Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Конструкция авто лекция

.pdf
Скачиваний:
204
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
5.75 Mб
Скачать

Цилиндрдiң (4) iшiнде поршень (7) орналасқан, әрi ол цилиндр блогының iшiнде бұлғақ арқылы бестiректi бiлiкпен (1) жалғанған. Иiндi бiлiктiң алдыңғы ұшында генератор желiсiнiң тегершiгi мен сұйықты насос желдеткiшпен бекiтiлген және таратқыш бiлiк желiсiнiң (13) тiстi тегершiгi бар. Иiндi бiлiктiң артқы ұшында маховик (2) бекiтiлген.

Таратқыш бiлiк шығару және енгiзу клапандарымен (9) бiрге цилиндрлер басында орналасқан. Қозғалтқыш жоғарғы жағында қақпақпен (14), ал тӛменгi жағынан майлы тұғырықпен (22) жабылған.

Қозғалтқыштың жұмыс циклi цилиндрлер жұмысының реттiлiгiмен 1- 3-4-2 тӛрт тактылы (енгiзу-сығу-жұмыс жүрiсi-шығару) ағымда жүрiп отырады. Жанармай қоспасы автокӛлiктiң бензинi мен карбюратордағы (11) ауадан дайындалады. Бензин карбюраторға отынды насос (18) арқылы, ал ауа қоршаған ортадан вакуумның әрекетiмен ауа салқындатқыш фильтрi арқылы (12) түседi. Осының барлығы цилиндрдiң жоғарғы және тӛменгi шеткi қалпында, яғни, поршень қозғалысының (7) әсерiмен орындалып жатады. Карбюраторда дайындалған жанармай қоспасы енгiзгiш құбыр желiсi (10) мен енгiзгiш клапандар (9) арқылы цилиндрге келiп түседi де поршеньмен сығымдалады. Сығымдалған қоспа тұтанудың электрлiк шамымен (17) тұтанады, таратқыш жандырғыштан берiлетiн ток (16) генератордан (4) ӛндiрiледi.

2.4 сурет. Үлкен класты жеңiл автокөлiгiнiң қозғалтқышы:

1-стартер; 2-цилиндрлер блогы; 3-цилиндр гильзасы; 4-піспек; 5-тұтану шамы; 6-клапан; 7-иiнағаш; 8, 13-енгiзу және шығару құбыр желiсi; 9-тұтану таратқышы; 10-карбюратор, 11 -шланг; 12-цилиндрлер басы; 14-итергiш; 15таратқыш бiлiк; 166ұлғақ; 17-май насосы; 18-май тұғырығы; I9иiндi бiлiк; 20-май қабылдағыш.

Газ жанармай қоспасы жанғанда жайылады да, цилиндрдегi поршеньдермен араласады, олар бұлғақ (6) арқылы маховиктi (2) әрі иiндi бiлiктi (1) айналдырады. Иiндi бiлiк пен

маховиктен берiлiп жатқан қозғалтқыштағы куаттылық пен айналу моментi автокӛлiктiң жетекшi доңғалақтарына берiледi. Қалдық газдар, шығарғыш клапандар мен шығарғыш құбырӛткiзгiштер арқылы (8) дыбыс тұншықтырғыға

бағытталады да, сол арқылы қоршаған ортаға шығады.

2.5 сурет. Жүк автокӛлiгiнiң дизельдi қозғалтқышы:

1-май фильтрi; 2-май құйғыш қылта; З-май деңгейiн көрсеткiш; 4-сыртқа тебушi май фильтрi; 5-термостаттар қорабы; 6, 9-алдыңғы және артқы рымболтылар; 7- компрессор; 8-гидрокүшейткiш насосы; 10-су жинағыш құбыр; 11-факельдi шам; 12-енгiзгiш ауа желiсi; 13-форсунка; 14-форсункалардың бекiтiлу тұтқасы; 15-шығарғыш құбыр желiсiндегi келте кұбыр; 16шығарғыш құ6ыр желiсi; 17-май насосы

13

2.4.суретте үлкен класты жеңiл автокӛлiгiнiң қозғалтқышы берiлген. Қозғалтқыш бензиндi, тӛрт тактылы, V-тәрiздi, сегiз цилиндрлi, жоғары клапанды, таратқыш бiлiгi тӛмен орналасқан, сұйықты салқындатқышты. Қозғалтқыш цилиндрiнiң жұмыс кӛлемi 5,5 л. Сығу дәрежесi 8,5.

2.6 сурет. Үрленген құбырлы жүк автокөлiгiнiң дизельдi қозғалтқышы:

1, 17-шығару және енгiзу кұбыр желiсi; 2-стартер; 3-цилиндрлердiң басы; 4- май тұғыры; 5, 11кронштейндер; 6-сұйықтық насосы; 7-желдеткiш; 8- желiлi белдiктер; 9-сыртқа тебушi май фильтрi; 10-генератор; 12-ауыстыру берiлiсiнiң рычагы, 1З-қосқыш келте құбыр; 14-жоғары қысымды отынды насосының реттегiшi; 15факельдi шамдар; 16-электромагниттi клапан; 18отын фильтрі; 19-компрессор; 20-кұбыр компрессоры; 21-гидрокүшейткiш насосының бөшкесi.

Қозғалтқыштың жұмыс істеу қатары деп жұмыс цикл мезгіліндегі цилиндрлердегі аттас циклдердің дәйекті алмасуын атайды. Қозғалтқыштың жұмыс істеу қатарын бірінші цилиндрден бастап жұмыс жүрісі тактысының алмасуы бойынша кӛрсетіледі.

Қозғалтқыштың түрі мен цилиндрлер саны жұмыс істеу қатарын белгілейді. Мысалы, бірқатарлы тӛрт цилиндрлі қозғалтқыштың иінді білігінің (2.7,а сурет) айналшақтары екіекіден 180 0 пен, екі шеткі-екі орташа қарағанда 180 градуспен орналасқан. Сондықтан 1 мен 4 цилиндрлердің поршеньдері қозғалтқыштың жұмыс мезгілінде біруақытта, бір бағытта қозғалады, ал 2 мен 3 цилиндрлердің поршеньдері қарама-қарсы бағытта.

Тӛрт цилиндрлік қозғалтқыштардың жұмыс тәртібі 1-3-4-2 болуы мүмкін (ВАЗ автомобильдер тобы қозғалтқыштары) әлде 1-2-4-3 (ГАЗ-2410 «Волга», УАЗ-З151) автомобильдерінің қозғалтқыштары).

Алты цилиндрі бар қатарлы қозғалтқыштағы иінді біліктің бұлғақ мойыншалары (2.7,б- сурет) үш жазықтықта жұптасып орналасқан. Қозғалтқыш цилиндрлеріндегі қос иіндердің орналасқаны бойынша ырғақтар бір мезетте басталады да аяқталады, цилиндрлердің бір жұбында қос иіндер бірбіріне қатысты 120о жасап орын ауыстырады және де жұмыстық жүрісі піспектің 1/3 жүрісінде жабылып алмастырылып отырады, ал ол болса ӛз кезегінде иінді біліктің жоғары бірқалыпты айналуын қамтамасыз етеді.

2.7- сурет. Қатарлы қозғалтқыштардың қосиінді бұлғақты механизмінің сұлбасы:

а- төрт цилиндрлі; б- алты цилиндрлік; в- 1-6- цилиндрлері бар; I-VI- сәйкесінше 1-6 цилиндрлерінің иінді білігінің қос иіні.

14

3 «Иінді – шатунды механизм»

Қозғалтқыштың қос иінді бұлғақты механизмінің құрамынақозғалтқыштың негізі жатады. Атап айтсақ: цилиндрлер блогі, цилиндрлер, цилиндрлер блогінің басы, картер түбі, сақинасы бар және піспекті саусақтары бар піспектер, бұлғақ, иінді білік, маховик.

3.1. Шығыр және цилиндрлер қалпақшасы

Цилиндрлер шығыры. V-тәрізді қозғалтқыштардың цилиндрлер шығыры (3.1. сурет) массивті құйылған тұрқыдан (3) тұрады, тұрқының сыртына және ішіне механизмдер мен жүйелер орнатылады.

3.1- сурет. V-тәрізді қозғалтқыштың цилиндрлер шығыры:

а- жалпы көрініс; б- артынан қарағандағы көрінісі.

Шығырдың тӛменгі бӛлігінде, (4) кӛлденеңінде картердің құйылуы орналасқан, иінді біліктің мойынтіректеріне (6) арналған тіректі ұялар орналасқан. Мұндай құймаларды кӛбіне картер шығыры (5) (блок-картер) деп атайды. Цилиндрлер шығырының ортасында, таратушы біліктің тіректі мойынына арналған сырғанау мойынтіректерін орналастыратын тесіктер (7) бар.

Шығыр қуысының жазықтығы иінді біліктің ӛсімен ӛтуі мүмкін немесе ӛске қарасты тӛмен ығысқан болуы мүмкін. Майдың резервуары ретінде қолданылатын штампталған түп, картер шығырдың тӛменгі жағына бекітіледі. Шығырдағы каналдар бойынша түптегі (поддон) май үйкелісте болатын қозғалтқыш бӛлшектеріне беріледі.

V- тәрізді қозғалтқыштардың (ЗИЛ-130, ЗМЗ-5311 , ЯМЗ-238 және басқалар) цилиндрлер шығырының беріктігін арттыру үшін оның жазықтығын ағытпалы етіп жасайды және оны иінді біліктің ӛсінен тӛмен етіп орналастырады. Құйылған цилиндрлер шығырында қозғалтқышты сұйықтық пен суытуға арналған шығыр қабырғалары және құралмалы гильзалардың (2) сыртқы қабырғалары арасында жазықтық 8- ге сай келетін (3.1 ,б-сурет) кӛйлекше орналасқан. Цилиндрлер шығырының екі жағынан да екі канал 1 (3.1, а-сурет) орналасқан. Осы аталғандар арқылы сұйықтық суытушы кӛйлекшеге беріледі. Цилиндрлер шығырының алдыңғы бӛлігіне таратушы тісті доңғалақтардың қақпағы, ал артқы бӛлігіне ілінісу муфтасының картері бекітіледі.

Цилиндрлер шығыры сұр шойыннан құйылады (ЗИЛ, КамАЗ, МАЗ и ВАЗ автомобиль қозғалтқыштары) немесе алюминий қорытпасынан ( ГАЗ-З110 «Волга», «Москвич 21412» автомобильдерінің қозғалтқыштары) құйылады.

Қозғалтқыштың жұмыстық циклі, цилиндрлердің жұмыстық беттерімен пайда болған (3.2- сурет) және тұйықталған кеңістікте жүзеге асады, ол ӛз алдында піспек қозғалысын бағыттаушы және цилиндрлер шығырының қалпақшасы піспек және піспекті сақиналардың тығыз астасу және олардың арасында пайда болатын үйкеліс күшінің шамасын азайту мақсатында цилиндрлердің ішкі қуысын дәлдіктің жоғары дәрежесімен және тазалықтың жоғары дәрежесімен ӛңдейді. Сондықтан да оны цилиндрлер айнасы деп атайды. Цилиндрлер айнасына ұсақ (ромб тәрізді) тор орналастырады, ол майлау материалын жақсы ұстап қалуға мүмкіндік береді.

Цилиндрлерді шығырдан (1) бӛлек алыныпсалынбалы гильза ретінде жасайды немесе суытушы кӛйлекше (2) қабырғаларымен біртұтас ретінде құйып жасайды (3.2, б-сурет). Алынып -салынбалы гильзаларды «құрғақ» гильзалар (5), әрі олар жондырылған шығырға

15

престелген (3.2, а-сурет), және ауыспалы «сулы» гильзалар 7(3.2, в—д -сурет), суытушы сұйықтықпен сыртқы жағынан шайылатын деп ажыратылады.

Цилиндрлердің жоғарғы бӛлігі, жұмыстық қоспаның жануы кезінде қатты қызады және жанған ӛнімнің қышқылдық әсеріне душар болады, сондықтан цилиндр шығырының жоғарғы жағына немесе гильзаның ережеге сәйкес қысқа ендірме (3) престелінеді. Құрғақ гильзалар ұзындығы 40—50 мм (ЗИЛ4331, ГАЗ-З110 «Волга», ГАЗ-5312 және т.б. автомобиль қозғалтқыштарында) болады. Ендірме З-ті (3.2, д-суреті) жоғары тозу мен коррозияға тӛзімді легірленген шойыннан ӛндіреді.

Сулы гильзаны орналастырғанда оның үйіндісі (6) (3.2, в-сурет) ағытпа жазықтығынан 0,02—0,15 мм-ге дӛңестеніп тұрады. Ол цилиндр қалпақшасы және шығыр арасында, үйінді тӛсемені (4) қысу арқылы гильзаны тығыздау үшін арналған (3.2, а-сурет). Гильза тӛменгі жағынан екі резеңкелі сақинамен тығыздалады (8) (3.2, г-сурет) (ЗИЛ-4331, ЯМЗ236, КамАЗ-740 және т.б. қозғалтқыштар) немесе мыс тӛсемемен (9) (3.2,д-сурет), гильзаның тӛменгі белдеме жанында (ГАЗ, «Москвич» және т.б. автомобильдер қозғалтқыштарында) орналасады.

3.2-сурет. Қозғалтқыш цилиндрлерінің сұлбасы:

а- құрғақ гильза; б- құрғақ қысқа ендірмемен; в-д- сулы гильзалар.

Қозғалтқыштарда сулы гильзаларды қолданудың маңыздылығы олардың жақсы жылу ӛткізгіштігінде болып табылады, нәтижесінде жұмысқа жарамдылық және цилиндрлі піспекті топтың бӛлшектерінің жұмыс мерзімі артады, қозғалтқыштың жӛндеуіне байланысты шығындар азаяды.

Цилиндрлер шығырының қалпақшасы. Цилиндрлер шығырының қалпақшасында жану камералары орналасқан (3.3-сурет), оның ішінде кіргізуші және шығарушы клапандар (1), оталдыру білтелері (2) (свеча) немесе бүріккіштер (5) орналасқан. Клапанды механизмнің бӛлшектері мен тораптары цилиндр шығырының қалпақшасында бекітіледі.

Жану камерасының түрі карбюраторлы және дизельді қозғалтқыштарда, қоспа жасалудың үрдісіне ӛте үлкен әсерін тигізеді. Карбюраторлы қозғалтқыштарда (3.3, а-суреті) клапандары жоғарыда орналасқан цилиндрлік I, сыналы II және жартылай сфералық IV түрлері кеңінен тараған. Дизельді қозғалтқыштарда (3.3,б-суреті) V, VI бӛлінбеген жану камералары және бӛлінген VII және VШ жану камералары кең тараған, олар кӛмекші үлкен емес кеңістіктен (камера асты (6) немесе кұйындатушы камера (8)) және ӛзара каналдармен байланысқан негізгі жану камерасы (7)-нан құралған.

КамАЗ автомобильдерінің қозғалтқыштарында әр цилиндр бӛлек цилиндр қалпақшасымен жабдықталған. Цилиндрлердің қатарлы орналасуына қарай қозғалтқыштар жалпыға бірдей цилиндрлер қалпақшасын иеленеді, ал V- тәрізді цилиндрлерінің орналасуы әр үш цилиндрге екі (ЗИЛ-4331, ГАЗ-5309- қозғалтқыштар) немесе тӛрт цилиндрлер қалпақшасына ие (ЯМ3-240- қозғалтқышы) болады. 3.4-суретінде ЗИЛ-4331- қозғалтқышының цилиндрлер қалпақшасы кӛрсетілген, оның құрамында жану камерасы

(1) кіргізуші клапандардың орнатылатын тоқымдары бар (3), шығарушы клапандардың тоқымдары бар (4) және оталдырушы білтеге (7) арналған тесіктер (2) болады (3.4,б- сурет).

16

3.3 сурет. Жану камерасының түрлері:

а- карбюраторлы; б- дизелді; I- цилиндрлік; IIсыналы; IIIығысқан (Г-тәрізді); IVжартылай сфералық; V және VIбөлінбеген; VII және VIIIбөлінген; 1- клапан; 2-оталдыру білтесі; 3- бүріккіш торабы; 4- жану камерасы; 5- бүріккіш; 6- камера

алды; 7- негізгі камера; 8- құйындату камерасы.

Цилиндрлер шығырының қалпақшасы шығырға тұтастай шпилька немесе болттармен бекітіледі, оларды ақырын, бірқалыпты әр қозғалтқышқа анықталған моментпен, анықталған кезекпен бұрайды.

Бір бүйір қабырғасы каналдарға (5) берілген, (3.4, а- сурет) олар жану қоспасын жеткізуге және каналдар (6) суытушы сұйықтықтың циркуляциясына арналған, ал басқа қабырғасы каналдарға (8) тиесілі (3.4,б- сурет). Олар жұмыс істеген газдарды шығаруға арналған. Кез-келген жану камерасында клапандардың бағыттаушы тӛлкелерін престеуге арналған тесіктер бар. Цилиндрлер шығыры мен қалпақшаларының арасындағы қуысты болат асбесті тығыздағыштармен тығыздайды.

3.4-сурет. Цилиндр шығырының қалпақшалары. V-тәрізді қозғалтқыш:

а- жану камерасы жағынан қарағанда; б- күйенте жақтан қарағандағы көрініс.

3.2. Піспекті топ және бұлғақ

Піспек жұмыстық жүріс ырғағында газдардың қысымын ӛзіне қабылдап, яғни, қозғалысты бұлғақ арқылы иінді білікке береді. Піспек үш бӛліктен тұрады: (3.5-сурет) түп

(5), етек (7) және піспекті сақинаға арналған шиыршықтары ойылып жасалған, сондай-ақ цилиндр айнасы бетімен жанасатын тығыздағыш бӛлігінен (6)

тұрады.

Цилиндр қалпақшасының ішкі бетімен піспектің түбі тікелей газдың қысымын қабылдағандықтан: ол жазық (ЗИЛ-130, ГАЗ-5311 қозғалтқыштарда), дӛңестенген («Москвич-21412» автомобиль қозғалтқышы) және фасонды (ЯМЗ, КамАЗдизелді қозғалтқыштарында).

3.5- сурет. Піспектер: а- карбюраторлы

қозғалтқыштар; б- КамАЗдизелі; в- ЯМЗдизелі.

Карбюраторлы қозғалтқыштардың кӛп тарағаны ӛндірісте жеңіл болуымен жазық түбі айқын (3.5, а- сурет) бедерленген. Түп (5) және тығыздағыш бӛлігі, (6) яғни, піспек басын

17

құрайды, мұнда компрессионды және май ысырғыш сақиналар (3) орналасады. Сақиналардың саны иінді біліктің айналу жиілігіне және қозғалтқыштың түріне байланысты. Піспек қалпақшасы мен цилиндр қабырғасының арасындағы саңылау 0,4- 0,6мм аралығында болады.

Цилиндрдегі піспектің қозғалысын бағыттаушы болып етек, (7) ол кӛлденең қимасында конус тәрізді қимаға ие болып табылады. Ішкі жағынан ол суытушы қабырғалар және құйылмаларға ие — бӛбешік (2) піспекті саусаққа арналған тесігі бар (8) (3.5, в-сурет). Кейбір қозғалтқыштарда піспек түбінде бір жағынан Т- немесе П-тәрізді жылулық жырашықтар кесілген. Олар піспектің қызуы кезінде кептеліп қалмауын ескертіп отырады. Оның етегі және цилиндр айнасы арасындағы саңылау піспектің оңай қозғалуы үшін қажет. Қалыпты жылулық күйде (80—95 °С) қозғалтқыштардың әртүрлі моделдерінде саңылау 0,04—0,08 мм-ге тең болады.

Піспекті саусақ ұшының жанында піспек бетінде тереңдетулер мен тоңазытқыштар (1) (3.5, а-сурет) болуымен қатар, олар қызған кезде жырықтың болмауын, майлауды жақсарту үшін одан жылуды аластату үшін қолданылады.

Тікелей бүркелінетін дизельдерде (КамАЗ-740, ЯМЗ-238) піспек түбінде жану камерасы орналасады (3.5, б, в суреті), ал етек кӛлденең қимасында конус тәрізді болады, бірақ онда тереңдетулер болмайды, ол оның беріктігін арттырады.

Жоғары температура әсеріне тікелей қатысты піспек түбінің бірінші жырашығының тозуға қарсылығын арттыру үшін, піспекті сақинаның жоғарғысына шойынды сақиналы ендірме орналастырады (ЗИЛ-4331, КаАЗ-74О және т.б.).

Піспек ЖӚН-нен ӛту барысында цилиндрдің бір қабырғасынан екінші қабырғасына қарай ығысады, ол бізге тықыл ретінде естіледі. Оның алдын алу үшін піспекті саусаққа арналған тесік ӛсін, қозғалтқыштың оң жағы піспектің диметрлі жазықтығынан 1,6 мм-ге қысады.

Жұмыстық жүріс кезінде жанудан болатын қысымды піспектің жылулық кесілген жері жоқ жағын қабылдау керек. Сондықтан піспек түбінде белгі (4) қойып, (3.5, а-сурет) немесе назар аударып, қозғалтқыштың алдыңғы бӛлігіне бағыттау қажет.

Піспекті сақиналар жану камерасын тығыздағанда және піспек, цилиндр және жырашық бӛлшектерінің мықты бітелуін қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ жұмыстық қоспаның жануы кезінде жылудың кӛп кӛлемі піспекпен қабылданып және одан піспекті сақиналар арқылы бұрылып аластатылады.

Піспекті сақина (3.6-сурет) ӛзіндік құлып аталатын тегіс, саңылауы бар серіппеге ұқсайды. Аталған құлып арқылы сақинаны піспекке орнату мүмкіндігі туады және ол қозғалтқыштың жұмысы кезінде қызудан бӛлек ӛз бетінше ұлғая алады.

3.6-сурет. Піспекті сақиналар:

а- піспекті сақиналар түрлері; б-піспекте сақиналардың орналасуы.

Піспекті сақиналаркомпрессионды және май ыссырғыш деп бӛлінеді. Компрессионды сақиналарда 1 (3.6, а-сурет) піспектің жырашығына биіктігі бойынша анықталған (0,02—0,07 мм) саңылауы болуы шарт. Цилиндрде орналасқан

піспекті сақиналар құлыптағы үлкен емес саңылауға дейін қысылады және тығыз түрде цилиндр түбіне қысылады, ол қозғалтқыш картеріне майдың және цилиндр айналма бетіндегі майдың жану камерасына түспеуін қамтамасыз етеді. Цилиндрдегі артық майды май ысырғыш сақина (2) картер түбіне ысырып тастайды.

Піспекті сақиналарды легірленген шойыннан, ал үлкен динамикалық жүктемеге ие қозғалтқыштарды арнайы болаттан жасайды. Жоғары компрессионды сақинаның тозуға тӛзімділігін арттыру үшін кеуекті хромдау технологиясынан ӛткізеді, ал қалған басқа

18

сақиналарды жұмысқа бейімділігін арттыру үшін сынап немесе молибденнің жұқа қабатымен қаптайды.

Шойыннан жасалған май ысырғыш сақинада (2) компрессионмен бірге майдың ағуына арналған тесіктер бар. Майды піспектің ішіне кіргізу үшін арналған сақина болады. Піспектің жырашығын екі немесе үш қатар қылып тесік жасайды. Кейбір қозғалтқыштарда болаттан жасалған алынып-салынбалы май ысырғыш сақиналар болады. Осы аталған ЗИЛ-130 қозғалтқыштың әр піспегінде үш компрессионды сақина және бір құралмалы май ысырғыш сақина қолданылады. Құралмалы сақина екі болаттан жасалған сақиналы дискіден (3) және екі кеңейткіштен: ӛстік (4) және радиалды (5)-дан тұрады. Сақиналардың ішкі цилиндрлік беттеріндегі қайралулар (8) піспектің түбінен жоғары қарай орналасуы керек. Тӛменгі компрессионды сақинаның (6) сыртқы беті кішірек конусқа ұқсас, ал қалған жақтары тӛмен қарап орналасқан. Ол піспек-цилиндр қосылысын жақсы қымтауға мүмкіндік береді. Кӛпшілік қозғалтқыштарда май ысырғыш шойынды және екі жоғарғы компрессионды сақиналарда құлыптағы саңылау 0,25-0,60 мм болады, ал тӛменгі сақинада — 0,15- 0,40 мм, ал май ысырғыш сақинаның сақиналық дискісіндегі құлып саңылауы 0,8-1,4ммге дейін жетеді.

Піспекті саусақ піспекті бұлғақтың жоғарғы қалпақшасымен топсалы түрде байланыстыруға арналған. Саусақтар арқылы кӛптеген жүктеме беріледі, сондықтан оларды соңынан цементтелген немесе жоғары жиілікті тоқпен ӛңделген, легірленген болаттан жасайды. Піспекті саусақ 6 (3.7-сурет) піспек (2) және бӛбешіктерге (3) соңымен тірелетін, бұлғақтың жоғары қалпақшасынан ӛтетін және ӛте жақсы ӛңделген, сыртқы беті бар қуыссыз құбыр болып табылады.

Саусақтар бұлғақпен байланысына қарай малтымалы және бекітілген болып бӛлінеді. Малтымалы піспекті саусақтар ӛте кең таралған, ӛйткені олар бұлғақтың жоғарғы жағында орналасқан тӛлке (7) және бӛбешіктерде жақсы айналатындығымен ерекшеленеді. Піспектің бӛбешік қайрауларында орналасқан стопорлы сақиналар (5) піспекті саусақтың ӛстік орынын ауыстырылуын болдырмайды.

Болат және алюминий қоспаларының сызықты кеңею коэффициенті әртүрлі болғандықтан, жұмыс істеп тұрған қозғалтқышта және піспектің бӛбешіктерінде әртүрлі тықылдар болуы мүмкін. Бұл құбылысты болдырмау үшін бӛбешіктердегі саусақты 0,01-0,02 мм тартып орналастырады.

Бұлғақ иінді біліктің қос иінімен піспекті біріктіреді және жұмыстық жүріс ырғағында піспектегі газдардың қысымын беретін жүктемені иінді білікке, сондай-ақ, кӛмекші ырғақтарда (кіргізу, сығу, шығару) керсінше иінді біліктен піспекке жүктеме беру қызметін атқарады. Қозғалтқыштың жұмысы кезінде бұлғақ ӛте күрделі қозғалыс жасайды: ол цилиндр ӛсімен қайтара қозғалыс жасайды және піспекті саусақ ӛсіне қарасты тербеліс жасайды.

Бұлғақ (3.7-сурет) қос таворлы қимаға ие ӛзек (9), жоғары қалпақша (8), тӛменгі қалпақша

(1)3, және қақпақтан (12) тұрады. Бұлғақтың ӛзегінде (9) малтымалы піспекті саусақтың мәжбүрлі түрде майлануы үшін ӛтпелі тесік май каналымен бұрғыланады.

Бұлғақ легірленген немесе кӛміртекті болаттан жасалады. Ережеге сәйкес, тӛменгі қалпақша (13) бұлғақ ӛсіне перпендикуляр қуыс жазықтықта орналасуы тиіс. Егер тӛменгі қалпақша мәнді ӛлшемдерді иемденіп, цилиндр диаметрінен үлкен болса, (ЯМЗ қозғалтқыштарында), қалпақшаның қуыс жазықтығын кӛлбеу етіп жасайды.

3.7.-сурет. Бұлғақты-піспекті топ.

Бұлғақ қақпағы тӛменгі қалпақшамен бірге ӛңделеді, сондықтан қақпақты бір бұлғақтан екінші бұлғаққа ауыстыруға болмайды. Осы себептен бұлғақ және қақпақ белгілері қойылады. Жоғары дәлдікті қамтамасыз ету үшін, бұлғақтың тӛменгі қалпақшасын (12)

19

орнату кезінде түр-сипаты ажыратылған белдемешелерімен ұштастырады, оларды ӛз алдына гайкамен және шплинттармен бекітеді. Тӛменгі қалпақшаға жұқа қабырғалы тӛсем (10) сияқты бұлғақ мойынтірегін қояды, олар ішкі жағынан антифрикционды қоспамен жабылған. Тӛсемдер ӛстік ығысудан және айналып кетуден (11) сақтайды, олар бұлғақтың тӛменгі қалпақшасының және оның қақпағының шиыршықтарына кіріп орналасады.

Цилиндр айнасы немесе таратушы білікке периодты түрде майды шашыратып тұру үшін (ЗИЛ-130, ЗМЗ-5311- қозғалтқыштарында)бұлғақтың тӛменгі қалпақшасында және тӛсемшеде тесік (4) жасалған.

Бұлғақтардың бірқалыпты теңесуі үшін олардың массасы 6-8 г-нан аспауы керек.

3.3. Иінді білік және маховик

Піспекке әсер ететін газдар күші ол арқылы иінді білікке берілетін, олар ӛз алдына трансмиссия арқылы автомобиль доңғалақтарына берілетін айналушы момент тудырады. Иінді білік сонымен қатар ілгеріқайтымды қозғалатын күштермен инерцияларды және қос иінді бұлғақты механизмнің айналмалы массасын ӛзіне қабылдайды. Иінді білікті легірленген болатпен штамптап немесе жоғары беріктікті магнийлі шойыннан жасайды (ЯМЗ, ЗМЗ, ВАЗ және т.б.).

Иінді біліктің құрылымына (3.8-сурет): түбірлі (6) және бұлғақты мойындар (5), қарсы салмақтар (17), маховик бекітушісінің ернеуі (13) және беріліс қорабының жетекші білігінің шарикті мойынтірегінде орналасушы артқы бітістік тесігі бар, алдыңғы бітістігінде қолмен оталдырушы храповигі (20) орналасқан және газ таратушы тісті доңғалағы (19), генератордың және сұйықтық торап желдеткішінің шкиві (1) орналасқан.

Жақтау (7) бұлғақтың түбірлі мойындарымен бірге қос иінді құрайды. Қарсы салмақ (17) түбірлі мойынтіректерді центрден тепкіш күштерден арылту үшін жасалған. Қарсы салмақтарды жақтаулармен бірге біртұтас қылып жасайды, каналдармен (8) бірге немесе оларды сомындармен бекітеді. Толық тіректі иінді біліктің бұлғағы мойынының (5) екі жағынан түбірлі мойындар орналасқан.

Қос иінді бұлғақты механизмнің жұмыс қабілеттілігі, толық тіректі иінді біліктің беріктігі арқасында жоғарылайды (ЗИЛ-4331, КамАЗ-740, ВАЗ-2108- автомобильдерінде). Түбірлі мойындардың саны қозғалтқыш цилиндрі мен және түріне байланысты. Мысалы: қатар орналасқан тӛрт цилиндрлі қозғалтқышта олардың саны үш немесе бесеу болады, ал алты цилиндрліктетӛрт немесе жеті, ал V-

тәрізді сегіз цилиндрліде— бес.

3.8-сурет Иінді білік және маховик: 1-шкив; 2-май тойтарушы; 3- тіреуші тығырық; 4-түбірлі мойынтіректің төсемі; 5-бұлғақты мойын; 6-түбірлі мойынша; 7- жақтау; 8-майлауыш канал; 9- бұлғақ; 10-піспек; 11-маховиктің тісті тәжі; 12-май айдаушы ескек; 13ернемек; 14маховик; 15майлы қуыс; 16бітеуіш; 17қарсы салмақ; 18-мойынтірек қақпағы;

19-газ таратушының тісті доңғалағы; 20храповик.

Иінді біліктің жақтауынан (7) майды жіберу үшін кӛлбеу арналар бұрғыланған. (8) Олар түбірлі мойынтіректерден майлы қуыстарға (15) жіберу үшін қолданылады. Қуыстар

20

бұлғақты мойыншаларда үлкен диаметрлі арналар және бұрандамалы жабылатын жапқыштары (16) бар етіп жасалған. Қоқым шайырдың жиналатын жері қуыстар болып табылады.

Қозғалтқышты жинаған уақытта цилиндрлер шығырындағы ұяларын түбірлі мойынтіректерге арнап және олардың қақпақтары (18) белгілеріне қарап отырып, тек қана ӛз орындарына орналастырып отырған. Түбірлі мойынтіректердің жұқа қабырғалы тӛсемдері (4) антифрикционды қабатпен жабылған. Үш металдық болат алюминийлік және болат қорғасынды тӛсемдер кӛп қолданылады, ӛйткені антифрикционды қабат жақсы сырмаушылық және жоғары беріктілік қасиетке ие. Шығыр ұяларындағы және олардың қақпақтарындағы паздарға кіретін дӛңестіктер тӛсемдерді кӛлденең ығысудан және айналып кетуден қорғайды.

Дизельдердің иінді біліктері ӛстік жүктемені екі тіректік сақина арқылы қабылдайды. Карбюраторлы қозғалтқыштардың кӛбінде иінді біліктің ӛстік жүктемелері тіректі тығырық (3) және құрамында сурьма және сынап, қорғасын бар антифрикционды қоспамен ішкі жағынан құйылған болат тіректі сақиналармен қабылданады.

«Москвич» және ВАЗ» жеңіл автомобильдеріндегі иінді біліктің алдыңғы және артқы бітістіктерінде картерден майдың ағуын болдырмау үшін тойтарғы және ӛзіндік қозғалатын сальниктер орнатылады.

ЗИЛ-4331 автомобиль қозғалтқышының иінді білігінің алдыңғы және соңғысын резеңке қаңқалы сальникпен тығыздайды, ол таратушы тісті доңғалақ қақпағымен орналастырады, ал тісті доңғалақ (19) және иінді біліктің шкиві (1) арасында май тойтарғы (2) орналасқан, ол майды картер ішіне бағыттайды. Иінді біліктің артқы жағы тығыздау графиттіасбестік сальникпен қамтылады, ол мойынтірек пен оның қақпағының сақиналы ұя жырашығында орналасқан. Қақпақ қуысының жазықтығында резеңкелі тығыздағыштар, ал жандарында ағаш тығырықтар бар. Сондай-ақ иінді біліктің артқы мойыншасында бұрандалы май айдаушы жырашық және май лақтырушы ескек орналасқан, ол арқылы май дренажды тесік арқылы картер түбіне лақтырылады.

Иінді білік жұмысы кезінде тұрақсыз жүктемелерге душар болады, соның нәтижесінде онда айналушы тербелістер пайда болады. Иінді біліктің қос иіндеріне әсер ететін сыртқы күштердің жиілігі біліктің ӛзіндік тербелісімен сай келгенде, резонанс құбылысы пайда болады. Ол кейбір бӛлшектердің тез тозуына алып келеді, ал кейде иінді біліктің морт сынуы да жүзеге асады. Иінді біліктің мұндай жиілікпен айналуы критикалық аумалы деп аталады. Резонанс құбылысын болдырмау үшін иінді біліктерге салыстырмалы ӛте үлкен беріктік қоры беріледі, ол аумалы айналуды болдырмауға арналған ісәрекет. Резонансты болдырмауға арналған басқа құрылғылар айналу тербелістерін сӛндіргіштер (демпферлер) оларды кейбір автомобиль қозғалтқыштарының иінді біліктерінің алдыңғы бӛлігінде орналастырады. Бұл жерде тербеліс амплитудасы ӛте үлкен мәнге ие болады. Сӛндіргіштердің жұмыс істеу принципі иінді біліктің айналу тербелістерінің энергиясы сӛндірушінің үйкеліс жұмысына ауысуымен шартталады.

Маховик қозғалтқыштың оталдыруын жеңілдету және бос жүріс режимінде піспектерді ӛлі нүктеден жеңіл әкету, кӛп цилиндрлі қозғалтқыштардың иінді біліктерінің бірқалыпты жұмысын, автомобильдің жедел қозғалысы кезінде болатын қысқа

жүктемелерді және қозғалтқыштың әртүрлі режимдерде жұмысы кезінде трансмиссия агрегаттарына айналдырушы моментті беру үшін қолданылады. Маховикті (14) (3.8-сурет) шойыннан жасап иінді білікпен құралған күйде динамика жағынан түрленеді. Ернемек центрі (13) маховикті штифтер немесе сомын бұрағыштар арқылы анықталады.

ЯМЗ-236 және КамАЗ-740 дизелдерінде маховикті штифтер арқылы орталықтандырылып, оны иінді білікке тікелей бекітеді. Тісті тәж (11) қозғалтқышын оталдырған кезде, иінді білікті стартер арқылы айналдыруға арналған, ол маховик тәжіне престеліп орнатылған. Кӛп қозғалтқыштардың маховик жанында немесе оның құрсауында белгі қойылады, отын берілудің бастапқы моментін (дизелдерде) және от алу моментін (карбюраторда) орнату кезінде бірінші цилиндр піспегінің ЖӚН анықтайды.

21

а) бұлғақ, б) цилиндр, в) піспекті саусақ, г) піспек, д) піспекті сақиналар.

3.10сурет. ЗИЛ-4331 қозғалтқышының қос иінді бұлғақты механизмінің бөлшектері

3.11-сурет. Піспек және оның элементтері бар піспек қимасы

3.12-сурет.

Піспекті

сақиналар

22