақ хандығының әскери қуатын арттыруға көңіл бөлді.Сұлтандар мен төрелерге еркіндік,билік берді. Қазақ хандығын бір орталыққа бағындыруды басты мақсат етті. «Есім ханның ескі жолы» заңдар жинағында:Әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті.Әскер тәртібін бұзушыларға берілетін жазаны ауырлатты.Ескі құқықтық ғұрыптар мен заңдарды сақтады.ХҮІІғ хандықтың ішкі саяси жағдайы тұрақсыз болды.Ташкентте(Келді Мұхаммед сұлтан),Әндіжанда(Абылай сұлтан),Жаркентте(Абақ хан) билік жүргізді.Хандық іштей бөлшектеніп,феодалдық қақтығыстар күшейді.Үш жүздің әрқайсысы жеке хан сайлауға көшті.Оңтүстікте іс жүзінде екі хан билігі орнады Есім хандығы(астанасы Түркістан),Тұрсын Мұхаммед хандығы(ордасы Ташкент).ХҮІІғ Қазақ хандығы мен Моғол хандығы арасында одақтық қатнас орнады.Есім хан моғолдардың Шалыш пен Тұрфан қалаларын билеген Әбд ар Рахым ханмен одақтасты.Тұрсын хан моғолдардың Жаркент пен Қашқар қалаларының әміршісі Әбд Латип ханмен одақтасты.Тұрсын(Жалым сұлтанның баласы)өз атынан ақша шығарып,салық жинап отырды.Есім хан ойраттардан хандықтың шекарасын қорғай жүріп,Тұрсын әрекеттеріне шыдамдылықпен қарады.Бұхардың ханы Имамкули екі ханның өзара жауластығын пайдаланып,Ташкентті алуға тырысты.1603-1624ж қазақ\бұхар соғысы болды.1603ж Айғыржар(Самарқан маңы) жеріндегі шайқаста қазақтар жеңеді.1611ж Ташкент түбіндегі шайқаста Бұхар ханы жуңіліп,келісімге келеді.1613ж Есім Самарқанға басып кіріп Бұхар ханның әскерін жеңді.1620-21ж 4-5-6соғыста Тұрсын хан бастаған қазақтар толық жеңіске жетті.1627ж ең соңғы 7шайқаста да жеңіске жетті.Есім ханның ұтымды қорғанысты шайқас тәсілі ұлы жеңіске жеткізді. 1627ж Тұрсын ханның бүлігі «Қатаған қырғыны» д.а.Есім қалмақтарға қарсы соғыста жүргенде Тұрсын Түркістанды басып алады.Осы кезде Есім хан Тұрсынды ж\е оны қолдаған қатаған руын өлтіреді.Шығыс Түркістандағы қатаған руы жазалаудан қашып,ұйғырларды паналады.1628ж Есім қайтыс болды.А.Йасауи кесенесіне жерленді.Ең жақын жорық жырауы Марғасқа.Кіші жүздегі ел басқарушы биі,әскербасы,батыры Жиембет жырау(Әмірің қатты Есім хан). Жәңгір хан(1628-1652ж) Есімнің ұлы сыртқы саяси жағдай өте ауыр кезеңде хан тағына отырды.Оның өмірі ат үстінде Қазақ хандығы жауларымен күресте өтті.Жәңгір хан тұсында да Сыр бойындағы қалалар үшін Аштарханидтермен,Жетісудағы жайылым үшін қалмақтармен қақтығыстар тиылмады.Қалмақтар жақтан төнген қауіп зор болды. «Қалмақ» сөзі батыс монғолдардың түрікше аты.Олар өздерін «ойраттар»деп атаған.Қалмақтар бұл жылдары шығысында Хангай таулары,батысында Моғолстан оңтүстігінде Гоби шөлі,солтүстігінде Ертіс пен Енисейдің жоғарғы ағыстары арасында көшіп жүрген.1635ж бұл тайпалардың басын біріктіріп Батур қонтайшы Жоңғар мемл құрады.Осыған байланысты жоңғарлар күшейіп,қазақ жеріне жорықтар жасай бастады.Жәңгір хан тұсында үш ірі шайқас орын алды.Алғашқы 1635ж шайқаста Жәңгір қалмақтарға тұтқынға түсіп,қашып шығады.1643ж Орбұлақ(Жаркент маңындағы Қосқолаң тауы) шайқасы болды.50мың әскермен келген Батур қонтайшыға 600 сарбазымен Жәңгір қарсы тұрды.Сарбаздар құрамында Шапырашты Қарасай,Арғын Ағантай,Алшын Жиембет,Найман Көксерек,Қаңлы Сарпық т.б болды.Қосқолаң тауының арасында бекінген Жәңгір сарбаздары жоңғардың 10мың әскерін талқандады.Көмекке Самарқанның әмірі,қолбасшы Алшын Жалаңтөс 20мың әскермен келіп,жоңғарлардың ту сыртынан шабуылдады.Орбұлақ шайқасының маңызы:Қазақ әскерлері жанқиярлық ерліктің үлгісін көрсетті. Фермопил шайқасындағы 300 спартандық жауынгерлердің ерлігімен тепе тең шайқас болды.Жәңгір хан Жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру үшін Бұхара,Жаркент хандықтарымен, қырғыздармен одақтасты.1652ж Ресейден зеңбіректер сатып алған жоңғарлар қазақ жеріне қайта шабуылдайды.Ойсырата жеңеді.Осы шайқаста Жәңгір қайтыс болады.Жәңгірден кейін хандықтың әлеуметтік\экономикалық,саяси жағдайы нашарлайды.Феодал шонжарлардың арасында алауыздықтар,бақталастықтар өршіді.Қазақ сұлтандары ұлыстарды жеке\дара билеп,бір бірінен оқшаулана бастады. ХҮІІғ Қ\ң ішкі саяси өмір тұрақтылығымен екшелене қойған жоқ.Қазақ хандығы барған сайын бөлшектене түсті, феодалдық ала ауыздықтар күшейді. Көшпелі ақсүйектердің әр түрлі топтары өзара бақталастыққа берілді.Қазақтардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болды.Мал өнімдері оларды тамақ,киім,тұрғын үй материалдары, сонымен бірге көлік қызметімен де қамтамасыз етіп отырды.Мал ж\е мал өнімдері көрші халықтармен айырбас жасайтын қаражат көзі де болды.Қазақ жерінің табиғи-географиялық ерекшеліктеріне байланысты қазақтар көшпелі ж\е жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты.Көшіп қону бағыттары жыл маусымына байланысты өзгеріп отырды.Отырықшы-егіншілікпен Жетісу мен Оңтүстік Қ\н халықтары айналысты.Қазақтар көбіне тарыны еккен.ХҮІғ Ресей мемлекеті Қазақ хандығы мен Орта Азия мемлекеттерімен сауда байланысын дамытты.Түркістан қалалары мен елді мекендері арқылы Индияға,Қытайға,Еуропаға керуен жолдары өтті.Қазақ қоғамы екі әлеуметтік топтант тұрды.Ақсүйектер тобына:Шыңғыс ұрпақтары,сұлтандар,төрелер,қожалар жатты. Қалған топтарға қарасүйектерге жатты.Қарасүйектер тобында ерекше құқыққа иеленгендер билер болды.Ру биінің қолында соттық,әкімшілік билік шоғырланды.Қазақ қоғамында ешқандай құқығы жоқ мүшелер-құлдар болды.