Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Ерлан.doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
14.98 Mб
Скачать

Мазмұны

КІРІСПЕ

6

Негізгі бөлім

8

1

Әдебиетке ШОЛУ

8

1.1

Жұмсақ бидайдың қолданылуы мен таралуы

8

1.2

Жұмсақ бидайдың пайда болуы, систематикасы мен сипаттамасы

11

1.3

Жұмсақ бидайдың биологиялық ерекшеліктері

12

1.4

Бидайдың моносомды линиялары және оларды қолдану

13

1.5

Казахстанская-126 сортынан моносомды линияларды алу

19

1.6

Казахстанская-126 моносомды линияларының мейоз тұрақтылығы және клетка бөлінуінің мейотикалық ерекшелігі

22

2

МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

35

2.1

Жұмыстың өтілу жағдайы

35

2.2

Жұмыстың өтілу барысы

36

2.3

Селекциядағы будандастыру жүйесі

39

2.4

Казахстанская-126 сортының морфологиялық маркерленген моносомды линияларының F1 гибридтеріндегі мейозды зерттеу әдістері

39

3

ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

41

3.1

Казахстанская-126 сортының морфологиялық маркерленген моносомды линияларының F1 гибридтеріне фенотиптік сипаттама

41

3.2

Казахстанская-126 сортының моносомды және дисомды өсімдіктеріне цитологиялық талдау жүргізу

45

3.3

Морфологиялық маркерленген моносомды линиялардағы F1 гибридтерінің мейоздағы тетрада, метафаза I және анафаза I, II сатыларындағы ерекшеліктері

50

ҚОРЫТЫНДЫ

55

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиеттер ТІЗІМІ

57

Кіріспе

Қазақстанның дәнді дақылдар арасында бидайдың алатын орны ерекше. Өңдеудің интенсивті технологияларына бейімделген және жоғары өнімділікке ие, қоршаған ортаның биотикалық және абиотикалық жағдайларына төзімді сортты шығару және оны өндіріске енгізу жұмыстары бидай селекциясында әрқашан өзекті мәселелердің бірі болып табылды.

Осы кездері селекционды-генетикалық зерттеулердің дәстүрлі әдістерін пайдаланған кейін бидайдың пішіні және генетикалық өзгерген пішіндерінің нәтижелілігі жоғарылауда. Селекцияның дәстүрлі әдістерімен қатар, анеуплоидтарды пайдалануға негізделген хромосомалық инженерия әдісіне де көп мән берілуде.

Бидай селекциясында анеуплоидтарды қолдану – гендер санын анықтауға көмектеседі, онымен қоса олардың әсері мен аллельді өзара қатынасын анықтап, белгілі бір хромосомаларда осы гендерді локализациялайды, сонымен қатар хромосомалардың сорт аралық алмастыруын қолданумен болашағы бар сорттардың кейбір белгілерін жақсартып отырады. Осылай, хромосомаларды гендермен бірге басқа генотипке алмастыру салдарынан олардың тұқымқуалаушылық негізі толығымен жақсарады және сапасы бойынша бағалы гибридтерді, сорттарды шығаруды қамтамасыз етеді [1].

Жекелеген хромосомалары алмастырылған линияларды түрішілік және түраралық будандастырулар арқылы алуға болады. Мысалы, кейбір хромосомаларын арпаның хромосомаларына ауыстыруға болады. Өсімдіктердің бір немесе бірнеше түрлерінің қосымша хромосомалары бар анеуплоидтарын алуға болды. Осындай хромосомалары біріктірілген линияларды жасап шығарудың екі өсімдіктің де пайдалы қасиеттерін тоғыстыру тұрғысынан алып қарағанда үлкен практикалық маңызы бар. Хромосомалық инженерия әдісімен жекелеген хромосомаларды алмастырудың практикалық маңызы мен қатар гендермен хромосомалардың гомологиясы және әр текті түрлердің генетикалық материалдарының өзара әрекеттесуі сияқты теориялық мәселелерді де зерттеуге болады.

Көптеген елдерде зерттеудің нақты мақсаттарына сәйкес, өсімдіктер линияларының алмасқан жиынтықтары құрылды. Өнімділіктің жоғарылауы, сонымен қатар өсімдіктердің төзімділігі және өсімдік иммунитеті саласында да қаралды [2].

Казахстанская-126 сортының моносомды линияларын селекциялық, генетикалық жұмыстарда кең пайдалануы, кейбір хромосомалар бойынша моносомды линияларды маркерлеуге себеп болды. Морфологиялық маркерленген моносомды линиялардың болуы цитологиялық талдау процесін айтарлықтай жеңілдетеді.

Морфологиялық маркерленген моносомды линиялар Казахстанская-126 сортының моносомды линиясына сәйкес келетін маркерленген изогенді линиялардың будандасуымен алынды.

Казахстанская-126 сортының жаңа моносомды линияларын цитологиялық талдау қажет. Бұл жұмыс униваленттін идентификациясымен, мейоздің қалыпты өтуін бақылаумен және жаңа моносомды линиялар мейозының тұрақтылығын зерттеумен байланысты.

Жұмыстың мақсаты: морфологиялық маркерленген изогенді линияларды Казахстанская-126 сортының моносомды линиларымен будандастырғандағы F1 ұрпақ гибридтерінің мейозын зерттеу.

Тапсырмалар:

  1. F1 гибрид өсімдіктеріне фенотиптік талдау жүргізу.

  2. Моносомды және дисомды өсімдіктеріне цитологиялық идентификация жүргізу.

  3. Аналық тозаң клеткасы мейозының бірінші және екінші бөліну сатыларын зерттеу.