Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
511.docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
186.93 Кб
Скачать

6. Тәрбие мазмұны

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты –патриоттық сезімі бар және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуын қамтамасыз етуде өз рөлін түсінетін әлеуметтік жауапты тұлға тәрбиелеу болып табылады.

Көзделген амал «Қазақстан-2030» және «Қазақстан-2050» стратегияларымен, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңымен, басқа да бағдарламалық құжаттармен сәйкестікте іске асырылады.

Қазақстандық патриотизмді, елдің мемлекеттік рәміздеріне құрмет, азаматтылық, толеранттылық, рухани-адамгершілікті, дене тұрғысынан жетілген, әлеуметтік белсенді тұлға қалыптастыру мәселелерінің басым сипаттарын анықтай отыра, «Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспар» әзірленді.

Ел Президентінің бастамасымен қабылданған «Мәдени мұра» бағдарламасы ұлттық-мәдени құндылықтар негізінде білім беруді жаңа белеске көтеруді көздейді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылдың 27 қаңтардағы Жолдауында: «… оқыту үдері­сі­нің тәр­биелік құрамдасын кү­шейту қажет.

Олар – патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлт­аралық келісім мен толерант­тылық, тәннің де, жанның да да­муы, заңға мойынұсыну­шылық. Бұл құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына қар­а­мас­тан, барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс.

Көп ұлттылық пен көп тілділік осы құндылықтардың бірі және біздің еліміздің басты ар­тық­шылығы болып табылады» — деген болатын.

Жоғарыда аталған басымдықтар бүгінгі күні тәрбие процесін мемлекеттік саясаттың іргелі негізін құрайтын, заманауи қазақстандық қоғам дамуының басты стратегиялық және басым міндеттерінің бірі ретінде көрсетеді. Міне, сол себепті де білім беру ұйымдарында тәрбиені жалпыұлттық басымдық, біртұтас құрылыстың жүйеқұраушы элементі ретінде қарастыратын кешенді бағдарлама әзірлеу қажет.

Қолданыстағы бағдарлама жүйесінің проблемалық аймақтары:

— балалар мен жастарда рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтардың біртұтас жүйесінің болмауы;

— өскелең ұрпақта өзі туралы қазақстандық қоғамның субъектісі ретінде түсінігінің болмауы;

— кейбір ұлттық және мәдени дәстүрлердің жойылуы;

— баланың әлеуметтенуінде, тұтас алғанда отбасы тәрбиесінде отбасы рөлінің төмендеуі;

— мектептерде еңбек тәрбиесін ұйымдастыру, сабақтан тыс еңбек қызметін жаңарту, отбасында еңбек тәрбиесінің жеткіліксіздігі;

— білім алушылардың құқықтық сана, заңға мойынұсынушылық және заңмен қорғалу тәрбиесін терең зерттеу мен практикада іске асыру қажеттілігі;

— тәрбие саласында мамандарды даярлаудың ғылыми-әдістемелік базасының тарылуы, тәрбие жұмысы бойынша барлық педагог кадрлардың курстық даярлық пен қайта даярлаудан өтуінің маңыздылығын бағаламау;

— жасөспірімдердің позитивті оң эмоционалдық-психологиялық аясын қамтамасыз ету, балалардың эмоционалдық көңіл-күй, әлеуметтік патологияны өздігінен реттеудің даярлық жүйесін қалыптастыру қажеттілігі;

— төмен сынамалы өнімдердің, тұтас алғанда масс-мәдениеттің балалар мен жастарға тигізер ықпалының артуы;

— оқушылардың дене тәрбиесі сабағын жеткілікті бағаламауы;

— денсаулық мәдениеті мен салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша профилактикалық жұмыстарды жетілдірудің қажеттілігі.

Білім беру жүйесінің замауи жағдайларда құрылуы және дамуы оның ұлттық тарих, халықтық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, қазақ халқының мәдениетін сақтау, ұлттық дамудың басты құралы білім екенін тануды, басқа халықтардың тарихы мен мәдениетін құрметтеудің органикалық бірлікте болуы білім берудегі басымдықтар мен үздіксіздікті, білім берудің ұлттық бағыттылығын болжайды.

Білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің басым бағыттары

Бағдарламада белгіленген тәрбие мақсаттары мен қойылған міндеттері негізінде келесі басым бағыттарды бөліп көрсетуге болады:

Азаматтық-патриоттық тәрбие Отанымыздың тағдыры үшін жауапты, елді бейбіт және әскери жағдайда қорғауға жауапты Қазақстан азаматы мен патриотының тұлғасын; әр оқушыда өмірге, қоғамның дамуына, Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы рөлін түсінуге ықпал ететін белсенді азаматтық позициясын; қазақстандық демократиялық қоғамда азаматтық құқықтар мен міндеттердің тұтас кешенін белсенді, жауапкершілікпен және тиімді іске асыруға жауапты даярлық пен қабілеттіліктің жиынтығын, өз білімі мен білігін практикада саналы қолдануды қалыптастыруы және дамытуы тиіс.

Олар келесі мақсаттарда көзделеді:

— балалар мен жастар ұйымдарының, мектептік және студенттік өзін-өзі басқарудың әлеуетін әлеуметтік маңызды шығармашылық жобаларға, азаматтық және патриоттық бағыттылыққа, конференцияларға, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға жұмылдыру;

— Гуманитарлық цикл пәндерінің тәрбиелік әлеуетін пайдалану;

— Білім беру ұйымының дәстүрлерін дамыту (рәміздер, жылнама, білім беру ұйымының тарих мұражайы, үздік және белгілі түлектер туралы).

— білім алушыларда гумандық көзқарас, белсенді азаматтық бағыт және елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына өз үлесін қосу талпынысын қалыптастыру.

— Қоғамда, білім беру ұйымдарында экстремизм, ксенофобия белгілеріне, тұлға құқықтары мен қасиеттеріне қатысты төзгісіз атмосфера қалыптастыру.

Құқықтық тәрбие тұлғаныңқұқықтық санасын, саяси белсенділігін, мінез-құлқын қалыптастыруға, заңға мойынұсынатын, заңды білетін ғана емес, сонымен қатар, оларды саналы түрде орындайтын азамат тәрбиелеуге, ішкі еркіндігі мен өзіндік қасиетін тәрбиелеуге бағытталады. Бұлардың барлығы заманауи құқықтық даярлықты, заңдарды, өз құқықтары мен міндеттерін білуді, мемлекеттің құқықтық жүйесінің мүмкіндіктерін қолдану білігін талап етеді.

Олар келесі мақсаттарда көзделеді:

— Адам құқықтары, демократия негіздері салаларына жаңа педагогикалық технологиялар енгізу;

— Құқықтық тәрбие бағдарламаларын енгізу;

— Балалар мен отбасыларға әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек қызметінің (консультациялық орталықтар) желісін кеңейту;

— Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығы, қадағалаусыздығы мен панасыздығының алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу;

— Жыл сайын Конституция сабақтарын, құқық сабақтарын, құқықтық білім берудің тақырыптық онкүндіктерін, «Оқушылардың, студенттердің құқықтары және міндеттері» дебат апталықтарын өткізу;

— Білім беру ұйымдарында мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, мемлекеттік басқару органдары өкілдері, Қазақстан Республикасы парламенті депутаттары, соғыс және еңбек ардагерлерінің және т.б. қатысуымен кездесулер, «дөңгелек үстелдер», конференциялар, интернет-форумдар ұйымдастыру;

— Білім беру ұйымдарында құқықтық бағыттағы балалар мен жастар бірлестіктерінің: полицияның жас достары отрядтары, жас заңгерлер клубтары, жас жол қозғалысы инспекторлары, оқушылар арасында құқық бұзушылықтың профилактикасы бойынша кеңестер, әкелер кеңестері қызметін дамыту;

— Құқық саласында қоғамдық ұйымдардың тәрбиелік ресурстарын қолдану.

Ақыл-ой тәрбиесі білім алушылардың көзқарасы, шығармашылыққа, стандартты емес шешім қабылдау қабілеті, қоршаған әлемге, өзіне, өзгелерге эмоционалды құндылықты қатынасының қалыптасуымен, өздігімен білім алу қажеттілігінің дамуымен, тұлғаның интеллектуалды әлеуетін дамытумен, интеллектуалды, көптілді мәдениет, ой-қызметі мәдениеті саласында ойлау қабілетін, оқу-танымдық қызметінің функционалдық сауаттылық, компьютерлік сауаттылықты меңгеру процесінде ақпараттық мәдениетке дағдылануымен анықталады.

Олар келесі мақсаттарда көзделеді:

— Жыл сайын Білім күнін өткізу;

— Талантты жастарды дамыту және қолдау үшін республикалық «Жас талап» байқауын, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін сауатты және еркін меңгеруіне байқаулар, олимпиядалар өткізу;

— Жалпы білім беретін мектептерде ғылыми сессиялар, тақырыптық апталар, семинарлар және іргелі ғылымдар мен ақпараттық технологиялар саласындағы жетекші ғалымдарының ғылыми-танымдық дәрістерін ұйымдастыру;

— Қазақстанның ғылым қоғамдары жеңімпаздары, оқушылары мен жетекші ғалымдарының қатысуымен жыл сайын Қазақстан Кіші ғылым академиясының республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізу.

Рухани-адамгершілік тәрбие тұлғаның жан-жақты даму жүйесінің жетекші компоненті ретінде адамгершілік сана, адамгершілік идеалдар, адамгершілік және этикалық құндылықтар, нормалар, адамгершілік сезімдер мен қасиеттер: гумандық, ар, парыз, жолдастық, қайырым, ұят, принциптіліктіңқалыптасуын, діни құндылықтарды игеруді, адамгершілікті жауапты қоғам мүшесінің қалыптасуын, оқушыларды ана тіліне, мемлекеттік тіл – қазақ тіліне, ынтымақтастық, ұлттық келісім, басқа ұлттардың мәдениетін, дәстүрлері мен тілін құрметтеу және сыйлау рухында тәрбиелеуді болжайды,

5

Қолданушылардың назарына!!!        Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз.

      2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгі ережелері бекітілсін.

      2. Орта білім департаменті (М.Т. Санатова):

      1) аталған бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалалық білім департаменттерінің, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін;

      2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің        міндетін атқарушы                             Ф. Қуанғанов

Қазақстан Республикасы      Білім және ғылым министрінің    міндетін атқарушының         2008 жылғы 16 мамырдағы      N 272 бұйрығымен        бекітілген           

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгі ережелері 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Педагогикалық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесі (бұдан әрі - Ереже) 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңес қызметінің тәртібін айқындайды.

      2. Білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі (бұдан әрі - Педагогикалық кеңес) білім беру ұйымдарын алқалы басқару нысандарының бірі болып табылады.

      3. Педагогикалық кеңестің басты міндеттері: білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі педагогикалық ұжымның күшін біріктіру, білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымының қызметін педагогикалық жұмысты және оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіруге бағыттау, педагогикалық ғылым мен озық тәжірибелер жетістіктерін практикаға енгізу, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) ауысуына және бітіріп шығуына қатысты мәселелерді шешу болып табылады.

  2. Педагогикалық кеңестің құрамы

      4. Педагогикалық кеңестің құрамына: білім беру ұйымының басшысы (төраға), оның орынбасарлары, педагогтар, тәрбиешілер, психолог, әлеуметтік педагог кіреді.

      5. Педагогикалық кеңестің отырысына ата-аналар комитеттерінің мүшелері шақырылады.

      6. Педагогикалық кеңестің құрамы оқу жылына білім беру ұйымының басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      7. Педагогикалық кеңестің өз құрамынан 1 жылдық мерзімге хатшы сайлайды.

  3. Педагогикалық кеңестің қызмет тәртібі

      8. Педагогикалық кеңес:

      1) білім беру ұйымдарында нормативтік құқықтық актілерді орындау жөніндегі іс-шараларды;

      2) оқу-тәрбие және әдістемелік жұмыстар жағдайын, оқытудың барлық нысандары бойынша оқыту әдістерін жетілдіру мәселелерін, оқытудың жаңа технологияларын ендіруді;

      3) оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау мәселелерін;

      4) қорытынды аттестаттауды өткізу, оқушыларды емтиханға жіберу, ұсынылған құжаттар негізінде оқушыларды емтиханнан босату, оқушыларды келесі сыныпқа ауыстыру немесе оларды қайталау курсына қалдыру, оқушыларды грамоталармен, мақтау қағазымен марапаттау, негізгі орта білімді үздік бітіру туралы куәліктер, негізгі орта білімді бітіргендігі туралы, үздік аттестат, жалпы орта білімі туралы аттестат, белгіленген үлгідегі анықтама беру туралы мәселелерін;

      5) педагогтардың оқу жүктемесін бөлу, тарификацияны бекіту, аттестаттауға дайындау, марапаттау және мадақтау мәселелерін қарайды.

      9. Педагогикалық кеңестің жұмысы оқу жылына әзірленетін педагогикалық кеңес отырысында қаралатын және білім беру ұйымының басшысы бекітетін жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі.

      10. Педагогикалық кеңес жылына 5 реттен кем емес жиналады.

      11. Педагогикалық кеңес отырысында талқыланатын мәселелер бойынша орындау мерзімі және орындауға жауапты тұлға көрсетілген қаулы шығарады. Кеңестің кезекті отырысында төраға өткен педагогикалық кеңес шешімінің орындалу нәтижесі туралы баяндайды.

      12. Педагогикалық кеңестің шешімі қарапайым жай дауыс берумен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.

      13. Педагогикалық кеңестің отырысы хаттамамен ресімделіп, оған педагогикалық кеңеске шығарылатын мәселелердің талқылану барысы, педагогикалық кеңес мүшелерінің ұсыныстары және ескертулері жазылады. Хаттамаға кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды.

      14. Педагогикалық кеңестің хаттама кітапшасының әрбір беті нөмірленген, жіппен тігілген, білім беру ұйымының мөрімен және директордың қолымен бекітілген болуы керек.

      15. Ұйымның педагогикалық кеңесінің хаттама кітапшасы білім беру ұйымның істерінде 10 жыл сақталады және акті бойынша архивке беріледі.

6

Қолданушылардың назарына!!!        Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз.

      2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгі ережелері бекітілсін.

      2. Орта білім департаменті (М.Т. Санатова):

      1) аталған бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалалық білім департаменттерінің, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін;

      2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің        міндетін атқарушы                             Ф. Қуанғанов

Қазақстан Республикасы      Білім және ғылым министрінің    міндетін атқарушының         2008 жылғы 16 мамырдағы      N 272 бұйрығымен        бекітілген           

7

Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасы бекітілді

 «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 45-1) тармақшасыніске асыру мақсатындаБҰЙЫРАМЫН:       1. Қоса беріліп отырған Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасыбекітілсін.       2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А.Жонтаева):       1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;       2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.       3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.Н.Сарыбековке жүктелсін.       4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Жұмағұлов

      «КЕЛІСІЛДІ»       Қазақстан Республикасының       Денсаулық сақтау министрлігі       _____________ С. Қаирбекова       «__»___________2011 ж.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 528 бұйрығымен бекітілді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]