Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

доклад готовый 1

.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
18.27 Кб
Скачать

Биоыдырамалы полимерлер негізінде туберкулезге қарсы дәрілік препараттарды тасымалдау жүйелерін жасап шығару.

Дипломдық жұмыстың мақсаты Туберкулезге қарсы препарат “Изониазидтің”биоыдырамалы және биоүйлесімді полисүт қышқылы негізінде нанобөлшектерді синтездеудің оптималды жағдайларын іздестіру.

Осы мақсатқа қойылатын міндеттер

Биоүйлесімді полимер - полисүт қышқылының поликонденсация әдісімен синтездеу

Полисүт қышқылды нанобөлшектерді алудың оптималды жағдайларын қарастыру

Изониазидпен иммобилизацияланған полисүт қышқылының наноөлшемді капсулаларын алу

Полимер – дәрі комплексін физика – химиялық әдістермен зерттеу

Қазіргі кезде нанотехнология әр түрлі бағытта көп үміт күттіретін соның ішінде медицина мен фармация саласында наномедицинаның орны ерекше. Себебі нанотехнология наноөлшемді бөлшектермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. . Қазіргі кезде әлемдегі Фармацевтикалық өндіруші компаниялардың 50% дан астамы наномедицина саласында активті дәрілік заттарды мүшелерге және ауру нысанаға жеткізуін зерттейді. Сондықтан дәрілік затты нанобөлшектердің комегімен керекті орынға яғни ауру нысанаға, ешқандай жанама әсерінсіз жеткізу қазіргі әлемдегі ғалымдардың алға қойған мақсаттары бірі болып табылады. Нанотасымалдағыш ретінде фуллерендер, липосома, дендримерлер, биоыдырамалы полимер негіндегі нанобөлшектер қарастырылады. Соның ішінде ғалымдардың көп көңіл бөліп отырғаны биоүйлесімді, биоыдырамалы полимер полисүтқышқылы негізінде нанобөлшектерді алу арқылы дәрілік затты тасымалдау баста назарда болып отыр. Полисүт қышқылы негізіндегі полимердің алу бастапқы шикізат ретінде қалпына келетін өсімдік тектес өнімдер, негізінен глюкоза қолданылатындықтан бұл жағынан аса қызығушылық туғызады. Себебі сүт қышқылын глюкозаны микробты продуценттер ретінде бактериялардың штаммдары немесе Rhizopus тегінің мицелиальды саңырауқұлақтарын қолдана отырып ферменттеу арқылы алады.

Нанобөлшекті алуға қажетті полимер полисүт қышқылы поликонденсация әдісімен синтезделді. Синтезделген полисүт қышқылының сараптау мен салыстыру нәтижелері барлық үлгілер құрылымы бойынша бір-біріне ұқсас болып келетіндігін көрсетті. Алынған полисүт қышқылының ИҚ – спектрлері Инфракрасный Фурье спектрометр ФСМ 1201 приборында түсірілді Сонымен қатар, өнім ПМР – спектроскопия әдісімен зерттелді. ПМР-спектрін талдау оның полисүт қышқылы құрылысының спектріне сәйкес келетінін көрсетті 2 плакатта келтірген.

Түзілген полисүт қышқылы модификация мен пластификациядан кейін жоғары физика-механикалық және тұтынушылық қасиеттер көрсететін жабындар мен талшықтар алуға болатын ақ ұнтақ түрінде алынды. Полисүт қышқылының ұнтақтары УД қондырғының көмегімен (10 мин бойы 20-30 сек үзіліспен) суға қайта диспергацияланып, полимерлі бөлшектердің өлшем бойынша таралуы фотонды корреляциялық спектроскопия (zetasizer S-90 Malvern приборы) әдісімен анықталды. Алынған нәтижелер 3 плакатта келтірілген

3 плакаттан көрініп тұрғандай, жүйеде полимерлі бөлшектердің екі тобы байқалады: өлшемдері шамамен 600-700 нм болатын нанобөлшектер мен өлшемдері 6000 нм-ден асатын микронды бөлшектер.

Сондықтан, ерітіндідегі ірі бөлшектер центрифугалау (MiniSpin plus – 14500 eppendorf (Германия)) 2000 айн/мин арқылы бөлініп алынды. Ал наноөлшемді бөлшектер 14500 айн/мин пайдалана отырып, ірі бөлшектерден ажыратылды. Полисүтқышқылының нанобөлшектері инъекциялы сумен бірнеше қайтара жуылып, УД-қондырғының көмегімен (10 мин бойы 20-30 сек үзіліспен) суға қайта диспергацияланды.

Ерітіндіге өткен бөлшектердің өлшемі бастапқыдағымен салыстырғанда артты (850 нм шамасында). Жүйенің полидисперстілігі 0,106-ге тең болды.

Алынған бөлшектер кептіруге қойылып, тұрақты массаға дейін кептірілді. Полимердің молекулалық массасы 1500 аралығында екенін zetasizer S-90 Malvern приборы арқылы анықталды.

Келесі маңызды мәселе алынған полимердің матрицасына дәрілік затты енгізу болды. Қазіргі кезде полимерлі тасымалдағыштарға дәрілік заттарды тіркеу арқылы нанобөлшектер алу немесе биологиялық белсенді заттарды полимерлі нанокапсулаларға енгізу арқылы иммобилизациялау жолдары белгілі. Бұл жұмыста түберкулезге қарсы дәрілік препарат изониазидті поли (D,L – сүт) қышқылымен нанокапсулаландыру әдісі пайдаланылды.

Изониазид (тубазид) – туберкулезге қарсы дәрілік зат, изоникотин қышқылының гидразиді. Барлық туберкулез ауруларының түрлеріне оқшауландыруға арналған.

ХХ ғасырдың басында ең алғаш қосылысты синтездеп алған, ең бірінші дәрілік зат танымал «тубазид» негізінде 1926 жылы Качугин А. Т алған. 1952 жылы ГИНК-ті кеңінен клиникалық дәрі ретінде қолдана бастады. Сонымен қоса рифампицинмен бірге бірінші қатардағы яғни ең тиімді дәрілерге жатады. Препарат өмірге қажетті ең маңызды дәрілік зат ретінде тізімге еңгізілген және де дәрілік зат халыққа қол жетімді арзан бағамен сатылады.

Полисүт қышқылының негізінде нанобөлшектерді кері эмульсияда алудың ықшамды жағдайларын зерттеу эмульгатор ретінде ПВС-ті қолдану тиімді екенін көрсетті. Біз жұмысымызда дәрілік затты «Изониазид» полимерге иммобилизациялауды суда, эмульгатор ПВС қатысында (5 % мономер массасынан), капсулалау жолымен жүргіздік. ПВС эмульгатор ретінде тұрақты эмульсия алуға мүмкіндік береді.

Дәрілік затпен иммобилизацияланған полисүт қышқылы нанокапсулаларының орташа өлшемі 269,4 нм-ге тең болды (полидисперстілік 0,1). Нанокапсулалар өлшемінің (269,4 нм) бастапқы бөлшектер өлшеміне (шамамен 700 нм) қарағанда айтарлықтай төмендеуі поликонденсация нәтижесінде алынған полисүт қышқылының дәрілік затты капсулалау кезінде полимердің диоксанда толық еруімен (шын ерітіндіге дейін) түсіндіріледі.

Полимер-дәрілік зат комплексін алу кезінде маңызды мәселе - дәрілік заттың полисүт қышқылының нанобөлшектерімен байланысу дәрежесін анықтау. Дәрілік заттың нанобөлшектермен байланысуын зерттейтін әдістердің бірі УК – спектороскопия. Осыған байланысты, изониазидтің полисүт қышқылымен байланысуын осы әдіпен зерттеу мүмкіндігі қарастырылды. УК-спектроскопия заттағы сипаттамалы функционалды топтардың жолақтарының болуына байланысты болғандықтан, алдымен эмульгатор ПВС, дәрілік заттың және полимердің дәрілік затпен комплексінің УК– спектрлері Спектрофотометр Thermospectronic Helios β приборында түсірілді. УК-спектроскопия нәтижелерін талдау эмульгатор, дәрілік заттың полимермен комплексінің және дәрілік зат УК – спектрлерінде бір аймақта және бір бірімен үйлесетінін көрсетті (қосымша 3,4,5). Сондықтан дәрілік заттың полимермен байланысу дәрежесін бұл әдіспен анықтау мүмкін емес.

Осыған байланысты, «Изониазидтің» полимермен байланысу дәрежесін бұған дейін полимерлердің физика-химиясы лабораториясымен жасап шығарылған кондуктометрлік әдіспен зерттелді. Кондуктомерлік әдіс жүйе компоненттерінің меншікті электрөткізгіштіктерінің аддитивтілігіне негізделген және бұл әдіс изониазидтің полисүт қышқылымен байланысу дәрежесін тікелей реакциялық ортада анықтауға мүмкіндік береді. Алынған мәліметтерге сәйкес дәрілік заттың полисүт қышқылымен байланысу дәрежесі 48 % - ға жуық болды. Бұл айтарлықтай жоғары көрсеткіш және полисүт қышқылын дәрілік заттардың полимерлі тасымалдаушылары ретінде пайдалануға мүмкіндік береді

Сонымен, бұл жұмыста түберкулезге қарсы дәрілік препарат изониазидті табиғи полимер полисүт қышқылымен байланыстыру мүмкіндіктері қарастырылды.

Қорытынды

Осы жұмыстың мақсатына сәйкес туберкулезге қарсы препарат «Изониазид»-тің полимерлі нанобөлшектерін алудың негіздері құрылды. Осы дипломдық жұмысты жазу барысында жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижесінде мынадай қорытынды жасауға болады:

1. «Дәрілік затпен полимерлік бөлшектерді алу мүмкіндіктері» деген тақырыбында әдебиеттік шолуды қарастыру нәтижесінде табиғи полимер негізіндегі дәрілік заттардың нанотасмалдағыштарын алу және зерттеу өзекті мәселелердің бірі екенін көрсетті. Осыған байланысты бұл жұмыста полисүт қышқылының нанобөлшектерін синтездеу бағытында зерттеулер жүргізілді. Бұл үшін наноөлшемді бөлшектерді синтездеу үщін оптималды жағдайларды таңдау мүмкін болатын бірқатар тәжірибелер жүргізілді.

2. Бос полимердің және дәрілік затпен иммлибилизацияланған полисүт қышқылды нанобөлшектердің өлшемі анықталып, 700 нм және 269 нм сәйкесінше болды. Ал молекулалық массасы 1500 аралығында екендігі zetasizer S-90 Malvern приборы арқылы анықталды.

3. Дәрілік комплексті алу үшін бұл зерттеу жұмысында полимерлі матрицаға дәрілік затты капсулалау әдісімен алу қолданылды. Полимерлі нанотасымалдағыш ретінде табиғи биоыдырамалы, биоүйлесімді полимер – полисүт қышқылы, дәрілік зат ретінде – туберкулезге қарсы препарат «Изониазид» қолданылды. Дәрілік заттың полимермен байланысуын кондуктометрлік әдіспен анықталды және 48 % ға тең екендігі табылды.