Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
конс.право.Отарбай.docx
Скачиваний:
35
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
135.6 Кб
Скачать

12 Баптарында реттелген, ал “топрықа” қағидасы бойынша алу жағдайлары 13, 14

баптарда қарастырылған.

Азаматтық алу, оның тоқтатылуы, балалардың азаматтығы мәселелері, Қазақстан

Республикасы Президентiнiң және мемлекеттiк органдарының азаматтық мәселелер

жөнiндегi өкiлеттiгi “ҚР азаматтығы туралы” 20.12.1990 жылғы заңда толығырақ

реттелген.

Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық-құқықтық мәртебесі,

олардың заң алдында тең бола отырып, Конституциямен белгіленген құқықтардың,

бостандықтар мен міндеттердің барлық кешеніне ие болуын көздейді.

Алдында атап кеткеніміздей, жеке тұлғаның құқықтық жағдайы барлық құқық

салаларының нормаларында көрініс тапқан құқықтар мен бостандықтардың жиынтығымен анықталады. Ал, жеке тұлғаның құқықтық жағдайының негіздері

конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтарды қамтиды. Олар конституциялық

(негізгі) құқықтар мен бостандықтар және міндеттер деп аталады әрі олар барлық

құқықтар мен бостандықтардың азымаз, негізгі бөлігін құрайды. Олар негізінен әркімге

тумысынан тән болып табылады, сондықтан да олар адамнан бөлінбейтін, ажырамас

құқықтар мен бостандықтар болып есептеледі. Олай болса, конституциялық құқықтар

және бостандықтар дегеніміз Республика Конституциясында бекітілген, әркімге

тумысынан тән болатын, адамнан бөлінбейтін құқықтар және бостандықтар.

Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың өзге құқықтар мен бостандықтардан

бірқатар ерекшеліктері бар. Олар:

1. конституциялық құқықтар мен бостандықтар мемлекеттің негізгі заңы –

Конституцияда бекітілген.

2. конституциялық құқықтар мен бостандықтар адам үшін, қоғам үшін неғұрлым

маңызды болып табылады.

3. конституциялық құқықтар мен бостандықтар адамға әдетте тумысынан тән болып

табылады және ажырамайды (кейбір өзгеше жағдайларды қоспағанда);

4. жалпы алғанда конституциялық құқықтар мен бостандықтар әрбір адамға, азаматқа

тән (кейбір өзгеше жағдайларды қоспағанда);

5. конституциялық құқықтар мен бостандықтар жалпы құқықтар мен

бостандықтардың ядросы, негізі болып табылады.

Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың түрлері. Конституциялық құқықтар

мен бостандықтардың 3 түрі бар:

- жеке құқықтар мен бостандықтар - әркімнің құқығы болып табылады және тікелей

мемлекеттің азаматтығына тәндігімен байланысты емес, одан туындамайды; адамға

тумысынан тән болады және одан бөлінбейді; адамның жеке өміріне, бас бостандығына,

ар-ожданына байланысты өзге де табиғи құқықтарын қорғау үшін қажетті құқықтар мен

бостандықтарды қамтиды.

- саяси құқықтар мен бостандықтар – мемлекеттің азаматтығында болуға

байланысты және белгілі бір жасқа (18) толғанда туындайды, азаматтардың ммелекеттің

саяси өміріне қатысуын байқатады;

- әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтар – адамның әлеуметтік,

экономикалық, мәдени қажеттіктерін қанағаттандыруға байланысты құқықтар мен

бостандықтар.

Адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері –

бұл конституциялық құқықтар мен бостандықтарды шынайы жүзеге асыруға арналған,

оларды түрлі қол сұғушылықтардан қорғауға бағытталған амалдар. Олардың үш түрін

көрсетуге болады:

1. әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер. Бұл кепілдіктер адамдардың құқықтар мен

бостандықтарды еркін пайдалануын қамтамасыз ететін тиісті орта мен материалдық

негіздің болуын анықтайды – мысалы, әлеуметтік тұрақтылық, дамыған экономика,

қоғамның барлық әлеуметтік қажеттіктеріне қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін

мекемелер жүйесінің болуы т.б.

2. саяси кепілдіктер – адамдардың еркін дамуы мен лайықты өмір сүруін қамтамасыз

ететін жағдайларды жасауға бағытталған мемлекеттің саясаты – саяси құрылымдардың

тұрақтылығы, олардың азаматтық келісімге қол жеткізу қабілеттігі, қоғамда

тұрақсыздықты жою, азаматтардың саяси мәдениетінің тиісті деңгейі.

3. заңи кепілдіктер – адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру

мен қорғауды қамтамасыз ететін барлық құқықтық амалдар - әрбір құқықтың нақты

кепілдіктерінің конституциялық, заңи бекітілуі.

Тақырып №6. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫ

МЕН АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ АДАМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ.

Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы Республика

Конституциясымен, “Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы” 1995 ж. 19 маусымдағы

ҚР заңымен т.б. заң актілерімен анықталады. Шетелдіктер – бұл Қазақстанда тұратын,

оның заңына бағынатын бірақ оның азаматы болып табылмайтын тұлғалар. Оларға шетел

азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар (апатрид) кіреді. Заңнамаға сәйкес Қазақстан

Республикасындағы шетел азаматтары болып Қазақстан Республикасының азаматтары

емес және өзінің басқа мемлекеттің азаматтығына қатысты екендігінің дәлелі бар адамдар

есептеледі. Ал, Қазақстан Республикасындағы азаматтығы жоқ адамдар – бұлар Қазақстан

Республикасының азаматы емес, сондай-ақ өзге мемлекеттің азаматтығында болмайтын

адамдар. ҚР азаматтары мен шетелдіктердің (шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар)

құқықтық мәртебелері көбіне сәйкес келе бермейді. Негізгі айырмашылықтары

келесілерде:

1. кейбір лауазымдарды (Президент, сот, самолет экипажының командирі, т.б.) тек ҚР

азаматтары ғана иеленеді;

2. мемлекеттік құпиямен байланысты жұмысқа кіру ҚР азаматы болып табылмайтындар

үшін шектелген;

3. шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар үшін еркін жүріп-тұру құқығы

шектелген;

4. жалпыға бірдей әскери міндеттілік шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға

емес тек ҚР азаматтарына ғана тарайды;

5. ҚР азаматтары мен шетелдіктердің деликтқабілеттігі бірдей емес. Мысалы,

соңғыларына келу мерзімін қысқарту, ҚР аумағынан кетіру секілді шаралар қолданылуы

мүмкін.

6. шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан мемлекетінің саяси өміріне

араласа алмайды.

Сонда да аталмыш ерекшеліктерді ескере отырып шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ

адамдардың конституциялық мәртебесінің жалпы сипаттамасын беруге болады. Қазақстан

Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың конституциялық-

құқықтық мәртебесі – бұл Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен

азаматтығы жоқ адамдардың Конституциямен, заңдармен және өзге құқықтық актілермен

белгіленген құқықтары, міндеттері, жауаптылығы.

Жоғарыда аталғандай Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен

азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесі республика Конституциясымен, “Шетел

азаматтарының құқықтық жағдайы туралы” ҚР заңымен, оған қоса шетелдік азаматтардың

Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан

Республикасынан кетуінің Тәртібімен және бірқатар өзге де арнайы актілермен

белгіленеді. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы,

сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен де анықтала алады.

Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың конституциялық құқықтық мәртебесі

олардың жалпы құқықтық мәртебесінің негізгі, маңызды бөлігін құрайды және көптеген

заң актілері мен заңға тәуелді актілерде бекітіледі.

Қазақстандағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың

конституциялық құқықтық мәртебесінің мазмұнын келесідей бөлшектер құрайды:

- конституциялық құқық нормаларымен бекітілген құқықтары мен міндеттерінің кешені;

- бұл құқықтар мен міндеттерді заңмен қорғау және мемлекеттік, жергілікті өзін-өзі

басқару органдарымен қамтамасыз ету механизмдерін қоса алғанда оларды жүзеге асыру

кепілдіктері.

Қазақстан Республикасының Конституциясы тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және

мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне қарамастан адамдар мен азаматтардың (оның ішінде шетелдіктердің

де) құқықтары мен бостандықтарының теңдігіне кепілдік береді. Конституция

адамдардың барлығының құқықтары мен бостандықтарының теңдігін бекіткеніне

қарамастан түрлі жағдайларға байланысты адамдардың жеке категорияларының теңсіздігі

байқалып қалып жатады. Өйткені, адамдардың кейбір топтарының құқықтық мәртебесінде

мәнді ерекшеліктер бар. Мысалы, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар ҚР

азаматтарымен теңдей құқықтардың шегін пайдаланбайды. Республика заңнамасына,

ғылыми доктринаға қарап отырып, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың саяси

құқықтарды мүлдем иеленбейтінін көрсеміз. Ал, жеке және әлеуметтік-экономикалық

құқықтарды иеленгенімен шетелдіктер оларды белгілі бір шектеулермен пайдаланады.

Саяси құқықтарға мыналар жатады: мемлекеттік қызметке кіру құқығы, қоғамдық

бірлестіктерге бірігу құқығы, сайлау және сайлану құқығы, референдумға қатысу құқығы,

тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекетті басқару ісіне қатысу құқығы ... Саяси

партияға шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың мүше болуына, сондай-ақ

ұжымдық мүшелiкке жол берiлмейдi.

Атап кеткеніміздей шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар біршама

құқықтарды шектеулермен иеленеді. Олардың бірі – еңбек ету бастандығына құқық.

Республика заңнамасына сәйкес адамдардың бұл категориялары республика

азаматтарымен теңдей еңбек ете алады. Бірақ кейбір лауазымдар мен қызметтер түрі олар

үшін жабық болып табылады. Сондай-ақ ҚР аумағында еркін жүріп тұру құқығы, жоғары

білім алу құқығы да т.б. шетелдіктер үшін біршама шектелген болып табылады.

Қазақстанда жүрген шетелдіктерді үш топқа бөлуге болады:

1. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер;

2. Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдіктер;

3. транзиттік шетелдіктер.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер деп тұрақты тұруға

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ішкі істер органдарынан рұқсат

және тұрақты тұру құқығына құжат алған шетелдіктер танылады. Тұрақты тұратындарға

мынадай құжаттар беріледі: шетелдiк азамат үшiн - шетелдiк азаматтың Қазақстан

Республикасында тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адам үшiн - азаматтығы жоқ

адамның куәлiгi болып табылады.

Қазақстан Республикасында өзгедей заңды негізде жүрген, сондай-ақ оларға қатысты

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр

қылмыстар деп танылатын әрекеттер жасалуы салдарынан жәбірленуші деп танылған

шетелдіктер Қазақстан Республикасында уақытша жүрген деп есептеледі.

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүріп өтуші шетелдіктер

транзиттік шетелдіктер деп танылады.

Шетелдіктер Қазақстан Республикасына белгілі бір заң актілерінің негізінде келіп,

кетеді.

Егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен келісімінде өзгеше тәртіп

белгіленбесе, шетелдіктер жарамды паспорт пен оны алмастыратын құжаттармен

Қазақстан Республикасының келу визасы болған жағдайда Қазақстан Республикасына

келе алады.

“Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы” 1995 ж. 19 маусымдағы заңда

белгіленген жағдайларда шетелдіктердің Қазақстанға келулеріне тыйым салынуы мүмкін.

Қазақстан Республикасына келу кезінде шетелдіктерге Қазақстан Республикасының

Үкіметі көздеген тәртіппен көші-қон карточкалары беріледі.

Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе,

қабылдаушы тараптардың шақыруы және Қазақстан Республикасының рұқсат беруге

уәкілетті органдарының рұқсаты виза беру үші негіз болып табылады.

Шетелдіктер қолданыстағы шетелдiк паспорттар немесе Қазақстан Республикасының

бұған уәкiлдiк алған мемлекеттiк органдары берген кету визалары болған жағдайда сол паспорттарды алмастыратын құжаттар бойынша, егер тиiстi елмен жасалған келiсiмде

өзгеше тәртiп белгiленбесе, Қазақстан Республикасынан кетедi.

Қазақстан Республикасынан кету шетелдікке мына жағдайларда:

а) егер оны қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн негiздер болса iстi жүргiзу

аяқталғанға дейiн;

б) егер ол қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса - жазаны өтеп болғанға немесе

жазадан босатылғанға дейiн;

в) егер ол өзiне сот жүктеген мiндеттемелердi орындаудан жалтаратын болса

мiндеттемелер орындалғанға дейiн;

г) Қазақстан Республикасының заңдары белгiлеген өзге де негiздер бойынша рұқсат

етiлмейдi.

Шетелдіктің Қазақстан Республикасынан кетуi ол Қазақстан Республикасы

азаматтарының, басқа жеке және заңды тұлғалардың елеулi мүдделерiмен байланысты

мүлiктiк мiндеттемелердi орындағанға дейiн кейiнге қалдырылуы мүмкiн.

Қазақстан Республикасының аумағында қандай да бір құқықбұзушылық жасаған ҚР-ң

халықаралық шарттарында белгiленгеннен басқа жағдайларда, ҚР азаматтарымен бiрдей

негiздерде жауапкершiлiк жүктеледi.

Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бұзған шетелдік оның

Қазақстан Республикасында болу жөнiнде белгiленген мерзiмi қысқартылуы мүмкiн.

Шетелдіктің Қазақстан Республикасында болу мерзiмi одан әрi болуы үшiн негiздерi

қалмаған жағдайларда да қысқартылуы мүмкiн.

ҚР-ның шегiнен қуып жiберу. Шетелдік мына жағдайларда:

а) егер оның iс-әрекетi мемлекеттiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету немесе қоғамдық тәртiптi

қорғау мүдделерiне қайшы келетiн болса;

б) егер бұл халықтың денсаулығы мен адамгершiлiк қасиетiн сақтау, Қазақстан

Республикасы азаматтарының және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн

қорғау үшiн қажет болса;

в) егер ол шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнаманы, Қазақстан

Республикасының кедендiк, валюталық немесе өзге де заңдарын бұзса;

г) егер Қазақстан Республикасының азаматымен некеге тұруы оны Қазақстан

Республикасында тұрақты тұруға қалдыру үшiн негiз болып табылып, заң актiлерiмен

белгiленген тәртiппен неке заңсыз деп танылған жағдайда Қазақстан Республикасының

шегiнен қуылуы мүмкiн.

Заң бойынша бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілген шетелдіктерге

шығарып жіберу туралы шешім шығарылған күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан

Республикасына келуге тыйым салынады.

Тақырып №7. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕНШIК ПЕН

КӘСIПКЕРЛIКТIҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI

Экономикалық жүйе – меншіктің алуантүрлігі, кәсіпкерліктің және бағаның

еркінділігі, тиянақты бәсекелестік қағидаларымен, сондай-ақ адамдарды қажеттіктерін

қанағаттандыруға бағытталған басқа да шаруашылық қызметінің түрлерімен

сипатталатын Конституцияда және басқа заң актілерінде бекітілген экономикалық

қатынастардың құрылысы.

Экономикалық жүйенің негізгі қағидалары:

1. меншіктің алуантүрлігі;

2. меншікке ешкімнің қол сұқпауы;

3. меншіктің барлық субъектілерінің теңдігі;

4. меншік иесінің құқығын мемлекеттің қорғауы;

5. экономикада монаполизмді жою;

6. еркін кәсіпкерлік;7. бәсеке;

8. еркін баға;

9. салықтарды төлеу міндеттілігі;

10. адамдардың қажеттіктерін қанағаттандыру;

11. т.б.

Экономикалық жүйенің негізі болып меншік табылады. Қазақстан Республикасының

Конституциясы Қазақстанның экономикалық жүйесіне түрлі нысандағы меншік тән

екендігін бекітеді – жеке, мемлекеттік. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк

пен жеке меншiк бiрдей қорғалады. Мемлекеттiк меншiк екі түрге бөлінеді:

республикалық және коммуналдық меншiк.

Республикалық меншiк мемлекеттік қазынадан және заң құжаттарына сәйкес

мемлекеттiк республикалық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктен тұрады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қазынасын келесілер құрайды:

республикалық бюджеттiң қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры, жер, оның

қойнауы, су, өсiмдiк және жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар және мемлекеттiк

заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген өзге де мемлекеттiк мүлiк. Жер заң актiлерiнде

белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте болуы да мүмкiн.

Коммуналдық меншiк жергiлiктi қазынадан және заң құжаттарына сәйкес

коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктен тұрады.

Жергiлiктi қазынаны жергiлiктi бюджет қаражаты және мемлекеттiк заңды

тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген өзге де коммуналдық мүлiк құрайды.

Коммуналдық меншік жергілікті мемлекеттік басқару деңгейлері бойынша облыстық

(республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандық (облыстық маңызы бар

қалалардың) меншік болып бөлінеді.

Жеке меншiкті:

1. ҚР азаматтарының, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың меншігі;

2. мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен олардың бiрлестiктерiнiң меншiгi құрайды.

Конституция адамдардың меншік иесі болу құқығын таниды. Меншiк құқығы – бұл

субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз

қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы.

Меншiк иесiнiң өз мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы болады.

Иелену құқығы дегенiмiз мүлiктi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асыруды заң жүзiнде

қамтамасыз ету.

Пайдалану құқығы дегенiмiз мүлiктен оның пайдалы табиғи қасиеттерiн алудың,

сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзiнде қамтамасыз етiлуi. Пайда кiрiс, өсiм, жемiс, төл

алу және өзге нысандарында болуы мүмкiн.

Билiк ету құқығы дегенiмiз мүлiктiң заң жүзiндегi тағдырын белгiлеудiң заңмен

қамтамасыз етiлуi.

Меншiк иесiнiң өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттiң

құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзбауға тиiс. Соттың шешiмiнсiз

ешкiмдi де меншігінен - өз мүлкiнен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше

жағдайларда мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктен күштеп айыру оның құны тең бағамен

өтелген кезде жүргiзiлуi мүмкiн.

Конституцияға сәйкес әркiмнiң кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне, өз мүлкiн кез келген

заңды кәсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалануға құқығы бар.

Кәсiпкерлiк – бұл меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың,

тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға

бағытталған, жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық

басқару құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызметi. Кәсiпкерлiк

қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен

жүзеге асырылады. Қазақстанда кәсіпкерлердің кәсіпкерлік еркіндігі бекітілгендіктен оны пайдаланып

қиянат жасауға жол берілмейтіндігі де реттелген. Кәсіпкерлік еркіндігін пайдаланып

қиянат жасау формасы ретінде заңды бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, негiзсiз

артықшылықтар алуға, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым

жасауға бағытталған монополистiк және қандай болса да басқа қызмет түсініледі.

Ал, монополистік қызмет – бұл нарық субъектілерінің бәсекеге қарсы келісімдері

(келісілген іс-әрекеттері), үстем (монополиялық) жағдайды теріс пайдалануы, мемлекеттік

органдардың бәсекеге қарсы іс-әрекеттері;

Монополистiк қызмет заңмен реттеледi әрi шектеледi. Жосықсыз бәсекеге тыйым

салынады. Жосықсыз бәсеке ретінде заңды тұлғаның және (немесе) жеке адамның,

сондай-ақ мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының бәсекенi

жою немесе шектеу арқылы кәсiпкерлiк қызметте негiзсiз артықшылықтар алуға

бағытталған кез келген iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) анықталады.

Меншiк пен кәсiпкерлiктiң конституциялық негiздерi Республиканың келесідей

заңнамаларында толығырақ реттелген:

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 1994 ж. 27 желтоқсан;

2. Жеке кәсіпкерлік туралы ҚР заңы 31.01.2006 ж. (21.07.2007 өзгертулер мен

толықтырулармен)

3. Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы ҚР заңы 7 шілде 2006 ж.

(21.07.2007 өзгертулер мен толықтырулармен)

4. Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне құқығын қорғау

туралы ҚР Президентiнiң1998 жылғы 27 сәуiрдегi Жарлығы (ҚР Президентінің 10.03.04 ж.

Жарлығымен енгізілген өзгерістерімен)