Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Жоспар

.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
39.32 Кб
Скачать

Жоспар:

  1. Банктің өзіндік қаражаттары құрылымы

  2. Банктік пассивтер құрылымы

  3. Банк тартқан қаражаттар құрылымы

  4. Банк қарызға алған қаражаттар құрылымы

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Банк — ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, кредит беру, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі. Банктің пайда болуы мен дамуы тауар-ақша қатынастарының дамуымен тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, сонымен қатар тұрғындардың уақытша пайдаланылмай бос тұрған қаражаттарын жинақтап, қажет етушілерге өсіммен уақытша кредит беру арқылы қаржы мұқтаждығын өтейді. Сөйтіп, банктер аралық қызмет атқарып ақша пиасасында (рыногында) тауарға айналатын жаңа талап пен міндеттемені қалыптастырады. Міндеттеме мен талаптың пайда болу процесі қаржылық-делдалдық қызметтің негізін құрайды. Банктер уақытша пайдаланылмай тұрған бос ақша қаражаттарын өзіне жинақтау, клиенттерге есепшот ашып, кассалық қызмет көрсету, қысқа және ұзақ мерзімге несие беру, кредит бөлу, инвестициялық қызмет атқару (ұзақ мерзімді күрделі шығындарды қаржыландыру, құнды қағаздар шығару) т.с.с. өзіндік арнаулы қызметтерге қоса, нарықтық экономика жағдайында лизингтік, факторингтік, трастық, кеңесшілік, ақпараттық, т.б. қызметтерді де атқарады. Банк жүргізетін операциялар пассивті және активті болып бөлінеді. Банктің пассивтік операциясын жүргізуі нәтижесінде банк капиталы мен қатыстырылған қаржылардан тұратын банк ресурсы пайда болады. Банктік ресурстар - бұл банктің пассивтік операциялар негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және табу мақсатында орналастыруға бағытталған банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы. Сонымен банк ресурстарын құру үшін банк қаржылары қарастырылатын, содан кейін актив бойынша пайдаланатын коммерциялық банктің операциялары пассивтік операциялары ретінде түсіндіріледі. Жалпы, пассив операциялары – олар өз қарауына әртүрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және сол сияқты басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізу, банк қорын құру және оны ұлғайту операциялары. Банк пассивтерін құру процесі, олардың құрылымдарын оңтайландыру, соған орай ақша қаражаттарының бүкіл көздерін басқару сапасының ресурстық мүмкіндіктерді құруы банк қызметінің негізгі кезеңдерінің бірі болып саналады. Ал, банктің пассивтік операциясы – бұл банк нақтылы орнықтыратын және қолдана алатын қаржылық ресурстарды қалыптастыру операциясы. Банктің негізгі пассив операцияларына: банкнота эмиссиясы, коммерциялық банктердің және мемлекеттік қазынашылықтың (қаржы министрлігінің) ақша салымын қабылдауы, банктің өз капиталын құру операциялары жатады. Көп елдерде орталық банктің ақша қорларының негізгі көзі – банкнота шығару, яғни 40-тан 85%-ға дейінгі пассив операциялары. Банктік пассивтердің құрылымы мен сипаты көп жағынан банктің активті операцияларды жүргізудегі мүмкіндігін анықтайды. Және пассивтің өзіндік құрылымына міндеттемелер мен меншікті капиталды жатқыза аламыз. Мұндағы міндеттемелердің өзі тартылған қаражат пен қарыз қаражаты болып бөлінеді. Ендігі, олардың әрқайсысын жекелеп қарастыра кетсек. Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаржаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады. Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады. Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:

  • депозитік қаражаттар;

  • депозиттік емес тартылған қаражаттар.

Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер, банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады. Депозит — бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары. Депозиттік емес тартылған қаражаттар — бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен таратылатын қаражаттары. Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиенттің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды. Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады. Депозиттік емес қаражаттардың бір түріне Ұлттық банктің коммерциялық банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп отырған мынадай несиелерін жатқызуға болады: овернайт (бір түндік) және күндізгі заемдар. Овернайт — банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие. Күндізгі заем — банктік жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық банкте ашқан корреспондентік шотында уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие. Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды. Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:

  • талап етуіне дейінгі депозиттер;

  • мерзімді депозиттер;

  • жинақ салымдары;

  • бағалы қағаздар.

Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің бірі - жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет. Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады. Жинақ салымдарының төмендегідей ерекшеліктері болады:

  • ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;

  • шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап етілмейді;

  • ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілстін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.

Отандық банктік тәжірибеде жинақ шоттары тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Ал, шетел тәжірибесінде мұндай шоттар коммерциялық емес ұйымдарға және іскер фирмаларға ашыла береді. Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай төмендегідей түрлерге бөлінеді:

  • мерзімді жинақ салымдары;

  • қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;

  • ұтыс салымдары;

  • ақшалай-заттай ұтыс салымдары - мақсатты және ағымдық салымдар;

  • алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;

  • валюталық салымдар.

Мерзімді жинақ салымдарға түрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді. Пассивті құрылымның келесі құрылымы – ол меншікті капитал. Банктің меншікті капиталы, экономикалық капиталдар категориларының ішіндегі капиталдың бір түрі болып табылады. Меншікті капитал банк үшін маңызы өте зор. Себебі, банк ашу кезінде құрылтайшылар мен акционерлердің қосқан улесінен құрылған меншікті капитал, банк қызметін ұйымдастыруға және банк қызметінің аясын кеңейту үшін бастапқы және ең маңызды көзі болып табылады. Сонымен қатар банктің меншікті капиталы банк үшін әр түрлі қорғаныс пен қызметті дамыту функцияларын да орындайды. Соның ішінде:

  • Банкті қаржылық тұрақсыздықтан және шексіз тәуекелділіктерден сақтайды;

  • Банкті банкротқа ұшыраудан қорғайды;

  • Ағымды шығындарды жабады;

  • Банкке клиенттердің сенімділігін арттырады;

  • Клиенттердің комерциялық және тұтыну несиелерінің сұранысын қанағаттандырады және т.с.с.

Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы. Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ активтер сапасына, меншікті пайданың пайдалануына, капиталдың бағасын нығайту мақсатында және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады. Қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптар құрайды:

  • Жарғылық капитал;

  • Резервтік капитал;

  • Қосымша капиталдар;

  • Бөлінбеген банк пайдасы.

Банктік капитал банктің дербестігін қамтамасыз ете отырып оның қаржылық тұрақтылығына кепіл болады жане банктің басынан кешетін әр алуан тәуекелдердің зардаптарын ретке келтіретін басты көз болып табылады. Осы мақсатта банктің меншікті капиталы мынадай қызметтер атқарады:

  • қорғаныс қызметі;

  • шұғыл қызметі;

  • реттегіштік қызметі;

  • айналым қызметі;

  • резервтік қызметі.

Банктің меншікті капиталы салымшылардың өз қаржыларын банктік айналымға, соның ішінде: несиелік, факторинктік, лизинктік операциялар мен бағалы қағаздарды сатып алу және тағы басқа инвестицялық операцияларға салу кезінде күтпеген шығындардың пайда болу тәуекелдігінен қорғайды. Осыған қоса, меншікті капиталдың есебінен қаржылық резерв құрылады және бұл резервтер банктің төлем қабілетін сақтаумен қатар, шығындар пайда болған кезде банктің қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Осыдан келе, банктің меншікті капиталы бір жағынан тәуекелділігі бойынша өлшенетін активтерді анықтау құралы ретінде, екінші жағынан қаржылық шығындарды жабу үшін жинақталған қаржылар құралы ретінде де деп айтуға болады. Мемлекеттік Қарыз, мемлекеттік заем - мемлекеттің өтелмеген қарыздары, міндеттемелері, несиелері және оларға байланысты төленбеген пайыздары бойынша берешегінің жалпы сомасы. Тағы бір анықтамасы — мемлекеттің үкімет немесе орталық (ұлттық) банк арқылы жүргізетін қарыздарлық қатынасы. Бұл — басқа мекелерден, елдерден мемлекеттік бюджеттің дефицитін жабу үшін алынатын қарыз. Барлық елдер экономикалық саясатты жүзеге асыру тетіктерінің бір ретінде мемлекеттік қарызды пайдаланады. Мемлекеттік борыш бір жағынан, экономикаға ауыртпалық түсіреді және экономикалық жағдаяттың нашарлауына байланысты әсе түседі. Екінші жағынан, Мемлекеттік борыш пен бюджеттен қаржыландыру - экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді құралы. Ол ақша айналысына, тұтыну, жинақ ақша, инвестиция деңгейіне тұрақтандырушы ретінде де, тұрақсыздандырушы ретінде де әсер етуі ықтимал, яғни экономикалық өсуге серпін беруі де, оны тежеуі де мүмкін. Несие қаражатының қайдан алынғанына қарай Мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы борыштарға, қызмет көрсету мерзіміне қарай күрделі және ағымдағы борыштарға, мерзіміне қарай

  • қысқа мерзімді - 1 жылға дейін;

  • орта мерзімді - 1 жылдан 10 жылға дейін;

  • ұзақ мерзімді - 10 жылдан аса мерзімге - борыш түрлеріне бөлінеді.

Мемлекеттік кредит кызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі. Мемлекеттік борыш - бұл алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың, белгілі бір күнге, сондай-ақ борыштық міндеттемелердің белгілі бір күнге сомасы (олар бойынша есептелген пайыздарды қоса). Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақшалай ресурстарды тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналастыру рыногына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы мемлекеттік борыш болып бөлінеді.

Ішкі мемлекеттік борыш - Үкіметтің, Ұлттық банктің  және жергілікті атқарушы орғандардың Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы ішкі мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі. Сыртқы мемлекеттік борыш -  Үкімет пен Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы сыртқы мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі. Сондай-ақ күрделі және ағымдағы мемлекеттік борыш болып бөлінеді. Жалпы, Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекеттік қарыз аз мөлшерлі деңгейде қалуға тиіс. Бұл қағидатты міндет, өйткені, біз әлемдік тұрақсыздық жағдайында бюджетіміздің тұрақтылығын және ұлттық қауіпсіздігімізді тек осылай ғана қамтамасыз ете аламыз» деп атап өткен.