Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
конс.право.Отарбай.docx
Скачиваний:
35
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
135.6 Кб
Скачать

91 Баптың 1 тармағында қр Конституциясына өзгертулер мен толықтыруларды

республикалық референдумға шығару тәртібі бекітілген. ҚР Конституциясында

республикалық референдум мәселесінің аталғандай шешілуі, бекітілуі халықтың қазіргі

қоғамда алатын орнының өскендігін, әрбір жеке адамның мемлекет ісіне шынайы

қатысатындығын көрсетеді әрі осынша назардың бөлінуі оның бүкіл халықтың ерік

білдіруінің, халықтың мемлекеттік билікті тікелей жүзеге асыруының жоғары нысанының

бірі болып табылатындығымен себептелген.

Бүкiлхалықтық дауыс беру Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк билiктiң

бiрден-бiр бастауы ретiнде халықтың өз еркiн бiлдiруiнiң ең жоғары көрiнiсi болып

табылады.

Сайлаулар секілді республикалық референдум да келесідей демократиялық

қағидалар негізінде өткізіледі: азаматтардың еркін қатысуы, еркін түрде ерік білдіруі,

азаматтардың референдумға жасырын дауыс беру арқылы жалпыға бірдей, тең, тікелей

қатысу құқығы.

Референдум өткізіп онда шешім қабылдау ұзақ та күрделі процесті қамтиды. Оны

бірнеше сатыға бөліп қарастырамыз:

Бірінші саты - республикалық референдум тағайындау туралы бастамашылық.

Референдум тағайындау бастамашылығы:

1) Қазақстан Республикасының Президентiнде;

2) Қазақстан Республикасының Парламентiнде;

3) Қазақстан Республикасының Үкiметiнде;

4) сан жағынан Республиканың барлық облыстарын, астанасы мен республикалық

маңызы бар қалаларын тең мөлшерде бiлдiретiн республикалық референдумға қатысу

құқығы бар екi жүз мыңнан кем емес Республика азаматтарында болады.

Екінші саты – республикалық референдум өткізу (тағайындау) туралы шешім

қабылдау. Мұндай құқық Республика Президентіне тән. Республика Президентi Парламент пен Үкiметтiң немесе Республика азаматтарының

бастамашылығы бойынша референдум тағайындау туралы мынадай шешiмдердiң бiрiн

қабылдайды:

1) референдум тағайындау туралы;

2) референдум өткiзбей-ақ, оның талқысына ұсынылатын мәселе (мәселелер) бойынша

Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу, конституциялық заң, заң немесе өзге

де шешiм қабылдау қажеттiгi туралы;

3) референдум тағайындау туралы бастамашылықты қабылдамау туралы

Референдум тағайындау туралы шешiмдi Республика Президентi тиiстi Жарлық шығару

жолымен қабылдайды.

Үшінші саты – референдумды өткізуге дайындық. Референдумға дайындық пен

оны өткiзудi мыналар жүзеге асырады: Орталық референдум комиссиясының функциясын

орындаушы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, аумақтық

референдум комиссияларының функциясын орындаушы Қазақстан Республикасының

аумақтық сайлау комиссиялары, учаскелiк референдум комиссияларының функциясын

орындаушы учаскелiк сайлау комиссиялары.

Төртінші саты – дауыс беру және дауыс санау. Референдумда дауыс беру мерзiмi,

орны, ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"

конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес айқындалады. Дауыс санауды

учаскелік референдум комиссиясы жүзеге асырады.

Бесінші саты – референдум қорытындысын шығарып, оны жариялау. Дауыс

берудiң қорытындылары Орталық референдум комиссиясының мәжiлiсiнде шығарылып,

хаттамамен ресiмделедi, оған Орталық референдум комиссиясының Төрағасы, Төрағаның

орынбасары, хатшысы мен мүшелерi қолдарын қояды және қаулымен бекiтедi. Егер

референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбi дауыс беруге қатысқан

болса, референдум өткiзiлген деп саналады. Егер дауыс берудiң нәтижесiнде

референдумға қойылған мәселе бойынша оның оң шешiмiн жақтап дауыс беруге қатысқан

азаматтардың жартысынан көбi дауыс берсе, ол жөнiнде шешiм қабылданды деп

саналады.

Референдумның қорытындылары туралы Орталық референдум комиссиясының ресми

хабары дауыс беру өткiзiлген күннен бастап жетi күн мерзiмнен кешiктiрiлмей бұқаралық

ақпарат құралдарында жарияланады.

Алтыншы саты - республикалық референдум өткiзудiң дұрыстығы туралы

мәселенi Республиканың Конституциялық Кеңесiнiң қарауы.

Референдум – бұл заңдар шығару немесе өзге маңызды мәселе бойынша халықтың

бір бөлігінің емес, бүкіл халықтың дауыс беруі болып табылады. Шынайы демократиялық

және халықтың шешімін мойындайтын, бағалы құндылық ретінде танитын мемлекетте

халықтың еркі әрқашан басым және жоғары болады. Сол себепті де референдумда

қабылданған шешімнің бүкіл республика аумағында міндетті күші бар және мұндай

жолмен қабылданған акт басқа актілерге қарағанда Президенттің немесе мемлекеттік

өкімет органдарының қандай да бір қуаттауын қажет етпейді. Сондай-ақ, референдум

қабылдаған шешiм мен Республика Конституциясының, конституциялық заңдарының,

заңдарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң арасындағы сәйкессiздiктер

Конституцияны, конституциялық заңдарды заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық

актiлердi референдум қабылдаған шешiмге сәйкес келтiру арқылы жойылады.

Тәуелсіз Қазақстанда республикалық референдум екі реті өткізілді. Оның

көмегімен 1995 жылы 30 тамызда ҚР-ң соңғы Конституциясы қабылданып, 1995 жылы 29

сәуірде ҚР Президентінің өкілеттігі ұзартылды.

Референдум – бұл тікелей демократияның ең бір ықпалды және көрнекті

нысанының бірі болып табылады. Ол мемлекеттік өмірдің белгілі бір мәселелерін

халықтың тікелей шешуін, халықтың еркін анықтау мен заңи рәсімдеуді қамтамасыз етеді.Тікелей демократияның өзіндік институтының бірі болып жергілікті өзін-өзі

басқару табылады. Қазіргі түрдегі жергілікті өзін-өзі басқару дамыған демократиялық

мемлекеттерде негізінен ХІХ ғасырдағы муниципалдық реформалар нәтижесінде

қалыптасты. Оның қалыптасуы феодалдық ұйымнан қазіргі индустриялық қоғамға өту

процесстерімен байланысты болды.

Бір кездері жергілікті өкілді органдар үкіметке және оның орталықтағы, жергілікті

жерлердегі органдарына бағынбайтын, заңмен және сот бақылауымен байланысты

“төртінші билік” болып табылады деп есептелді. Кейінірек, атқарушы биліктің дамуы мен

нығаюының нәтижесінде жергілікті өзін-өзі басқару ақырындап атқарушы қызметтің

жалпы мемлекеттік саясат шегінде жүзеге асырылатын түріне айналды.

Сол уақыттардан бері жергілікті өзін-өзі басқарудың көптеген теориясы мен

тұжырымдамасы, бірнеше үлгілері жасалды. Қаншамай теория мен үлгілер жасалса да

жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты мына бір ой өзгеріссіз сақталып отыр: жергілікті

өзін-өзі басқару – бұл тікелей демократияның өзіндік нысаны, онда тікелей халықбилігінің

өкілді жүйемен байланысы көрініс береді және мұнда жергілікті өзін-өзі басқару

органдарының жұмысына бақылау жасау тез және әбден мүмкін.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың түсінігін анықтауда оның мазмұнына кіретін

элементтерді анықтау негізгі болып табылады. Жергілікті өзін-өзі басқарудың мазмұнына

кіретін элементтер:

1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізін мыналар құрайды: адам, өндіріс және оны

жасау жөніндегі еркін қызмет;

2. мүдделері бойынша адамдардың бірлескен қызмет үшін бірігуі;

3. муниципалдық, қауымдық меншік немесе енбек ұжымдарының меншігі;

4. негізінен өз кірістерінен, өз қаржы көздерінен және ішінара мемлекеттік

дотациядан құралатын жеткілікті қаржылық база;

5. жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құру оның қызметін ұйымдастыруда

азаматтар мен мемлекеттік органдардың бірлескен қызметі;

6. жергілікті және қоғамдық маңызы бар мәселеерді шешуге азаматтардың қатысуы;

7. жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекет пен қоғамды басқарудың біртұтас

жүйесіне кіруі;

8. жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекетпен өзарабайланысы;

9. жергілікті өзін-өзі басқарудың функцияларымен өкіленттіктері;

10. өзін-өзі басқарудың заң актілері мен заңға тәуелді актілер негізінде әрекет етуі;

11. жергілікті өзін-өзі басқарудың қоғам мен мемлекетке тәуелділігі.

Жергілікті өзін-өзі басқару экономикалық, аумақтық және демографиялық

факторларды үйлестіру негізінде қалыптасуы тиіс.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың егемен Қазақстанның заңнамасында реттелуі

мәселесіне келсек, 1993 жылғы ҚР Конституциясында жергілікті өзін-өзі басқару туралы

ештеңе де айтылған жоқ. 90 бабының 2 тармағында “жергілікті маңызы бар мәселелерді

шешу жергілікті өкілді және атқарушы органдармен жүзеге асырылады” деп бекітілді.

1993 жылғы 10 желтоқсандағы “ҚР жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы”

заңда “жергілікті өзін-өзі басқару” термині тіпті еске алынған да жоқ. Тек тиісті аумақтың

тұрғын халқының мүдделеріне қатысты аса маңызды мәселелерді қарау үшін поселке,

ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің 18 жасқа толған азаматтарынан тұратын

азаматтардың өкілдерінің жиналысын өткізу мүмкіндігі ғана бекітілді және жиналыстың

құзыреті реттелді.

1995 жылғы Конституция 1993 жылғы Конституцияға қарағанда 89 бабын

жергілікті өзін-өзі басқаруға арнаған. Бірінші рет Конституцияда жергілікті өзін-өзі

басқару туралы норма көрініс тапты. Олардың өз өкілеттіктері шегінде дербестігіне

кепілдік берілді. Осылайша жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін

қалыптастыру мен дамыту үшін алғышарттар түзілді. ҚР Конституциясы Қазақстан

Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылатынын бекітті (89 бап., 1 т.). Осы

түсінікті нақтылау үшін ҚР Конституциясының түсіндірме сөздігі жергілікті өзін-өзі

басқаруды былай анықтайды: “жергілікті өзін-өзі басқару – 1995 жылғы Конституциямен

танылған тұрғын халықтың жергілікті мәні бар мәселелерін дербес шешетін

демократиялық институт”.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғын халық тікелей жүзеге асырады, сондай-ақ ол

мәслихаттар және халық топтары жинақы тұратын аумақтарды қамтитын жергілікті

қоғамдастықтардағы басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге

асырылады.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру

заңға сәйкес берілуі мүмкін.

Конституцияда бекітілгендей Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды

ұйымдастыру мен олардың қызметі заңмен реттеледі.