Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
511.docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
186.93 Кб
Скачать

4. Бағдарламаның мақсаты және міндеттері

Мақсаты: Білім алушылардың патриоттық және азаматтық сана, адамгершілік, толеранттылық, жалпы мәдени, салауатты өмір салты, шығармашылық қабілетін іске асырудың жоғары деңгейін қалыптастыруға бағдарланғанұлттық тәрбиежүйесін дамыту және жаңғырту

Міндеттері:

1. Білім беру ұйымдарында тәрбие жүйесін дамытуға қажет қазақ халқының ұлттық, отандық және әлем мәдениеті құндылықтарына негізделген нормативтік базасын жетілдіру.

2. Білім беру ұйымдары білім алушыларын тәрбиелеуде Қазақстан

Республикасы басымдықтары контексінде өскелең ұрпаққа тіршілік әрекетінің барлық сферасында өзін-өзі тануына мүмкіндік беретін тәрбиенің басты бағыттарының мазмұнын (ақыл-ой, адамгершілік, патриоттық, еңбек, эстетикалық және т.б.) анықтаудың ғылыми-теориялық және әдістемелік базасын әзірлеу.

3. Отанының тағдыры үшін жауапты, белсенді азаматтық позициясы бар

Қазақстан азаматы мен патриотының тұлғасын қалыптастыру және дамыту.

4. Тұлғаның құқықтық санасын, саяси белсенділігін, құқықтық мәдение —

тін қалыптастыру.

5. Балалар мен оқушы жастарда адамдарға қатысты адамгершілік тәрбие,

қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын басқа этностар мен этникалық топтар мәдениеті мен дәстүріне құрмет, ұлттық мұраға бейімдеу, толеранттылық сана, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру білігін қалыптастыру негізінде ұлтаралық қатынастар мәдениетін арттыру.

6.Өскелең ұрпақ тәрбиелеуде ана тілі, мәдениеті, дәстүрі және басқа да

құндылықтар арқылы отбасы рөлін күшейту.

7. Оқушы жастар арасында әлеуметтік жетімдік, бейәлеуметтік мінез-құлық және идеологиялық экстремизм, нашақорлықты тарату және басқа да келеңсіз құбылыстарды жеңуде қажет шарттарды қамтамасыз ету.

8. Тәрбие бағдарламалары мен технологияларын іске асыруда тәрбие саласында инновациялық іс-әрекетті ынталандыру, жаңа тұрғыларды енгізу механизмдерін әзірлеу.

9. Педагогикалық және тәрбие жұмыстары жетекші қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жаңа талаптарға сәйкес арттыру. Тәрбие саласында ғылыми кадрларды даярлау.

7.Тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі принциптері

Тәрбие принциптері – адам тәрбиесіне негіз болатын идеялар немесе құндылықты тұғырларды, қоғам дамуының деңгейін, оның тұлғаның нақты типін жаңғырту, тәрбие процесінің мазмұны, әдістері мен ұйымдастыру қажеттілігі мен талаптарды көрсетеді.

Бағдарламаны іске асыру қағидалары мен маңызды ережелері – міндетті түрде сақталуы тиіс принциптер:

Тәрбиенің табиғи сәйкестілік принципі тәрбие табиғи және әлеуметтікмәдени процестердің өзара байланысын ғылыми деңгейде түсінуіне, табиғат және адам дамуының ортақ заңдарымен келісілуіне, онда өзіндік дамуы үшін, өзінің әрекеті мен мінез-құлқының экологиялық салдарлары үшін жауапкершілігін және балаларда жеке басының және жас ерекшеліктерін ескере отыра тәрбиелеу қажеттілігін қалыптастыруына негізделуі тиіс.

Тәрбиенің мәдени-сәйкестілік принципі тәрбиенің жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделе және этникалық мәдениет дәстүрлері, нормалары мен аймақтық ерекшеліктеріне сәйкестікте құрылу, адамды этностың, қоғамның, тұтас әлемнің мәдениетіне қатыстырылу тиістігін болжайды.

Тәрбиенің гуманды-бағыттылық принципі адам тұлғасына гуманды қарым-қатынас жасауды, оның құқықтары мен еркіндігін құрметтеуді, тәрбиеленушінің дене, әлеуметтік және психикалық денсаулығы туралы қамқорлықты болжайды.

Тәрбиенің мақсаттылық принципі тұлға қалыптасуы мен дамуының әрбір сатысында мақсаттың айқындығын, социум қажеттілігін ескеруді, тәрбие жұмысының мазмұны мен түрін тиімді таңдауды талап етеді.

Тәрбиенің қоғамдық бағыттылық принципі тәрбиеленушілердің Конституция және мемлекет заңдарын құрметтеуді тәрбиелеуге бағытталған азаматтық, әлеуметтік және тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруды болжайды.

Тәрбиенің өмірмен және еңбекпен байланыс принципі тәрбиеленушілердің адамдардың қоғамдық және еңбек өмірімен кеңінен танысуын және оларды түрлі қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстырылуын көздейді.

Тұлғалық көзқарас принципі тәрбиеленушілердің жас, жеке, тұлғалық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеруді болжайды.

Тәрбиенің халықшылық принципі тәрбие негізі ретінде халықтың дәстүрлері мен ұлттық-мәдени құндылықтарын, шаруашылық және рухани тәжірибесін анықтайды.

Халықтың мәдени мұра басымдығы принципі – патриотизмге тәрбиелеуді, өз үйіне, туған өлкесіне құрмет қалыптастыруды, тәрбиеленушілерді қазақ халқының дәстүрлеріне, ұлттық-мәдени және педагогикалық құндылықтарына қатыстыруды білдіреді.

Тәрбиенің үздіксіздік принципі тұлғаның бүкіл өмір сүру кезеңдерінде жан-жақты дамуын: оның күші мен қабілеттерін шығармашылық әлеуеті мен мүмкіндіктерінің, оның кәсіби және жалпымәдени өсуінің үдемелі толысуында барынша толық іске асыруын көздейді.

Әлеуметтік өзара тиімді әрекет ету принципі білім беру жүйесінің түрлі типтегі ұжымдарында білім алушыларға қарым-қатынас аясын кеңейтуге мүмкіндік беретін, әлеуметтікмәдени өзіндік анықтау, тепе-тең қатынастың сындарлы процестері үшін жағдай тудыратын, тұтас алғанда әлеуметтік бейімделуін, өзін жүзеге асыруын қалыптастыратын тәрбиелеуді іске асыруды көздейді.

Демократияландыру принципі тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс-әрекет, достастық, ынтымақтастық және шығармаластық педагогикасына негізделген жүйені болжайды. Ол сонымен қатар, педагогикалық басшылық, өзін-өзі басқару, бірге басқару және өзін-өзі реттеу жүйелерінің құрылымына кіретін өзара байланыс пен өзара шарттылықты білдіреді. Оқушыларды еркіндік, тұлғалық қасиет рухында және т.б. тәрбиелеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]