Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Ерлан.doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
14.98 Mб
Скачать

Қорытынды

Қазахстанская-126 сортының негізінде жұмсақ бидайдың барлық 21 хромосомасы бойынша моносомды линияларының сериясын жасап шығарды. Бұл жұмыстар Қазақстанда бидай генетикасы саласы бойынша терең зерттеулер жүргізуге үлкен мүмкіндік туғызды. Олар бидайдың тек сапалық ғана емес сандық жағын да қамтыды. Осы хромосомалық инженерия әдісінің көмегімен гендер белгілі бір хромосомаларда шоғырландырылды және хромосомаларды сортаралық алмастыру жүзеге асырылды.

Жұмсақ бидайды генетикалық зерттеу үшін моносомды талдау әдісі кеңінен қолданылады. Казахстанская-126 сортының толық моносомды линия сериясы арқылы шаруашылық маңызды белгілері бар гендер локализациясы жұмыстарын өткізуге мүмкіндік берді. Моносомды талдау әдісін қолдану жұмсақ бидайдың хромосомасын басқа сорт хромосомасына алмасуын жүргізуді мүмкіндік береді. Ережеге сай, моносомды талдау әдісі цитологиялық талдаумен қатар жүріп отырады. Казахстанская-126 сорты моносомды линиясының құрылған сериясында 5А хромосомасы бойынша моносомиктерді идентификациялауға болады.

Жоғарыда айтылғандарды ескерсек, сирек морфологиялық белгілерді бақылып отыратын гендерге қызығушылық туады. Белгілі бір хромосома бойынша морфологиялық маркерленген моносомды линияларды алу арқылы гибридизация процесі онай өтеді. Сондықтан бидай генетикасымен және селекциясында маркерленген моносомды линияны алу өте маңызды жұмыс болып келеді.

Зерттеу барысында төрт моносомды линия бойынша Rht (қысқа сабақ), Нр (масақ аяқшасының түктенуі), Вg (қара қабықша) және В (қысқа тісше) гендермен маркерленген F1 гибридтері алынды. Осы линиялардын мейозы зерттелді және нәтижелері бойынша келесідей қорытынды жасалды:

  1. Морфологиялық маркерленген моносомды линияларды фенологиялық талдау кезінде, қысқа сабақ белгісі 4В хромосомасында байқалды, масақ аяқшасының түктенуі (Нр гені) белгісі 5А хромосома бойынша, масақтын қара қабықшасы (Вg гені) 1А линиясында, ал қысқа тісше (В гені) 1В хромосомасы бойынша анық байқалды.

  2. Цитологиялық талдау барысында 215 моносомды және дисомды өсімдіктер идентификацияланды, нәтижесінде нақты моносомды линиялар 20 бивалент және 1 унивалент (20”+1’) көрсетті, орташа пайызы – 97,84 болды.

  3. Мейоз процесінде кейбір бұзылыстар анықталды, олар анафаза I сатысында бивалентті хромосомалардың қалып қоюы, анафаза ІІ сатысында асинхронды бөліну, (20”+t) телоцентрлі хромосомалардың түзілуі және Нр, Bg гендерімен маркерленген линияларда поливаленттік хромосомалар ассоциациясы, сонымен қатар, үшполюсті ядросыз тетрадалардың болуы.

Жалпы F1 гибридтерін цитологиялық талдау кезінде анеуплоидтардағы мейоз процесінің жүруі кезінде бұзылыстардың жоғары пайызы анықталған жоқ. Бақылау барысындағы көптеген бұзылыстар өсімдіктің моносомды жағдайына тән, микроядролары бар тетрадалар және анафаза І сатысындағы қалып қойған хромосомалар, метафаза І унивалент болуымен сипатталады.

Анықталған хромосомалар ассоциациясы және телоцентрлі хромосомалар маңызды емес болып есептеледі.