- •1.Философияның дүниетаным ретіндегі ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •4.Философия мен өнердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын салыстырыңыз
- •8 Конфуцзы мен Абайдың моральдық ізденістерін салыстырыңыз
- •15. Буддизмдегі қандай даналықтар өз руханиятыңызға жақын келетіндігін сипаттап беріңіз
- •16. Демокриттің атомистік теориясы жөніндегі пікіріңізді білдіріңіз
- •17. Протагордың “Адам - барлық заттардың өлшемі² деген нақыл сөзін қалай түсінетіндігіңізді талдап беріңіз
- •18.Августин шындықтың пайда болуының үш жолы бар деді. Соларды сипаттап көріңіз
- •19.Ф.Аквинскидің сенім мен ақыл-ойдың қарым-қатынасы жөніндегі ойына бүгінгі ақуал тұрғысынан қандай баға берер едіңіз.
- •Аль-Фарабидің интеллект (ақыл-ой) жөніндегі ілімі.
- •Н. Коперниктің дүниеге деген көзқарасқа еңгізген төңкерісі.
- •Таным мәселелерi
- •35. М. Хайдеггердiң “болмыстың үйi - тiл деген ойын қалай түсiнетіндігіңізді білдіріңіз
- •36. З.Фрейдтің адам психикасын қандай қабаттарға бөлетіндігіне тоқталыңыз
- •37. В.Франклдiң “экзистенциалдық вакуум ұғымының маңыздылығын талдап беріңіз
- •38. Әл-Фарабидің энциклопедистік әмбебаптылығын сипаттап бер.
- •39. Абайдың «нұрлы ақылының» адамның ғылыми танымындағы сенімді бағдары ретіндегі көрінісін дәйекте.
- •40. Шәкәрімнің үш анық ілімі және оның бүгінгі өмір үшін маңызын түсіндір.
- •41. Кеңістік пен уақыт жөніндегі субстанциялық және релятивистік түсініктер туралы айтыңыз
- •42. Дүниені танып білудегі синергетика ілімінің қосқан үлесін көрсетіңіз
- •43. Қазіргі ғылымдағы материя жөніндегі жиналған деректер туралы айтып беріңіз
- •44. Материя, қозғалыс, кеңістік пен уақыт мәселелерін талда.
- •45. Таным методтары. Философияның танымдағы методологиялық қызметіне тоқталыңыз
- •46. Адамның био-психо-әлеуметтік мәнін көрсет және адам-жеке адам-тұлға құрылымын түсіндір.
- •48. Қоғамның рухани өмірін танудағы философияның ролін көрсетіңіз
- •49. Мораль және дін. Бүгінгі қоғамдағы діни секталардың өсуінің себебіне тоқталыңыз
- •50. Жаһандану үдерісі. Дүниежүзілік қауымдастық шеңберіндегі Қазақстан
41. Кеңістік пен уақыт жөніндегі субстанциялық және релятивистік түсініктер туралы айтыңыз
Кеңістік пен уақыттың табиғаты жөнінде сонау көне заманнан бастап осы уақытқа шейін, негізінен, екі көзқарас қалыптасты. Олар: субстанциализм - кеңістік пен уақытты дүниенің алғашқы негіздерінің бірі ретінде қарайды және релятивизм (салыстырмалы) – кеңістік пен уақыт қозғалып жатқан неше-түрлі материалдық объектілердің формалары, соған бағынышты.
Бірінші көзқарастың негізін жасаған көне грек философы Демокрит болды. Ол өзінің атомистік ілімінде дүниенің алғашқы негізін құрайтын екі бастаманы мойындайды: оның бірі көзге көрінбейтін әрі қарай бөлінбейтін ұсақ бөлшектер –атомдар және ғарыштағы бос кеңістік. Атомдар сол кеңістікте құлдырап келе жатып бір-бірімен соқтығысып табиғатың заттарын тудырады. Яғни, кеңістік – субстанциялық алғашқы негіздердің бірі. Егер дүниедегі атомдар бір сәтте жоғалып кетсе, Дүние құрымайды – кеңістік алғашқы негіздердің бірі болып қала береді.
Сол заманның ірі ойшысы Эмпедокл бұл пікірге қарсы шығып: "судағы балыққа қараңызшы – онда бос кеңістік жоқ, бірақ балық қозғалады", - деген пікір айтқан болатын. Яғни, ол бос кеңістік идеясына қарсы шықты.
Аристотельдің ойынша да, бос қуыс жоқ, кеңістік – дүниедегі заттардың алатын орны, ал уақыт- қозғалыстың саны, мөлшері.
Орта ғасырдағы ойшылдар кеңістік пен уақытты Құдайдың жасампаздық іс-әрекетімен теңеді. Дүние өтпелі болып кеңістік пен уақытта берілген, тек Құдай ғана – мәңгілік, олардан тыс жатыр.
Жаңа дәуірде Декарт "бос қуыстық" идеясына қарсы шығып кеңістіктің заттармен толы екені жөніндегі идеясын ұсынды. Олай болса, кеңістік пен созылу – бір. Ол ұзақтық пен уақытты айыру керектігін де айтады. Ұзақтық заттарға тән нәрсе болса, уақыт – сол ұзақтықтың ой өрісіндегі көрінісі. Осыған жақын көзқараста Лейбниц те болды.
Кеңістік пен уақыт жөніндегі ерекше ой айтқан Кант болды. Оның ойынша, олар адамға априорлық (тәжірибеден бұрын, тыс ) түрде берілген: кеңістік сыртқы сезімнің, ал уақыт – ішкі сезімнің априорлық формалары. Тек солар арқылы ғана адам өз дүниетанымын белгілі бір тәртіпке келтіре алады.
Жалпы алғанда, философия және ғылым тарихында ХХ ғ. дейін кеңістік пен уақыт жөнінде субстанциалық көзқарас басымқы болды. Оған өз үлкен үлесін қосқан ағылшын ғалымы И.Ньютон болған-ды. Ол ғылымға абсолюттік кеңістік (шексіз қуыс) және уақыт (таза біркелкі ұзақтық) категорияларын еңгізіп, олар материядан да, бір-бірінен де тәуелсіз өмір сүреді деген пікірге келеді. Сонымен қатар, адамның санасында салыстырмалы кеңістік пен уақыт жөніндегі түсініктер бар, олар тәжірибеге байланысты өзгерісте болуы мүмкін.
Ньютон гравитация (тарту) заңдарын ашу негізінде алыстан әрекет ету теориясын жасайды. Дүниежүзілік тарту күші ғарышта сол сәтте тікелей шексіз тарап объектілерге өз әсерін тигізеді. Сондықтан, уақыт ғарышта барлық жерде біркелкі. Мысалы, жер бетіндегі бір университетте лекция оқылып жатса, басқа жұлдыздар аясындағы планеталарда сол сәтте басқа зерделі пәнделерге де дәріс жүріп жатуы мүмкін. Бұл классикалық механикада жасалған тұжырымдар болатын.
Алайда ХІХ ғ. бастап жоғарыда айтылған көзқарастарға күмәндану басталады. Электромагниттік үрдістерді зерттей бастаған М.Фарадей мен Дж.Максвелл тарту күші қашықтық пен қатар жылдамдыққа байланысты және тікелей тарамайды,- деген пікірге келеді. Ал күштің тарауы сол сәтте емес, белгілі бір шектелген жылдамдықпен жүреді. Соңында, олар сәуле, магнетизм, электр қуатын біріктіріп электромагниттік өрістің әр-түрлі көріністері ретінде қарай бастады.
Кеңістік пен уақыт жөніндегі мыңдаған жылдар бойы өмір сүрген субстанциялық көзқарастың қазіргі ғылыми зерттеулерге қайшы келгенін байқаймыз. А.Эйнштейннің өзі айтқанындай: " Мәселенің түйіні мынада: егер де таңғажайып болып Дүниеден барлық материалдық заттар жоғалып кетсе, кеңістік пен уақыт қала берер еді деп бұрын есептеген болатын. Ал салыстырмалы теорияға сәйкес- заттар мен бірге кеңістік пен уақыт та құрдымға кетер еді. Яғни, кеңістік пен уақыттың қозғалыстағы материядан тыс өзіндік болмысы жоқ, олар тек оның формалары ғана.