Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Конструкция авто лекция

.pdf
Скачиваний:
204
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
5.75 Mб
Скачать

5.Бұлғақ элементтері

3.15сурет. Цилиндрлер шығыры, гильзалар, таратушы тісті доңғалақтардың қақпағы

және ЗМЗ-5231 қозғалтқышының цилиндрлер қалпақшасы.

3.16-сурет. Цилиндрлер гильзасы

23

ЯМЗ-236 қозғалтқышының майлы картері

4 . «Газ тарату механизмі»

Газ тарату механизмі газ алмасу үрдісін басқаруға және цилиндрлердің оптималды толтырылуын қамтамасыз ету үшін арналған.

Газ таратушының клапанды механизмдері жай құрылымға ие, жӛндеу мен ӛндірудің аз құндылығы, сондай-ақ ол жану камерасын жақсы тығыздайды және жұмысының сенімділігіне байланысты қазір оның кең ауқымда тӛрт ырғақты қозғалтқыштарда қолданылуы кең таралған.

4.1. Газ тарату механизмдерінің негізгі түрлері

Екі клапанды газ тарату механизмдері бар қозғалтқыш құрылымдары (4.1, 4.2-сурет) кӛп қолданысқа ие болған.

Цилиндрлік және сына тәрізді жану камералары бар қозғалтқыштарда клапандар шығыр ӛсінің бойымен қатар құрып орналасқан (4.1-сурет). Кіргізуші және шығарушы клапандар кезектесіп орналасады (4.1 а-сурет) немесе жұп болып орналасады (4.1, б-сурет). Жұп бойынша орналасқанда кӛршілес кіргізуші клапандар жалпыға бір немесе әр клапанға жеке трубка арқылы баруы (4. 1,а, в-сурет) мүмкін. Клапандарды екі қатарға (4.2 сурет) шатырлы немесе жартылай сфералы жану камерасы бар ұшқынды тұтатылуы бар қозғалтқыштарда қолданылады. Екі қатарлы дизельді қозғалтқыштарда қолданылмайды. Клапандары бір қатарда орналасқан ұшқынды оталуы бар қозғалтқыштарда кіргізуші және шығарушы құбырлар цилиндрлер шығырының бір жағында, (4.1, а, б-сурет) сондайақ екі жағынан да орналасуы мүмкін (4.1, в-сурет). V-тәрізді қозғалтқыштарда және клапандары екі қатарда орналасқан қозғалтқыштарда құбырлар, цилиндрлер шығырының екі жағынан да орналасады (4.2-сурет).

Қазіргі автомобильдерде үш газ тарату механизмдері бар (4.3-сурет) және бір цилиндрге тӛрт клапаны бар (4.4-сурет) қозғалтқыштар жиі кездеседі.

4.1.-сурет. Бір цилиндрге екі клапанның бір қатарлы орналасуы:

а, в- кіргізуші және шығарушы клапандар кезектеседі; б- кіргізуші және шығарушы клапандар жұп құрып орналасқан.

Үш клапанды механизм құрамында, диаметрімен үлкенірек бір шығарушы клапан және екі кіргізуші клапан болады (43 а-сурет) немесе бір диаметрі үлкенірек кіргізуші және екі шығарушы клапандар (43,б-сурет) бар. Бір цилиндрге тӛрт клапанды орналастырған кезде (4.4-сурет) аттары бір клапандар шығыр ӛсі бойымен (4.4, а-сурет), сондай-ақ екі қатарда орналасады (4.4, б-сурет).

4.2-сурет. Бір цилиндрге екі клапанның екі қатар жасап орналасуы.

24

Жану қоспасын кіргізу және жұмыс істеген газдарды шығару, піспекті тӛрт ырғақты карбюраторлы қозғалтқыштарда, тӛменгі және жоғары орналасуы бар клапандармен жүзеге асырылады. Клапандары тӛмен болғанда цилиндрлер шығырына орналастырады (ГАЗ-5204, ЗИЛ-157КД-автомобиль қозғалтқыштары), ал клапандар жоғары орналасқанда оны цилиндрлер қалпақшасына (ЗИЛ-431410, КамАЗ-5320, ГАЗ-3110, ВАЗ-2108 және т.б.) орналастырады.

4.3-сурет. Бір цилиндрге үш клапанның орналасу нұсқалары

(а, б)

Клапандар тӛмен орналасқанда таратушы біліктің күйентесінен (6) келген жүктеме (4.5, б-сурет) итергішке (7) реттегіш реттеу гайкасы бар (3) сомын (4) арқылы клапан (14) беріледі, сонда ұяшықтан (13) басы шығады.

Газ тарату механизмінің жұмысы кезінде клапан ӛзегі бағыттаушы тӛлкеге (15) қарасты келімдіқайтымды қозғалыс жасайды. Аталған тӛлкенің тӛменгі жағында бос серіппе (17) орнатылған, оның жоғары бас шығырға, ал тӛменгі басы тӛменгі тарелкеге (19) бекітіледі, ал ол ӛз алдында клапан ӛзегінің бітіскен жерінде сухармен (13) байланысқан.

Клапан жұдырықша (6) итергіштен қаншалықты шыққанына байланысты серіппенің кӛмегімен жабылады.

4.4- сурет. Бір цилиндрде төрт клапанның орналасуының нұсқалары (а, б)

Қазіргі кезде кӛп тараған клапандар жоғарыда орналасқан газ тарату механизмдері болып табылады, ӛйткені бұлар мынандай сипаттамаларға ие. Бұдан шығатын қорытынды: жану камерасы шағын болады, цилиндрлерді толтыру оңай болады, клапандарды реттеу жеңілдетіледі және суытушы сұйықтықтың мәнді жылу жоғалтуы азаяды.

Қатарлы қозғалтқыштарда жоғары орналасқан клапандар болғанда, жұмыс істеу принципі осылай құрылады: (4.5, а-сурет) таратушы біліктен шыққан жұдырықшадан (6) шыққан жүктеме итергішке, (7) содан соң штанга (5), реттеуші бұрандамалық арқылы күйентенің қысқа иініне береді, ол болса осьте (2)

айналып, ӛзінің мұрыншасы арқылы клапан (14) ӛзегін түртеді.

4.5-сурет. Клапандарының әртүрлі орналасуы бар газ тарату механизмдерінің сұлбасы: а- жоғарғы; б- төменгі.

Клапандары

жоғарыда

орналасқанда

таратушы

біліктер цилиндр

шығырында

орналасады, алтӛменгі орналасу (ЗИЛ-1З0, КамАЗ-5320- автомобиль қозғалтқыштарына тән) немесе шығыр қалпақшасында — жоғарыда орналасу (ВАЗ және «Москвич» автомобиль жан ұяларына тән).

25

Егер таратушы білік жоғарыда орналасқан болса, (4.6, а, б-сурет) онда итергіштермен штангалар болмайды, нәтижесінде салмақ азаяды және де клапанды механизмнің инерционды күштері азаяды, ол иінді біліктің айналу жиілігін арттырып, қозғалтқыш жұмысы кезінде шу деңгейін азайтуға мүмкіндік береді. «Москвич» (4.6, а-сурет) автомобильдерінің қозғалтқыштарында клапандар (6) екі қатарлы орналасуымен қатар, таратушы біліктің жұдырықшалары (5) мен күйенте (4) арқылы жұмыс істейді.

Артқы жетекті ВАЗ автомобильдерінің қозғалтқыштарында (4.6,б-сурет) таратушы білік цилиндрлер шығырының бӛлек қалпақшасы (7) орналасады және сырғанау

мойынтіректері арқылы айналады. Автомобильдердің газ тарату механизмдері: а-

Москвич -21412; б- ВАЗ-2105, 2107.

4.6-сурет. Таратушы біліктері жоғарыда орналасқан

Бір қатарда орналасқан клапандарға (6) жетек, бір иінді (рокер) рычагтары (8) арқылы таратушы біліктің жұдырықшалары (5) арқылы тікелей жүзеге асырылады. Бір иінді рычаг бір жағымен клапан ӛзегіне тіреледі, ал басқа жағымен сомын (1)

сфералық басына барып тіреледі, және ол сомында шпилькілі серіппе (9) арқылы ұсталынып, біріктіріліп тұрады.

ВАЗ-дың алдыңғы жетекті автомобильдерінде жоғарғы таратушы білік бӛлек тұрқыда (1) орналасқан, (4.7-сурет) ол ӛз алдына цилиндрлер қалпақшасында (4) орналасқан, оларға клапандардың (3) бағыттаушы тӛлкелері (8) және шойын ұяшықтар престеліп орналастырылған. Металл резеңкенің және май ысырғыш калпақшалар (7) тӛлкенің (8) жоғарғы бӛлігін тығыздауға қолданады. Жұдырықшалар – (5) цилиндрлік итергіштер

(2) арқылы кідірмей, клапандарлар (3) іске қосылады. Жылулық саңылауды реттеу үшін клапанды механизм итергіштерінің ұяларында орналасқан тығырықтарды (6) қолданады.

4.7-сурет. ВАЗ-2108, -2109- автомобильдерінің таратушы біліктері жоғарыда орналасқан қозғалтқыштарының газ тарату механизмдері.

V-тәрізді сегіз цилиндрлі қозғалтқыш клапандары жоғарыда орналасқан (4.8-сурет). Мұндай қозғалтқыштардың тӛменгі таратушы білігі шығыр қирауында орналасқан және сол, оң қатардағы цилиндрлердің клапандарына ортақ болып табылады. Клапандар (7) (кіргізуші және шығарушы), бағыттаушы тӛлкелердің (8) ішінде қозғалады, және осьте (11) орнатылған күйенте (12), штанга (16), итергіштер (17)

арқылы жұдырықшалардағы (4) және (5) жүктеменің нәтижесінде ашылады. Клапандар серіппенің кӛмегімен жабылады, ол серіппенің соңы тығырыққа (9) тірелген.

4.8-сурет. V-тәрізді қозғалтқыштың газ тарату механизмі.

Таратушы білікті арнайы шойыннан немесе болаттан құйып жасайды, соңынан термиялық ӛңдейді. Жұдырықшаның профилін кіргізушіде (4) (4.8-сурет), сондай-ақ шығарушыда кӛпшілік қозғалтқыштарда біркелкі етіп жасайды.

Атауы бірдей кіргізуші және шығарушы жұдырықшалардың орналасуы әртүрлі болып келеді: 4 цилиндрде - 90° бұрыш

26

жасай, 6 цилиндрде60о бұрыш жасай, 8 цилиндрде45° бұрыш жасай орналасады. Ажарлау кезінде жұдырықшаларға аздап конустылық береді.

4.2. Таратушы біліктің жетегі Жоғары қойылған таратушы білік аралық біліктер жүйесімен айналады, олар конустық немесе бұрандамалы (4.9,б-сурет), цилиндрлік тісті доңғалақтармен, (4.9; в-сурет) шынжырмен (4.9, а-сурет) немесе тісті белдікпен (4.10, г- сурет) айналады.

Тӛменде орналасқан таратушы білік кӛбінесе тісті жұп арқылы байланысып, тікелей иінді біліктен (4.10, б-сурет) алады. Аралық тісті доңғалақтар (4.10, в-сурет) немесе шынжырлы беріліс (4.10, а-сурет) иінді және таратушы біліктердің үлкен центр аралық арақашықтық болғанда қолданылады.

Шынжырлы берілісқұрылым жеңілдігі, жұмыс істеу шуының аздығы; иінді және таратушы біліктердің үлкен центр аралық қашықтығында ыңғайлылығын оның жағымды жақтарына жатқызуға болады.

Кемшіліктеріне: тез ауысқан жүктемелер кезіндегі дірілді, тозуын және пайдалану барысында шынжырдың созылып кетуін жатқызуға болады. Оларға қысушы құрылғылар (леникс) және тербелісті баяулатушылар міндетті шарт болып келеді.

4.9-сурет. Жоғарғы таратушы біліктердің жетегі: 1- таратушы білік жұлдызшасы; 2- шынжыр; 3- шынжыр тербелісін басушы; 4- май сорабы жетегінің жұлдызшасы; 5- иінді білік жұлдызшасы; 6- шынжыр тартқышының тіреу табаны; 7- шынжыр тартқышы; 8- жұдырықшалы білік; 9- аралық білік; 10иінді білік; 11аралық тісті доңғалақтар; 12таратушы білік шкиві; 13тісті белдік; 14иінді білік шкиві; 15сұйықтық сорабының шкиві; 16тартып тұратын ролик.

Қазір шынжыр орынына тісті белдік қолдану қолданысқа ие болған, олар сым корды немесе стекло талшықтары бар синтетикалық материалдан жасалған. Мұндай итерме ұзақ уақыттылығымен, реттеулерге орнықтылығымен, тӛмен бағасымен, шуыл деңгейінің аздығымен, және майлауды қажет етпейтіндігімен ерекшеленеді.

Белдіктің цилиндрлік тісті шкивтердан шығып кетпеуін

жиектер сақтайды.

4.10-сурет. Төменгі таратушы біліктердің жетегі былайша ажыратылады:

а- шынжырлы беріліс; б- тісті жұп; в- аралық тісті доңғалақтармен; 1- жұдырықшалы білік; 2-шынжыр; 3-иінді білік; 4-аралық тісті доңғалақ;

Қазіргі қозғалтқыштардың құрылымдарында газ тарату механизмдері газ тарату фазаларын оперативті түрде қозғалтқыш жұмыс істеу кезінде ауыстыруға мүмкіндік береді. Аталған механизмде клапандардың ашылужабылу мезеттері тербеліс рычагының ӛсі және (таратушы білік) жұдырықшаның айналу ӛсінің ӛзара орынын ӛзгертумен реттеледі.

Олар екі нұсқада жүзеге асады:

27

фазаны реттеу қозғалыссыз тіректерде айналатын, таратушы біліктің жұдырықшаларына қатысты рычагтың (2) орынын ӛзгертумен жүзеге асырылады (4.11, а- сурет);

реттелуші элемент таратушы білікте (3) (4,11,б-сурет) тіректердің (4) эксцентристік тесіктерінде айналады, оның бұрыштық орыны атқарушы құрылғымен (1) иінді біліктің айналуына байланысты орнатылады.

4.11-сурет. Реттелетін фазалары бар газ тарату механизмдері.

4.3. Газ тарату механизмінің негізгі параметрлері. Газ тарату фазасы

Газ тарату механизмінің негізгі параметрі болып, «уақыт-қиығы» болып табылады, «уақыт-қиығы» депуақытша клапан ашатын ӛтпелі қималардың интегралды қосылған туындысын атаймыз.

«Уақыт-қиығы» параметрі газ тарату механизмінің жұмысын сипаттайды және клапан қимасының ӛтушілік шамасынан ғана емес, сондай-ақ оның ашылу ұзақтығымен де сынауға болады.

Газ тарату фазалары (жану қоспасын кіргізу және жұмыс істеген қоспаны шығару) уақытылы бір және уақытылы екінші клапанның ашылуымен (4.12-сурет) шартталады. Кіргізуші тесікке жанғыш таза қоспаның кӛп кіруі үшін, піспек тӛмен қозғалғанда кіргізуші клапан толығымен ашылып тұруы шарт. Сол мақсатта піспек ЖӚН-ге жетпей жатып клапан ашыла бастайды, бұл иінді біліктің 33° -қа бұрылуына сай келеді. Кіргізуші клапан кешігумен жабылады, яғни піспек ТӚНӛткеннен кейін, ол иінді біліктің 79° -қа бұрылуына сай келеді. Жану қоспасы инерциялы тегеурінге сәйкес цилиндрді толтыруын тоқтатпайды, піспек жоғары қозғалу мезетінде де, ол цилиндрдің жақсы толуын қамтамасыз етеді.

4.12-сурет. Газ тарату фазасының диаграммасы:

1- кіргізуші клапандардың жұмысы; 2- шығарушы клапандарының жұмысы.

Мынадай сәтті ескерейік, иінді біліктің 50о бұрылуы ағымы кезінде, яғни, бұл кезде екі клапан да бір уақытта ашық болады (4.12-сурет). Ал уақыт аралығының тым аз болғандығынан жұмыс істеген газдардың кіргізуші құбырға кіруіне мүмкіндік болмайды. Бірақ жұмыс істеп біткен газдардың инерциясы жану қоспасының соруын туғызады, ал ол жану қоспасының цилиндрге толтырылуын жақсартады.

4.4. Клапанды механизм

Клапандары тӛмен және таратушы біліктің тӛменгі орналасуы бар газ таратушы механизмдерде, клапандар жетекті беріліс бӛлшектерінен әсер алады (итергіштер, штангалар және күйенте).

Клапандар қоректену жүйесінің газ құбырларымен цилиндрлерді қосатын кіргізуші және шығарушы арналардың жабылыпашылуын қамтамасыз етеді. Клапан (4.13,а-сурет) жалпақ қалпақша (16) және ӛзектен (9) тұрады, олар ӛзара жатық қосылған. Кіргізуші

28

клапанның басының диаметрін шығарушыдан қарағанда үлкендеу етіп жасайды, ол цилиндрлерді жану қоспасымен жақсы толтыруы үшін қажет.

Клапан ӛзегі мен тӛлке арасындағы саңылаудан цилиндрге майдың ағуын болдырмау үшін, кіргізу ырғағы кезінде кіргізуші клапандардың тіректі тығырығы немесе бағыттаушы тӛлкелердің жоғарғы жағында резеңкелі манжеттер немесе қалпақшалар (11) (4.13-сурет) кигізеді, олар клапан ашылған мезетте оның ӛзегіне және тӛлке бағыттаушысына тығыз сығылады.

4.13-сурет. ЗИЛ-431410 (ЗИЛ-130)- қозғалтқышының айналу механизмі бар кіргізуші клапаны:

а- шығарушы клапан, цилиндр қалпақшасында орнатылған; б, в- клапанның айналу механизмінің бастапқы және соңғы жұмыс орыны.

Күйентеге (3) бұралған қарсы бұрандалығы (2) бар реттеуші бұрандама (1) клапан арасындағы саңылауды реттеу үшін қолданылады (4.14-сурет).

4.14-сурет. Жылулық саңылауды тексеру және реттеу

Итергіштер күйентелерге штанга арқылы таратушы біліктен алған жүктемесін беру үшін қолданылады. Олар болат немесе шойыннан жасалады. Итергіштер цилиндрлік немесе рычагты -роликті болады (4.15-сурет). ЯМЗ-236 және ЯМЗ-238 дизелдерінде тербелмелі түрде рычагты-роликті итергіштер қолданылады (4.15, а-сурет), олар ӛс бойы (6) мен таратушы біліктің үстінде орналасқан. Роликтің жұдырық бойымен қозғалысы кезінде үйкеліс сырғанау тербелмелі үйкеліске

ауысады да, роликтің ӛсі бойымен инелі мойынтіректерді айналады. Итергішке жоғары жағынан штанга (3) тіреледі.

ЗИЛ-130, ЗМЗ-5311 және КамАЗ-740 қозғалтқыштарында бағыттауыштардың арнайы тесіктерінде орнатылған цилиндрлік итергіштер (11) қолданады (4.20, 6-сурет), бірақ КамАЗ-740 дизелінде бағыттауыштар алынбалысалынбалы. Итергіштің іші штангаға арналған сфералық бет болып (8) табылса, ал май ағызу үшін арнайы тесігі (9) бар.

4.15сурет. Дизельдердің клапан жетегінің бөлшектері: а- ЯМЗ; б- КамАЗ.

Штангалар итергіштерден келген жүктемені күйентелерге беру үшін қолданады. Олар дюралюминийлі ӛзегі бар болатты сфералық ұштарымен жасалады (ЗМЗ5311 және ЗМЗ-2404 қозғалтқыштарында) немесе ұштары шыңдалған болат шыбықтан (ЗИЛ-130 қозғалтқышында) жасалады.

ЯМЗ және КамАЗ дизелдерінде штангаларды (3) (4.15,б- сурет) болат шыбықтан жасайды. Штангалар бір жағынан реттелетін күйентеге (1) бұралған, ол бұрандаманың (2) сфералық бетіне келіп тіреледі (4.15,а-сурет), ал екінші жағынан итергіштерге тіреледі. Штангалардың соңында болаттан жасалған сфералық ұштықтарды (7) престеп

кигізеді.

29

Күйенте штангадан келген жүктемені клапанға бару үшін қолданады. Ол тең емес иінді рычагқа ұқсайды, оны болаттан немесе шойыннан жасайды. Итергіштердің жүрісін және штанга жүрісін сондай-ақ қозғалыс кезінде пайда болатын инерция күштерін азайту үшін, күйентенің а иінін b иініне қарағанда 1,5 есе кӛп етіп жасайды. Тиімді жағы иіннің ұзындау болатыны клапан жетегі бӛлшектерінің ұзақ уақыттылығын арттырады. Карбюраторлы қозғалтқыштың күйентесі жалпы қуыс ӛсте орналасқан, оның соңына тұншықтырғыштар престелген. Мұндай орналасу күйентенің бронзалы тӛлкелеріне және реттеуші сомындардың сфералық ұштарына майлаушы майды жеткізуге жақсы мүмкіндік береді. Күйентемен бірге құралып жиналған ӛстерді, цилиндр қалпақшасының әр тірегінің кӛмегімен орнатады. Дизельдерде күйенте ӛстері тіректермен бітұтас ретінде жасалған және әр күйенте ӛз ӛсінде тербеледі.

№5 тақырып «Майлау жүйесі» 5.1. Майлау жүйесінің құрылымы мен жұмысы

Жанасушы беттерде жұқа қабат тудырып, оларда болатын үйкелісті азайту үшін жеткілікті мӛлшерде май жеткізу сондай-ақ беттерді суыту үшін, тозу барысында металл ұсақтарын шаюға және бӛлшектерді коррозияда сақтауға майлау жүйесі ӛте қажет.

Кӛпшілік автомобильдерде комбинирленген майлау жүйесі қолданылады, бұл кезде кӛбірек жүктелген бӛлшектер қысым арқылы майланады да, ал қалғандары шашырату арқылы майланады. Қозғалтқыштың майлау жүйесі құрамына: май торабы, сүзгі (май тазартушы), қақпағы бар май құю мойыны, май деңгейін тексеретін ӛзек, қозғалтқыш картерінің түбі, датчик және май қысымын кӛрсеткіш немесе қысымның бақылаушы шамы, және картерді желдету жүйесі. Қозғалтқыштың жұмысы кезінде картер (8) түбіндегі май, (5.1-сурет) торап (10)-пен торлы май қабылдағыш (9) арқылы май тазару үшін сүзгі (12)-ге келеді және одан кейін цилиндр шығырының бойында тесілген негізгі магистральға (15) жіберіледі. Каналдар (16) арқылы май иінді біліктің түбірлі мойынтіректеріне, ал содан кейін жақтаудағы тесіктер (7) арқылы иінді біліктің мойыншалары және бұлғақты мойынтіректерге беріледі. Бұлғақты мойынтіректердің тӛменгі қалпақшаларындағы бұрғыланулар арқылы май шашыратылады.

5.1- сурет. Қозғалтқыштың майлау жүйесінің принципиалды сұлбасы:

1- май қысымын көрсеткіш; 2- күйенте өстері; 3- таратушы білік; 4-клапан жетегінің күйентесі; 5,6- негізгі магистралдан газ тарату механизмдеріне майды жеткізу каналдары; 7- білік жақтауы мен білік мойыншаларындағы бұрғыланулар; 8- қозғалтқыш картерінің түбі; 9- торлы сүзгісі бар май қабылдағыш; 10тісті доңғалақты май сорабы; 11редукционды клапан; 12толық ағынды сүзгі; 13қайта жіберуші клапан; 14май қысымын көрсетуші датчик; 15негізгі магистраль; 16түбірлі мойынтірекке май жіберу каналы.

Таратушы білік тіректерінің саңылауынан ағатын май лезде реттелетін тығырыққа барады, итергіштерді майлайды, ӛзектерді, және клапандар тӛлкесі мен цилиндр қалпақшасындағы майлық ванналарды толтырады да, ал ол таратушы біліктің жұдырықшаларын майлаған май каналдары арқылы картер түбіне ағып кетеді (ВАЗ-2108- қозғалтқышы).

Қосымша майлы сорабының жетекші тісті доңғалағы және оталдырудың таратушысы қысым арқылы майланады, (ВАЗ-2105-автомобилі) сондай-ақ жекеленген жұлдызша және

30

таратушы білік жетегінің шынжыры, шынжырдың тартушы құрылғысы майланады («Москвич-2140»- қозғалтқышы).

Айналмалы бӛлшектер арасындағы шашырату арқылы саңылаулар майланады, сондай-ақ басқа да қозғалтқыш құрылғылары және механизмдері бар басқа да бӛлшектер майланады. Бұлғақтың басындағы тӛменгі тесігінен май шашырату арқылы цилиндрлер қабырғалары және піспектерді, піспекті сақина және піспекті саусақтарды майлайды.

5.2. Майлау жүйесінің құрылғылары Тісті доңғалақты май торабы жүйедегі май қысымын тудыруға және майды үйкелетін беттерге айдауға арналған.

Сорап тұрқыдан 5 (5.2, а-сурет) тұрады, онда жетекші және жетеленуші тісті доңғалақтар орналасқан. Жетеленуші тісті доңғалақ ӛс (7) бойынша еркін айналады, ал жетекші білікте (8) қатты түрде байланысқан, ол білік ӛз алдына винттік тісті доңғалақ пен (9) тісті берілісте болады. Сорап тұрқысында редукционды клапан (2) орналасқан. Мұндай құрылым «Москвич», ВАЗ-2105 автомобилдерінде кӛрініс тауып отыр.

Сорап жетегіне кететін қуаттың жоғалуын болдырмау және оның ӛнімділігін арттыру үшін (5.2, в-сурет) ВАЗ-2108 автомобилінде тісті доңғалақтардың (6) іштен ілінісуін ойлап тапқан. Жетекші тісті доңғалақ (4) иінді білікте бекітіледі. Сондай-ақ «Москвич» автокӛлігінің май торабының иінді білігінен итерме алады.

Тісті доңғалақтардың айналуы кезінде торлы май сүзгісінің май қабылдағышын шығарған майды олар ӛздерінің тістерімен майды іліп әкетеді де, тұрқы қабырғаларына, шығушы тесіктерге және қысыммен каналдар арқылы май сүзгісіне айдайды. (5.2, б- сурет).

ВАЗ-2108 автомобилінде айналатын тісті доңғалақтар майды кіргізуші кеңістікке сорады, және де тістері арқылы айдаушы кеңістікке жібереді де, содан соң май сүзгісіне (5.2, г- сурет) айналады. Сораптың ӛнімділігіқозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігі артқан сайын ӛнімділік те артып отырады. Қозғалтқыш жұмысына қажетті май кӛбірек жіберіліп, қысым артып отырады. Бұл кезде редукционды клапан (8) ашылады, ол майлау жүйесіндегі майдың қысымын артуын ескерте отырып, майдың бір бӛлігін сораптың жіберуші кеңістігіне қайта жібереді.

5.2- сурет. Тісті доңғалақты май сорабы:

а- ВАЗ-2105 автомобилінің; б- Редукционды клапан және тораптың жұмыс істеу сұлбасы; в- ВАЗ-2108 қозғалтқышының ішкі ілінісі бар торап бөлшектері; г- тісті доңғалақтарының ішкі ілінісіндегі тораптың жұмыс істеу принципі; 1- итерме тісті доңғалағы; 2-итерме білігі; 3- жетеленуші тісті доңғалақ өсі; 4- жетекші тісті доңғалақ; 5- торап тұрқысы; 6- жетеленуші тісті доңғалақ; 7- клапан серіппесі; 8- редукционды клапан; 9- май қабылдағыш; 10резеңкелі тығыздағыш сақина; 11сорап қақпағы; 12иінді біліктің алдыңғы сальнигі; 13тісті доңғалақ арасындағы орақ тәрізді тәж.

Клапан қысымының шамасы зауытта қойылады және ол 4,5 кгс/см2 (ВАЗ, «Москвич» автомобилдері үшін) пайдаланылады. Пайдалану соңынан клапанды реттеуге болмайды. Май сүзгісі (май тазартқыш) майды тозу ӛнімдерінен тазарту үшін және басқа да кір ластардан тазартуға арналған, ол торап жіберетін барлық май ӛтетін май сүзгісі болып табылады Мұндай сүзгілерді толық ағынды сүзгілер деп атайды.

31

5.3-сурет. ВАЗ қозғалтқышының майын тазалауға арналған толық ағынды май сүзгісі:

1- тұрқы; 2-тұрқы түбі; 3- дренажға қарсы клапан; 4- қайта жіберуші клапан; 5- тығыздағыш төсем; 6- сүзуші элемент.

Ажырамайтын толық ағынды сүзгі (5.3-сурет) тұрқыдан (1) тұрады онда сүзуші элемент (6), қайта жіберуші (4) және дренажға қарсы

(3) клапандардан тұрады. Дренажға қарсы клапан май тоқтатушы резеңкесі бар манжетадан тұрады, ол майды оңай сүзгі тұрқысына жібереді бірақ, ол тұрқыдан майдың картер түбіне, сӛніп тұрған қозғалтқышының ағып кетпеуіне мүмкіндік бермейді. Мұндай

құрылғы каналдар мен сүзгі тұрқысында майды сақтап тұру үшін және қозғалтқышты қосқан кезде бірден үйкелетін бӛлшектерге май беру үшін қолданылады.

Қайта жіберуші клапан болса тазармаған майды сүзгі ӛте ластанғанда оны айналып ӛтіп, майланатын беттерге беруге арналған.

Картердің желдетілуі. Картерге цилиндр бӛлшектерінің коррозиясын туғызатын, майды сұйылтатын және ластайтын бензин буларымен газдар кіреді. Одан бұрын картерге кірген жұмыс істеп біткен газдар қысымды арттыруы мүмкін, ол тығыздағыштарда қозғалтқыштың жұмыс істеуі кезінде, май ағуы мүмкін. Мұндай жағдайды болдырмау үшін, барлық оқылатын қозғалтқыштарда картерді желдету қолданылады, олар газды мәжбүрлеп, сорушы құбыр арқылы сорып алады, содан соң ауа тазартқыш, одан карбюраторға және цилиндрдің кіргізуші құбыршасына аталған газдар айдалады.

ВАЗ-2105 қозғалтқышының карбюраторында араластырушы камераға картелі газдарды сору арнайы золотник 6 (5.4-сурет) арқылы жүзеге асырылады, ол карбюратордың дросселді жапқыштары ӛстерінің бойында орналасқан. Иінді біліктің аз жиілікте еркін жүріс кезіндегі қозғалтқыш жұмысында, золотникті құрылғының калибрленген тесіктері (5) арқылы жаймен сорылады. Ал дросселді жапқыштарды ашқан кезде, золотник олардың ӛсімен айналып, ондағы бар жиек арқылы, дросселді карбюраторлы кеңістікпен құбырша

(2)-ның картерлі газдарды жіберу үшін арнайы тікелей қосады.

5.4-сурет. ВАЗ-2105-қозғалтқыш картерінің желдетілуі:

а- еркін жүрістегі аз айналу жіиілігінде; б-дросселді жапқыштардың ашылған мезетінде; 1- ауа сүзгісі; 2- дросселді кеңістікке газдарды мәжбүрлеу құбыршасы; 3- дросселді жапқыш; 4- кіргізуші құбырша; 5- калибрленген тесік; 6- золотник; 7- алауды басқыш; 8- май айырғыш; 9- картерлі газдар; 10май ажыратқыштың төгу құбыры.

32