Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕМТИХАН ФИЛОСОФИЯ ТОЛЫ ЖАУАП.doc
Скачиваний:
161
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
519.17 Кб
Скачать

Н. Коперниктің дүниеге деген көзқарасқа еңгізген төңкерісі.

Астрономия ғылымы - көне заманда пайда болған ілімдердің біріне жатады. Ертедегі көшпенділер аспандағы жұлдыздар мен планеталарға қарап, өздерінің бағыттарынан таймай көшіп-қонып отырған. Біздің қарастырып жатқан қайта Өрлеу Заманындағы астрономияның әрі қарай дамуына түрткі болған теңізбен сауда-саттық жасау, алыс елдерге мүхитты қақ-жарып бару болды. Ол үшін теңіз жолдарын әрі қарай мұқият анықтау қажеттігі астрономиялық ізденістерді жандандырды. Екінші үлкен мәселе - Юлий Цезардың заманында жасалған календарды түзеу, ол да астрономиялық зерттеулермен байланысты болды.

үшіншіден, сонау көне заманда жасалған Птоломейдің Геоцентрлік жүйесі діннің қағидаларына сай келгенмен, жаңа уақытта практикалық жағынан - ескірді.

Осындай жағдайда поляк ғалымы Н. Коперник (1473-1543 ж.ж.) астрономия ғылымына өзінің түбегейлі өзгерісін еңгізді. Негізгі еңбегі -“Аспан аймақтарының айналуы жөнінде. Бұл еңбектегі негізгі идея - Жер Ғарыштың ортасы емес - ол біріншіден, өзінінің діңгегінен айналады, екіншіден - Күнді айналады; Күн дүниенің ортасындағы тұрған шамшырақ. (Гелиоцентризм) Бұл жаңа болжам күн мен түннің ауысуын, планеталардың орбиталарын жете түсінуге мүмкіндік берді. Н. Коперник айдың жерді айналатыны жөнінде де алғаш болжам жасады.

Сонымен қатар, Н. Коперник бұрынғы аристотельдік-птоломейлік жүйенің кейбір қағидаларын қалдырды. Ол - алыстағы қозғалмайтын жұлдыздар - бұл Дүниенің шеті деп түсіну және жер мен басқа планеталардың орбиталары бәрі де дөңгелек, ал қозғалыстары - біртекті деген пікірлер.

Бірақ, мұндай кемшіліктеріне қарамастан Н. Коперник ашқан жаңалығы діни көзқарасқа үлкен соққы жасап, Жаңа дәуірдегі ғылымға аттанатын жолды ашты.

26

Ф. Бэконның ғылыми танымға кедергі жасайтын елестерінің бүгінгі ғылымдағы көрінісі туралы айтып беріңіз Ағылшын философы Френсис Бэкон (1561-1626ж.ж.) сол кездегi ақсүйектер тобынан шыққан, Кембридж университетiнде бiлiм алып, соңынан саясатпен, дипломатикалық жұмыспен айналысқан тұлға. Оның мемлекеттiк қызметте жеткен шыңы - ол 1618 ж. ең жоғарғы - лорд-канцлерлiк - әкiмшiлiк орынға ие болады. Король Яков 1 оған Верлуам деген жердегi үлкен қорғанды сиға тартып, “Верлуам лорды деген атақ бередi. Алайда, саясатта тұрақтылық жоқ, сондықтан, жүре келе, ол бұл саладан кетуге мәжбүр болады. Ендi оның философиямен айналысуына жол ашылады.

Таным мәселелерi

Ф.Бэконның ойынша, ғылым салаларында ғасырлар бойы қалыптасып, адамның дүние тануына кеселiн тигiзетiн нәрселер бар. Ең алдымен оларды сыртқа шығарып әшкерлеу қажет. Сонда ғана жаңа әдiстемелерге жол ашылып, зерттеулердiң тиiмдiлiгi артады. Сол ғылымдағы кедергiлердi Ф.Бэкон “идолдар, ия болмаса “елестер дейдi. Олар - төртеу.

Бiрiншi елес - тектiк идолдар (idola tribus). Олар адамның жаратылысынан, жалпы табиғатынан шығады. Оны бiз қазiргi тiлмен “антропоморфизациялау деп айтар едiк. Ол сонау көне заманда пайда болған мифологияға келiп тiреледi. Адам табиғаттағы сырлы құбылыстарды танып-бiлуге бағытталған кезде, оларды “өзiне ұқсатып түсiндiруге тырысады. Тектi елестер ең тұрақты, оларды толығынан жою мүмкiн емес. Бұл Ф.Бэконның айтқан ойларын растау үшiн мынандай мысал келтiрейiк. Адамдардың мыңдаған жылдар бойы арман еткен басқа Дүниелердегi ақыл-оймен, рухпен кездесу қиялы ХХ ғасырда ғарыштан ұшып келген тарелкалар жөнiндегi неше-түрлi аңыздарды тудырды. Ол қазiргi заманның тудырған мифтерi бойынша, ұшып келген тарелкалардың iшiнен шыққан пәнделер нақ жердегi адамдар сияқты екi аяқты, қолды, екi көздi, тек олардың түсi- көкшiл екен т.с.с.

Екiншi елес - ол үңгiр идолы (idola specus ). әрбiр адам белгiлi бiр жанұяда, белгiлi бiр жерде дүниеге келiп тәрбиеленедi, ересек адамға айналады. Бiреу адам түгiл құдай да ұмытқан ауылда, екiншi - район орталығында, үшiншi - астанада, ия болмаса үлкен қалада туып тәрбиеленедi. Бiреу- кедей, екiншi- ауқатты жанұяда өсiп өнедi, көбiнесе, соған сәйкес бiлiм алуға, өмiрде өз орнын табуға мүмкiндiктер ашылады. Ол адамның болашақ тағдырына өзiнiң зор ықпалын тигiзбей қоймайды. Ол сол өзiн қалыптастырған “үңгiрден дүниеге қарайды, ал оның өзi “табиғаттың сәулесiн әлсiретiп бұрмалайды,- дейдi ұлы ойшыл. Ал бұл елестен құтылу жолы - дуниеден алған жеке тәжiрибенi жалпы халықтық тәжiрибемен ұштастыру болмақ.

Үшiншi - алаң, ия болмаса базар елестерi (idola fori ). Олар қарапайым адамдар жиналған жерлерде пайда болады. Оның қайнар көзi - зат пен соны көрсететiн, бейнелейтiн сөздi толығынан теңеу. Ал шынына келсек, сөз- затқа қойылған ат қана. Сөз көбiне заттың не екенiн емес, оның адамдарға деген маңызын ғана көрсетедi,- дейдi ұлы ойшыл. Егер сөздi затқа теңесек, онда көбiне бiз “жалған даналық жолына түсiп кетемiз. Бұл елеске берген сыннан бiз схоластикалық философияға қарсы бағытталған Ф.Бэконның көзқарасын болжаймыз.

Төртiншi, соңғы елес - ол театрлар идолы (idola theatri ). Олардың дүниеге келу себебi - тарихтағы өмiр сүұрген даналарға, ұлы тұлғаларға толығынан сену, солардың уақытында жасаған ғылыми тұжырымдамаларын “соңғы өзгермейтiн мәңгi ақиқат ретiнде түсiну. Мысалы, белгiлi бiр мәселе бойынша Аристотель былай деп айтқан, ал сiз Аристотельден де ақылдысыз ба - деген даудамадан сол адамның “театр елесiнiң шеңберiнде екенiн байқаймыз. “Ақиқат - беделдiң емес, тек өз заманындағы уақыттың қызы,- деп қорытады Ф.Бэкон. Жаңада ғана келмеске кеткен Кеңес заманының негiзгi елесi- осы “театр елесi болды емес пе Тек беделдiлердiң аттары ғана өзгерген жоқ па Олар - К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин т.с.с. болды. Бүгiнгi таңдағы қоғамды демократизациялау, көппiкiрлiк принципiне көшу бұл елестiң өмiрден кетуiне себеп болуда. Сонымен қатар, өтпелi дәуiр тудырған “жаңа көсемдердiң айтқанының бәрiн де ой елегiнен өткiзбей, оған “құдайға сенгендей жағдайда жүрген адамдар да әлi де болса аз емес сияқты.

Сонымен, жоғарыда көрсетiлген идолдар қандай күштi болғанмен, ғылым жолына түскен адам өзiнiң ақыл-ойын, дүниесезiмiн олардан тазарту керек деп қорытады ұлы ойшыл. Бұл пiкiрге толығынан қосылуға болады.

27

Ф. Бэконның “жемiстi² және “сәулелi² тәжiрибелер жөніндегі ойлары туралы талдау жасаңыз

Ф.Бэконның қол астынан шыққан еңбектерiнiң iшiнде “Ғылымдардың қадырлығы мен көбейуi жөнiнде, “Жаңа Органон,Жаңа Атлантида деген еңбектерiн атап өтуге болады.

Ф.Бэконның шығармаларының ерекшелiктерi - ол бiлiмнiң өмiрге деген қажеттiлiктен пайда болатындығын асыра көрсетуi. Ол әсiресе, табиғатты зерттеудiң қажеттiгiне көп көңiл бөледi, ал оның негiзгi жолы - тәжiрибелiк зерттеулер. “Не iс-әрекетте пайдалы болса, ғылымда да ақиқатты, ғылымның жетiстiктерi мен жемiстерi - оның ақиқаттығының көрiнiсi,- дейдi ұлы ойшыл.

Тәжiрибенi талдай келе, Ф.Бэкон оны екiге бөледi. Олар - жемiстi тәжiрибе мен сәулелi тәжiрибе. Бiрiншi өмiрге пайдалы нәтижелер әкелсе, екiншi табиғаттың терең сырларын ашуға көмектеседi. Сәулелi тәжiрибелер өмiрге дереу пайда әкелмегенiмен, жемiстi тәжiрибелердi жүргiзуге көмек бередi, басқаша жағдайда олар сарқылып қалар едi.

Ғылымның дамуына сондай үлкен мән берген ғалым, оны сала-салаға бөлу мәселесiне (классификацияға) көп көңiл бөледi. Оның ойынша, адамның жан-дүниесiндегi үш қабiлетi ғылымды топтастырудың негiзiнде жатуы қажет. Олар -1. есте сақтау; 2. қиял ; 3. ақыл-ой. Есте сақтау қасиетiне сай ғылым - тарих, қиялға - поэзия, ақыл-ойға - философия.

Тарих ғылымын Ф.Бэкон екiге бөледi. Олар - жаратылыстану тарихы ( historia naturalis ), екiншiсi - азаматтық тарих ( historia civilis ).

Қиялға негiзделген поэзия дүниенi шынайы бейнелемей, керiсiнше, адамның жүрегiнен, сезiмiнен шығатын талаптар тұрғысынан көрсетедi.

Ал ендi философияға келер болсақ, оның пәнi үш мәселенi қамтиды. Олар - Құдай, Табиғат және Адам мәселелерi. Өз заманындағы түсiнiктерге сай, Ф.Бэкон Құдай мәселесiн “қос ақиқат тұжырымы арқылы қарайды. Философия саласында Құдайды ақыл-оймен танып-бiлу мүмкiн емес. Сондықтан, ол теологияның шеңберiнде сенiм арқылы қаралуы керек.

Ал табиғат философиясына келер болсақ, Ф.Бэкон оны да екiге бөледi. Олар - теоретикалық және практикалық философия. Теоретикалық философия сәулелi тәжiрибелерге негiзделсе, практикалық философия -жемiстi тәжiрибелерге сүйенiп, табиғатта бұрынғы-соңды болмаған жаңа заттар мен құбылыстарды тудырады.

Адам мәселесi де екiге бөлiнедi. Табиғат туындысы ретiнде оны философиялық антропология (philosophia humana), ал қоғамның мүшесi ретiнде азаматтық философия (philosophia civilis ) зерттейдi.

28

Р. Декарттың “күмәндану² принципiнiң маңыздылығына тоқталыңыз

Өзiнiң философиясының мықты негiздерiн жасау үшiн Р.Декарт “бәрiне де күмәндәну керек деген шешiмге келедi. Осы тұрғыдан сезiмдiк танымға келсек, ол көбiне бiзге дүние жөнiнде жалған пiкiр тудырады. Төртбұрышты нәрсеге алыстан қарасақ, ол дөңгелек сияқты болып көрiнедi. Суға салынған таяқ сынған сияқты, күн - кiшкентай және жылы зат сияқты көрiнедi. Кейбiр кезде көзбен көргендi ұйқыдағы түспен шатастырып алуымызға болады. Ғылымдағы деректерге де күмәндәнуға болады. Сонымен, ең ақырында, бiздiң жан-дүниемiз толығынан күмәнға толады, онда бiрде-бiр күмәнданбәйтін ақиқат қалмайды...

Олай болса, мұндай тұңғиықтан шығатын жол бар ма Өзiнiң шашынан ұстап, өзiн судан шығарған Мюнхаузен сияқты, Р.Декарт бұл тұңғиықтан шығаратын сол баяғы күмәндәну дейдi. өйткенi, барлығына күмәнданғанмен, сол сәтте күмәнданып отырғаныңа күмәндана алмайсың. Онда мынандай тұжырымға келуге болады “Ойлаймын, олай болса, өмiр сүремiн (cogito ergo sum). Р.Декарттың ойынша, бұл тұжырым жөнiнде ешкiм күмәндәна алмайды.

Бұл тұжырымнан шығатын бiрiншi қағида - адам, негiзiнен алғанда,- ойлай алатын пәнде. Бiздiң ойымыз өзiмiзге тiкелей берiлген. Ал, сезiм арқылы берiлетiн адамның денесi және жағалай қоршаған заттардың қасиеттерi ой елегiнен өткенде тек қана бұл дүниеде болуы мүмкiн сияқты берiледi. Мысалы, егер мен ойлау қабiлетiнен айырылсам, онда менiң өмiр сурiп жатқанымның дәлелi дереу жойылар едi. “Ойлаймын, олай болса, өмiр сүремiн қағидасының тағы бiр ғажаптығы - ол түсiнiктi, ашық және мөлдiр.

Р.Декарт ойлауды өте көлемдi де кең түрде түсiнедi. Ойлана алатын зат күмәнданады, түсiнедi, қабылдайды, түжырымдайды, терiске шығарады, қиялданады, сезiнедi, керек қылады т.с.с. Ең ақыр аяғы ұйқы кезiндегi түс көрудiң өзi ойлаудан шығады.

Адамның танымдық iс-әрекетi Р.Декарттың ойынша үш идеялар тобынан тұрады. Бiрiншiсi - сырттан қабылданатын сезiмдiк мүшелерге өзiнiң әсерiн тигiзетiн идеялар. Мысалы, күн идеясы, ол әрбiр адамның санасында бар.

Екiншi- адамның ақыл-ойындағы идеялар. Олар сырттан қабылданған әсердi өзгерту арқылы пайда болуы мүмкiн.

Соңғы үшiншi идеялар - олар бiзбен туа бiткен, ең маңызды, таным процесiнде шешушi рөл атқарады. Оған адам интеллектуалдық интуиция арқылы жетедi. Ал оған жеткiзетiн адамның жан-дүниесiндегi табиғи ақыл сәулесi (lumen naturale). Туа бiткен идеялардың ерекшелiктерi - олар сыртқы заттардан толығынан дербес, анық, тұрпайы, адамның еркiнен тәуелсiз. Бұған мысал ретiнде Р.Декарт “екi шама үшiншiге тең болса, онда бiр-бiрiмен де тең, “ештеңеден ештеңе пайда болмайды, “бiр нәрсенiң белгiлi бiр уақытта болуы мен болмауы мүмкiн емес т с.с. жатқызады. Туа бiткен идеяға Р.Декарт “Ойлаймын, олай болса, өмiр сүремiн принципiн де жатқызады.

29

Т. Гоббстың мемлекет жөніндегі конвенциалдық (шарттық) теориясының бүгінгі таңдағы адамзатқа маңыздылығын айқындаңыз

Гоббс Томас (1588-1679) - ағылшынфилософыжәне саяси ойшылы. Гоббс мемлекетті «жасанды дене», құдайдың орнатуы емес, адамзаттың іс-әрекетінің нәтижесі деп анықтаған. Философтың ойынша мемлекет адамдар бытыраңкы өмір сүрген және «барлығының барлығына қарсы соғысы» жағдайында болған «табиғи» күйден қоғамдық келісімге келу негізінде пайда болды. Қоғамдық келісім нәтижесінде өз еркіндігін ерікті түрде шектеген жеке азаматтардың құқығы бейбітшілікті сақтау және азаматтарды қорғау функциясы берілген мемлекет басшысына немесемемлекеттік органдарғаберіледі. Гоббстын ойынша,қоғамдықкелісім бір уақытта мемлекеттің және қоғамның пайда болуына әкеп соғады.[1]

Гоббс Томастың негізгі еңбектері "Азамат туралы ілімнің философиялық бастауы", "Левиафан, әлде материя, шіркеулік және азаматтық мемлекеттік билік, оның түрлері".

Гоббс Томас өзінің ілімінің негізіне жеке адамның жаратылысы туралы белгілі бір кәзқарастарды алды. Туа бітті, жаратылысында адамдардың ойлау қабілеті де, шынығуы да бірдей деп есептейді. Сондықтан барлығы "бәріне құқылы". Бір жағынан, адам өте өзімшіл, оған қорқыныш, іштарлық сияқты қасиеттерде тән. Адамды тек қызғаншақтар, жаулар қоршайды. "Адам адамға қасқыр" принципін негіздеді. Осыдан келіп қоғамда соғыстар туындайды. Бірақ мүндай соғыстар кезінде "бәріне құқылы болу" деген - ешнәрсеге ешқандай құқы жоқ деген сөз. Мінеки, осы жағдайды Гоббс Томас "адамдардың жаратылысы немесе табиғи жағдайы" деп анықтаған. Адамдарға күшпен қатар, өлім қатері мен өзінөзі қорғауқасиеттеріде берілген.

бейбітшілікке үмтылу;

бейбітшілік мүдцесі мен өзін-өзі қорғау, қажет етсе, әркім өзінің қүқынан қажетті түрғыдан бас тартуы қажет;

адамдар өздері келіскен келісімді орындаулары керек.

Жалпы Гоббс Томас 16 заң ұсынды. Олардың барлығының түйіні: «өзіңе тілемейтінді, өзгеге істеме». Гоббс Томас тұжырымы бойынша келісім мен алмасу - адам қоғамындағы бейбітшілікті орнатудың шарттары.

Құқық пен заң мәселелерін бөліп қарастырған. Құқықол үшін бір нәрсені істеуге немесе істемеуге еркіндік, алзаңбір нәрсені істеуге немесе істемеу үшін жазылған.

Жаратылыс заңдарыжеке адамдардың орындауларын талап ете алмайды. Оны орындататын тек қанакүш. Шексіз мемлекеттік билік - мінеки, осыбейбітшілікпен жаратылыс заңдарының орындалу кепілі. Егер жаратылыс заңдары адамдардың ақылдылығына байланысты болса, азаматтық күшке байланысты.

Мемлекет адамдардың "барлығына қарсы соғыстарды" жою үшін бірігуі тиіс деп санады. Олар өзара келісім бойынша жоғары билікті бір адамға береді. Гоббс Томас шексіз билік, суверенбилігін жақтады. Саясаттануда бұл мәселені зерттеудегі ағылшын ғалымы Томас Гоббстың үлесіерекше. Ол “Левиафан” деген еңбегінде мемлекетке дейінгі қоғам өмірін суреттейді. Оның ойынша, әрбір адамның жаратылысынан өмір сүруге “табиғи құқығы” бар. Олардың құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан берілген.

Т.Гоббс қоғамдық тәртіпті табанды, қатал ұстайтын мемлекетті жақтайды. Сондықтан ғалым өз теориясын Англиядағы монархияны қайта құруға, жаңғыртуға бағыттағаны белгілі. Сонымен қатар, Гоббстың ойынша: «Мемлекеттік билік – жоғарғы заң шығарушы және оған бағыну. Басшы өзіне бағыныңқы адамдардың арасында теңдік болуы қажет екенін қадағалап отыруы тиіс және оларды сотта қорғай білуі қажет». “Левиафан” — библия мифологиясы бойынша ғажайып, барып тұрған жауыз, рақымсыз, жан түршігерлік аң. Оған қарсы тұратын ешбір нәрсе де жоқ.

Ал ғалым “Левиафанмен” – мемлекетті теңестіріп сипаттайды, себебі мемлекет адамдарға зорлық жасайды, күш көрсетеді, ал адамдар соған төзеді. Дегенмен, Гоббстың ойынша, мемлекет қандай мықты болса да – ол “ажалды құдай”, себебі ол жасанды. Мемлекет адамдардың ақылы мен қолынан туындайды, ал адам – табиғаттан жаратылған. Сол себепті қоғамда адам бірінші орында, ал мемлекет – екінші орында тұруы тиіс.

Адам мен мемлекеттің арақатынасын сараптай келе, Т.Гоббс: “Адамға құқықты үлестіріп беретін мемлекет емес, мемлекеттің өзі жеке адамдардың құқықтарынан жинақталады» — деген қорытынды жасайды. Яғни, адамның қоғамдағы орны ең жоғарғы сатыда, әрбір адамның “табиғи құқығы” бар, “мемлекет оны заң арқылы қорғауға тиісті”. Сөйтіп, ұлы ойшылдың тұжырымдамалары қазіргі замандағы адамның “табиғи құқығы” идеясына негіз болып халықаралық деңгейде қолдау тапты.

30

Б.Спинозаның «Еріктік - танылған қажеттік» деген ойының өзектілігін көрсетіңіз

Таным мәселелерiне келгенде бiз Б.Спинозаны рационализм бағытына жатқызамыз. Ол әрқашанда сезiмдiк танымды ой елегiнен өткiзген бiлiмнен айыру керек екендiгiн басым айтқан. Сезiмдiк таным әрқашанда бұлдыр, көмескi. Тек ақыл-ой ғана айқын бiлiм бередi. Ғылымдардың iшiндегi ең айқыны - математика.

Сезiмдiк танымның бұлдырлығы - ол тек қана сыртқы затты ғана көрсетiп қоймай, сонымен қатар, оны өзiнiң денесiндегi өзгерiстермен, әсiресе, сезiм мүшелерiмен байланыстырады.

Санадағы сезiмдiк бейнелердiң бiр-бiрiмен байланыстары кездейсоқты. Мысалы, аттың iзiн көрген әскери адам жақындап қалған жауды есiне елестетсе, қарапайым шаруа - соқа мен жыртылған жердi елестетедi,-дейдi Б.Спиноза.

Бiрақ, сезiмдiк танымды толығынан жалған деп есептеуге де болмайды, олардың қайсыбiрiнде аз-да болса ақиқаттың жұрнақтары бар. Мысалы, надан адамның “күн - кiшкентай зат және жерге өте жақын орналасқан,- деген жалған пiкiрiнiң өзiнде күннiң өмiр сүрiп бiзге ықпалын тигiзiп жатқаны жөнiнде ақиқаттық пiкiр бар,- дейдi ұлы ойшыл.

Күнбе-күнгi өмiрден алатын сезiмдiк таным - қалың бұқараның негiзгi тәжiрибесi, соның арқасында олар бiр-бiрiмен қарым-қатынасқа түсiп өмiр сүрiп жатады. Ақыл-ой арқылы алынатын бiлiмнiң шындығының өзiн бiз оқтын-оқтын тәжiрибе арқылы тексерiп отыруымыз қажет,- деп қорытады Б.Спиноза.

Абстрактылық бiлiм де тәжiрибеден шығады. өйткенi, адамдар дүниеден алған тәжiрибесiн сөз арқылы қорытады. Бiрақ, сөзге адамдар өзiнiң тәжiрибесiне сәйкес әр-түрлi мағна бередi. Сондықтан, бiреулерге адам - тiке жүретiн жануар, екiншiге - күлетiн пенде, ал үшiншiге ол ойлай алатын тiршiлiк т.с.с. Сондықтан, сөз заттың кейбiр ғана қасиеттерiн белгiлеуi мүмкiн, яғни оның мағнасы затпен толық тең емес. Ал схоластика мектебi универсалияларды (ең жалпы ұғымдарды) дүниемен теңеп, оларды шынайы болмыс деп есептейдi. Философия саласындағы көп даудамалар көбiне “ойды дұрыс көрсететiн сөздердi қолданбағаннан, иә болмаса басқаның айтқан сөздерiн дұрыс түсiнбегеннен туады,-дейдi ұлы ойшыл.

Б.Спиноза нағыз шынайы бiлiмге тек қана ақыл-ой, зерде (ratio, intellectus) арқылы жетуге болады деген пiкiрде болды. Ақыл-ой арқылы сөздердi жалпы ұғымдық дәрежеге көтерiп, оның мән-мағнасын айқындауға болады. Ғылымдағы ең құнды ұғымдар математика саласынан шығады. Олар бiр-бiрiмен байланысты, жүйелi - сондықтан сезiмдiк танымға қарағанда анағұрлым биiк дәрежеде. Егер, Б.Спинозаның ойынша, сезiм заттың сыртқы жағын бейнелесе, онда ақыл-оймен бiз заттың iшкi сырын ашамыз. Сондықтан болар, Б.Спиноза өзiнiң “Этика деген еңбегiнде “геометрикалық методты пайдаланып, анықтама, аксиома, теорема деген ұғымдарды мораль саласын талдауға пайдаланады.

Б.Спинозаның ойынша, шындықты танып-бiлудiң үшiншi түрi - ол интеллектуалдық интуиция. Интуиция дегенiмiз - тiкелей, сезiм мен ақыл-ой елегiнен өткiзбей-ақ ақиқатқа жету. Ол бүкiл Дүниенiң бiртұтастығын тануға мүмкiндiк бередi. Адам рухының шығармашылық қасиетiнiң негiзiнде бiз шынайы аяқталған шексiздiк идеясын ашамыз. Ол бiзге интуиция арқылы ғана берiледi.

Тағы да бiр ерекше атап кететiн нәрсе - ол Б.Спинозаның таным теориясының (гносеология) оның болмыс iлiмiмен (онтология) қосылып жатқанында. Оның себебi - субстанция-табиғаттың ойлау қасиетi бар.

Лейбниц танымның терең негiзiн сезiмнен тыс өмiр сүретiн зердеден көредi. Яғни, ол Декарттың танымға деген козқарасын қолдайды. Бiрақ, Декарттың зерделiк “айқын және анық ақиқатына Лейбниц қанағаттанбайды. Оның ойынша, алғашқы ақиқаттар қисынның “тепе-теңдiк заңына сәйкес келуi қажет. Содан кейiн “қайшылық заңы арқылы зерделiк бiлiмдi тереңдетуге болады. Бұл қажеттi ақиқаттар - оларды негiзiнен математика саласынан табуға болады,- дейдi ұлы ойшыл.

Әрине, бұған қарамастан бiз өмiрден алған адамдардың тәжiрибелерiн де бағалап, пайдалануымыз керек. Бiрақ, қайсыбiр тәжiрибе - ол кездейсоқтықтың туындысы. Ол болуы да, болмауы да мүмкiн. Ол нақтылы деректер ақиқаты - әрқашанда жеткiлiксiз, кездейсоқтық.

Оларды ғылыми тұрғыдан сараптауға болады, ол үшiн бiз “жеткiлiктi негiздеу заңына сүйенуiмiз керек, өйткенi, қайсыбiр деректiң, құбылыстың себебi, негiзi бар. Сол негiздi анықтау бiздi белгiлi бiр табиғат заңдылықтарына әкелуi тиiс. Дегенмен, тәжiрибелiк бiлiм бiздi тек қана әр-түрлi деңгейдегi ықтималдық, болуы мүмкiн нәрселерге ғана жеткiзедi.

31

Дж. Локктың мемлекет, жеке меншiк және азаматтық қоғам жөнiндегi ойларын талдаңыз

Джон Локк (ағылш.John Locke; 29 тамыз1632— 28 қазан1704) — британ педагогы және философы,эмпиризмжәнелиберализмөкілі.Сенсуализмныңтарауына әсер етті.

Негізгі еңбектері: «Тәрбие туралы ойлар», «Адамның санасы туралы тәжірибе». Адам жаны туғанда таза тақтай сияқты болады, адамдар тәрбиеге қарай ғана мейрімді не жауыз, пайдалы не пайдасыз болып қалыптасады деген.

1688ж.Англиядамемлекеттік төңкеріс болды.Яков II Стюартпатшаның елден қашуына байланысты оның орнынВильгельм Оранскийиеленді. Ол конституциялық монархияны орнатуға келісім береді. Енді жер мен қаржы ақсүйектерінің арасында келісімшілік орнады. Осы әлеуметтік компромисс идеолога - Джон Локк ("Мемлекеттік басқару туралы екі трактат"). Мемлекет пайда болғанша адамдар табиғи жағдайда болған. Яғни, жазған жеке адамдар ешкімге тәуелді болмай, әркім өз еркінше өмір сүрген. Бірақ бұл жағдайда адамдар арасында талас-керісті шешетін ұйымдар болмаған. Бұл жағдай сенімсіздік тудыруға ықпал етті. Жаратылыс заңдарын қамтамасыз ету үшін, еркіндік, теңдік, жеке адамдар меншігін және оны қорғау үшін адамдар саяси бірлесіп мемлекет құрайды.Мемлекет- өздерінің орнатқан ортақ зандары бойынша біріккен және сот инстанциясын орнатқан, өзара керістерді шешу және кінәлілерді жазалау үшін құрылған адамдар бірлестігі. Басқа ұжымдық (отбасы, байлар биліктері) ұйымдардан мемлекет ерекшелігі ол саяси билікті, яғни меншікті сақтап, реттеу мақсатында заңдар шығаруға құқылы, осы заңдарды орындауға күш жүмсай алады, әрі мемлекетті сырттан жасалған шабуылдардан қорғайды. Саясилиберализмнегізін қалаушылардың бірі Локк Джон жеке тұлға еркіндігін қамтамасыз ете алатын саяси институттардың теориялық негіздерін қалады. Негізгі шара ретінде билікті бөлу принципі ұсынылды. Локк Джон мемлекеттегі биліктің үш түрін көрсеткен: заң шығарушы, атқарушы жәнефедеративтік.

Ол адамның табиғатынан әлсіздігіне байланысты биліктің бір қолда шоғырлану қаупінің алдын алудың бірден-бір жолы ретінде билікті бөлу қажеттігін көрсеткен. Ал, билік бұтақтарының арасында дау-жанжал туа қалған жағдайда, оны халық игілігін басшылыққа ала отырып шешу қажет: salus poluli suprema lex (халық игілігі - жоғарғы заң). Локк Джон қоғамда билік бұтақтары арасындағы дау-жанжалдан басқа, өте қауіпті дау-жанжал бар екенін көрсеткен. Ол - азаматтар мен тиран арасындағы дау-жанжал. Міне, осы дау- жанжалды шешу барысында Локк Джон халықтың көтеріліске шығу құқын қолдайды. Халықтың көтеріліске шығу құқын мойындау саяси тарихты көтерілістермен наразылықтарға толтыру емес еді. Себебі, көтеріліс арқылы халық билікті жаңа адамдар қолына бере алады. Локк Джон ілімінде де халықтың саяси қатысуы шектеулі. Дегенмен, көтеріліске шығу, наразылық білдіруді халықтың саяси белсенділігінің бір түрі ретінде қарастырар болсақ, онда саяси жүйенің сипатын, басқару түрін өзгерту Локк Джон халықтың қолында екендігін негіздеген деп қорытындылауымызға болады. Оның ілімінің негізі - меншікті қорғау. Т. Гоббс бойынша мемлекетке жеке адам өзінің бар жаратылыс құқықтарын толығымен беретін болса, ал Локк Джон бойынша мемлекетті құраған адамдар ортақ мақсатқа қажетті тұрғыдан ғана өз құқықтарымен бөліседі.

32

Позитивизмнің ғылым философиясы ретіндегі көрінісін және оның дамуының негізгі кезеңдерін көрсет.

Позитивизм – XIX – XX ғасырдың бірінші жартысындағы философиялық бағыт. Позитивизмнің алғашқы тарихи формасы дәстүрлі метофизикаға, яғни болмыстың бастаулары және жалпыға бірдей принциптері туралы философиялық ілімге қарсы бағытталған. Осы философияның негізін салушы және насихаттаусышы Огюст Конт (1798-1857). Философиялық білімде ғылым туралы кереғар пікірлер қалыптасты. Біреулері ғылымға қарсы (антисциентизм) бағыт ұстанса, екіншілері ғылымды философиялық тұрғыдан терең талдап оның шығуын, дамыун негіздеуге күш салды. Осындай философиялық қағидалар (концепция), онша көп емес. Оған постпозитивизмді жатқызуға болады.

Осы философиялық бағыттың негізін XX ғасырдың 30 – шы жылдары К. Поппер салды.Позитивизммен неопозитивизмнің жасаған ғылым картинасы XX ғасырдың ортасына таман әлсіреп, өзінің күшін жойды.

Позитивизмнің даму барысында оның субьективизмі айқындала түсті. Оған дәлел ағылшын позитивисі ілімі Г. Спенсер.

Классикалық позитивизмнің негізгі идеялары XIX – XX ғасырлар аралығында эмпириокритизмде (тәжірибені сынау) – екінші позитивизмде жалғасты.

Осы бағыттың көрнекті өкілдері – австриялық физик және философ Э. Мах, неміс философы Р. Авенариус. Эмпириокритиктер ғылымның міндеті оқиғаның, құбылыстың неге шыққанына емес, қалай шыққанына жауап беру. Э. Мах ғылымның ерекшелігін, рухани өмірдің басқа формаларынан айырмашылығын, ғылыми түсіндіреді. Белгі, белгіленген нәрсеге ұқсас емес. Осыған байланысты, Э. Мах ғылыми терминологияларды қайтадан қарап шығып, мағынасыз, бос терминдерді ғылымнан аластау бағдарламасын ұсынады.

Позитивистер ғылыммен обьективті шындықтың арасындағы байланысты мойындамайтын болғандықтан, олардың пікірінше шындықты дәл бейнелейтін ғылыми концепцияның болуы мүмкін емес. Осыған байланысты, олар “ойды үнемдеу” принципін ұсынады. Осы принцип бойынша ғылыми танымның алғашқы материалы – түйсіктерді қарапайым жазып шығатын теорияны таңдау керек. Түйсіктер – дыбыс, түс, иіс, салмақ, кеңістік, уақыт және олардың арасындағы байланыстар нағыз шындық. Зат деп түйсіктердің комплексін айтамыз.

Эмпириокритиктер философияның мәселелеріне бірінші позитивистерге қарағанда ерекше мән берген. Олар философияның міндеті деп барлық ғылымдардын жалпы нәтижелерін жинақтайтын “синтетикалық” жүйесін құру емес, ғылыми танымның теориясын жасау деп біледі.

Қалыптасқан жағдайға жан бітіріп тәуекел еткен ғылымдар философиясының жаңа бағытының өкілдері К. Поппер, Т. Кун, И. Лакатос, П. Фейерабенд және т.б.Олардың арасында да әртүрлі пікірлер бар. Неопозитивизмді ауыстырған “постпозитивизм” ұғымы әртүрлі концепциялардың жиынтығын қамтиды.

Позитивизмнің үшінші сатысы неопозитивизмде (жаңа позитивизм) XX ғасырдың 20 жылдарында дамыды. Батыста неопозитивизмді кейде аналитикалық философия деп атайды. Неопозитивизмнің негізін қалаушылардың бірі ағылшын логигі және математик Б. Рассел философияның маңызды мәселесі деп ғылыми білімді субъектінің сезімдік тәжірибесінде негіздеу дейді. Логиканы философиялық мәселелерді шешуге кең қолданған.

Неопозитивизмнің тарихи және бірінші нұсқасы “Вена үйірмесі” деп аталатын философтармен байланысты. Олар: М. Шлик, Р. Карнап, О. Нейрат. Олардың, яғни логикалық позитивистердің ықыласы ғылымның тілін логика арқылы талдау, өйткені тіл – дүниені позитивті қабылдаудың басты құралы.

ХХ ғасырдың 50 – 60 жылдары неопозитивизмнің жаңа бағыты – лингвистикалық философия пайда болды.Л. Витгенштейннің пікірінше дүние заттардың емес, фактілердің жиынтығы. Дүние – логикалық кеңістіктегі фактілер.

Адамның қоршаған табиғи және әлеуметтік байланысының жалғыз формасы – тіл. Басқаша айтсақ, адамның ойындағы бейнесі тілдің құрылымы ерекшеліктері арқылы анықталады. Қолданып жүрген тіл жетілмеген. Философияның міндеті – біздің ойымызды және сөйлемдерді түсінікті ету.

33

К. Поппердiң «фальсификация» қағидатының маңызыдылығын талдап беріңіз

Сонымен, К. Поппер ғылыми біліммен жалған білімді айырып алу үшін фальсификация принципін ұсынады.

Фальсификация (гр. felsif - жалған, жасаймын).Гипотеза және теорияның жалғандығын классикалық логиканың ережелеріне сүйеніп анықтайтын методологиялық ұстаным.

Ғылым мен философия, К. Поппердің пікірінше әртүрлі бір – біріне ұқсамайтын құрылымдар. Философиялық тұрғыдан ғылыми ақиқаттылықтың жолы жалған білімдерден әлсін-әлсін тазарып отыру. Оған мысал ретінде Поппер марксизм философиясын алады. Алғашқы кезеңде марксизм концепциясында ғылымилықтың белгісі болған, өйткені оның кейбір қағидаларын жоққа шығаруға болған болар еді. Кейіннен, қайшылықтары айқындала бастағанда, теорияны “құтқару” мақсатында ол қайшылықтарды түсіндірумен айналысып фальсификация принципін бұзды. Сондықтан, К. Поппер марксизмді жалған теория деп есептейді. Философия ғылым емес, өйткені оның пайымдауларын жоққа шығара алмайсын, бірақ оны мағынасыз деп айта алмаймыз. Фальсификация принципі арқылы ғылым мен философияның арасын ажыратамыз. Осы принцип, философиялық білімдер жүйесін керексіз, мағынасыз деп жоққа шығармайды. Философия, К. Поппердің пікірінше ғылыми прогресстің қозғаушы күші.

Осы пайымдаулардың авторының философияны жақтап шыққаны байқалады, басқа позитивистер сияқты оны жоққа шығармайды, бірақ философияның пәні тарылған. Философия ғылым болғысы келсе сынмен айналасуы керек. Философиялық іс-әрекет “сыни рационализм” өкілдерінің пікірінше тек сындарлы әрекет.

Сонымен, К.Поппер ғылымды теориялық деңгейде тұтас жүйе ретінде талдауды ұсынады. Көрінген теория, ғылым статусын сақтағысы келсе, тәжірибе арқылы бекерге, жоққа шығарылуы керек.

Егер теория жоққа шығарылмаса, оны ғылым дей алмаймыз.

Фальсификация принципінде кейіннен сынға ұшырайды.

Теорияны жоққа шығару – оны фальсификацияға ұшырату емес, фактілерді жақсы түсіндіре білетін басқа теориямен ығыстыру. Осы мақсатпен ғылымды эмпириялық және теориялық деңгейде ғана қарастырмай,ғылымилықтың мазмұнды нормаларын беретін метатеориялық деңгейде де қарастыру керек деген ұсыныс болды.

34

Неотомизмнің басты қағидалары мен ұстанымдарын көрсет.

Неотомизм – католиктердің діни – философиялық мектебі (жаңа томизм). Ортағасырлық схоласт Фома (Томас) Аквинскийдің іліміне негізделген Неотомизмнің қалыптасуы XIX ғасырдың 70 жылдарында өтті, және сол жылдардағы Бірінші Ватикан Соборының шешімімен байланысты. Папа Лев XIII энцикликінде (энциклик – рим папасының барлық католиктерге арналған жолдауы) Фома Аквинскийдің ілімі нағыз ақиқат және “мәңгілік” философия деп жарияланды. Неотомизмнің көрнекті өкілдері: Папа Иоанн Павел II, діни философтар Ж. Маритен, Ю. Бохенский.

Неотомизм қазіргі діни философияның Европа мен Америкада зерттеу орталықтары, баспалары бар беделді ағым. Осы ілімнің негізгі принципі ақыл мен сенімнің бір бірімен үндестігі. Ақыл мен сенім бір-бірін жоққа шығармайды: олар Құдайды танудың екі амалы, Неотомизм ақиқатты жетудің үш формасын ғылымды, философияны, теологияны атайды. Ең төменгі сатысы ғылым құбылыстарды ашып, олардың арасындағы байланыстарды анықтайды.

Философия – рационалды танымның ғылымнан жоғары сатысы. Ол болмыс туралы, және заттардың мәні туралы ілім. Бірақ, философияның басты міңдеті барлық дүниенің алғашқы себебі, барлық заттардың соңғы мақсаты Кұдайды тану. Теология бір мезгілде рационалды білімнің шыңы және рационалды емес білім (ақылдан жоғары). Христиандық догматтарды тек теология түсіндіре алады.

Неотомистер онтологиясында нағыз болмыс – материалдық емес дүние, мәндік дүние. “Өзінше болмыс” – трансцендентті, өйткені ол Құдайдың болмысы.

Неотомизмнің таным теориясын (гносеология) “реализм” деп атауға болады (схоластиканы еске түсірейік), өйткені нағыз шынайы-реалды, адамнан тәуелсіз идеалды мән-Құдай. Барлық мүмкін болатын заттар Құдайдың ақылында бар. Адам дегеніміз алдымен өлмейтін адамның жаны.

Құдай жасағанның барлығы сатыларға бөлінген. Төменгі сатысы – органикалық емес дүние (минералдар). Одан жоғары өлетін жаны бар өсімдіктер мен жануарлар. Ары қарай адам мен періштелерге орын берілген. Тіршіліктің тәжі – Құдай болмысы.

Құдай дүниені жасады, яғни өз болмысының ізін қалдырды. Осының өзі-ақ құдайдың барлығын дәлелдейді. Неотомистердің көздеген мақсаты Католицизмнің дұрыс, ақиқат ілім екендігін дәлелдеу. Ол үшін, олар кейбір ғылыми идеялармен, жаңалықтарды христиандық іліммен байланыстыруға талпынады.

Теолог, палеонтолог Тейяр де Шарден, өзінің “Адам Феномені” атаулы кітабында Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясын христиандық бірқұдайлық ілімімен татуластырады. Әлем, теологтің пікірінше, хаостан космосқа эволюция жолымен өтуде. Дүниенің алғашқы негізі рухани- энергетикалық субстанция. Космостағы қалыптасу, реттелу процестерін объективті заңдар басқармайды, Құдай басқарады. Оны Тейяр де Шарден “Омега” нүктесі дейді. “Омега” – Құдай.

Католицизм философиясы, кейбір догмаларынан арылып адамға жақын, яғни әлеуметтік гармония, халықтар арасындағы бейбітшілік, өнегелік, және т.б. мәселелерге көңіл бөле бастады.

Папа Иоанн Павел II (К. Войтыла) өткен тарихтағы жіберілген қателіктерді (инквизиция алаулары, ғылымды қудалау) Шіркеу мойындап, кешірім өтінуі керек деген идеяны шығарды. Католицизмді қарапайым адамдарға жақындастыру, қазіргі жағдайға бейімдеу осы ілімнің негізгі мақсаты.

XIX – XXғ.ғ. АҚШ, Франция елдерінде персонализм тарай бастады. Осы ағымның негізгі өкілдері: Э. Брайтмен, Р. Флюэллинг (АҚШ), Э. Мунье, Ж. Лакруа (Франция). Персонализмнің негізгі мақсаты дінмен адамды татуластыру. Дүние – Құдай мен адамның бірігіп жасаған ісінің нәтижесі. Егер Құдай жоғарғы тұлға болатын болса, онда адам жердегі бірінші тұлға (персона). Тұлға негізгі онтологиялық категория, болмыс көрнісінің негізгі формасы. Тұлғаның шығармашылық белсенділігінің бастауы, тұлғаның өзінде емес – Құдайда. Сондықтан да адам мен Құдай арасындағы диалог үзілмейді.

Персонализмнің христиандық принциптерді негізгі гуманистік құңдылықтармен сәйкестендіруге, қайшылықсыз, қанаусыз қоғам құруға талпынысын түсінуге болады, бірақ әлеуметтік ортасыз тұлғаның жетілуі екіталай.