Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СиПСКП Умк.pdf
Скачиваний:
100
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.16 Mб
Скачать

1 Пəннің оқу-əдістемелік кешені

1.1 Əзірлеуші-оқытушылар туралы мəліметтер:

Сабақ жүргізетін оқытушы – Смаилова Гүлбағдам Жүсіпқызы, «Мұнай жəне газ кенорындарын пайдалану жəне баптау» кафедрасының аға оқытушысы Байланыс түрі - ж.т. 2577158, gulbagdam@mail.ru

1.2 Пəн туралы мəліметтер:

Пəн атауы – «Ұңғы өнімдерін жинау жəне дайындау» Кредит саны - 3 Өткізу орны – оқу кестесіне сəйкес.

1-кестесі Жұмыс оқу жоспарынан көшірме

 

 

 

 

 

Аптадағы академиялық сағат

Бақылау

 

Семестр

Кредиттер

 

 

түрі

Курс

рістерəД

.Зерт сабақ

жірибеліəТ .семин/к сабақтар

*СӨЖ

*СОӨЖ

Бар-лығы 1 аптадағы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

академ. сағаттар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

4

7

3

2

-

1

3

3

9

Емтихан

*Ескерту:

Əрбір кредит екі сағаттық СӨЖмен толықтырылып отырады. СӨЖ-ның 50% СОӨЖ құрайды

1.3 Пререквизиттер:

TTNG 304 – мұнай өндірудің техникасы мен технологиясы, RNM 312 – мұнай кен орындарын игеру,

RGKM 313 – газ жəне газдыконденсатты кен орындарын игеру.

1.4Постреквизиттер:

Дипломдық жобалау

1.5Пəннің қысқаша мазмұны

Бұл курс мұнайгаз мамандығының инженерлерін даярлаудағы соңғы

оқытылатын

пəндердің

бірі

болып

табылады. Пəннің негізгі

мақсаты,

студенттерге

мұнай, газ

жəне суды жинау мен дайындау

процестерінің

физикалық негізінен білім алуына, мұнайгаз кəсіпшіліктерінде ұңғы өнімдерін

дайындау

технологиясының

есептерін

үйренуге, мұнай

кəсіпшілік

жабдықтарында өтіп жатқан процестердің маңызын аша білугеүйрету болып табылады.

3

1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері жəне оларды орындау кестесі:

Тапсырмалардың түрі жəне оларды орындау мерзімі

2-кесте

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыс

 

 

 

 

 

Ұсынылатын

Тапсыру

Бақылау түрі

түрі

Жұмыстар тақырыбы

 

 

əдебиетке

уақыты

 

 

 

 

 

 

сілтеме

(апталар)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

2

 

 

3

 

 

4

5

 

1 ӨЖ

Кен орнын игеру жобасының

оныНегізгі:1[10-18]

1

 

 

тұрғызу жобасынан айырмашылығы.

 

Қосымша:2[3-9]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

бақылау

1 П

Мұнайдың,

қабат

суының физикалы-

 

Негізгі:3[7-23]

2

 

химиялық қасиеттерінің есебі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ӨЖ

Мұнайдың, мұнай газының физика-

 

Негізгі:1[19-34]

3

Ағымдық

 

химиялық қасиеттері.

 

 

Қосымша:2[3-9]

 

2 П

Қоспаның

физикалы-химия-лық

 

Негізгі:3[25-42]

4

 

 

 

 

қасиеттерінің есебі.

 

 

 

 

 

3 ӨЖ

Эмульсия

түрлері. Мұнай эмульсиясы.

 

Негізгі:1[35-44]

5

 

 

 

 

 

 

 

Қосым:2[92-102]

 

 

3 П

Тік гравитациялық айырғыштың газ

 

Негізгі:2[46-53]

6

 

 

бойынша жəне сұйық бойынша өткізу

 

 

 

 

 

қабілеттерін есептеу.

 

 

 

 

Аралы

 

 

 

 

 

 

 

 

қ бақы-

 

 

 

 

 

 

 

 

лау

Тесттер

1 Модуль

 

 

 

 

 

7

№ 1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 П

Көлденең айырғыштардың есебі.

 

 

Негізгі:2[46-55]

8

 

4 ӨЖ

Құрлықта жəне теңізде ұңғы өнімдерінНегізгі:1[45-72]

9

бақылау

 

жинау жəне тасымалдау схемасы.

Қосым.:2[8-21]

 

5 П

Қарапайым

 

құбырлардың

Негізгі:2[75-86]

10

 

гидравликалық есебі.

 

 

 

 

5 ӨЖ

Құбырларды

коррозиядан

катодтыНегізгі:1[73-110]

11

Ағымдағы

 

жəне протекторлы қорғау.

 

 

Қосым.:2[56-91]

 

6 П

Күрделі құбырлардың гидрав-ликалық Негізгі:2[75-86]

12

 

 

 

есебі.

 

 

 

 

 

 

 

6 ӨЖ

Мұнай эмульсияларын бұзу

əдістері.

Негізгі:1[134-172]

13

 

 

 

 

 

 

 

Қосым:2[102-130]

 

 

7 П

Мұнайды

резервуарларда

сақтауНег.:2[145-150]

14

 

 

барысында оның жоғалуын есептеу

 

 

Аралық

Тесттер

2 Модуль

 

 

 

 

 

15

бақы-

 

 

 

 

 

 

 

 

лау

 

 

 

 

 

 

 

 

№2

 

 

 

 

 

 

 

 

Қоры-

Емти-

Ұңғы өнімдерін жинау жəне дайындау

 

16

тынды

хан

 

 

 

 

 

 

 

бақы-

 

 

 

 

 

 

 

 

лау

 

 

 

 

 

 

 

 

4

1.7 Əдебиеттер тізімі

Негізгі əдебиеттер

1.Жиембаева Қ..І, Насибуллин Б.М. Мұнай кен орындарында ұңғы өнімдерін жинау жəне дайындау. ЖОО-на арналған оқулық. – Алматы: 2005

2.Г.С. Лутошкин. Сбор и подготовка нефти, газа и воды. – М.: Недра, 1979.

3.Г.С. Лутошкин, И.И.Дунюшкин. Сборник задач по подготовке нефти, газа и воды на промыслах. – М.: Недра, 1983.

Қосымша əдебиеттер

1. Н.М.Байков, Г.Н.Позднышев, Р.И.Мансуров. Сбор и промысловая подготовка нефти, газа и воды. - М.: Недра, 1981.

2. Под ред. Ш.К.Гиматудинова. Справочное руководство по проектированию разработки нефтяных месторождений. Добыча нефти. -

М.: Недра, 1983.

3.В.П.Тронов. Промысловая подготовка нефти за рубежом. - М.: Недра, 1983.

4.Р.Я.Исакович, В.И.Логинов, В.Е.Попадько. Автоматизация производственных процессов в нефтяной и газовой промышленности. -

М.: Недра, 1985.

5.Журнал «Нефть и газ Казахстана».

6.Журнал «Нефтегазовая вертикаль».

7.Журнал «Нефтегазовое хозяйство».

8.Интернет-жүйесі

1.8Білімді бақылау жəне бағалау

 

Рейтинг пайыздарын бақылау түрлеріне қарай бөлу

3-кесте

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нұсқа

Қорытынды бақылау

Бақылау түрлері

 

Пайыздар

нөмірі

түрі

 

 

 

 

1.

Емтихан

Қорытынды бақылау

 

100

 

 

 

Аралық бақылау

 

100

 

 

 

Ағымдық бақылау

 

100

 

5

4-кесте

Бақылаудың барлық түрін өткізу бойынша күнтізбелік кесте «Ұңғы өнімін жинау жəне дайындау» пəні бойынша

Апта

1

 

2

3

4

5

 

6

7

8

9

 

10

11

12

13

14

15

Апталық

1

 

1

1

1

1

 

1

1

2

1

 

1

1

1

1

1

1

бақылау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

саны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақылау

ӨЖ1

 

П1

ӨЖ

П2

ӨЖ 3

 

П

АБ

ӨЖ

 

П5

ӨЖ

П6

ӨЖ

П7

АБ

түрлері

 

 

 

2

 

 

 

3

 

 

4

 

 

5

 

6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақылау түрлері:

П – практикалық сабақ,

ӨЖ - өзіндік жұмыс,

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АБ – аралық бақылау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-кесте

Студенттердің білімін бағалау

Баға

Əріптік эквивалент

Рейтингтік балл

Балмен

 

 

(пайызбен, %)

 

Өте жақсы

А

95-100

4

 

А-

90-94

3,67

Жақсы

В+

85-89

3,33

 

В

80-84

3,0

 

В-

75-79

2,67

Қанағат

С+

70-74

2,33

 

С

65-69

2,0

 

С-

60-64

1,67

 

D+

55-59

1,33

 

D

50-54

1,0

Қанағатсыз

F

0-49

0

Модульдер жəне аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі

1-модуль бойынша бақылауды жүргізуге арналған сұрақтар:

1.Қазақстанды мұнай өндіруші ел ретінде сипатта.

2.Қазақстандағы ірі мұнай мен газ кен орындарын атап беріңіз.

3.Мұнай кен орнының орналастыру жобасын жасау үшін қандай мəліметтер қажет?

4.Мұнай кен орнын игерудің төрт сатысына (этапына) сипаттама беріңіз?

5.Игеру жобасында қандай сұрақтар қарастырылады?

6.Ұңғы өнімін қалай түсінесіз?

7.Мұнай кен орнын игерудің əр сатысының ұзақтығы қандай?

8.Нормативке сəйкес тауарлы мұнайдың сапасын қандай көрсеткіштер сипаттайды?

9.Мұнай құрамына қандай көмірсутектері кіреді?

10.Мұнайгазы дегеніміз не?

6

11.Мұнай құрамын қалай жіктейді?

12.Мұнайдың тығыздығы мен тұтқырлығы неге байланысты? 13.“Газ факторы” түсінігіне анықтама беріңіз?

14.Табиғи газдың жоғарысығымдылық коэффициенті нені сипаттайды? Оны қалай анықтайды?

15.Қабат суларының минералдылығы деп нені айтады?

16.Мұнай эмульсиясы дегеніміз не?

17.Мұнай эмульсиясының түзілуіне жəне беріктігіне қандай факторлар əсер етеді?

18.Мұнай эмульсиясының қандай түрін тура жəне қандайын кері деп атайды? 19.Эмульсияның инверсия нүктесі деп нені айтамыз?

20.Саңылаусыз жетілдірілген технологиялық сұлбаның артықшылығы мен кемшілігін айтыңыз?

21.Теңіз кен орындарында мұнайды жинау жəне тасымалдау жүйесінің ерекшеліктерін атап беріңіз?

22.Ұңғы өнімін өлшеу қандай мақсатпен жүргізіледі?

23.Əртүрлі “Спутниктермен” ұңғы өнімдерін өлшеудің жұмыс принципін түсіндір.

24.Жетілдірілген технологиялық сұлбада қандай операциялар қарастырылған?

25.Қазақстанның мұнай кен орындары несімен ерекшеленеді?

2-модуль бойынша бақылауды жүргізуге арналған сұрақтар:

1.Кəсіпшілік құбырларын қалай жіктейді?

2.Қабат қысымын ұстау жүйесіндегі құбырларды қалай атайды? 3.Құбырларды таңдау қандай факторларға тəуелді болады? 4.Құбырларды төсеу кезінде жұмыс тəртібі қалай жүргізіледі? 5.Тұтқырлығы жоғары парафинді мұнайлар қандай сұйықтарға жатады? 6.Парафин шөгінділерімен күресу əдістерін атаңыз.

7.Құбырларда тұздардың жиналу себебі жəне олармен күресу əдістері. 8.Құбырларда бүлкілдеуді қалай пайда болады, жəне оның құбырлардың

жұмысына əсері қандай?

 

 

 

 

9.Бүлкілдеудің алдын алу тəсілдері қандай?

 

 

 

10.Құбырлардың тоттану түрлері.

 

 

 

 

11.Құбырларды тоттанудан пассивті жəне активті қорғау деп нені түсінеміз?

 

12.Құбырларды

тоттанудан

катодтық

жəне

протекторлық

қорғауд

ерекшеліктері мен маңызы.

13. Тығындаушы жəне реттеуші құбырлық арматуралардың түрлері. 14.Мұнай-газ айырғыштарының міндеті.

15.Айырғыштардың жіктелуі.

16.Мұнай-газ айырғыштарының жұмысына қандай факторлар əсер етеді?

17.Мұнайды деэмульгациялаудың қандай тəсілдері бар?

18.Деэмульгаторлардың негізгі түрлерін атаңыз.

19.Тұндырғыштың міндеті жəне жұмысы.

20.Тауарлы парк резервуарларының саладағы қызметi мен көлемi.

21.Резервуарлардың түрлерi.

7

22.Резервуарлардың кiшi жəне үлкен “тыныс алуы” дегенiмiз не?

23.Тауарлы мұнайды есептеу əдісін атаңыз?

24.ҚҚҰ жүйесінде қандай суларды қолданады?

25.Өнімді қабаттарға айдалатын суға қандай талаптар қойылады?

26.Мұнайкəсіпшілік ағын суларды дайындау əдістерін атап жəне сипаттап беріңіздер.

27.Газды дайындауды қандай мақсатта жүргізеді?

28.Сығымды сорапты станцияларды қандай мақсатта қолданады? Олар қалай жұмыс істейді?

29.Компрессорлы станциялардың атқаратын міндеті жəне оларға қандай құрылымдар кіреді?

30.БШСС міндеті жəне жұмыс істеу принципі.

31.Реагенттер блогын не үшін қолданады жəне РБ-ның қондырғысына не

кіреді?

Аралық аттестацияға дайындалуға арналған сұрақтар:

1.Қазақстандағы ірі мұнай мен газ кен орындарын атап беріңіз.

2.Сіз теңіздегі қандай мұнай-газ кен орындарын білесіз?

3.Мұнай кен орнын игерудің қанша сатысы бар?

4.Мұнай кен орнын игерудің əр сатысының ұзақтығы қандай? 5. Ұңғы өнімін жинау жүйесінің элементтерін атап беріңіз. 6.Мұнай құрамына қандай көмірсутектері кіреді?

7.Мұнай құрамын қалай жіктейді?

8.Мұнайдың тығыздығы дегеніміз не жəне ол қандай аралықта өзгереді? 9. Мұнайдың тұтқырлығы дегеніміз не жəне оны қалай анықтайды? 10.“Газ факторы” түсінігіне анықтама беріңіз?

11. Гидраттар неге түзіледі жəне ол неден тұрады? 12.Қабат суларының минералдылығы деп нені айтады?

13.Судың қаттылығы дегеніміз не?

14.Ілеспе сулардың негізгі топтарын атаңыз?

15.Мұнай эмульсиясы дегеніміз не?

16.Мұнай эмульсиясының түзілуіне жəне беріктігіне қандай факторлар əсер етеді?

17.Мұнай эмульсиясының түрлерін атаңыз?

18.Ұңғы өнімдерін жинау жүйесі элементтерінің жұмыс принципін атап беріңіз?

19.Жетілдірілген технологиялық сұлбада қандай операциялар қарастырылған?

20.Саңылаусыз жетілдірілген технологиялық сұлбаның артықшылығы мен кемшілігін айтыңыз?

21.Теңіз кен орындарында мұнайды жинау жəне тасымалдау жүйесінің ерекшеліктерін атап беріңіз?

22.Кəсіпшілік құбырларын қалай жіктейді?

23.Парафин шөгінділерімен күресу əдістерін атаңыз.

24.Құбырлардың тоттану түрлері.

25.Айырғыштардың жіктелуі.

8

26.Тұндырғыштың міндеті жəне жұмысы.

27.Резервуарлардың түрлерi.

28.Тауарлы мұнайды есептеу əдісін атаңыз.

29.Автоматтандырылған қондырғының жұмыс принципі.

30.Газды дайындаудың қандай əдістері ,баролардың артықшылығы мен кемшіліктері?

1.9 Курстың саясаты жəне тəртібі

Сабаққа келу барлық студенттерге міндеттеледі; кеш қалмау жəне сабақты қалдырмау; Мұғалімнің сабақты түсіндіру сценариясын толығымен, назар аударып тыңдау, сабаққа қатысып отыру; ұялы телефондарды өшіріп жұмыс жасау; үйде, кітапханада өз бетімен дайындалу.

Практикалық жəне өз бетімен жасалатын жұмыстарды уақытында тапсырып үлгеру. Берілген уақытынан кешіккен семестірлік жұмыстардың балдарын есептеуде алынады.

Басқаның ойын құрметтеу, тəртіпті болыңыз, қарсылығыңызды тəртіпті форма түрде көрсетіңіз. Барлық семестрлік тапсырмаларды өзбетімен орындаңыз. Тест емтихан уақытында көшіру, сыбырлауға болмайды, емтихан тапсыруға басқа студент кіргізуге болмайды. Өздігінен орындалатын жұмыс консультациясы жөнінде, тапсыру немесе қорғау, одан басқа да қосымша информациялардыөткен материал бойынша сұрақтарыңызды курсты оқыған мұғалімге жұмыс уақытында келіп сұраңыз.

9

2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны

2.1 Курстың тақырыптық жоспары

 

 

 

 

 

Курстың тақырыптық жоспары

6-кесте

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып атауы

 

 

 

 

 

Академиялық сағат саны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дəріс

 

Практикалық

СОӨЖ

СӨЖ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

сабақтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 модуль

 

 

 

1. Кіріспе. Қазақстан

 

 

 

2

 

2

3

3

 

Республикасында, ТМД

 

 

 

 

 

 

 

 

мемлекеттерінде жəне шет

 

 

 

 

 

 

 

 

елдерде мұнай өндіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

саласының даму болашағы

 

 

 

 

 

 

 

 

жəне негізгі даму бағыттары

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Кен орнын игерудің жəне

 

2

 

 

3

3

 

тұрғызудың

 

жобалары,

 

 

 

 

 

 

 

олардың өзара байланысы

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Мұнайдың, мұнай газының

 

2

 

2

3

3

 

жəне

 

қабат

 

суларының

 

 

 

 

 

физика-химиялық қасиеттері.

 

 

 

 

 

 

4. Су-мұнай эмульсиясы.

 

 

2

 

 

3

3

 

5. Тауарлы

мұнайды

алудың

2

 

2

3

3

 

негізгі сұлбасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6. Мұнай, мұнай газын жəне

2

 

 

3

3

 

қабат

суларын

 

жинаудың

 

 

 

 

 

 

қазіргі

 

қолданыстағы

 

 

 

 

 

 

технологиялық схемасы

 

 

 

 

 

 

 

 

7. Ұңғы өнімін есептеу.

 

 

2

 

 

3

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

модуль

 

 

 

8.

Кəсіпшілік

құбырлары,

 

2

 

2

3

3

 

олардың

 

жіктелуі.

Төсеу

 

 

 

 

 

 

 

жəне

өткізу

қабілетін

 

 

 

 

 

 

 

ұлғайту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9.

Газды-сұйық қоспаларды,

 

2

 

 

3

3

 

ньютондық емес сұйықтарды

 

 

 

 

 

 

 

тасымалдайтын құбырлар.

 

 

 

 

 

 

 

 

10.

Құбырлардағы

қиыншы-

 

2

 

2

3

3

 

лықтармен күресу. Құбыр-

 

 

 

 

 

 

 

лардың

 

арматурасы

ж

əне

 

 

 

 

 

 

БӨА (КИП).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11. Мұнайдан газды айыру.

 

 

2

 

 

3

3

 

12.

Мұнай

эмульсияларын

 

2

 

2

3

3

 

бұзу əдістері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13.

Мұнай

эмульсияларын

 

2

 

 

3

3

 

бұзу əдістері. (жалғасы).

 

 

 

 

 

 

 

 

14. Мұнай резервуарлары.

 

 

2

 

3

3

3

 

15. Қоршаған ортаны

қорғау

 

2

 

 

3

3

 

шаралары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлығы (сағат)

 

 

 

 

30

 

15

45

45

 

10

2.2 Дəрістік сабақ конспектілері

 

1 Модуль

 

 

1 ДƏРІС. Кіріспе.

Қазақстан Республикасында, ТМД

мемлекеттерінде

жəне шет елдерде мұнай өндіру саласының даму

болашағы жəне негізгі

бағыттары.

 

 

Курстың мазмұны,

оның тағайындалуы, сабақтас пəндермен байланысы,

Қазақстан Республикасындағы мұнайгаз өндіру кəсіпорындарының қалыптасуы жəне дамуының тарихы.

Қазақстан Республикасының мұнай өнеркəсібі экономиканың жетекші саласы болып табылады.

Қазақстан Республикасы қазіргі таңда дүние жүзіндегі ірі мұнай өндіруші елдердің қатарына қосылып, дүние жүзі бойынша мұнайдың дəлелденген қорынан – 13, газ жəне конденсаттан– 15, мұнай өндіру көлемі жағынан28 орын алады. Қазақстан дəлелденген қоры жəне мұнай өндіру көлемі бойынша ТМД елдерінің арасында екінші, ал газ бен конденсаттың қоры бойынша– төртінші орын алады.

Еліміздің территориясында 200-ден астам мұнай жəне газ кен орындары

бар.

Өнеркəсіптік категориядағы мұнай қоры Қазақстанның алты əкімшілік

облысында

шоғырланған.

Еліміздің

батыс

аймағының

төрт

облысында

алынатын мұнай қорының90%-ы шоғырланған. Атап айтсақ

осы аймақта:

Теңіз, Қарашығанақ, Өзен, Жаңажол, Кенбай сияқты жəне мұнай-газ қоры 100

млн. тоннадан асатын ірі кен орындары шоғырланған.

 

 

 

Табиғи

газдың

негізгі

қоры

екі

облыста

шоғырланған: Батыс

Қазақстандағы (Қарашығанақ) жəне

Ақтөбедегі (Жаңажол).

Мұнай

кен

орындарындағы ілеспе мұнай газының потенциялы зор.

 

 

 

Қазақстан Республикасындағы шикізаттардың дəлелденген мол қорымен қатар болжамды ресурстар көлемі де баршылық.

Республикамыздағы мұнайдың құрлықтағы болжамды алынатын қоры 7,8 млрд. тонна жəне оның 2/3 бөлігі Батыс Қазақстанда шоғырланған, ал табиғи газдың болжамды қоры 7,1 трил.м3 болып табылады.

Каспий теңізінің Қазақстандық секторындағы мұнай газ қоры да . мол Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі Шығыс Қашаған құрылымына бұрғыланған барлау ұңғыларның нəтижесінде мұнай мен газдың өнеркəсіптік мол қоры дəлелденген.

Қазіргі кезде Каспий маңы ойпатында, Солтүстік Үстіртте, Маңғышлақ пен Оңтүстік Торғай ойпатында орналасқан60-қа жуық кен орны игерілуде. Қазақстан Республикасында мұнай жəне конденсатты өндіру көлемі 2004 жылы

60 млн. тоннадан асты, ал газ өндіру көлемі 14.5 млрд. м3 құрады.

 

Мұнай

өнеркəсібінің

қарқынды дамуына

байланысты

ұңғы өнімін

кəсіпшілікте жинау, тасымалдау жəне дайындау жүйесін жетілдіру мəселесіне

көп көңіл аудару қажет.

 

 

 

Мұнайгаз өндіру кəсіпорындары мұнай

өндіруді; мұнайды

жинау,

дайындау жəне

тасымалдауды;

мұнай газын жинау

жəне дайындауды; қабат

11

қысымын ұстап тұру жүйесінде пайдаланылатын тұщы жəне қабат суларын қабатқа айдау үшін дайындауды қамтамасыз ететін негізгі жəне қосалқы міндеттерді атқаратын құрылымдардың күрделі кешені болып табылады.

Мұнай кен орындарының тұрғызу жобасын жасауда жəне мұнай мен газ кен орындарын игеру кезінде жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғауға, топырақтың, судың жəне атмосфералық ауаның ластануынан сақтауға үлкен көңіл бөлінеді.

Мұнай ұңғыларының өнімдерін кəсіпшілікте жинау жəне дайындау

жағдайында өтіп жатқан құбылыстардың, үрдістердің жəне

туындайтын

мəселелердің сан алуандығы сонша оны бір кітап көлемінде ашып көрсетіп,

тереңірек үңілуге толық мүмкінді бермейді. Мұнай кен орындарын игерудің

қазіргі таңдағы дүниежүзілік тəжірибесі əртүрлі жағдайларда мұнайды, ілеспе

газды жəне суды тиімді

жинау жəне сапалы дайындауды қамтамасыз ететін

əртүрлі

техникалық

жəне

технологиялық

шешімдерді, тəсілдер

мен

жабдықтарды қолданумен сипатталады. Технологиялық үрдістерде өнімділігі

жоғары,

толығымен

немесе

бір

бөлігі

ғана

автоматтандырыл,

саңылаусызданған блокты аппараттар мен жабдықтар қолданылады. Химиялық реагенттердің кең спектрі қолданылады.

Негізгі əдебиеттер: 1[8-9]. Қосымша əдебиеттер: 5,6,7. Бақылау сұрақтары:

1.Қазақстанды мұнай өндіруші ел ретінде сипатта. 2.Қазақстандағы ірі мұнай мен газ кен орындарын атап беріңіз. 3.Сіз, қандай теңіздегі мұнай-газ кен орындарын білесіз?

2 ДƏРІС. Кен орнын игерудің жəне тұрғызудың жобалары, олардың өзара байланысы.

Игеру жəне тұрғызу жобалары туралы түсінік. Кен орнын игеру сатылары. Жобада қарастырылатын сұрақтар.

Кез-келген кен орынды жобалауигеру жобасын құрастырудан басталады. Ол келесі бөлімдерден тұрады:

-мұнай мен газ қорларын есептеу;

-кен орнын игеру сұлбасын (схемасын) жасау;

-барлық өнімді қабаттардың (горизонттардың) геологиялық, гидродинамикалық жəне пайдалану сипаттамаларын анықтау;

-қабат суларының сипаттамасы мен химиялық құрамын анықтау;

-мұнай мен газдың физикалық-химиялық қасиетін анықтау;

-айырудың əртүрлі сатысындағы мұнайдың

дифференциалды газсыздануы;

-мұнайды өңдеудің неғұрлым тиімді сұлбасын ұсыну;

-кен орнын игеру жүйесі бойынша ұсыныстар;

-игерудің барлық мерзіміндегі əр жыл бойынша мұнайдың сулануын ескере отырып мұнай мен газды өндірудің болашақ жоспарын жасау;

-жақын жатқан аудандардың мұнайлылық болашағы;

12

- ұңғыны

пайдалануға

енгізу

тəртібі

мен

уақыты

жəне

олар

пайдаланудан шығару;

 

 

 

 

 

 

-игеру кезеңінде ұңғылардағы қабаттық, түптік, буферлік (сағалық) жəне құбыр сыртындағы қысымдардың өзгеру динамикасынан;

-ұңғыларды сусыз мұнаймен фонтандандыру қысымының есебі жəне параметрлері, осыған байланысты ұңғыларды фонтандық тəсілден механикалық пайдалану тəсіліне ауыстыру қажеттілігі;

-газ факторын анықтау;

- қабат қысымын ұстау тəсілін таңдау жəне айдалатын жұмысшы агентінің (су, газ) көлемі мен көрсеткіштерін анықтау;

-айдау ұңғыларының жұмыс режимі, жұмысшы агентінің (су, газ) негізгі көздері;

-кен орнын игеру жүйесі бойынша қабылданған техника-экономикалық көрсеткіштер.

Игеру жобасының негізгі міндеттері: жер қойнауын жəне қоршаған ортаны қорғау бойынша жүргізілетін іс-шараларды сақтай отырып максималды мұнай алу жəне бір тонна мұнайды өндіруге жұмсалатын шығынды азайтып кен орнынан жоспарланған өнім алуды қамтамасыз ету.

Мұнай кен орнын тұрғызу жобасы негізгі құжат болып табылады, оның негізінде жинау, кəсіпшілік ішінде тасымалдау жəне ұңғы өнімдерін дайындау кешендерінің құрылысы жүзеге асады.

Ұңғы өнімдері деп ұңғыдан келіп түсетін жəне мұнайд, қабатн суларынан, əртүрлі қоспалардан жəне еріген газдан тұратын көп компонентті заттарды айтады [18].

Ұңғы өнімдерін жинау жəне дайындау жүйесініңнегізгі элементтеріне мыналар жатады:

-өндіру ұңғылары;

-автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғылары (АТӨҚ);

-сығымдайтын сорап станциялары (ССС);

- мұнайды, газды жəне суды жинау мен дайын орталықтандырылған пункті (ОЖП немесе МАДЦ).

Жүйе элементтері өзара бір-бірімен құбырлар арқылы байланысқан.

Мұнай кен орнының тұрғызу жобасын, оның игеру жобасы мен технологиялық сұлбасын негізге ала отырып сол жобалау мекемесі жасайды. Тұрғызу жобасын құрастыру барысында жергілікті жердің географиялық жəне климаттық жағдайы ескеріледі: құрылыстың бар жоғы, сулы кедергілердің болуы, кейбір участкелердің батпақтануы, ауыл жəне орман шаруашылығы үшін жердің құндылығы жəне т..б Игеру барысында мұнай кенорнының даму көрсеткіші оның толық зерттелуіне байланысты. Кенорнын пайдаланудың барлық мезгілінде игерудің бірінші сатысынан екінші сатысына өтуі кезінде оның негізгі көрсеткіштері толық анықталып жəне жете зерттеледі. Сондықтан тұрғызудың бастапқы кезінде объектілер мен өндірістік қуаттардың құрылысы мен енгізу кезегін анықтап қана қоймай кенорынды игерудің əр сатысында өндірістік қуаттарды біртіндеп дамытуды жүзеге асыру қажет.

13

Мұнай кен орындарын игеру кезеңдері(сатылары) өлшемсіз уақытқа байланысты мұнай өндіру динамикасы бойынша бөлінеді, яғни жинақталған өндірілген сұйықтың мұнайдың баланстық қорына қатынасымен сипатталады [3, 13] жəне 1.1-суретінде көрініс тапқан.

1.1.Сурет. Мұнай кен орындарын игеру сатылары

І саты - пайдалану кешенін (объектісін) игеру - өнімнің өсу сатысы - ол мұнай өндірудің максималды берілген деңгейге дейінқарқынды өсуімен сипатталады жəне пайдалану қоры шамамен 60-80%-ке дейін ұлғаяды. Ұңғы өнімі аздап суланады (егер мұнай тұтқырлығы 5 мПа×с дейін болса 3 - 4%-ке, ал тұтқырлығы жоғары болса35%-ке дейін суланады). Бұл сатының ұзақтығы 4-5 жылды қамтиды.

ІІ саты - мұнай өндірудің жоғары деңгейін бір қалыпты ұстап тұрубұл

сатыда

3-7 жыл

аралығында мұнай

өндірудің

жоғары

деңгейі

тұрақты

сақталады, кейде тұтқырлығы аз мұнай кен

орындарын

игеру кезінде

бұл

аралық бірнеше жылға созылуы мүмкін. Резервтегі қордың есебінен ұңғылар

 

саны максимумға дейін өседі. Өнімнің сулануы өсе түседі (65%-ке дейін) жəне

 

сулануға

байланысты

ұңғылардың

аздаған

бір

бөлігі

жабылып

қалады

(тоқтатылады) жəне

ұңғылардың

көп

бөлігі

ұңғыны

пайдалануды

механикалық тəсіліне ауысады.

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ

саты -

мұнай

өндірудің едəуір төмендеуі-

мұнай

өндірудің

тез

 

құлдырауымен, өнімнің сулануына байланысты (ұңғылар тоқтатылып) ұңғылар қорының азаюымен, ұңғылар қорының барлығын пайдаланудың механикалық тəсіліне ауыстырумен, ұңғы өнімінің 80-85%-ке дейін сулануымен сипатталады,

əсіресе тұтқырлығы жоғары мұнай кенорындарында

сулану

көрсеткіші

қарқынды болады. Бұл сатының ұзақтығы алдыңғы сатылардың ұзақтығына

байланысты жəне орта есеппен 5-10 жылды құрайды.

 

 

 

Алғашқы үш сатыныигерудің негізгі

кезеңі деп

атайды. Осы

уақыт

аралығында

кеніштен

(алынатын

мұнай

қорынан) 80-90%-ға

дейін

мұнай

алынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

ІV саты - игеруді аяқтау

сатысы.

Ол

сұйық алу артып мұнай алу

қарқынының

баяу

төмендеуімен, алдыңғы

сатыларға

қарағанда

өнімнің

14

сулануы тез өсіп, ұңғылар қорының азаюымен

сипатталады. Бұл

кезең

аралығында жалпы өнім алу мұнайдың баланстық қорының10-20% құрайды.

Соңғы сатының ұзақтығы

алдыңғы барлық игеру

кезеңінің ұзақтығымен

салыстырылады.

Ол 15-20

жыл немесе

оданда

бірнеше ондаған

жылды

құрайды

жəне

экономикалық

тиімділік

шегімен(рентабелділікпен)

анықталады. Бұл əсіресе ұңғы өнімі 98% суланғанда басталады.

Ескере кететін жағдай осы барлық төрт сатыдан өтубарысында мұнай, мұнай газын жəне суды өндірудің бірдей еместігі жəне уақыт өте құбырлар

мен қондырғылардағы сұйықтар ағынының құрамы өзгере

отырып ұңғы

өнімдерін жинау жəне дайындауға арналған кəсіпшілік

жабдықтарының

жүктелуінің бірдей болмайтындығы байқалады.

 

Мұнай кенорындарын игеру30 жылға жəне бірнеше ондаған жылдарға созылатындықтан, уақыт өте ондағы өндіру ұңғыларының саны мен орналасу жағдайы, олардың шығымы, өнімнің сулануы, ұңғыларды пайдалану тəсілі өзгеріп отырады.

Өнімді жинау жəне дайындау жүйесіне келесі талаптар қойылады:

1)өндіру ұңғыларының өнімін саңылаусыз жинау жəне тасымалдау;

2)əр ұңғы бойынша мұнай, газ жəне суды автоматты өлшеу;

3)

ұңғы өнімдерін тауарлы өнім нормасына

дейін дайындау, оны

 

 

автоматты бақылау жəне есептеу;

 

 

4)

өнімді тасымалдау үшін қабат энергиясын тиімді пайдалану;

 

5)

технологиялық

қондырғылардың беріктігі

жəне

толық

 

автоматтандырылуы;

 

 

 

6)негізгі тораптардың блокты түрде жасалып дайындалуы;

7)күрделі (қаржы) шығындары, пайдалану шығындары жəне

металсыйымдылығы (жұмсалған

метал) бойынша

жоғарғы

экономикалық көрсеткіштерді қамтамасыз ету;

 

8) жер қойнауын жəне қоршаған ортаны қорғау.

 

Қазақстан республикасының мұнай кəсіпшіліктерінде жəне шет елдерде жинау жүйесіндегі мұнайды дайындауда біріккен технологиялық операциялар кеңінен қолданылады. Жинау пунктіне дейін ұңғы өнімін жеткізу үшін ағын энергиясын максималды (мол) қолдану мақсатында (көпшілік кен орындарында сағалық қысымның аздығын ескере отырып), сондай-ақ құбырлар торабын азайту үшін негізінен мұнай, газ жəне суды бірге жинау қарастырылған.

Негізгі əдебиеттер: 1[10–18]. Қосымша əдебиеттер: 2[3-9]. Бақылау сұрақтары:

1.Игеру жобасында қандай сұрақтар қарастырылады ?

2.Ұңғы өнімін қалай түсінесіз ?

3.Ұңғы өнімін жинау жүйесінің элементтерін атап беріңіз.

4.Жинау, кəсіпшілік ішінде тасымалдау жəне ұңғы өнімдерін дайындау кешендерінің құрылысы қандай жобалау құжаты негізінде жүзеге асады?

5.Мұнай кен орнын орналастыру жобасына қандай негізгі талаптар қойылады?

15

6.Мұнай кен орнының орналастыру жобасын жасау үшін қандай мəліметтер қажет?

7.Мұнай кен орнын игерудің төрт сатысына (этапына) сипаттама беріңіз ?

8.Мұнай кен орнын игерудің əр сатысының ұзақтығы қандай?

3 ДƏРІС. Мұнайдың, мұнай газының жəне қабат суларының физика-

 

химиялық қасиеттері.

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұнайдың, газдың жəне судың тығыздығы мен тұтқырлығы. Мұнайдың,

 

мұнай газының жəне ілеспе судың физикалы-химиялық қасиеттерінің

 

 

ерекшеліктері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұнай мен газ жанғыш пайдалы қазбалар қатарына жатады. Олар

 

құрамында

көмірсутегі

емес

қосылыстары

бар

əртүрлі

құрылымда

көмірсутектерінің күрделі қоспаларынан тұрады.

 

 

 

 

 

Мұнай құрамы өте күрделі жəне əр түрлі болып келеді. Ол бір кеніштің

 

өзінде де өзгеріске түсуі мүмкін. Əр кен орнының мұнай құрамы ерекше жəне

 

қасиеті де əр түрлі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұнайдың

қасиеті

өндіру

барысында, мұнайдың

қабат

бойымен

 

қозғалысында, ұңғыда жəне жинау мен тасымалдау

жүйесіндеөзгеріп

 

отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұнайдың құрамына метанды немесе парафинді(Сп Н2п+2),

нафтенді (Сп

 

Н2п) жəне ароматты (Сп Н2п-6) көмірсутектер кіреді.

 

 

 

 

 

Метанды

немесе

парафинді

көмірсутектері метаннан

2Н4) бастап,

 

пентанға (С5Н12) дейін қалыпты жағдайда, яғни (Р=0,1 МПа жəне Т=273 К) газ

 

күйінде болады.

Ал пентаннан бастап гептадеканға (С17Н36)

дейін -

сұйық

 

түрінде, ал одан да жоғарғысықатты заттар (парафиндер) күйінде кездеседі

 

[18]. Мұнайдың парафинді көмірсутектерінің жартысы қалыпты құрылымға, ал

 

қалған бөлігі тармақталған құрылымға ие екені белгілі. Изоалкандар - бензин

 

мен майдың, олардың пайдаланылу сапасын жақсартатын бағалы компоненттер

 

болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нафтенді

көмірсутектер (циклоалкандар). Моноциклді

нафтендер

 

мұнайда циклопентанды жəне циклогександы көмірсутектермен кең танымал

 

болып келеді. Нафтенді көмірсутектері - моторлы жанар жəне жағар майлардың

 

ең маңызды

құрамдас бөлігі болып табылады. Нафтенді көмірсутектері

 

парафинді

көмірсутектеріне

қарағанда асфальтендер мен шайырларды өте

 

жақсы еріту қабілетіне ие.

 

 

 

 

 

 

 

Ароматты

көмірсутектері

бензолдық

қатардың

циклді

ше

көмірсутектеріне

жатады. Мұнайдың тығыздығы, химиялық

 

тұрақтылығы,

 

улылығы

жəне

басқада сипаттамалары ароматты көмірсутектерінің алатын

 

үлесіне жəне құрамына байланысты. Мұнайдың ароматты көмірсутектері басқа

 

қосылыстармен салыстырғанда асфальтты-шайырлы(смолалы) заттарды өте

 

жоғары дəрежеде еріте алады.

 

 

 

 

 

 

 

Мұнайдың құрамы элементтік, фракциялық жəне топтық деп жіктеледі.

 

Мұнайдың

элементтік

құрамы деп, ондағы əртүрлі

химиялық элементтердің

 

16

бірлік үлестегі немесе пайыздағы массалық құрамын айтамыз. Мұнайдың негізгі элементі көміртегі (С) мен сутегі (Н) болып табылады.

Көбінесе мұнайда көміртегінің пайыздық үлесі- 83-87%, ал сутегінің үлесі - 12-14% құрайды. Ал басқа элементтер - күкірт, азот, оттегі жəне тағы

басқалары 3-4% аралығында кездеседі.

 

 

 

 

 

 

 

Күкіртті

 

қосылыстар (меркаптандар, сульфидтер,

күкіртсутектері)

металдарды

қатты коррозияға ұшыратады жəне мұнайдың тауарлық сапасын

төмендетеді.

Еркін күкірт мұнайда сирек кездеседі

жəне

күрделікүкіртті

қосылыстарға ыдырайды. Зияндық (улы) қасиеті бойынша

барлық осы аталған

күкіртті қосылыстардың ішінде күкіртсутегі ең қауіпті болып табылады.

 

Мұнай

құрамына

кіретін, оттекті

құрамды

компоненттергенафтенді

жəне майлы қышқылдар, фенолдар жəне т.б. жатады. Нафтенді

қышқылдың

құрамы бірнеше пайызға дейін жетуі мүмкін. Нафтенді қышқылдар тез

жағымсыз

иіс

шығаратын

аз ұшатын

сұйықтар

болып

келеді, олар

суда

ерімейді, бірақта

мұнай

өнімдерінде жеңіл ериді. Сілтілі металдары бар қабат

суларымен

 

əрекеттескен

кезде

 

түзілетін

нафтенді

 

қышқыл

-тұздары

эмульгаторлар болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Азоттық қосылыстар мұнай құрамында аз мөлшердекездеседі (0,5%

дейін).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Асфальтты-шайырлы

заттар

жұқа

беттегі

мұнайдың

түсін анықтайды

(сарыдан, қоңырдан бастап қараға дейін). Олар күрделі қоспалар болып келеді.

Оларда көміртегі, сутегі жəне оттегі атомдарымен қатар күкірттің, темірдің,

магнидің, никельдің жəне т.б. заттардың

атомдары болады. Шайырлар сілтілер

мен қышқылдарда ерімейді, бірақ жеңіл мұнай дистилляттарында толық ериді.

Шайырлардың тұтқырлықтары өте жоғары, тығыздығы

шамамен 1,0-ге

тең.

Асфальтендер -

жеңіл

бензиндерде

ерімейді, бірақта бензолда,

хлороформде

жақсы ериді. Ол морт сынғыш, əдетте қара түсті болып келетін қатты .зат

Олардың тығыздығы 1-ден артық.

Мұнайдағы асфальтендер мен шайырлардың

жалпы

мөлшері 20-25% дейін

жетуі

мүмкін. Бұл

заттар - сумұнай

эмульсиясының негізгі табиғи тұрақтандырғышы, олар мұнайдың көбіктенуіне жағдай жасайды.

Мұнайда аз мөлшерде металдар - ванадий, никель, хром, темір, магний жəне т.б. кездеседі.

Мұнайдың фракциялық құрамын, айыру барысындағы əртүрлі қайнау температурасымен олардан шығатын фракциялар арқылы анықтайды. Мұнай фракцияларының қайнау температурасы:

30-205 °С - бензин; 200-300 °С - керосин; 120-240 °С - лигроин (аралық фракция);

300 ° С –тан астам температурада мазуттар алынады.

Айдау барысында алынған өнімдерді, егер олар 350 °С-қа дейін қайнаса - ашық фракциялар деп, ал егер қайнау шегі350 °С жəне оданда жоғары температурада қайнаса - қара фракциялар деп атайды. Мұнай газы ұңғы өнімінің табиғи жəне ажырамас бөлігі болып табылады, оның мөлшері мұнайдағы газ факторымен бағаланады.

17

Газ факторы бұл еркін

күйінде

мұнай

қабатынан

алынатын, сондай-ақ

мұнайды айырудың əртүрлі сатыларынан соң бөлініп шыққанжалпы газ

мөлшерін көрсетеді. Əдетте

газдың

бірлік

 

көлемінен немесе

массасынан

бөлініп шығатын газ мөлшерін қалыпты жағдайға келтіреді(Р=0,1 МПа жəне

 

 

3

3

немесе

3

 

Т=273 К). Газ факторының өлшем бірлігі(м

 

м/т). Терең жатқан

өнімді қабаттардан өндірілетін жеңіл мұнайлар

жоғары газ

факторымен

сипатталады. Шамалы тереңдіктен

алынатын

ауыр

асфальтты-шайырлы

мұнайлардың құрамында газ мөлшері көп болмайды. Мұнай газы - бұл С1-ден С4 -ке дейін жəне одан да жоғары метан қатарының көмірсутектерінің күрделі көпкомпонентті қоспалары, сондай-ақ онда көмірсутек емес газдаразот, көмірқышқыл газы, күкіртсутек жəне инертті газдар болуы мүмкін. Əртүрлі кен орындарынан өндірілетін мұнай газы компоненттік құрамы бойынша едəуір

ерекшеленеді. Мұнайгазының неғұрлым бағалы компоненттеріне С жəне одан

3

да

жоғары

көмірсутектерінің

фракцияларыжатады. Газда

қышқыл

компоненттер

деп аталатын 2НS жəне

СО2-нің болуы, сондай-ақ

су буының

болуы мұнайхимиясы үшін мұнайгазын отын жəне шикізат ретінде қолдануды қиындатады жəне оны алыс қашықтыққатасымалдау кезінде қиындықтар туғызады, сондықтан кəсіпшілікте оны дайындау: кептіру жəне тазарту жүзеге асырылады.

Мұнайгазының тығыздығын көбінесе қалыпты жағдайға арнап, газдың компоненттік құрамынан шыға отырып мына формула бойынша анықтайды:

 

 

 

r қос/22,41 ;

 

 

 

 

 

мұнда r - газ қоспасының тығыздығы, кг/м3;

 

 

 

 

 

Жоғары

сығымдылық

коэффициент-

газды

есептеу

барысында

қолданылатын ең маңызды параметр. Ол реалды (нақты) газдың идеалды газдан

ауытқуын

сипаттайды

жəне

Браун-Катц

графигі

бойынша

бойынша

келтірілген қысым Ркел мен температура Ткел негізінде анықталады (келтірілген параметрлер - газдың нақты параметрлерінің критикалықтан қаншалықты есе ерекшеленетіндігін көрсететін өлшемсіз шама).

Газдардың тұтқырлығы - газдың құрамына, температурасына жəне қысымына байланысты болады. Мұнайгазы үшін меншікті жылусыйымдылығы мұнайдікіне ұқсас (1,7-2,1 кДж/кг×К) аралығында болады. Метандық газ үшін ең жоғарғы меншікті жылусыйымдылық 2,48 кДж/кг×К. Пропан мен бутанның болуы жалпы жылусыйымдылықты төмендетеді. Көмірсутек емес газдардың меншікті жылусыйымдылығы 1,0 аралығында болады. Мұнайгазының жылуөткізгіштік коэффициенті 0,01-0,03 Вт/м×К аралығында болады. Мұнай кен орындарының қабат сулары ұңғы өнімінің ажырамас құрам бөлігі болып

саналады жəне кəсіпшілікте мұнайды жинау жəне дайындау кезінде едəуір қиыншылық туғызады. Əртүрлі кен орындарындағы ұңғыдан мұнаймен бірге өндірілетін қабат суларын, əдетте олардың құрамында еріген минералды тұздардың концентрациясына, газдар мен микроорганизмдердің болуына байланысты ажыратады. Қабат суларын негізгі екі топқа бөледі:

1)қатты - хлоркальцилі жəне хлормагнилі;

2)сілтілі - гидрокарбонатнатрилі.

18