Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Конструкция авто лекция

.pdf
Скачиваний:
204
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
5.75 Mб
Скачать

1. «Жалпы мәліметтер, сыныптау және автомобильдің жалпы құрылғысы»

Автомобиль кӛлiгiнiң жылжымалы кұрамы деп автомобильдердi, автомобиль пойыздарын, прицептердi және жартылай прицептердi атайды.

Автомобиль кӛлiгiнiң жылжымалы кұрамы кӛп түрлi. Оның арнайы түрi мен ӛтiмділiгiне қарай сыныптауға болады (1.1. сурет).

Жалпы мақсаттағы жылжымалы кұрам түрлi кӛлiктiк тасымалдарды орындауға арналған, арнайыландырылған — тек қана белгiлi бiр кӛлiктiк тасымалды орындауға, ал арнайы - кӛлiктiк емес түрлi жұмыстарды атқаруға арналған.

1.1 сурет. Арналған түрі мен өтімділігіне қарай автомобиль көлігінің жылжымалы құрамы түрін сыныптау

Жолаушылар жылжымалы құрамы (1.2 сурет) адамдарды тасымалдауға арналған. Оған жеңiл автомобильдер жатады.

Жеңiл автомобильдер жолаушыларды жекелей тасымалдауға арналған (2-ден 8 адамға дейiн).

1.2сурет. Жолаушылар жылжымалы құрамы:

а- жеңіл автомобиль; б - автобус.

Жалпы мақсаттағы жеңiл автомобильдердiң қораптары ашық немесе жабық болып келедi. Арнайыландырылған жеңiл автомобильдер белгiлi бiр қатардағы жолаушыларды тасымалдауға арналған. Арнайыландырылған автомобильдерге жедел жәрдем, такси т.б. жатады.

Арнайы автомобильдер кӛлiктiк емес жұмыстарды атқару үшiн қажет. Олар жеңiл автомобильдер шассиi негiзiнде шығарылып, арнайы құралдармен, аппаратпен т.б. жабдықталады. Арнайы автомобильдерге зертханалық, зерттеулiк, милиция автомобильдерi жатады.

3

Автобустар жолаушыларды бұқаралық тасымалдау үшiн қажет. Жалпы мақсаттағы автобустар қалалық, қалааралық, қала сыртына шығатын болып бӛлiнедi. Арнайыландырылған автобустарға санитарлық, туристiк және мектеп автобустары жатады.

Автобустардың вагон және капот типтес қорабы жүк автомобильдерi болып табылады. Олар жүк автокӛліктерінде, агрегаттар базасында орындалады. Жеңiл автомобильдер негiзiнде шығарылатын шағын автобустар кең таралған.

Арнайы автобустар жалпы мақсаттағы автобустар шассиi негiзiнде орындалып, арнайы қорабы болуы мүмкiн, және арнайы құралдармен, приборлармен, аппараттармен жабдықталады. Бұл автобустарға жылжымалы техникалық станциялар, кинозертханалар, санитарлык-ветеринарлық автобустар және т.б. жатады.

Жылжымалы жүк құрамы әртүрлi жүктердi тасымалдауға арналған. Оған жүк тасымалдайтын автомобильдер, сүйретпе автомобильдер, автопойыздар, тiркемелер және жартылай тiркемелер жатады.

Жүк тасымалдайтын автомобильдер жалпы мақсаттағы, арнайыландырылған және арнайы болып бӛлiнедi (1.3 сурет).

1.3 сурет. Жүк автомобильдер:

а -жалпы мақсаттағы; б -арнайыландырылған; в - арнайы.

Жалпы мақсаттағы жүк автомобильдерi сұйық жүктен ӛзге (ыдыссыз) жүктiң барлық түрiн тасымалдауға арналған. Олардың жиектi платформа тәрiздi жүк қоятын қорабы болады.

Арнайыландырылған жүк автомобильдерi нақты бiр түрдегi жүктердi тасымалдау үшiн арналған. Арнайы қорап пен қондырғылар және тиеу-түсiруге арналған құралдармен жабдықталады.

Арнайыландырылған автомобильдерге самосвал-автомобильдер, цистерналар, фургондар, рефрижераторлар, ӛздiгiнен тиегiш кӛлiктер жатады.

Арнайы жүк автомобильдерi әртүрлi кӛлiктiк емес жұмыстар мен операциялар жасауға арналған. Олар арнайы кұралдармен, механизмдермен, құрылғылармен жабдықталған жүк автомобильдерi шассиi негiзiнде жасалған, олардың арнайы қорабы болмайды. Арнайы автомобильдерге коммуналдық кӛлiктер (қоқыс жинайтын, қар жинайтын, суаратын және т.б.), ӛрт сӛндiретiн, автокрандар, автобағаналар, автокомпрессорлар, автобетонилегiштер жатады.

Автопойыздар жылжымалы құрамның ӛнiмдiлiгiн арттырып, тасымалдың ӛзiндiк кұнын тӛмендетуге мүмкiндiк бередi. Сонымен, бiрқалыпты жұмыс атқарғанда автопойызбен тасымалдау кұны бiр автомобильге карағанда 25-30% тӛмен болады, ал жұмыс ӛнiмдiлiгi 1,5% артық болады.

Автопоездар сүйремелi-автомобильдерден, тiркемелерден, жартылай тiркемелерден тұрады. Автопоездар тiркемелi, ершiктi және роспус болып бӛлінедi.

Тiркемелi автопоездар жүк автомобилiнен және бiрнеше тiркемеден тұрады. Ершiктi автопойыздар алдыңғы жағы сүйремеге жапсырылған түрде болады.

Олардың дӛңгелек формуласы бір ерекшелігі - егер автомобильде екi белдеме болып, екеуi де жетекшi қызмет атқарса 4х4, және де автомобильдiң үш белдемесі болса, олардың ортаңғысы мен артқысы жетекшi болса — 6х4 мәнде болады.

4

1.4 сурет. Автопоездар. Автопоездар түрлері: а - тiркемелi; б - ершiктi; в -шашыратылған.

Ӛтiмдiлiгi жоғары автомобильдер (сурет 1.5) ой-шұңқырлардан еркiн ӛте алады. Бұл автомобильдердiң жетекшi белдемелері бар, олар үшеу немесе одан кӛбiрек болады. Ӛтiмдiлігі жоғары автомобильдердiң дӛңгелек формуласы 6х6 және 8х8 мәнде болады.

1.5.сурет. Автомобильдер: а - шектелген өтімділікті; б, в- өтімділігі жоғары; г- аса жоғары өтімділікті.

Автомобильдер түрi мен арнайылығына қарай кластарға бӛлiнедi де, соған сәйкес белгi қойылады.

Автомобильдiң әрбiр үлгiсi бойынша базалық па, әлде жетiлдiрiлген бе, соған байланысты ӛзiнiң белгiсi болады. Базалық деп автомобиль негiзiнде жетiлдiрiп шығарылатын автомобильдi атайды. Бұл кӛп мӛлшерде шығарылатын автомобильдiң негiзгi үлгiсi.

Автомобильдiң базалық үлгiсiне тӛрт мәндiк сандық индекс берiледi, онда алғашқы екi сан класын бiлдiредi де, келесi екi сан автомобильдiң үлгiсiн кӛрсетедi. Мұнда сандық индекс алдында ӛндіруші заводтың әріптік белгісі қойылады.

Жетiлдiрiлген деп базалық автомобильден бiрқатар кӛрсеткiштермен ерекшеленетiн (конструкциялық және игерiмдiлiк), нақты талаптарға және игеру шартына сәйкес келетiн автомобильдi айтады.

Мысалы, жетiлдiрiлген безендiрумен ӛзгешеленуi мүмкiн.

Жетiлдiрiлген автомобильдердiң бес мәндiк сан индексi болады, онда бесiншi сан базалық жетiлдiрудің нӛмiрiн кӛрсетедi.

Жеңiл автомобильдер қозғауыш цилиндрлерiнiң жұмыс кӛлемiне карай (литраж) бес

класқа бӛлiнген:

 

 

 

Класс

Литраж, л

Индекс

Аса шағын

1,2 дейiн

 

11

Шағын

1,2 ден 1,8

дейiн

21

Орташа

1,8ден 3.5

дейiн

31

Үлкен

3,5 жоғары

41

Ең үлкен

шектелмейдi

41

Жеңiл автомобильдерге белгi салу келесiдей тәсiлмен орындалады. Мысалы, ВАЗ2105 және ВАЗ-21053 деген белгiлер мынаны бiлдiредi: ВАЗ — Волга автомобиль заводы,

5

21 саны - шағын класты автомобиль, 05 саны — бесiншi үлгi (базалық), З саныүшiншi жетiлдiру.

Автобустар ұзындығына карай бес класқа бӛлiнген:

Класс

Ұзындыгы, м

Индекс

Аса шағын

5,0 дейiн

22

Шағын

6,0...7,5 дейiн

32

Орташа

8,0.. .9,5 дейiн

42

Үлкен

10,5..12,0 дейiн

52

Аса үлкен (бiрiккен)

16,5 жоғары

62

Атобустар келесiдей түрде белгiленедi. Мысалы, ЛиАЗ-5256 белгiсi мынаны бiлдiредi — Ликин автобус заводы, үлкен класты автобус, елу алтыншы базалық үлгi.

Жүк автомобильдерi толықтай салмағына карай, жетi класқа бӛлiнген: бiрiншi класс (1,2 дейiн), екiншi (1,2- 2 дейiн), үшiншi (2 - 8т дейiн), тӛртiншi (8 - 14 т дейiн), бесiншi (1420т дейiн), алтыншы (20 - 40тдейiн) және жетiншi (40т жоғары).

Жүк автомобильдерiнде алғашқы индекс саны толықтай салмағына байланысты автомобильдің класын бiлдiредi, индекстiң екiншi саны жүк автомобиль түрiн кӛрсетедi (3-борттық, 4- сүйретпе, 5-самосвал, 6-цистерна, 7-фургон, 9-арнайы). Үшiншi және тӛртiншi сандар — автомобиль моделiнiң үлгiсi, бесiншi сан — жетiлдiру нӛмiрi. Мысалы, ЗИЛ-4331 деген белгi — И.А. Лихачев атындағы завод, салмағы 8- 14т дейiн болатын жүк автомобилi, борттық, отыз бiрiншi үлгi.

Тiркемелер жене жартылай тiркемелер индексіндегі тӛрт мәндік сан индексімен белгіленеді, оның алдына шығарушы заводтың әріптік белгісі қойылады.

Тiркемелердiң (жартылай тiркемелердiң) түрлi үлгiлерi үшiн индекстегi тӛрт санының келесiдей екi саны берiледi: жеңiл — 81 (91), борттық жүк — 83 (93), самосвалдық — 85 (95), цистерналар — 86 (96), фургондар — 87 (97) және арнайы 89 (99).

Тiркемелер мен жартылай тiркемелер индексiндегi тӛрт санның екi саны олардың толықтай салмағына қарай берiледi, соған орай тiркемелер мен жартылай тiркемелер келесiдей бес топқа бӛлiнген:

Топ

Толық салмағы, т.

Индекс

Бiрiншi

4,0 дейiiн

24

Екіншi

4 ...10 дейiн

25...49

Үшiншi

10...16 дейiн

50...69

Тӛртiншi

16..24 дейiн

70...84

Бесiншi

24 жоғары

85...99

Тiркемелер мен жартылай тiркемелердi белгiлеу келесiдей тәсiлмен жүргiзiледi. Мысалы, ауыр салмақты тiркеме ЧМЗАП 8390 — Челябi автомобиль тiркемелер жасайтын машина жасау заводы, жүк тiркемесi, толық салмағы 24 т. жоғары.

Жылжымалы құрамның техникалық сипаттамасы оның кӛрсеткiшi болып табылады. Онда алдымен автомобильдi жалпы суреттейтiн параметрлер кӛрсетiледi, кейіннен козғалтқыш, трансмиссия, салпыншақ, тежегiш механизмдерi, шиналар мен олардың қорабы кӛрсетiледi.

Техникалық сипаттамасында автомобиль класы, орындық саны (жүргiзушi орындығын қоса алғанда), дӛңгелек формуласы, толықтай салмағы, кӛлемi ұзындығы, енi, биiктiгi), автомобиль базасы, алдыңғы және артқы дӛңгелектер кӛрсеткiшi, ең аз деген жол жарығы, айналымның ең аз деген радиусы, ең кӛп деген жылдамдық, автомобильдiң ӛз орнынан жылдамдық алуы, жанармай шығынын бақылау, қозғалтқыштың түрi, оның жұмыс кӛлемi, ең үлкен қуаттылығы (номинал), ең үлкен айналмалы кезеңi, жiберу қорабы, таралым қорабы мен бас жiбергiшінің жiберетiн саны, алдыңғы және артқы салпыншақтар түрi, алдыңғы және артқы тежегiш механизмдерiнiң түрi, қорап түрі.

Автомобиль дегенiмiз - қозғалысты қамтамасыз ететiн қозғалтқышпен жабдықталған дӛңгелектi рельссiз кӛлiк құралы.

6

Автомобиль бӛлшектер (детальдар), тораптар, механизмдер, агрегаттар мен жүйелерден тұратын күрделi машина болып табылады.

Бӛлшек — кұрастыру операцияларын қолданбастан бұрын орындалған, бiртектi материалдан (атауы мен маркасы бойынша) жасалған бұйым. Торап, механизм немесе агрегатты кұрастыруға бастама болатын бӛлшек базалық деп аталады.

Торап — ӛзара бұрамалы, бастырмалы, пiсiрмелi және басқа да бiрiктiру түрлерi арқылы бiрiктiрiлген бӛлшектер қатары.

Механизм — қозғалыс пен жылдамдықты ӛзгертiп тұратын, ӛзара қозғалмалы қалыпта бiрiктiрiлген бӛлшектер немесе тораптар.

Агрегат — бiртұтас болып бiрiктiрiлген бiрнеше механизмдер.

Жүйе — жұмыс кезiнде белгiлi бiр қызметтер атқаратын ӛзара әрекеттес механизмдер, аспаптар және басқа да құрылғылар жиынтығы.

Автомобиль үш негiзгi бӛлiктi: қозғалтқыш, шанақ және шассиді құрайды. Қозғалтқыш - автомобиль қозғалысы үшiн қажет механикалық энергияның кӛзi

болып табылады.

Шанақ - жүргiзушiнi, жолаушыларды, жүктi орналастыруға және оларды сыртқы әсерлерден (жел, жаңбыр, шаң т.б.) қорғауға арналған.

Шасси - автомобильдiң қозғалысы мен басқарылуын қамтамасыз ететiн механизмдер, агрегаттар мен жүйелер жиынтығын кұрайды. Шасси кұрамына трансмиссия, жетектеушi жүйе, алдыңғы және артқы аспалар, дӛңгелектер, кӛпiршелер, рулдiк басқарулар және тежеуiш жүйелерiн кіргізуге болады.

Трансмиссия автомобиль қозғалысы кезiнде қуат пен айналу күшiн қозғалтқыштан жетектеушi дӛңгелектерге берiп тұрады.

Артқы жетектеушi дӛңгелектерi бар автомобильдерде (1.6 сурет) трансмиссия жалғастырғыш, берiлiс қорапшасы, кардандық берiлiс, негiзгi берiлiс және дифференциал мен жартылай ӛстен тұрады. Негiзгi берiлiс, дифференциал және жартылай ӛс жетекшi кӛпiршенiң балкасына бекiтiледi. Алдыңғы жетектеушi дӛңгелектерi бар автомобильде (1.7 сурет) берiлiс қорапшасы мен негiзгi берiлiс арасындағы трансмиссияда карданды берiлiс болмайды. Барлық дӛңгелектерi жетекшi болып келетiн автомобильдерде трансмиссияға қосымша ретiнде карданды берiлiстер мен жетектеушi кӛпiршелер арқылы байланыстырылған тарату қорапшасы енедi.

Жетектеушi жүйе автомобильдiң барлық бӛлiктерiн, жүйелерiн және механизмдерiн орнатуға және бекiтуге арналған.

Жүк автомобильдерiнде, жүк автомобильдерi шассиi негiзiнде жасалған автобустарда, үлкен және жоғары класты жеңiл автомобильдерде, сондай-ақ ӛтiмдiлiгi жоғары бiрқатар жеңiл автомобильдерде жетектеушi жүйе рама болып табылады, мұндай автомобильдер рамалық деп аталады.

1.6сурет. Артқы жетекті дөңгелектерi бар ВАЗ-2105 автомобилінің жалпы үйлестірілуі: 1- шанақ; 2- қозғалтқыш; 3- ілініс (жалғастырғыш); 4- беріліс қорабы; 5- кардандық берiлiс; 6- артқы аспа; 7- отын багы; 8-сөндіргіш; 9-артқы белдеме; 10рулдік басқару.

Ерекше шағын, шағын және орта класты жеңiл автомобильдерде, сондай-ақ автобустарда рама болмайды. Бұл автомобильдерде жетектеушi жүйенiң қызметiн шанақ атқарады, оны жетектеушi деп атайды. Ал мұндай автомобильдердiң ӛздерi рамасыз деп аталады.

Аспалар дӛңгелектердiң жетектеушi жүйемен серiппелi байланысын және автомобильдiң қозғалыс кезiндегi жатық жүрiсiн қамтамасыз етедi, яғни жүргiзушiнi,

7

жолаушыларды, жүктi жолдың тегiс еместiгiнен сақтайтын дӛңгелектер қабылдап алатын соққылар мен итермелер түрiндегi әсерден қорғайды.

1.7 сурет. Алдыңғы жетектеушi дөңгелектерi бар ВАЗ-2108автомобильдің жалпы үйлестірілуі: 1- қозғалтқыш; 2- алдыңғы аспа; 3- отын багы; 4- артқы аспа; 5- сөндіргіш; 6- рулдік басқару; 7- басты беріліс және дифференциалмен беріліс қорабы; 8- ілініс; 9- шанақ.

Жеңiл машиналардың кӛпшiлiгi алдыңғы тәуелсiз дӛңгелектер аспасы және артқы тәуелділігі болады. Жүк автомобильдерi мен автобустарда алдыңғы және артқы дӛңгелектер аспалары тәуелді болып келеді.

Дөңгелектер автомобильдi жолмен байланыстырады да оның қозғалысы мен бұрылуын қамтамасыз етедi.

Дӛңгелектерге қозғалтқыш қуат пен айналу күшiн беретiн болса, онда жетектеушi болып саналады. Басқарушы деп автомобильдiң бұрылуын камтамасыз ететiн және оларға қуат пен айналу күшi берiлмейтiн дӛңгелектер жатады. Дӛңгелектер бiр мезгiлде жетектеушi және басқарушы болып табылса құрамалы деп аталады. Автомобильдердiң кӛпшiлiгiнде жетекшi дӛңгелектер артқылары, басқарушылары — алдыңғылары болып саналады.

Көпiршелер автомобильдiң жетектеушi жүйесiн ұстап тұрады.

Автомобильдерде жетекшi, басқарушы және құрамалы кӛпiршелер қолданылады, оларға сәйкесiнше жетекшi, басқарушы және құрамалы дӛңгелектер орнатылады. Автомобильдерде артқы кӛпiршелер — жетекшi, ал алдыңғы кӛпiршелер басқарушы және кұрамалы болып табылады.

Рульдiк басқарулар қозғалыс бағытының ӛзгерiсiн және автомобильдiң бұрылуын қамтамасыз етедi.

Автомобильдерде рулдiк баскарулар күшейткiшпен және күшейткiшсiз, гидравликалық және сирек жағдайларда пневматикалық ретінде де қолданылады. Руьлдiк басқарудың күшейткiштерi жүргiзушiнiң жұмысын жеңiлдетедi және қозғалыс қауiпсiздiгiн арттырады, яғни автомобильдiң қозғалысы жол-кӛлiк оқиғалары мен апаттардың анағұрлым аз ықтималдылығымен жүзеге асырылады.

Автомобильдерді рульдiк басқару белгiлi бiр елде қабылданған кӛлiк қозғалысы бағытына байланысты оң жақты немесе сол жақты болуы мүмкiн. Сонымен қатар автомобильдiң шанағы немесе кабинасы сол немесе оң жағында орнатылған рульдiк дӛңгелекке қарсы қозғалып келе жатқан кӛлiкпен қатарласқан кезде анағұрлым жақсы кӛрудi қамтамасыз етедi, бұл да қозғалыс қауiпсiздiгiн арттырады.

Тежеуiш жүйелерi автомобиль қозғалысы жылдамдығын азайтады, қозғалыс кезiндегi және аялдамалардағы қауiпсiздiктi қамтамасыз ете отырып, оны тоқтатып және бiр орнында ұстап тұрады.

Автомобильдер бiрнеше тежеуiш жүйелерiмен жабдықталады, олардың жиынтығы автомобильдiң тежеуiштiк басқарылуы деп аталады.

Жұмыс тежеуiш жүйесi қызметтiк және шұғыл (апаттық) тежелу үшiн қолданылады, автомобильдiң барлық дӛңгелектерiне әсер етедi және тежеуiш педалiн жүргiзушiнiң аяғымен басуы арқылы iске қосылады.

Аялдамалық тежеуiш жүйесi автомобильдi бiр орнында қозғалтпай ұстап тұрады, тек артқы дӛнгелектерге және трансмиссия бiлiгiне әсер етедi. Жүргiзушiнiң қолымен иiнтiректi басқаруы арқылы iске қосылады.

8

Қосалқы (резервтiк) тежеуiш жүйесi автомобильдi жұмыс тежеуiш жүйесi iстен шыққан кезде тоқтата алады. Автомобильде жеке қосалкы тежеуiш жүйесi болмаған кезде оның қызметiн тежеуiш жүйесiнiң бүтiн бӛлiгi (бастапқы және екiншiлiктi қоршау) немесе аялдамалық тежеуiш жүйесi қызметін атқарады.

Кӛмекшi тежеуiш жүйесi (баяулатқыш-тежегiш) трансмиссия бiлiгiне әсер етедi және басқа тежеуiш жүйелерден тәуелсiз түрде орындалады.

Аялдамалық және қосалқы тежеуiш жүйелермен біркелкі автомобильдер жабдықталады, ал кӛмекшi тежеуiш жүйемен толық салмағы 12 т-дан артық үлкен жүккӛтерiмдiлiктi жүк машиналары және толық салмағы 5 т-дан артық автобустар жабдықталады.

Автопойыздар құрамында жұмыс iстейтiн тiркемелер қозғалыс жылдамдығын азайтатын, оларды тоқтататын және бiр орында ұстап тұратын қызмет атқарады. Сондай-ақ тiркеменi автомобиль-тартқыштан бӛлiнген кезде автоматты түрде тоқтататын тiркемелiк тежеуiш жүйемен жабдықталады.

2. «Автомобильдің қозғалтқышы және оның параметрлері туралы жалпы мәліметтер»

2.1. Іштен жанатын қозғалтқыштың түрлері.

Автомобиль қозғалтқышы оның цилиндрiнде жанатын отынның жылу энергиясын механикалық энергияға айналдыратын механизмдер мен жүйелердiң бiрлiгiн құрайды. Қазiргi заманғы автомобильдерде ең кӛп тарағаны iштен жанатын қозғалтқыштар. Қиыстырма бойынша поршеньді және роторлы болып бӛлінеді. Поршеньдi қозғалтқыштарда отынның жану кезiндегi ұлғайуы (газдың), олардың цилиндрлерiнiң iшiндегi поршеньдердiң қозғалысына әсер етедi.

Роторлы қозғалтқыштарда жанған отынның газдары айналатын бӛлшек роторға әсер етеді. Роторлы қозғалтқыштар газотурбинді және роторлық-поршеньді болады.

Автомобильдерде колданылатын қозғалтқыштар жанармайға байланысты бірнеше түрге бӛлiнедi. (2.1 сурет).

Бензиндi қозғалтқыштар мұнайдан алынатын ауыр сұйық отын мен бензинмен жұмыс iстейдi.

Дизельдi қозғалтқыштар ауыр сұйық отынды дизельде жұмыс iстейдi. Ол да мұнайдан алынады.

Бензинкӛрсетiлген қозғалтқыштардың iшiндегi қуаттысы болып, ал ең тиiмдiсi мен экологиялық тазалығы жағынан жоғары пайдалы әсер коэффициентi бар дизельдi қозғалтқыштар болып саналады. Сонымен қатар бiрдей шарттар негiзiнде дизельдерде отынның шығыны бензиндi двигательдерге қарағанда 25-30% аз.

Сыртқы аралас қоспасы бар қозғалтқыштарда отын қоспасы цилиндрлерден бӛлек, арнайы кұрылғыларда — карбюраторда (карбюраторлық қозғалтқыштар) немесе енгiзу құбырында (тiкелей бензиндi бүрку қозғалтқыштар) және цилиндрлерге дайын түрінде келедi. Iшкi аралас қоспалы қозғалтқыштарда (дизельдер, бензиндi бүрку

қозғалтқыштары) жанармай қоспасы бар цилиндрлерде

отынды бүрку ерекше

пайдаланылады.

 

Үрлеуi жоқ қозғалтқыштарда цилиндрлердiң толтырылуы, цилиндрлерде поршеньнiң жоғарғы, шеткi, тӛменгi жағдай қозғалысынан пайда болатын вакуум негiзiнде жүргiзiледi. Үрлеуi бар қозғалтқыштарда жанармай компрессормен пайда болатын кысым нәтижесiнде цилиндрлерге келедi.

Жанармайдың жану шырақтарында пайда болатын электрлiк ұшқыннан жануы мәжбүрлi түрде бензиндi қозғалтқыштарда жүргiзiледi, ал қысудан болатын жану (өзiнен-өзi тұтану) — дизельдерде жүргiзiледi.

Тӛрт тактiлi қозғалтқыштарда жұмыс процесi (цикл) двигательдердiң жұмысы барысында тiзбектей кайталанатын тӛрт тактiде (енгiзу,сығу,жұмыс барысы,шығару) орындалады. Тiзбекті түрде қозғалтқыштары тiгiнен қатар орналасқан немесе тiгiнен

2040 бұрыш жасай орналасқан цилиндрлер бар.

9

V-түрiндегi қозғалтқыштарда 60, 75 және 90° бұрышта орналасқан екi қатарлы цилиндрлердiң тiзбегiнен тұрады. Цилиндр тiзбектерi арасында 1800 орналасқан V - түрiндегi қозғалтқыш оппозит деп аталады. 2,3,4,5 цилиндрлi қозғалтқыштар әдетте тiзбектей орналасады, ал 6, 8 және кӛп цилиндрлi қозғалтқыштар V-түрiнде орнатылады. (2.2сурет).

2.1 сурет. Әртүрлі белгілері бойынша автомобиль қозғалтқыштарының сыныпталуы.

2.2. Іштен жанатын қозғалтқыштардың жалпы құрылысы

Қозғалтқыштардың жалпы құрылысы, олардың түрлерiне қарай аздаған ӛзгешелiктерi болады. Ондай ӛзгешелiктер тек оны кұрайтын механизмдер мен жүйелерде кездеседi. Жалпы барлық қозғалтқыштарды құрайтын механизмдер мен жүйелер ортақ болады. Сондықтан карбюраторлы немесе дизельдi қозғалтқыштардың құрылысын бiрге қарастырып, кездесетiн ӛзгешелiктерге жеке талдау жасалады.

Iштен жанатын поршеньдi қозғалтқыштардың жалпы кұрылысы иiндi-шатунды механизмiнен, газ тарату механизмiнен, қоректендiру, суыту, майлау және оталдыру жүйелерiнен кұралады. Олардың әрқайсысы қозғалтқыштың түрiне қарай кез-келген жұмыстарды атқарады.

10

2.2 сурет. Қозғалтқыштар цилиндрінің үйлестіру сызбасы

а , б - бірқатарлы, в - екі қатарлы V-тәрізді; г - екі қатарлы(оппозиттік).

Иiндi-шатунды механизм поршеньнiң iлгерi-кейiндi түзу сызықты қозғалысын иiндi бiлiктiң айналмалы қозғалысына ӛзгерту қызметiн атқарады. Ол үшiн оның құрамында цилиндр, поршень, шатун және иiндi бiлiк болады. Поршень цилиндр iшiнде газ қысымының әсерiнен екi ӛлi нүктенің аралығында түзу сызықты қозғалыс жасайды. Ал ондай қозғалысты қозғалтқыштан сыртқа шығарып, әрi қарай пайдалану үшiн ӛте күрделi механизмдер қажет болады. Сондықтан, ондай түзу сызықты қозалысты айналмалы қозғалысқа ауыстырса, оларды әрi қарай машинаның жүретiн дӛңгелектерiне дейiн тасымалдау оңайға түседi. Сол үшiн поршеньге шатун жалғасып, оның екiншi ұшы иiндi бiлiктiң мойнына тiреледi де, оның поршеньге әсер ететiн газ қысымының күшiмен иiндi бұрай козғайды. Сол себептi иiндi бiлiк айналмасы қозғалысқа келедi.

Газ тарату механизмi цилиндр iшiндегi жүретiн процестердi иiндi-шатунды механизммен бiрлесе отырып iске асырады. Поршень ЖӚН-нен ТӚН-ге жүрген кезде сору клапанын ашады да, цилиндр iшiне ауа немесе жану қоспасы кiруiне мүмкiндiк жасайды. Сонымен қатар қысу мен ұлғаю процестерi жүрген кезде клапандардың барлығын жабық күйiнде ұстап тұрады, ал шығару процесi кезiнде шығару клапанын ашып, жанған газдың сыртқа шығып кетуiне мүмкiндiк жасайды. Сондықтан да газ тарату механизмінің қимылы иiндi-шатунды механизмнiң қимылына тәуелдi жүредi.

Қоректендiру жүйесi цилиндр iшiне жану қоспасын даярлау қызметiн атқарады. Оның кұрылысы қозғалтқыштың түрiне қарай ӛзгеше жасалады. Карбюраторлы қозғалтқыштарда жану қоспасы сыртта, арнаулы қондырғыда жасалып, содан кейiн ғана цилиндр iшiне сору процессi кезiнде жiберiледi. Ал дизельдi қозғалтқыштарда сору процесi кезiнде цилиндр iшiне жеке ауа сорылып алынады да, қысу процесiнiң соңында оған арнаулы жоғары қысыммен жұмыс iстейтiн кұралдар арқылы сұйық жанармайды бүркiп кiргiзедi де, соңынан жану қоспасы түзіледі. Осыған байланысты қозғалтқыштарды кейде жану қоспасын iштей (дизельдi) немесе сырттай (карбюраторлы) дайындайтын қозғалтқыштар деп түрлендiредi.

Суыту жүйесi қозғалтқышта пайда болған артық жылуды одан тыс шығарып, қоршаған ортаға таратып жiберу қызметiн атқарады. Себебi цилиндр iшiнде жанған газ жылы күйінде механикалық жұмысқа ауыспай, бiраз бӛлiгi қозғалтқыш бӛлшектерiне берiледi де, олардың температураларын едәуiр кӛтерiп жiбередi. Егер осы жылуды сол бӛлшектерден алып кетпесе, онда олар жоғары мӛлшерде қызып алғашқы механикалық берiктiк қасиеттерiн жоғалтады. Сӛйтiп олар iстен шығуы мүмкiн. Осы жағдайды болдыртпас үшін суыту жүйесi сол бӛлшектердегi артық жылуды сыртқа алып шығарады.

Майлау жүйесi қозғалтқыш бӛлшектерiнiң аралығындағы үйкелiс күшiн азайту қызметiн атқарады. Қозғалтқыш бӛлшектерiн қаншалықты дәлдiкпен ӛңдеп, ӛте жылтыр жасағанмен, оның беттерiнде ұсақ бедерлер болады. Сол екi бӛлшек бiр-бiрiмен жанаса қозғалған кезде, сол бедерлер ӛзара айқасады да, құрғақ үйкелiс күшiн тудырады. Яғни, мұндай құбылыс кезiнде бӛлшектердiң үйкелетiн беттерiнен молекулярлық iлiнiсу күшiн жеңiп, оларды бӛлiп шығарады. Соның салдарынан үйкелiс күшi шамадан тыс кӛбейiп,

11

үйкелетін беттер тез тозып кетедi. Осындай құбылысты болдыртпас үшiн, майлау жүйесi арнайы үйкелетiн бӛлшектердiң аралығына сұйық май жiбередi. Сол себепті бӛлшектiң бедерлерi сұйыққа толып тұрады да, олар ӛзара айқаса алмайды. Бӛлшектер аралығындағы құрғақ үйкелiс ӛте жеңiл болатын сұйық май үйкелiсiне ауысады. Сӛйтiп, әрi бӛлшектердiң қозғалу кедергiсiн азайтады, әрi олардың үйкелетiн беттерiн тозудан сақтайды.

Оталдыру жүйесi қозғалтқышты алғаш iске қосып жiберу қызметін атқарады. Ӛйткенi қозғалтқыштағы процестер алмасып, цилиндр iшiнде ұлғаю процесi басталғанша поршеньдi қозғау қажет болады. Осы жұмыс , яғни, қозғалтқышты оталдыру деп аталады.

Цилиндр iшiнде ұлғаю процесi жүргеннен кейiн, оның жасаған механикалық энергиясының бiр бӛлiгi маховикке (маховик деп механикалық энергияны жинайтын құралды айтады) берiледi де, поршень басқа процестердi жасарда (сору, қысу, шығару) қайтадан маховиктен поршеньге берiледi. Сӛйтiп қозғалтқыш әрi қарай сырттан энергия қажет етпестен жұмыс iстей бередi. Сол себептi оталдыру жүйесi қосымша қозғалтқышпен жабдықталады. Автомобильдерде кӛбiнесе оталдыру жүйесi үшiн электр қозғалтқышын қолданады. Ол қуатты аккумуляторда жиналған электр энергиясынан алады.

Осылайша iштен жанатын карбюраторлы және дизельдi қозғалтқыштар ортақ механизмдер мен жүйелерден құралады. Ал осыларға қосымша карбюраторлы қозғалтқыштар тұтандыру жүйесiмен жабдықталады. Бұл жүйенің қызметi - цилиндр iшiнде қысылып, қызып тұрған жану қоспасына электр ұшқынын бередi де, оны тұтандырады. Әрi қарай жану процесi жүредi. Бұл жүйенiң құрылысы ӛте күрделi қондырғылар мен құралдардан тұрады.

Автокӛлiктерде әртүрлi қозғалтқыштарды қолдану (қоспа жинау ерекшелiгiмен, жанармай қоспасының оталдыру әдiсi, клапанның, цилиндрдiң, реттегiш бiлiктердiң орналасуы мен саны, тоңазыту) автокӛлiктiң белгiсi мен типiне байланысты. Сонымен қатар автокӛлiкте қолданылатын қозғалтқыштың орташа жылдамдығы мен ӛнiмдiлiгiн, анағұрлым ӛте жақсы тарту жылдамдық қасиеттерi мен отындық үнемдiлiгі және ӛткiзгiштiк пен автокӛлiктiң экологиялылығын қамтамасыз етуi қажет болады.

2.3-2.6 — суретте әртүрлi қозғалтқыштардың сызбалары берiлген.

Шағын класты жеңіл автокӛлік (2.3сурет) қозғалтқышы поршеньді, iштен жанатын, қатарлы, тӛрт тактылы, тӛрт цилиндрлi, таратқыш бiлiк пен клапандардың жоғары орналасуы мен сұйық салқындатқышты бензин секілді кӛптеген механизмдерден тұрады.

Қозғалтқыш цилиндрiнiң жұмыс кӛлемi 1,57 л және сығу дәрежесi 8,5 л болады. Айналу жиiлiгі 5400 мин-1 жағдайында қозғалтқыштың максималды қуаттылығы 58,8 кВт, айналу жиiлiгі 3000мин-1 жағдайында максималды айналу моментi 121,6 Нм тең

болады.

Қозғалтқыштың тӛрт бiрдей цилиндрi бiр блокта (3) iске қосылады және де бір қатарда тiгiмен орналасқан. Цилиндрлер блогы цилиндрлердiң басымен (15) жабылған.

2.3 сурет. Шағын класты жеңiл автокөлiктiң қозғалтқышы:

1-иiндi бiлiк; 2-маховик; 3-цилиндрлер блогы; 4- генератор; 5-стартер; 6-бұлғақ; 7-піспек; 8, 10-шығару және еңгiзу кұбыр өткiзгiштерi; 9-клапан; 11 - карбюратор; 12-ауа фильтрi; 13-таратқыш бiлiк; 14газ таратқыш механизмнiң қақпағы; 15-цилиндр басы; 16-тұтату таратқышы; 17-тұтату шамы; 18-отын

насосы; 19-май фильтрi; 20-май насосының бiлiктi желiсi; 21май насосы; 22-май тұғырығы.

12