Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Жанр дегеніміз

.doc
Скачиваний:
186
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
301.06 Кб
Скачать

Жанр дегеніміз – белгілі бір шығарманың, газет, журнал материалының, радио, телевизия хабарының көрініс табу формасы. Нақты болмыс-құбылысты жазып, суреттеп айтып берудің, оқиға, фактілерді көрсетудің ғылым белгілеген, жұрт таныған формалары болады. Өзіндік сипаты, өзіндік белгілері бар сол формалардың әрқайсысы жанр деп аталады. Белгілі бір шығарманың, газет материалының өзіне ғана тән, өзін ғана ерекшелендіріп тұрған құрылымдық-композициялық, тілдік, стильдік, тағы басқа белгілерінің жиынтығы оның жанрын айқындайды. Әдебиетіміздің өнімді де өркенді бір саласы – сатираның да өз объектісі, өз міндеті, атқарар өзіндік рөлі, соны жүзеге асыруда қолданар құралдары болады. Осыдан келіп оның әр қилы жанрлары туындайды. 

АҚПАРАТТЫҚ ЖАНРЛАР

Ақпарат бүгінде демократияландыру үрдісінің басты өлшемдерінің біріне де айналды. Нейдер деген американ заңгерінің «Информация – основная валюта демократии» деген сөзін осы жерде еске алуға болады . Сондай-ақ, ақпарат дегеніміз қоғамдық мәніне сай жаңа мағлұмат, білім. Қазіргі таңда әрбір елдің ең негізгі ұлттық құндылығы – білім екендігіне ешкім күмән келтірмесе керек. Осыдан келіп-ақ, белгілі бір елде зайырлы қоғамның орнауының, материалдық өндірісінің қуаты, рухани ойының потенциалы сондағы айналымға енгізіліп отырған ақпараттың мөлшері мен сапасы арқылы бағаланатын үрдіс әлемде қалыптасқанын байқаймыз. Масс-медиадағы екінші бағыт – ақпаратты журналистиканың белгілі бір жанры деп біледі. Журналистика жанрларының ең негізгісі әрі атасы ақпараттық жанрлар. Ақпараттық жанрдағы материалдар субъективтік көзқарастан, жеке тұлғаның қорытындысынан ада болатындықтан әлем журналистикасын зерттеушілер оны жарияланымның жоғары формасы деп атап жүр. Өзге жанрлардан гөрі ақпараттық жанр түрлері артық шеберлікті, нақтылықты, жинақтылықты талап етеді. Ақпараттық хабарда әсіресе қызыл сөздермен тіл безеудің де, өте қара байыр тілмен тұрпайы жазудың да зияны бірдей болғандықтан, жалпы және кәсіби шектеулер ақпарат жазушының іс-әрекетін ретсіздіктен, жүйесіздіктен сақтап, нағыз іскер, әрі шығармашылық тұрғыдан тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік жасайды. Сондықтан да ақпараттық жанр – ең өнімді жанр. Қоғамдық-саяси мазмұнына сай әркімге ең жақын әрі тартымды жанр болып табылатындықтан ақпарат құралдары, соның ішінде мерзімді басылымдардың онсыз күні қараң деуге болады. Газеттер мен электрондық ақпарат құралдарындағы барлық жарияланымдардың 40-қа жуық пайызын ақпараттық туындылар иеленіп жатқаны бұл сөзіміздің айғағы.

Шынымен де ақпараттық жанрлардың баспасөзде ерекше ойып алар орны бар. Олар – газет тішілерінің болған оқиғаның ізін суытпай, жеңіл де ыңғайлы жаза қоятын жанрлары. Ақпараттық жанрлар бүгінгі өмір тынысын, шетелдердегі тұрмыс шындығын жан-жақты көрсетеді. Егер хабар жанрларын баспасөзде орынды пайдалана білсе, оның мүмкіндігі шексіз. Сондықтан бүгінгі өскелең өміріміздің жаңалық хабаршысы – ақпараттық жанрдың мерзімді баспасөзден кең орын алуы қуанарлық та, құптарлық іс.

  • Ақпараттық жанрлар:

    • хроника,

    • ақпарат,

    • кеңейтілген ақпарат,

    • сұхбат,

    • есеп,

    • репортаж,

    • арнайы репортаж,

    • баспасөз сауалнамасы және т.б.

Заметка Заметка дегеніміз – ең шағын және оперативті жанр. Ол өмір шындығының нақты фактілері, құбылыстары туралы дәлме-дәл тұжырымды хабарлайды. Заметка көбінесе телеграфтық стильде жазылады. Баспасөздің бұл қарапайым да шағын жанры үгіт-насихатты факті арқылы жүргізетін, оқушыға әсерлігі жағынан ең бір қонымды да ыңғайлы жанр боп саналады. Ол еліміздің, республика мен өлкенің, облыс пен ауданның өмірінде болып жатқан жаңалықтарды, өнеге боларлықтай жайларды, үздік үлгі боларлықтай істер мен жаңа бастамаларды газет оқушыларына тұжырымды түрде жеткізеді. Заметка өмірдің жағымды жақтармен бірге, кейбір кемшіліктері туралы да еңбекшілерге дер кезінде жария ғып отырады. Газеттердің қайсысын алсаңыз да, заметкасыз олардың бір де бірі іжарыққа шықпайды. Газет окушыларының назарын аударарлық жақсы заметкалар жиі-жиі жарияланып тұрса, онда, ол газеттің өмірге терең араласып, газет қызметкерлерінің өмірді жақсы білетіндігін көрсетеді. Демек, газетте өмір ақиқатының шын ұшқындарын шебер керсететін заметкалар неғұрлым көп болса, соғұрлым сол газеттің ажарын ашып, көркемдігі мен мазмұнын байыта түседі.  Заметканың негізінде бір оқиға, бір құбылыс, бір объект ғана жатады. Заметканың авторы өз пікірін байыптау мен қорытынды жасамайды. Тек бір мәселені, я құбылыс пен бір жақсы бастама, не бір аяқталған жақсы іс туралы үн қатады, соны газет окушыларына асыға хабарлайды. Әрине, заметка жазу үшін көрген-білген, естігендердің бәрі бірдей, кез келген факт негіз бола бермейді. Тек әлеуметтік мәні бар фактілер ғана, өмірдің белгілі бір құбылысын, елесін көрсететін фактілер ғана негіз бола алады. Заметкаға өзек болып отырған факт мен құбылыс тың қоғамдық мәні мен маңызы салмақты болуға тиіс. Сонымен қатар заметка тек өмір шындығына, фактілер мен ресми цифрларға, документтерге сүйеніп отырады. Мұның өзі заметканың айқын, дәл болуының және тек шындыққа ғана сүйенетіндігінің айқын белгілерінің бірі болады, яғни заметканы жазу үстінде автор тек өмір шындығына, өмір фактісіне ғана сүйенуге тиіс. Заметка - үгіт-насихатты тек фактімен жүргізудің бірден-бір құралы. Мұндай әдіс пен тәсіл - өздерінің жұмыс істеп отырған облысы мен аудан еңбекшілерінің күнделікті өмірінде қандай өзгерістер мен жаңалықтар болып жатқандарын анықтап біліп, олардың қайсысын көпшілікке үлгі ретінде хабарлап, қайсысын кемшілік ретінде сынға алу үшін редакция қызметкерлері мен авторлар үшін үлкен тәжірибе мектебі болуға тиіс.  Өмірдің осындай шындықтарынан алынған заметкалар баспасөзде әр түрлі формада жазылады. Заметкалар ортақ немесе дербес заголовоктармен беріледі. Заметка алуан түрлі формада жазылғанмен, заметканың негізгі екі ғана түрі бар деп санаймыз. Атап айтқанда, бірнеше жолдық тектес заметкалар және дербес заметка. Дербес заметка екі түрлі формада кеңейтілген түрде және сын түрінде жазылады да, ол газеттің күнделікті ісінде өте жиі кездесіп отырады.  Тектес заметкалар. Халық шаруашылығы мен мәдениет саласында болып жатқан алуан істердің жемістерін шағын жолдармен жеткізеді. Заметканың бұл түрі көбінесе өмірдің жағымды фактілерімен оқушыны көңілдендіріп қуантып отырады. Газет редакцияларына талай-талай тамаша қызықты фактілер, хабар-хаттар түсіп жатады.  Тектес заметканың өз алдына дербес заголовкасы болмайды, бірнеше жолдық боп, бір атаумен топталып береді. 

Дербес заметка. Бұл заметканың өз алдына дербес заголовогы болады. Дербес заметка, тектес заметка сияқты, ортақ заголовокпен берілмейді. Өйткені оның баяндалуы да, көлемі де ол ырыққа көнбейді. Дербес заметка тектес заметкаға қарағанда көлемі жағынан анағұрлым кең болады да, мәселені толығырақ қамтиды. Қол жеткен табыстардың мәні мен маңызын барынша қысқа, бірақ айқып баяндайды. Табыстың мәні мен маңызын хабарлаумен бірге оның сырын да жол- жөнекей, жол арасында түсіндіріп кетеді. Заметканың бұл түрі халық шаруашылығындағы жаңалықтарды, үлгілі істерді, жеке адамдардың еңбектегі көрнекті табыстарын өзіне өзек етеді. 

РЕПОРТАЖ Репортаж латынның «rераrtоrе» деген сөзі - хабарлау, баянlау деген мағына береді. Алғашқы уақыттарда ағылшын парламентінің мәжілістері туралы берілген хабарларды репортаж деп атаған. Ондай репортаждардың авторлары - мәжіліске қатысқан баспасөз өкілдері - репортёрлер болған. Репортажға тән нәрселер: репортёр болған оқиғаның басы-қасында, оны бақылаушы болады. Ол сол оқиғаны болған қалпында суреттеп жазады, оны өз әсерлерімен, өз пікірлерімен толықтырады. Кез келген уақ-түйек оқиғалардың бәрі бірдей репортаж жазуға негіз бола бермейді. Оның өзегінде елеулі қоғамдық-әлеуметтік оқиғалар жатуға тиіс. Ол оқиғалар толық, жан-жақты, жүйелі түрде дамытылуы керек. Репортаж жаңа да елеулі оқиғалар туралы жазылып, өмір шындығына сүйенеді. Тіл, стилі нәрлі де тартымды болуы керек. Егер осы ойымызды түйіндесек: автор өз түйсігі арқылы өмір картиналарын дәлме-дәл күйінде баяндаса, оның баяндауы публицистикалық мәнермен әсерлі де әдемі келіп, болған оқиғаға автордың өзі қатысқаны шығарманың бүкіл өнбойынан сезіліп тұрса, бұл газеттің хабар жанрларының бір түрірепортаж болады. 

Репортажды жазу және ұйымдастыру жөнінде бір-екі сөз. Әрине, бұл жөнінде «рецепт» ұсыну дұрыс емес. Солай бола тұрса да теория мен тәжірибенің негіздеріне сүйене отырып бірқатар ойлар мен ұсыныстарды ортаға салу жөн болса керек. Ең алдымен, репортажды жазу өте шапшаңдылық пен аңғарымпаздықты талап етеді. Тіпті материалды лезде жаза да, ұйымдастыра да білу керек. Репортаж жазушының бұл жанрды жазуға өзінің табиғи қабілеті мен таланты болуға тиіс. Журналист - творчестволық кызметкер. Оқиға болған жерге барғанда көрген-білгендері онын ой елегінен, субъективтік қабылдауынан барып өтеді. Сондықтан журналист көргендері мен сезгендерін, ойда жүргендерін күні бұрын қандай да болса белгілі бір схемаға салып қоюы әсте мүмкін нәрсе емес.

Журналист репортажды жазуды жоспарлап, ойға салу үстінде біздің жан-жақты сан алуан күрделі өмірімізді тым жақсырақ, неғұрлым ұғымдырақ, толығырақ, сапалы етіп көрсетуді ешбір естен шығармауға тиіс. Журналистің жазуға ықыласы ауған әрбір мәселе мен кездескен оқиғасының тек өзіне ғана тән өзгешеліктері және ешбір қайталанбайтын ерекшеліктері болады. Міне, сондықтан да әрбір оқиға мен факті жайында жазудың, оны көрсете білудің әдістері әрқашанда да соны және жаңаша, ерекше болуы керек. Айталық бір ғалым өзінің ғылыми лабораториясында бидайдың бір жаңа сортын өсіріп шығарды. Міне, осыны жазу үшін оған репортёр келді. Мұны жазу ісіне репортёр ең әуелі лабораториядағы адамдар туралы айтып, коллективті әңгімелеуден бастауы мүмкін. Өйткені қазіргі заманда ғылымның үлкен-үлкен тамаша табыстары коллективтік еңбектің нәтижесінен шығуы кімге де болса түсінікті. Демек репортажды әуелі жалпы мәселеден бастап, сонан соң жалқыға қарай ауысып, ең басты мақсат - ғалым бидайдың жаңа сортын қалай шығарғанын толық жан-жақты жазуға болады.

Репортаждың мақсаты – болған оқиғаны тек бұлжытпастан суретке түсіру емес. Журналист оған тиісті мағына беріп, оның бояуын «қылқаламмен» әдемілей білуі керек.

 Репортаждың түрлері

Оперативті репортаж. Бұл репортаж белгілі бір уақыттың ішінде болған оқиғаны ғана қамтиды. Мысалы, бір делегацияның келуі, салтанатты жиылыстар мен мерекелердің өткізілуі, немесе спортшылардың кездесулері және тағы басқа оқиғалар. Мұндай оқиғалар белгілі бір күнде, нақтылы бір уақытта өтеді. Сондықтан сол күні, сол сағатта оған қатысып жазбасаң, әрине, оның маңызы болмай қалады. Ал маңызын жойып алған репортаждың ешбір мағынасы қалмайды. Сондықтан мұндай репортажды тек оперативті түрде ғана жазуға болады. 

Оқиғалы репортаж. Кең-байтақ Отанымызда талай-талай таң қаларлық құбылыстар мен оқиғалар болып жатады. Кейбір оқиғалардың қоғамдық-саяси мәні болумен бірге, ол Отанымыздың даму кезеңдерінен елеулі орын алатын оқиғалар болады. Ал, кейде болған оқиғаның тек еліміз үшін емес, бүкіл социалистік елдер үшін, социалистік система үшін, қала берді бүкіл адам баласының тарихында елеулі орын алатыны да болады. Әрине, мұндай жайлар бүкіл елімізді, оның халқын, қала берді бүкіл жер жүзін, бір сілкіндіріп тастайтындығында сөз жоқ. Міне, осындай мәні өте зор оқиғаға арналған репортаждарды оқиғалы репортаж дейміз.

Проблемалық репортаж. Бұл репортаж халық шаруашылығының барлық саласынан жазылады. Репортаждың бұл түрі кәсіпорнының, колхоз бен совхоздың күнделікті өмірінен, ғалымның лабораториясынан жазылады. Әрине, бұл жерде ешқандай оқиға болмайды. Өйткені, кеше де, бүгін де, ертең де заводтар, колхоздар мен совхоздар, кәсіпорындары жұмыс істеген, істеп те жатыр және істейді де. Репортаждың мұндай түрінде журналист кәсіпорындары мен совхоздардың немесе колхоздардың бір күнгі еңбек көрінісін суреттеп жазады. Болмаса жеке бір озаттың еңбек қимылын қамтиды. Мұндай репортажда істің жақсы жақтары: озат кәсіпорны, үздік еңбектің үлгісін көрсетуші адам туралы баяндалады. Мұндай жайсаң жайларды көрсету арқылы, газет оны халық шаруашылығына тартуды көздейді. 

Жол-жөнекей репортаж. Репортаждың бұл түрі жол-жөнекей очеркке ұқсас келеді. Ол оқиға туралы баяндаумен қатар журналист жол-жөнекей көргендерінің ішшде елеулі нәрселердің бәрін қысқа баяндап отырады. Журналист заводты, қаланы, яғни белгілі бір объектіні аралағанда назар аударатын жайларды қысқаша, қоюлап жазып отырады. Жол-жөнекей репартаж көбінесе репартердің оъектіні аралау сапарынан туады. 

Сөйтіп, жол-жөнекей репортаж көбінесе кәсіпорындары мен совхоз, колхоз шаруашылығын аралау үстінде туады. Репортёр мұндай репортажды жол-жөнекей байқап, көрген-білгендерін әдемілеп суреттей отырып аралаған жерлерінің барлық жайын, адамдардың еңбегін, олардың көңіл күйін көрсетеді.

ИНТЕРВЬЮ  Журналист қоғам қайраткерлерімен немесе шаруашылық салаларында істеп жүрген озаттар мен сан алуан мәселелер жөнінде әңгімелесіп, пікір алысады. Әрине, бұл әңгімелер мен пікірдің біздің ұшан теңіз болып толқып жатқан өміріміз үшін маңызы мен қоғамдық саяси мәні зор болуға тиіс. Әңгіме болып отырған мәселенің мән-жайын жақсы білетін, болған оқиғаны дұрыс бағалай алатын адамнан интервью алу газет үшін өте бағалы болып саналады.

Әңгіме, кез келген адаммен кездесіп, онымен ауызба-ауыз сөйлескен әңгімені бұлжытпай жазып алу деген сөз емес. Жұмыстық табысты болуы мынадай жайларға байланысты: журналист әңгімеге лайық тақырыпты таңдай білді ме, әңгімені алу үшін кіммен сөйлесу керек, әңгімені алуға журналистің өзінің әзірлігі қалай, лайықты сұрақтар қоя білді ме? Міне, осындай негізгі талаптарды журналист орындағанда ғана оның әңгімесі көңілдегідей болып шығады. Интервью туралы айта келіп, бұл жанрды аныктай түссек күн тәртібіне өмірдің өзі ұсынып отырған қоғамдық мәні бар мәселе жөнінде журналист белгілі бір адамның ой-пікірін біледі, немесе сол мәселе жөнінде одан түсініктеме алады, онымен сөйлеседі. Осыларды әдеби өңдеп, қорытып жазады, міне, осы талаптарға сай жазылған материал газеттің хабар жанрының бір түрі - интервью боп аталады. 

Қазіргі баспасөзімізде: интервью - әңгіме, интервьюдің сұрақ-жауап түрі; интервью - суреттеме, интервьюдің анкета түрлері бар. Сонымен қатар соңғы кездері газет «тілші тілдескенде», «Біздің интервью» деген және басқа рубрикалармен де итервьюлер жариялап жүр.

Интервьюдің әңгіме түрі. Журналист белгілі бір адаммен кездесіп, әңгімелеседі. Бірнеше сұрақтарына жауап алады. Сол мәселе жөнінде ол адамның пікірш біледі. Мұндай кездесу көбінесе жайдары жағдайда, екі адамның жәй ғана әңгімелесуі жағдайында өтеді. Журналист фактілерін жинақтап, ой-пікірін саралап, белгілі бір мақсатқа бағыштап, бір арнамен, бір тақырыптың аумағында жазып шығады. Әңгіменің соңында жазып алған «пәлен» деген аты-жөні айтылады. Немесе әңгіме тақырыбының астына «мынадай адаммен әңгіме» деп жақша ішіне алына да қойылады. Немесе тілші тиісті бір адамға жолығып, керекті бір мәселені газет оқушыларына айтып берудіде өтінуі де мүмкін. 

СҰХБАТ. Бұл ағылшын сөзі, аударғанда – баспасөзде жариялау немесе радиода беру үшін жазылған әңгіме деген сөз. Сұхбатта кіммен әңгімелескеніңді, әңгіменің мақсаты қандай екендігі  көрсетілуі қажет.

Сұхбаттың өзіне тән ерекшелігі сол, мұнда фактілерді немесе оқиғалар жайында айтылған пікірлерді баяндаужурналистің атынан емес, сұхбат берген адамның атынан болады. Демек журналистке қарағанда редакция қойып отырған мәселеге көбірек қатысы бар адамның пікірлерімен, пайымдауларымен сұхбат құндыболып келеді.сұхбат дегеніміз – журналист пен әңгіме жүргізілген адамның екеуара біріккен шығармашылықжұмысы.оның табысты болуы көп жағынан жүргізушіге, яғни журналистке байланысты. Ол жоғары мәдениетті, редакциялық жұмыстан мол тәжірибесі болуға тиіс.

Әрбір жанр сияқты сұхбат та бірнеше түрге бөлінеді:

1. сұхбат-монолог;

2. сұхбат-диалог;

3. суреттеме-сұхбат;

4. анкета;

EСЕП (ОТЧЕТ)

Газет есебі - съездер, конференциялар, мәжілістер мен кеңестер туралы мерзімді баспасөзде жиі жазылатын хабар жанрларының бір түрі. Коммунистік партияның съездерінен бастап, біздің еліміздің кәсіпорындарында, колхоздары мен совхоздарында жиі-жиі өткізіліп тұратын өндірістік мәжілістерге дейін коллективтік ойласу мен ақылдасудың көріністері және де елеулі істердің барлығын да көпшілік болып шешу социалистік қоғамда дәстүрге айналған. Өйткені мемлекеттік, қоғамдық-әлеуметтік істерді коллективтік тұрғыдан шешу совет мемлекетінің табиғатынан туады. Мұның өзі - жеке мүддеден қоғамдық мүддені жоғары қою, партия мен Отанның мүддесін жоғары және адал ұстау деген сөз.

Істі коллективтік түрде басқару, оны асықпай-саспай, алып-ұшпай коллективтік оймен пікірлесудің нәтижесінде шешу біздің партиялық, мемлекеттік және қоғамдық, шаруашылық істеріміздің негізгі принципі боп саналады. Міне, осы тұрғыдан алғанда еліміздің қалалары мен ауыл-селоларында, заводтары мен фабрикаларында, мекемелері мен совхоз, колхоздарында, оқу орындарында сан алуан мәселелерге арналған жиналыстар мен кеңестер жиі өткізіліп тұрады. Бұл жиналыстарды партия, совет, комсомол, кәсіподақ ұйымдары өткізеді. Халық шаруашылықтары коллективтерінің де жиналыстары, әр түрлі кеңестер мен мәслихаттары өткізіліп жатады. Сонымен қатар еңбекшілердің митингілері мен салтанатты демонстрациялары, бір жерде ескерткіштің ашылуы, өткізілген спорт жарыстары, әр түрлі делегациялардың кездесуіне арналған салтанатты жиналыс, міне, осы сияқты оқиғалар әр кезде де баспасөздің шағын жанры - газет есебінің өзегі болып отырады. Еліміздің көсемі халқымыздың ақылы мен ожданы болып отырған Қоммунистік партияның съездері, конференциялары мен пленумдары ел өмірінің үлкен қоғамдық саяси елеулі оқиғасы боп саналады. Бұл оқиғаны да баспасөз газет есебінің жанры арқылы ел құлағына жеткізеді. Газет отчетын жазу - творчестволық жұмыс. Ол журналистен оқиғаға жауаптылықпен қарауды талап етеді. Өйткені жиналыстар мен өнеркәсіптік мәжілістерде көптеген мәселелер қаралады, талай ойлар тоғысады, пікір таластары туады. Мұның ішінде дұрыс та, бұрыс та пікірлер ұшырасады. Ал кейде дұрыс, пайдалы пікір қағыс қалып, теріс пікірлерді қолдаушылар табылуы мүмкін. Бұл жағдайда журналист барынша объективті, барынша адал болуға тиіс. Тек құр адалмын дегеннен гөрі жиналыста қаралған мәселеге жан-жақты, терең түсініп алу керек. Бұл тұрғыдан келгенде, оқиғаға сол жиналыста каралған мәселеге баға бергенде партиялық тұрғыдан келу, лениндік принциптілік тұрғыдан келу талап етіледі. Әрине, мұның барлығы фактіге баға беру, баяндамашы мен сөйлеушілердің сөздерін іріктеу, олардың ой-пікірлерін сараптаудан шықса керек-ті. Есептің мерзімді баспасөзде жиі қолданылып, көп таралғанымен де, оның санаулы ғана түрлерін атауға болар еді. Қазіргі баспасөздің тәжірибесіне карағанда хабар жанрының бірі - газет есептері: заметка түрінде, қысқа есеп түрінде, тіке және кеңейтілген есеп түрінде, суреттеме түрінде беріледі. Сонымен қатар спорт тақырыптары және соттың мәжілістеріне арналған газет есептері де болады.

Есептің заметка түрі. Телеграфтық стильмен бірнеше жол ғана жазылады. Есептің бұл түрінде жиналыс қайда, қашан өткені, қандай баяндама жасалғаны, оны кім жасағаны, жиналыс қандай шешім қабылдағаны қысқа хабарланады.

Тіке есеп. Мерзімді баспасөздегі мұндай есептер коммунист партиясының, бүкіл еліміздің өмірінде болған елеулі оқиғаларға арналады.

Кеңейтілген есеп. Есептің бұл түрінде жиналыста, мәжілісте қаралған мәселелер түгел көрсетіледі. Мұнда баяндамашы да, сөйлеушілер де түгел қамтылады. Журналистің болған оқиға, қаралған мәселе туралы өзінің пікірін білдіруіне толық жағдай туады. Журналистің шеберлігі де, мәселені қаншама терең білетіндігі де, тақырыпты қандай дәрежеде меңгеретіндігі де, оның адалдығы мен принциптілігі де осы есептің кеңейтілген түрін жазу үстінде анық байқалады. 

Қеңейтілген есеп екі түрлі боп жазылады. Ол такырыптық және сын формасында кездесіп отырады. Кеңейтілген сын есеп. Жиналыстардың өткізілуі, онда мәселенің қойылу дәрежесі бірдей бола бермейді ғой. Кейде жиналыс ешбір әзірліксіз өте нашар өтеді. Немесе жиналыста баяндама нашар боп, ол ешбір мәселе кетермейді, жиналысқа қатысушыларды белгілі бір мәселеге жұмылдыра алмайды. Сондай-ақ мұндай баяндамадан кейін сөйлеушілер де осыған сай болады. 

Журналист мұндай нашар өткен жиналыстарға объективті баға беріп, сынап жазуға тиісті. 

Суреттеме есеп. Есептің бұл түрі суреттеу стилімен жазылады. Мұнда автор оқиғаны тартымды да қызғылықты әдеби стильде береді. Мұның өзі мерекенің өтуіне, салтанатты жиындар мен слетке, әр түрлі көрмелерге, бүкіл халықтық мерекені мейрамдау демонстрацияларын келісті теңеулерді кең қолдана отырып, жүрекке жылы тиетін әдемі тілмен жазады. 

Mерзімді баспасөзіміз газет есептерін жариялаудың тәжірибелеріне өте бай. Есептің көлемін, нөмірдегі орнын анықтай отырып, редакция жазылғалы отырған тақырыптың маңыздылығын, қоғамдық мәнін ескеріп те отыруы керек. Газеттердің тәжірибелеріне қарағанда бірде тіке есеп, бірде тақырыптық есеп, ал кейбір жағдайда есептің заметка түрін жариялаумен ғана шектелуге болады. Біз газетте жарияланған газет есептерінің бірнеше мысалдарын келтірдік. Сондықтан ол жөнінде бегілі бір ереже мен нұсқау ұсыну дұрыс болмас.

СУРЕТТЕМЕ. Әңгіме – бір зауыт, кәсіпорын, ауыл немесе оқу орны туралы болады. Суреттемеде журналист қысқа, бірақ жіті де образды өзінің алған әсері жайында айтып береді, өзінің байқағандарын жеткізеді. Суреттеме – ақпаратты жанрлардың қызықты түрі болып саналады. Бұған да көп әрі қажымай-талмай еңбектену, фактілерді мұқият іріктеп алу, ең қызықтыларын баса көрсету, әрбір сөйлемді екшеп, көргендері туралы жіті жазу керек.

ШОЛУ

Ақпараттық жанрдың бір болып отырып, шолу оқырмандарын белгілі кезең ішіндегі (апта, ай) елдің, облыстың, қаланың, зауыттың өміріндегі аса маңызды оқиғалармен таныстырады.

ХРОНИКА.

Бұл өзінің бас тақырыбы жоқ, шағын, кейде бірер сөйлемдік хабарлар. Бір-екі жол арқылы егжей-тегжейін ашпай фактілер жайында ғана хабарлайды. Газет және кейбір журналдарда хроникалар ерекше (тұрақты не уақытша) : «Жер-жерден», «Қысқаша да бәрі», «Облыс бойынша», «Мәдени хабарлар» т.б. бас тақырып біріктіріліп беріледі.

ҚЫСҚА АҚПАРАТ.

Кейде бұл жанрдың материалдарын заметка деп атайды. Мұнда «заметка» деген ұғымды жинақталған мағынада түсінеді, яғни бұл хабарды да, қысқаша әрі кеңейтілген ақпаратты да біріктіре алады. Мұндай біріктірудің пайдалы болуы неғайбыл, өйткені бұл жанрлардың әрқайсысының алдында өз міндеттері тұрады. Қысқаша ақпарат газеттерде, радио және телеарнада ммейілінше кеңінен тарап жүр. Оның көлемі – 10-30 жолдық, өзінің бас тақырыбы болады. Мұның бәрі оқырмандарға хабардағыдай фактінің өзі туралы ғана хабарлауға мүмкіндік беріп қоймайды, сондай-ақ ол жөнінде кейбір егжей-тегжейлерді айтуға да мүмкіндік береді.

КЕҢЕЙТІЛГЕН АҚПАРАТ.

Мұндай материал өзінің көлемі жағынан хабардан немесе қысқа ақпараттан едәуір асып түседі. Бұл 40 жолдан 150 жолға дейін болады. өзіне бас тақырып қойылады, ал кейбір жағдайларда  мәтін алдында немесе мәтіннен ішінде тақырыпшасы болады. Кеңейтілген ақпарат оқиғаны неғұрлым кең, көптеген егжей-тегжейлерін қоса баяндайды. Мәтіннің ішінде тарих анықтама беріп, оқиғаға қатысқан адамдарды салыстырып, оларға сипаттама беріп, жергілікті жерді сипаттап жазуға, кіріспемен бастап, сипаттай қорыту мен аяқтауға мүмкіндік бар.

Талдамалы жанрлар:

  • корреспонденция,

  • комментарий,

  • мақала,

  • хат,

  • түйіндеме,

  • әңгіме-сұхбат,

  • шолу,

  • естеліктер және т.б.

Публицистиканың талдамалы жанрлары фактілерді жинақтап, оны қорытындылау әдісімен жазылады. Бұл жанр талдаудың негізінде ғана жазылады да, ол талдау заңдылығына сүйенеді. Белгілі бір заңдылыққа сүйене отырып публицист шығарма жазу процесінде жинақтау (синтез) әдісі арқылы жалпыдан жалқыға қарай немесе жалқыдан жалпыға қарай бағдарлайды. Публицист фактілерді талдау үстінде белгілі бір салдардан бастауы мүмкін, немесе құбылыстың, істің салдарын анықтауға бағдарлауы ықтимал. Талдамалы жанрларды жазу үстінде публицистің мақсаты тек фактіні хабарлаумен ғана бітпейді. Құбылыстың мәнін неғұрлым жан-жақты аша түсу керек, ал оны тереңірек және кеңірек талдамай оқырманды оған сендіру мүмкін емес. Публицистиканың талдамалы жанрлары мақала мен корреспонденцияға өмір шындығының елеулі құбылыстары мен оқиғалары, фактілері өзек болады. Бұл екі жанрдың іштей өзара ерекшеліктерін байқап көрсек, корреспонденцияда оқиға (ситуация) уақытпен орныға байланысты талданса, мақалада белгілі бір оқиға үлкен құбылыстың бөлшегі ретінде талданады. Осыдан келіп бір-біріне ұқсас оқиғаларды талдаудың нәтижесінде мақалада орнықты байыптаулар пайда болады. Публицистиканың басты жанрлары – мақала мен корреспонденцияда әлеуметтік оқиғаларды неғұрлым тереңірек зерттей түсу, салыстырулар мен байыптауларға шеберлене түсу негізгі мақсат. Өмір құбылыстарын тәптештей зерттей түсу, субьективтік факторлар оқиғаға қатысушылардың ісін, мақсаты мен мұратын, еркі мен сезімін зерттеуді тереңдете түскендіктен де бұл жанрларға ажарлы сыпат береді. Бұл жанрларда жасалған қорытындылар аумақты да салмақты келеді де, кемшіліктерді түзетудің жолдарын көрсету құрғақ ұрандаудан гөрі нақты да айқын келеді. Талдамалы жанрлардың кең таралған түрлерінің бірі – рецензияны алып көрейік. Рецензия өмір шындығын тікелей көрсетпейді, өмір шындығының оқиғаларын тікелей талдамайды. Талдамалы жанрдың бұл түрі суреткер көрсеткен, жазған құбылысты ғана қарастырады. Рецензияда публицист шығармаға баға береді, оған пікір айтады. Сондықтан рецензияға талданған, жазылған оқиғалар мен құбылыстар арқау болады. Сөйтіп, рецензияда адамдарды дүниеге кейіпкер етіп алып келген көркем әдеби шығармаларға баға беріледі. Демек, рецензия оқырман мен жазушыны байланыстырып отырады. Қоғамдық сананы қалыптастыруға септігін тигізу үшін, көркем әдебиеттің даму процесін сезіп қана қоймай, оның да дамуына септігін тигізу үшін рецензия оперативті болуға тиіс. Сондықтан оның трибунасы – мерзімді баспасөз. Публицистиканың талдамалы жанрларының жалпылама осындай ерекшеліктерін баяндай келіп, оның түрлеріне тоқталамыз. Қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді көтеру үгіт пен насихаттың бұқаралық құралдары арқылы берілуі жағынан корреспонденция публицистиканың негізгі жанры болып саналады. Ол оқырманның назарын келелі міндеттерге аударып, оны мүлтіксіз орындауға жұмылдырады. Бұл жанр күнделікті өмірімізге осылайша араласа отырып, өмірдің бір бөлігін қамтиды және оның болашағына меңзейді. Өміріміздің жан сүйсінер жаңалықтары мен жетістіктер таңдаулы тәжірибе көбінесе осы шағын да икемді жанрмен таралады, шаруашылық саласында орын алған кемшіліктер осы арқылы сыналады. Қандай газетті алып қарасақ та ондағы материалдардың көпшілігі – корреспонденция. Демек, корреспонденциясыз газет номері сирек шығады. Олай болса, газет жұмысының жемісті болуы, оның оқушы бұқараның арасында беделінің артуы публицистиканың осы жанрының өміршеңдігіне байланысты. Корреспонденция нақты фактілердің негізінде өмір шындығын баяндайды. Ол фактілердің жай ғана жиынтығы болмай, оның саяси мақсаты, тенденциясы, түйінді пікірі, өмірге әсер етерліктей жалыны болуға тиіс. Ол сонымен бірге фотография емес, көркем сурет болып шығуы керек. Журналист нақтылы фактілер мен оқиғалар жөнінде өз түсінігін, өз ойын, өз пікірін корреспонденция жанрында баяндағанда оның өзі ерекше бір жағдайда пайда бола қалмайды. Оның жазылуы орын мен уақытқа, адамдардың қатынасына, белігілі бір жағдайға байланысты. Сөйтіп, онда бір белгілі объект болады. Сол объектінің белгілі жағдайында бірнеше фактілерге талдау жасалады. Корреспонденцияның негізгі ерекшелігі – ол кез келген фактіге сүйенбейді. Мұны жазуға кіріспес бұрын фактілер мен құбылыстар таңдалған тақырыптың негізгі арқауына сай келе ме, олардың типтік жақтары қандай, міне, осылар туралы кең ойланып, толғану керек те, оның түпкі мағынасына үңіле түсу қажет. М.Горькийдің айтқанындай, факт – белгілі бір шығарманың желісі. Факт үлкенді-кішілі оқиғалардың барлығында да шешуші роль атқарады. Факті мен цифрларды қатар қоюдың қажеті жоқ. Цифрлар белгілі бір шабытқа жетелей алмайды. Корреспонденция публицистиканың басқа жанрларымен жалпы сырттай ұқсас жақтары көп болғанымен, бұл жанр тек өзіне ғана тән ерекшеліктерімен оқшаулана түседі. Ең алдымен, корреспонденция мен заметканың өзара бірқатар ұқсастық жақтары бар. Корреспонденция мен заметка фактінің негізінде жазылады. Екеуінде де хабарлау сарыны мен оперативтік салдар болады. Заметка да корреспонденция сияқты нақтылы фактіге, өмірлік шындыққа сүйенеді. Заметканың негізінде бір ғана факті, бір ғана оқиға жатады. Ол бір заводтың іске қосылғаны, жаңа мектептің ашылғаны, жаңа құрылыстың бітіп, пайдалануға берілгені, тағы басқа осындай заңдылықтарды хабарлауды мақсат етеді. Заметкада оперативтік салдар өте күшті боп келеді де, көбінесе «бүгіннен» әрі кеткенде «кешеден» басталады. Корреспонденцияда хабарлау сарынынан гөрі фактіні талдау, оны байыптау, одан бір белгілі қорытынды шығару сарыны басым келеді. Ол оқиғаны, я фактіні хабарлаудан гөрі мәселе көтеруді, кемшілікті талдап көрсетіп, ал жақсы істі бұқараға кең таратуды негізгі мақсат етеді. Корреспонденцияда фактілер мен құбылыстарға талдау жасалады, ол кең түсіндіріледі, байыптаулар жасалып, келелі қорытындылар беріледі. Бұл екі жанрды салыстыра келіп қорытындылағанда, корреспонденция талдау мен жинақтаудың негізінде жазылады. Корреспонденция қай жерде, қашан және не болды деген сұраққа жауап берумен бірге, неге олай болды, қандай себептерден болды деген сұрақтарға да жауап береді. Корреспонденцияның барлық түріне де адамның қатысы міндетті болады да, адамның еңбегі бүкіл шығармаға арқау болып отырады. Бұл жанрдың барлық түрінде де келелі бір тақырып аумағында өзекті мәселе көтеріледі, қорытынды беріледі. Сөйтіп, корреспонденция жанрын негізгі үш түрге бөлуге болады: суреттеме корреспонденция, оперативтік корреспонденция, проблемалық корреспонденция. Суреттеме корреспонденция жеңіл суреттеу стилімен жазылады. Суреттеме корреспонденция тіл, стилі жағынан, жазылу әдісі жағынан очеркке ұқсас келеді. Мұндағы негізгі мақсат болған оқиғаны, құбылысты оқырманға көркем тілмен жеткізу. Корреспонденцияның бұл түрі көбіне адамдардың еңбек табыстарын, еңбектің жемісін көркем суреттеумен баяндап береді.