Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
511.docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
186.93 Кб
Скачать

4Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ЖОБА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ

ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ 2013-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Астана

2013

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде

тәрбие берудің 2013-2015 жылдарға арналған

кешенді бағдарламасының

ҚҰРЫЛЫМЫ

Мазмұны

1. Бағдарламаның паспорты

2. Кіріспе

3. Қазақстан Республикасында балалар мен жастар тәрбиесінің қазіргі

жағдайының талдауы

4. Бағдарламаның мақсаты және міндеттері

5. Тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі принциптері

6. Тәрбие мазмұны

7. Білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің басым бағыттары

8. Бағдарламаны іске асыру механизмі

9. Кадрлардың біліктілігін арттыру

10. Күтілетін нәтижелер

11. Глоссарий

1.Бағдарламаның паспорты

Атауы:

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбие берудің 2013-2015 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіз:

1.

ҚР Конституциясы, 1995 жылдың 30 тамызында Республикалық референдумда қабылданды

2.

«Қазақстан – 2030» Стратегиясы, 2003 жылдың 15 тамыздағы № 1165 Жарлығы

3.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы,

2007 жыл 27 шілде № 319-Ш ЗРК

4.

«Бала құқықтары туралы» БҰҰ конвенциясы, БҰҰ Бас Ассамблеясында 1989 жылдың 2 қыркүйегінде қабылданды

5.

«Қазақстан Республикасындағы бала

құқықтары» туралы ҚР Заңы 2002 жылдың 8 тамызы №345-II

6.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, ҚР Президентінің 2010 жылдың 7 желтоқсанындағы №1118 Жарлығы

7.

Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 29. 06. 2012 ж. №873 Қаулысы

8.

Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру

жүйесіндегі тәрбие Тұжырымдамасы, ҚР БҒМ 2009 жылдың 16 қарашадағы № 521 Бұйрығы

9.

Қазақстан Республикасында этномәдени білім

беру Тұжырымдамасы, ҚР Үкіметінің 1996 жылдың 15 шілдедегі № 3058 Қаулысы

Негізгі әзірлеуші:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Мақсаты:

Білім алушыларда патриоттық және азаматтық сананың жоғары деңгейін қалыптастыруға, адамгершілік, толеранттылық, жалпы мәдени, салауатты өмір салты, шығармашылық қабілетін жүзеге асыруға бағытталған ұлттық тәрбие

жүйесін дамыту және жаңғырту

Міндеттері:

1.

Білім беру ұйымдарында тәрбие жүйесін дамытуда қазақ халқының ұлттық, отандық және

әлемдік мәдени құндылықтарына негізделген

нормативтік құқықтық базасын жетілдіру

2.

Білім беру ұйымдары білім алушыларын тәрбиелеуде Қазақстан Республикасы

басымдықтары контексінде, өскелең ұрпаққа тіршілік әрекетінің барлық саласында өзін-өзі тануына мүмкіндік беретін тәрбиенің басты

бағыттары мазмұнын (ақыл-ой, адамгершілік, патриоттық, еңбек, эстетикалық және т.б.) анықтаудың ғылыми-теориялық және әдістемелік

базасын әзірлеу

3.

Отанының тағдыры үшін жауапты, белсенді азаматтық позициясы бар Қазақстан азаматы мен патриотының тұлғасын қалыптастыру және

дамыту

4.

Тұлғаның құқықтық санасын, саяси белсенділігін, құқықтық мәдениетін қалыптастыру

5.

Балалар мен оқушы жастарда адамдарға қатысты адамгершілік тәрбие қалыптастыру, қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын басқа этностар мен этникалық топтар мәдениеті мен дәстүріне құрмет, ұлттық мұраға бейімдеу,

толеранттылық сана, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру білігін қалыптастыру негізінде ұлтаралық қатынастар мәдениетін арттыру

6.

Өскелең ұрпақ тәрбиелеуде ана тілі, мәдениеті, дәстүрі және басқа да құндылықтар арқылы отбасы рөлін күшейту

7.

Оқушы жастар арасында әлеуметтік жетімдік,

бейәлеуметтік мінез-құлық және идеологиялық экстремизм, нашақорлықты тарату сияқты басқа да келеңсіз жағдайларды жеңу үшін қажет шарттарды қамтамасыз ету

8.

Тәрбие бағдарламалары мен технологияларын

іске асыруда тәрбие саласында инновациялық іс- әрекетті ынталандыру, жаңа тұрғыларды енгізу механизмдерін әзірлеу

9.

Педагог және тәрбие жұмыстары жетекші қызметкерлердің кәсіби деңгейін жаңа талаптар бойынша арттыру. Тәрбие саласында ғылыми кадрларды даярлау.

Іске асыру механизмі:

• Білім беру жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттарына сәйкес білім беру ұйымының

тәрбие жұмысын қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілер әзірлеу

• Тәрбие жұмысының сапасын және нәтижелілігін бағалау критерияларын дайындау

• Тәрбие жүйелері мониторингінің әдіснамалық

және ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу

Іске асырылу мерзімі:

2013-2015 жылдар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]