Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Ерлан.doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
14.98 Mб
Скачать

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қожабергенов Е.А

«Казахстанская-126 сортының морфологиялық маркерленген моносомды линияларының F1 гибридтеріндегі мейозды зерттеу»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

050701- «Биотехнология» мамандығы бойынша

Алматы 2013

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

«Қорғауға жіберілді»

_________Молекулалық биология және генетика

кафедрасының меңгерушісі

____________________ б.ғ.д., профессор Айташева З.Ғ.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Казахстанская-126 сортының морфологиялық маркерленген моносомды линияларының F1 гибридтеріндегі мейозды зерттеу»

050701- «Биотехнология» мамандығы бойынша

Орындаған: Қожабергенов Е.А

Ғылыми жетекшісі:

б.ғ.к. аға оқытушы Даулетбаева С.Б

Норма бақылаушы: Жігітбекова А.Д

Алматы 2013

РЕФЕРАТ

Дипломдық жұмыс 51 беттен, бір кестеден, 9 сурет және 50 әдебиет тізімінен тұрады.

Кілтті сөздер: бидай, мейоз, аналық тозаң клеткасы, сұрыптау, гибрид, хромосомалық инженерия, бидайдың моносомды линиялары, цитогенетикалық талдау, хромосомалар, бидай геномы.

Бұл жұмыста нақты хромосома бойынша Казахстанская-126 морфологиялық маркерленген моносомды линияларының F1 гибридтеріндегі мейоз ерекшеліктерінің нәтижелері мысал түрінде көрсетілген. Аналық тозаң клеткасы түрінде көлемді материалды цитологиялық талдау барысында моносомды және дисомды өсімдіктер ұқсастықтары жүргізілді, сонымен қатар мейоздың тұрақтылығы мен кейбір бұзылыстар анықталды: хромосоманың қалып қоюшылығы, анафаза II сатысында асинхронды бөлінулер, телоцентрлі хромосомалардың қалыптасуы және поливаленттік хромосомалар ассоциациясы.

Жұмыстың мақсаты: морфологиялық маркерленген изогенді линияларды Казахстанская-126 сортының моносомды линиларымен будандастырғандағы F1 ұрпақ гибридтерінің мейозын зерттеу.

Тапсырмалар:

  1. F1 гибрид өсімдіктеріне фенотиптік талдау жүргізу.

  2. Моносомды және дисомды өсімдіктеріне цитологиялық идентификация жүргізу.

  3. Аналық тозаң клеткасы мейозының бірінші және екінші бөліну сатыларын зерттеу.

Терминдер тізімі және қысқартылған сөздер:

Моносомик – бұл диплоидты жиынтық кезінде бір хромосомасы жоқ организм.

Анеуплоид – бір немесе бірнеше хромосома бойынша балансталмаған хромосома жиынтығымен сипатталатын клетка не болмаса организм.

Асинапсис (а- + грек. synapsis байланыс, қосылу) – гаметалар арасында жүйесіз бөлінуге алып келетін мейоздағы хромосома конъгациясының болмауы.

Транслокация – ( транс және лат. locatio - орналастыру) хромосома учаскісінің алмасуы негізінде жасалатын хромосомалық мутацияның түрі. Өсімдіктің жемістілігін жиі төмендетеді.

Гомологті хромосомалар – морфологиялық және генетикалық жағынан бір-біріне ұқсас хромосомалар.

Бивалент – гомологті хромосоманың бір жұбының тұрақты комплексі.

Синапсис – (греч. sýnapsis), гомологті учаскілердің алмасуы жүретін гомологті хромосомалардың уақытша жақындауы, хромосома конъгациясы.

Хиазмалар – мейоздың бірінші бөлінуі кезінде гомологті хромосомалардың байланысқан жері.

Алмасқан линиялар – бір сорт хромосомасының басқа бір сорт хромосомасы алмасқан линиялар.

ИЛ – изогенді линия

ИЛ-В – изогенді линия (қысқа тісше)

ИЛ-Bg – изогенді линия (қара қабықша)

ИЛ-Hр изогенді линия (масақ аяқшасының түктенуі)

ИЛ-Rht – изогенді линия (қысқа сабақ)

МI – метафаза І сатысы

АI – анафаза І сатысы

АII – анафаза ІІ сатысы

АТК – аналық тозаң клеткасы.