Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Ерлан.doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
14.98 Mб
Скачать

2.3 Селекциядағы будандастыру жүйесі

Селекцияда будандастырудың әртүрлі жүйесі қолданылады. Олар туыстық будандастыру (инбридинг,инцухт), туыстық емес будандастыру (аутбридинг) және алыстан будандастыру.

Туыстық будандастыру генотиптері жағынан бір-біріне жақын организмдердің арасында болатындықтан олардан көбінесе гомозиготалы ұрпақ алынады. Ал мұндай будандастыруды ұзақ уақыт пайдаланса, жануарлар мен өсімдіктердің бойында пайдалы қасиеттері бар гомозиготалы таза линияларды алуға болады.

Туыс емес организмдердің будандасуы аутбридинг деп атайды. Мұнда бір тұқымға немесе сортқа, сондай-ақ әр түрлі тұқымдар мен сорттарға жататын организмдер будандастырылады. Туыс емес дарабастарды будандастырғанда рецессивті зиянды мутациялар гетерозиготалы жағдайға көшеді. Сондықтан бірінші будан ұрпақ көбінесе тіршілік қабілеті жоғары, ауруларға төзімді, әрі өсімтал болып келеді.

Селекцияда алыстан будандастыру әдісі де кеңінен қолданылады. Бұл жағдайда әр текті түрлер мен туыстар будандастырылып, нәтижесінде олардың гендері мен хромосомалары бір-бірімен алмасады.

Алыстан будандастырудың өсімдіктер селекциясында үлкен маңызы бар, соның ішінде әсіресе вегетативті жолмен көбейетіндер үшін, себебі алыстан келетін буданды вегетативті жолмен көбейту стерильділікті жоюға ықпал етеді. Мысалы, вирустық ауруларға төзімді қант қамысының жабайы түрін, қытайлық мәдени түрімен будандастыру қант өнімін үш есе арттыруға мүмкіндік берді. Практикада картопты, жүзімді, т.б. түраралық будандастыру кеңінен қолданылады.

2.4 Казахстанская-126 сортының морфологиялық маркерленген моносомды линияларының f1 гибридтеріндегі мейозды зерттеу әдістері

Фиксация әдісі. Зерттелетін белгі бойынша донор сорттары Казахстанская-126 сортының әрбір хромосомадан маркерленген моносомды линияларымен жеке-жеке будандастырылады. F1 ұрпақтағы дисомиктер мен моносомиктер популяциясынан цитологиялық талдаудан өткізілген нақты моносомды өсімдіктер бөлініп алынды.

Зерттеуге алынған жұмсақ бидай сорттарының соңғы жалау жапырағы мен оған дейінгі жапырақ аралығы 5-6 см-ге ұзарғанда, аналық тозаң клеткаларына фиксация жүргізілді. Өсімдіктерді фиксациялау шуақты күні, таңертеңгілік уақытта 6-дан 8-ге дейін, ал бұлтты күні 8-ден 11-ге дейінгі аралықта жүргізілді. Фиксация ретінде Ньюкомер, Карнуа қоспасы қолданылды. Ньюкомер қоспасының құрамына: 6 бөлік изопропил спирті және 1 бөлік диоксан кіреді. Карнуа құрамы: 3 бөлік этил спирті және 1 бөлік сірке қышқылынан тұрады. Алынған материал жуық арада қаралатын болса, онда бірден 2%-дық ацетокармин ерітіндісінде фиксацияланады. Цитологиялық зерттеу МБИ - 3 микроскопының көмегімен уақытша езілген препараттар арқылы анықталды [48].

Моносомды өсімдіктерді мейоздың бірінші метафаза жазықтығындағы экватордан тыс орналасқан унивалент – хромосома және бірінші анафазадағы полюстерге тартылған 20 және 21 хромосомалар санынан табуға болады. Егер,моносомды өсімдікті бірінші метафаза біртектілеуге мүмкіншілік болмаса, онда бірінші анафаза кезеңінде қалып қойған хромосомалар мен түрлі бұзылыстар кездесуімен анықтауға болады.

Кастрация және тозаңдандыру әдісі. Кастрация келесі әдіс бойынша жүргізілді: кастрация жас масақшаларда, яғни тозаңқап әлі жасыл, қалыпты, өсуден төмен деңгейдегі, тозаң тіршілікке әлі бейімделе қоймаған, ал аналық аузы ашылмаған және барлық 3 тозаңқапты алып тастауға кедергі келтірмейтін кезінде жүргізіледі. Кастрация кезінде және онан кейінгі масақты минимумға дейін зақымдау керек. Кастрациядан кейін мұртша ұшын биіктіктен 3-4 см қашықтықта изоляторға отырғызу үшін кеседі. Кастрациялаушы масақта тозаңдану үшін 8-10 масақша (10-20 гүл) қалдырады. Тозаңдануды 3-5 күннен соң жүргізеді. Тозаңдану Барлауг ұсынған Твэл әдісі бойынша жүргізіледі. 1980 ж. 3-5 күннен соң кастрациялаушы масақ тозаңдануға дайындалады. Бұл үшін масақша қабыршағының1/4 бөлігін кеседі, изолятор кигізеді, бірақ жоғарғы бөлігін ашық қалдырады. Тозаңданған донордың масақша қабықшасы кесіледі, 1-2 минуттан соң, жетілген тозаңқап кесілген қабыршақ арқылы ыршиды. Тозаңқаптарды изоляторға қояды және бірнеше айналмалы қозғалыс жасайды [49].

Моносомалық талдау әдісі. Екінші ұрпақтағы моносомды және дисомды өсімдіктер мен ата-аналық формаларды моносомды талдау үшін, әрбір линия бойынша F1 моносомик және дисомик ұрпақтары цитологиялық талдау арқылы нақтыланды. Егістікті жинап алғаннан кейін, F1 және F2 гибридтері сапалық белгілерінен талданды. Моносомды талдау жүргізу үшін белгілі бір сорттың 21 жұп хромосомасынан моносомды линиялар сериясы будандастыру барысында аналық, ал ауыл-шаруашылық құнды белгілерді дамытудың генетикалық эффектісі анықталатын сорт аталық ретінде қолданылады. Донор сорты әрбір хромосомадан маркерленген моносомды линияларымен жеке-жеке будандастырылады [50].

F1 ұрпақтағы дисомиктер мен моносомиктер популяциясынан цитологиялық талдаудан өткізілген нақты моносомды өсімдіктер бөлініп алынады. Ал белгілі хромосома бойынша моносомды өсімдік осы геннен гемизиготалы болса, онда қарастырылып отырған белгінің рецессивті генмен бақылатынын F1 ұрпақта анықтауға мүмкіндік туады. Қалған 20 моносомды линияларында белгінің қасиеті доминантты. Сонымен, F1 ұрпақтағымоносомды өсімдіктер талдау әдісі, зерттелетін белгіні бақылайтын рецессивті генді орналастыруға мүмкіндік береді (сурет 1).

Сурет 1. Казахстанская-126 сорты моносомды линиясының жаңа сериясын жасау схемасы

(1- Chinese Spring сортының моносомды линиялары, 2- Казахстанская 126 сорты, 3- Казахстанская 126 сортының моносомды линиялары) [41]