Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Конструкция авто лекция

.pdf
Скачиваний:
204
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
5.75 Mб
Скачать

№6 «Суыту жүйесі » 6.1. Суыту жүйесінің құрылғылары және жұмысы

Қозғалтқыш жұмыс істегендегі температура орта шамамен 800 - 900о С болады, ал цилиндрлердегі жағу қоспасының жануы кезінде температура 2500° С- ге жетеді. Ондай бӛлшектердің қатты қызуы болады және сол цилиндрлерде піспектердің балқып, жабысып қалуына және клапан қалпақшаларының балқуына, мойынтірек тӛсемдерінің балқып кетуіне және тағы басқа ақауларға әкеліп соқтырады. Сұйықтықты немесе ауамен суыту жүйесі қозғалтқышта белгілі бір жылулық режимді ұстап тұруға септігін тигізеді. Суыту жүйесінде, қозғалтқыштың әртүрлі жұмыс режимдерінде суыту сұйықтығы 87102° С аралығында ұсталып тұруы шарт.

Суыту жүйесі келесі негізгі элементтерге ие: қозғалтқышты суыту кӛйлегі, центрден тепкіш сорап, құбыршалар, радиатор, желдеткіш, ұлғайтушы бачок, термостат және суытушы сұйықтықтың температурасын кӛрсететін датчик. (6.1-сурет).

Сұйықтық пен суыту жүйесінің жұмыс істеу принципін қарастырайық. Суық қозғалтқышты оталдырған кезде, термостаттың (13) термокүштік элементі (11) сол жағында орналасады, бұл кезде негізгі клапан (12) жабық, ал қайта жіберуші клапан(15) ашық болады. (6.1-сурет). Қозғалтқыштың жұмысы кезінде иінді біліктің шкивінен белдікті беріліс арқылы итерме алатын, центрден тепкіш сораптың қанатшалары (9) құбыршадан (10) суытушы сұйықтықты қармап, цилиндрлер қалпақшасы (7) және шығырға ондағы кӛйлекшелер арқылы сұйықтықты жібереді. Бұл кезде сұйықтық ысыған бӛлшектердің жылуын қабылдап, ӛзі де қызады, ал қызған сұйықтық ашық тұрған термостаттың (13) қайта жіберуші (15) клапанына келеді де, қайта торапқа барады. Бұл дегеніміз радиаторға кірмейтін кіші айналыс деп аталады, ал бұдан шығатын қорытынды: қозғалтқыш әп сәтте тез қызады. (бағыттаушы 1).

Термостаттың термокүштік элементі (11) қозғалтқыштың қызуына қарай, қайта жіберуші клапанды (15) жабылып, нәтижесінде негізгі (12) клапан ашылады. Бұл кезде сұйықтықтың айналысы бұрынғыдай кіші айналыммен жүреді де біраздан кейін құбыршалар (4) арқылы үлкен айналысқа біртіндеп кіреді.

6.1-сурет. Қозғалтқыштың сұйықтығы мен суытудың принципиалды сұлбасы:

I – сұйықтықтың кіші айналыспен айналуы; IIсұйықтықтың үлкен айналыспен айналысы; 1- радиатор; 2- қақпағы бар сұйықтық құю мойыншасы; 3- ұлғайтушы бачок; 4, 10, 14құбыршалар; 5- желдеткіш; 6- цилиндр; 7- қозғалтқыш; 8- цилиндрлер қалпақшасының және оның шығырын суыту көйлекшелері; 9- центрден тепкіш торап; 11термокүшті элемент; 12негізгі клапан; 13термостат; 15қайта жіберуші клапан; 16радиатордың төменгі бачогі.

Қозғалтқышқа қажетті жылулық режим тӛмендегідей сақталады. Сұйықтықтың температурасы 85-95° С мӛлшеріне жеткен уақытта қайта жіберуші клапан толығымен жабылады. Бұл уақытта негізгі клапан ашылып сұйықтық үлкен айналысқа шығады (бағыттаушы II) ол келесі кезекпен жүреді: цилиндрлер қалпақшасы мен шығырының кӛйлекшелеріне (8) тораптан (9) құбыршалар (4) арқылы радиатордың жоғарғы бачогіне, ортасындағы жүрекшелері арқылы (құбыршалармен) тӛменгі бачокке (16) және желдеткіш (5) кӛмегімен суытылған сұйықтық ашық тұрған термостаттың клапаны (12) және құбыршалар (14) сонымен қатар құбыршалар (10) арқылы қайта торапқа келеді.

33

Қозғалтқыштың жұмысы кезіндегі сұйықтық кӛлемінің ӛзгеруін қадағалайтын ұлғаюшы бачок (3) ретінде саналады.

ВАЗ-2105 автомобилінің қозғалтқышында суытылу сұйықтық арқылы жүреді, ал ол суытушы сұйықтықты мәжбүрлеп суытатын айналысы бар жабық күйінде болады. Оның құрамына келесі элементтер кіреді: цилиндр қалпақшасымен шығырын суытуға арналған кӛйлекшелер (2), радиатор (3), ұлғаюшы бачок (1), центрден тепкіш сорап (5), желдеткіш (4), термостат (6), біріктіруші құбырлар мен шлангалар, ағызып тастайтын

қақпақтар, датчик және суытушы сұйықтықтың температурасын кӛрсететін датчик. (6.2- сурет).

6.2-сурет. ВАЗ-2105 автомобилінің суыту жүйесі:

1- ұлғаюшы бачок; 2-суыту көйлекшесі; 3- радиатор; 4- желдеткіш; 5- центрден тепкіш торап; 6- термостат; 7- салон жылытушыдан сұйықтықты алу құбыршасы; 8- цилиндр қақпақшасынан салон жылытушыға сұйықтықты әкелу құбыршасы.

Радиатор ол екі латуннан жасалған орталарынан дәнекерленген бачоктан(тӛменгі және жоғарғы) тұрады. Бачоктар құбыршалармен байланысқан жоғарғы бачокта сұйықтық құю мойыншасы бар. Бачоктың

ортасы латунды құбыршадан (1) жасалған, олар тӛменгі және жоғарғы бачоктарды байланыстырады және болаттан жасалған суытылу беттерін үлкейтетін пластиналардан

(2) тұрады (6.3, а-сурет).

Радиатордың мойыншасы (5) қақпақшамен (6) жабылады (6.3,б-сурет) және ұлғайтушы бачок (1) құбырша шлангасымен (7) байланысады (6.2-сурет). Радиатордың қақпағына, кіргізуші (3) және шығарушы (4) клапандары болады, олар арқылы радиатор ұлғайтылған бачокпен үйлеседі.

Құбыршалармен радиаторды ақауланудан сақтау үшін, кіргізуші клапан, суыту жүйесінде артық қысым орын алғанда 0,5 кг/см2-қа дейін, және газ немесе сұйықтық радиатордан ұлғаюшы бачокқа кетеді.

Кіргізуші бачоктың клапаны сиреу 0,01 кг/см2 болғанда ашылады, және радиаторға ұлғаю бачогінен сұйықтық келеді, ол құбыршалардың атмосфералық қысым нәтижесінде, радиатор ортасын қысып жібермеуіне мүмкіндік туғызады.

Центрден тепкіш сорап ол суытушы сұйықтықты суыту жүйесінде мәжбүрлеп, айналуын қамтамтамасыз етеді. Ол шарикті мойынтіректе орнатылған білікте (3) тұрқысы болады. (6.4-сурет). Мойынтірек зауытта Литол-24 майымен майланады да, одан кейін майланбайды. Біліктің алдыңғы бітістігіне шкивтің (10) күпшегі (11) престелген, ал артқы бітістігіне қанатша (5) престелген.

6.3-сурет. ВАЗ-2105 және «Москвич» автомобиль радиаторларының орта бөлігі (а) және қақпақшасы (б):

1-құбыршалар; 2- болатты пластиналар; 3- шығарушы клапан; 4- кіргізуші клапан; 5- радиатор мойыншасы; 6- қақпақша тұрқысы; 7- ұлғаюшы бачокқа кіретін құбырша.

34

Тұрқыдан шыға берістегі біліктің соңын тығыздау үшін, ӛзі тығыздалатын, тығыздағыш тығырығы (4) бар графитті композициядан жасалған, оның бойымен жақтауы арқылы қанатша сырғанайды. Шарбы тұрқысының ішінде, резеңкелі манжета және қайта итеруші серіппе бар. Ол серіппеманжетаны тұрқыға және тығыздаушы тығырыққа қысып тұрады. Торап жетегі иінді білік шкивінен трапециялы белдік арқылы болады. Аталған белдікпен генератор жетегі де беріледі.

Желдеткіш (4) (6.2-сурет) пластмассадан жасалған тӛрт қалақшасы бар, ол радиатор ортасына суық ауа ағынын бағыттайды, нәтижесінде радиатор сұйықтықты суытады. Центрден тепкіш торабының білік шарбысына жетекші шкивпен бірге сомындар арқылы қалақшалар бекітіледі. Желдеткіш арнайы қаптамамен жабдықталған, ол радиаторға бекітіледі де, оның тиімділігін арттыру үшін қолданылады.

«Москвич-2140» автомобилінің де суыту жүйесі жоғарыда айтылғандай етіп жасалған, ал ВАЗ-2108 автокӛлігінде ол біраз құрылымдық ӛзгерістерге ие.

6.4- сурет. ВАЗ-2105- тің суытатын сұйықтығы бар центрден тепкіш сорабы:

1- мойынтіректің стопорлы бұрандамалығы; 2- тұрқы қақпағы; 3-торап білігі; 4- шашырамайтын өзі тығыздалатын сальниктің тіректі тығыздауыш тығырығы; 5- қанатша; 6- қабылдаушы құбырша; 7- салонды жылытушының қабылдаушы тесігі; 8- цилиндрлер шығырының көйлекшесіне сұйықтық жіберуші терезеше; 9-екі қатарлы шарикті мойынтірек; 10шкив; 11шкив

шарбысы.

Шашылып алынатын радиатор екі вертикалды пластмасс бачоктардан (2) және (6) ӛзектен тұрады, ол ӛзектер қабырғалы алюминий пластиналардан (4) және горизонталды құбыршалардан 3 тұрады (6.5-сурет). Сол жақ бачокта ортаны бӛлуші орыналады, ол сұйықтықтың айналысын және жылу алмасуын жақсартады. Құятын мойынша ұлғаюшы бачокта орналасқан. Ұлғаюшы бачоктың қақпағында екі клапан бар:

— шығарушы (паровой) клапан суыту жүйесінде артық мӛлшерде қысым болса 0,2 кг/см2 соны шығаруға және буды атмосфераға шығаруға арналған;

— кіргізуші клапан (воздушный) жүйеде қысымның тӛмендеуі кезінде 0,97- 0,87 кг/см2 - дейін, (сұйылту кезінде) ол жүйе суығанда немесе сұйықтық ағып кеткен кезде, клапан атмосфералы ауаны жүйеге жібереді.

6.5-сурет. ВАЗ-2108- дің суыту жүйесі: 1- ұлғаюшы бачок; 2- радиатордың сол

жақ бачогі; 3- алюминийлі құбыршалар; 4- өзектің суытушы пластиналары; 5- электр желдеткіші қосылуының датчигі; 6- радиатордың оң жақ бачогі; 7- ағызушы қақпақ; 8- радиатордың ортасы; 9- электр желдеткіштің қаптамасы; 10электр желдеткіш қанатшасы; 11электр қозғалтқыш; 12суытушы сұйықтық торабы.

Радиатор бачогында датчик (5) орнатылған, және суытушы сұйықтықтың

температурасына ол 8595о С шамасында болуы қажет, ол кезде температура датчик шамасының ӛзгеруіне байланысты радиатордың электр қозғалтқышын қосып сӛндіріп отырады. Желдеткіш (9) электр қозғалтқыш (10) кӛмегімен жұмыс істейді (6.5-сурет).

35

Суытушы сұйықтықтар ол техникалық этиленгликоль және дистилендірілген судың қоспасы болып табылады, оның қату температурасы сәйкесінше минус 40 және 65° С (Тосол А-40 немесе Тосол А-65).

Бұл температурада сұйықтық мұзға емес қою қоспаға айналады, ол ӛз алдында қозғалтқыштың цилиндрлер шығыры мен радиатордың бұзылуын болдыртпайды. Суытушы сұйықтықтар кӛпірмейді, қақ қалдырмайды, және буға айналмайды, бірақ олар улы болып табылады. Ол адам ағзасына түскен кезде ӛте күшті уланып қалуы мүмкін, сондықтан оны құбыршадан ауызбен соруға болмайды. Онымен жұмыс істеп болған соң, қолды мұқият жуу қажет. Оның автомобиль бояуы түсуіне жол бермей, бояуын бұзып жіберуі мүмкін. Сұйықтықты ауызы жабылған таза пластмасса немесе шыны ыдыста сақтайды.

7.«Карбюраторлы қозғалтқыштың қоректену жүйесі»

7.1.Қоректену жүйесінің құрылғылары мен жұмыс істеу принципі

Қоректену жүйесі отынды тазалауға, беруге және сақтауға арналған, сондай-ақ ауаны тазалап беруге, қозғалтқыштың әртүрлі режимдерде жұмыс істеу кезінде, керекті жану қоспасын жасауға және жұмыс істеген газдарды атмосфераға шығаруға арналған. Қоректенетін жүйенің құраушылары: отын багі, отынның санын кӛрсеткіш және датчик, отын құбырлары, сүзгіштер және отын торабы.

Құрғақ немесе майлы сүзгілері бар ауа тазартқыштар ауаны тазартып беруге арналады. Карбюраторда жұмыс істеп біткен газдардан жану қоспасын дайындау жүзеге асады және ол жерде құбырлар, шуды тұншықтырғыш аспаптары бар. Қоректендіру жүйесінің жұмыс істеу принципі келесідей (7. 1-сурет).

Отын торабы (1) қозғалтқыштың иінді білігі жұмыс істегенде, ол да қызмет етуін бастайды. Торап, торлы сүзгі арқылы (12) отын багінен (11) және отын құбыршалары (13) арқылы отынды карбюратордың қалтықты камерасына (2) отынды жібереді.

7.2. Қоректену жүйесінің құрылғылары

ВАЗ-2105- автомобилінің отын багі (7.2-сурет) отынның қорын сақтауға және қорғасын жалатқан болат жапырақшаларынан жасалады. Отын құю мойыншасы қымталған түрде қақпақпен (1) жабылады, ал буды жіберу, отынды жіберу және белгіленген қысымды ұстап тұру отын құюшы мойыншаның люгіне шығарылған желдетуші құбырша (2) кӛмегімен жүзеге асырылады, (ВАЗ-2105- автомобилі) немесе мойыншаның қақпағындағы тесік арқылы жүзеге асырылады («Москвич-2140»). Ал соңында торлы сүзгісі (6) бар отын заборлы құбыршамен (7) бірге және отын деңгейін кӛрсететін реостатты датчикпен бірге ернемек (3) бактің жоғарғы қабырғасында бекітілген. Реостатты датчиктің поплавогі (4) бак ішіне орналастырылған.

7.1- сурет. Карбюраторлы қозғалтқыштың қоректену жүйесінің принципиалды сұлбасы:

1- отын торабы; 2- карбюратордың қалтықты камерасы; 3- ауа тазартқыш; 4- шашыратқыш; 5- араластырушы камера; 6- құбыршалар; 7- кіргізуші клапан; 8-шығарушы клапан; 9- цилиндр; 10шуды тұншықтырғыш; 11отын багі; 12отынды құбырдың торлы сүзгісі; 13отын жіберуші.

ВАЗ-2108 автомобилінің қоректену жүйесінде келесі қосымша құрылғылар бар. Сепараторға (ұлғаюшы бачок) (13) (7.3-сурет) құбырша (16) арқылы отын булары

келеді, сол жерде олар конденсацияланып, қайтадан бакқа сол құбырша арқылы

36

құйылады. Екінші құбыршада 14 немесе 15 клапан болады, ол отынның азаюына байланысты бакты атмосферамен байланыстырады, ал қысым арта бастаса ол ашылып, артық ауаны атмосфераға жібереді.

7.2-сурет. ВАЗ-2105- автомобилінің отын багі:

1- құятын мойыншаның қақпағы; 2- желдетуші құбырша; 3- ернемек; 4- поплавок; 5- шығарып жіберуші қақпақ; 6- торлы сүзгі; 7- отын заборлы құбырша; 8- торапқа жіберетін отын құбыры; 9- отын багі.

Ағызушы құбырша (3) арқылы клапаннан (2) отынның жартысы, яғни, карбюратордың арнайы калибрленген тесігі бар штуцеріне торап арқылы берілетін, ол ӛз алдында поплавокты камераның инелі клапан алдында негізгі отын беру штуцерінен тӛмен орналасқан. Сол арқылы артық отын бакқа қайтадан ағып кетеді (7.3-сурет). Мұндай үздіксіз айналым отын ішінде ауа тығындарының және отын берілмей қалу

мүмкіндігін жояды.

7.3- сурет. ВАЗ-2108- автомобилінде отын берілудің сұлбасы:

1-карбюратор; 2- қайтарушы клапан; 3- төгуші құбырша; 4- отын торабы; 5- майда

тазарту сүзгісі; 6- отын айдаушы магистраль; 7- отын ағызушы магистраль ; 8- поплавок; 9- отын алушы құбыршаның торлы сүзгісі; 10отын деңгейін көрсететін реостатты датчик ; 11дренажды құбырша; 12ауаны жіберуші құбыршаның ұшы; 13сепаратор (ұлғаюшы бачок); 14екілік әсері бар клапан; 15,16бачок құбыршалары; 17отын құятын мойыншаның құбыршасы; 18отын құю мойыншасы.

Отын сорабы (7.4-сурет) карбюраторға отынды бактан қысым арқылы беруге арналған. ВАЗ қозғалтқыштарында тұрқының жоғарғы және тӛменгі жақтарында, штоктың (9) жоғарғы бітістігімен байланысқан үш диафрагма орналасқан. Екі жоғарғы диафрагмалар (4) белсенді болып, отын беруге арналады, ал тӛменгі диафрагма (5) сақтандырушы болып табылады. Ол жоғарғысының біреуі жыртылып істен шыққан уақытта қозғалтқыш картеріне отынның түспеуін қамтамасыз етеді («Москвич» автомобилінде —екі белсенді диафрагмалар). Диафрагмалар арасында дистанционды тӛсемдер орналасқан: сыртқы (21) және ішкі (22). Сыртқы тӛсемеде тесік (17) болады, ол диафрагмалар ақауланғанда, бензиннің сыртқа шығуы үшін арналған. Диафрагмалардың астындағы штокқа қысылған серіппе (6) бекітіледі. Шток (9) ӛзіндік Г-тәрізді құйрықшасымен балансир (10) кесілген жеріне орналасады, ол диафрагмалар түйіні рычаг итермесін шашпай-ақ, оны алып шығуға мүмкіндік береді. Торлы сүзгі, кіргізуші және шығарушы клапандар серіппелерімен бірге тұрқының жоғарғы бӛлігінде орналастырылған.

7.4- сурет. ВАЗ қозғалтқышының отын сорабының жұмыс істеу сұлбасы:

а- отынды сору; б- отынды айдау; 1- кіргізуші клапан; 2- торлы сүзгі; 3- кіргізуші құбыр; 4, 5- төменгі және

жоғарғы диафрагмалар; 6- диафрагма штогінің серіппесі; 7- қолмен айдау рычагі; 8- қолмен айдау рычагының шпилкілі серіппесі; 9- шток; 10теңестіруші; 11тұрқының төменгі

37

бөлігі; 12қолмен айдау рычагінің эксцентригі; 13рычагты кері қайтарушы серіппе; 14сорапты итеруші жетегінің эксцентригі; 15итергіштерге отынды механикалық айдау рычагі; 16итергіш; 17төсеме тесігі; 18тұрқының жоғарғы бөлігі; 19кіргізуші немесе отын жіберуші; 20кіргізуші клапан; 21сыртқы төсеме; 22ішкі дистанционды төсеме.

Ауа тазартқыш жану қоспасын дайындау үшін керекті карбюраторға келген ауаны механикалық қосылыстардан тазалайды.

Ауыспалы құрғақ сүзілетін элементі бар ауа тазартқыш (ВАЗ және «Москвич» автомобилдерінде) карбюратордың кіргізуші құбырында орналасады. Оның құрамына тұрқы (10) (7.5-сурет), қабылдаушы құбырша (13), сүзуші элемент (3), қақпақ (4) және құбыршалар (9) жатады. Олар сәйкесінше картердегі газды кіргізуге және шығаруға арналған. Қабылдаушы құбыршаға (13) жылы және суық (1) ауаның қышалары (11) бар термореттеуші (2) қосылады.

7.5- сурет. ВАЗ-2105-тің термореттеушісі бар ауа тазартқышы: 1- суық ауа қышасы; 2- термореттеуші; 3- сүзуші элемент; 4- қақпақ; 5- пластина; 6- дистанционды төлке; 7- төсем; 8- карбюратордың залотникті құрылғысына картерлік газдарды жіберу құбыршасы; 9- картерлік газдарды кіргізу құбыршасы; 10тұрқы; 11жылы ауа кашасы; 12жылы ауаны алу қашасының құбыршасы; 13қабылдаушы құбырша.

Құбырлар. Кіргізу құбыры жану қоспасының жақсы булануына оны жылытып кіргізу үшін қолданылады. Ол үшін ВАЗ және «Москвич» қозғалтқыштарындағы кіргізуші құбыр, ал орта бӛлімінде екі қабырғаны ұстап тұрады, ол қабырғалардың арасында қозғалтқышты суыту үшін қолданылатын сұйықтық айналып жүреді. ВАЗ-2105- қозғалтқышына отын конденсаторы жиналуын ескерту үшін кіргізуші құбырдың тӛменгі нүктесінде дренажды құбырша болады, ол құбырды атмосферамен қосып тұрады. ВАЗ2108автомобиль қозғалтқышында жану қоспасын жылыту үшін, карбюратор тұрқысына арнайы шығыр бекітіледі, ол шығыр ішінде суытушы сұйықтық айналып жүреді.

Жұмыс істеп біткен газдарды шығару жүйесі. Ол шығарушы құбырдан, шығарушы және қабылдаушы (негізгі және қосымша) газдардың дыбыс сӛндіруші құрылғыларынан тұрады. Шығарушы құбыр кӛбінесе шойыннан құяды және қозғалтқыштың шығырында немесе қалпақшасында орналастырады.

Дыбыс сӛндіруші жұмыс істеп біткен газдардың шығу кезінде шуын басу, алауды басу және ұшқындарды басу қызметін атқарады. (7.6-сурет). Жұмыс істеп біткен газдар дыбыс сӛндірушіге келгенде ұлғаяды да, қысымы азаяды сол кезде олардың шуы да басылады. Дыбыс сӛндіргіш тесіктері бар ішкі құбырдан және сыртқы қаптамадан тұрады. Қаптама мен құбыр арасы бірнеше жақтаулармен бӛлінген. Құбырлары бар дыбыс сӛндіргішті автомобиль шанағына кронштейндер және эластикті қосылыстары бар хомуттармен

бекітеді. Шығарушы құбыр автомобилдің артқы жағында болады.

7.6- сурет. Дыбыс сөндіргіштер:

а- негізгі: 1- кіргізуші құбырша; 2,5- алдыңғы және артқы бөліп тұратын жақтаулар; 3- ортаңғы тұсынан бөліп тұратын жақтау; 4- перфорирленген құбырлар; 6- шығарушы құбырша; 7- тұрқы; б- қосымша: 1,4- алдыңғы және артқы перфорирленген құбырлар; 2- бөліп

38

тұрғыш; 3- диафрагма; 5- тұрқы; 6- асбесті төсем; 7- қаптама.

7.3. Карбюратор

Карбюрация деп сұйық отынды бүрку арқылы оны ауамен араластырып, жасау үрдісін айтамыз, ал аталған үрдісті жасайтын құрылғы карбюратор деп аталады.

Карбюраторда дайындалған жану қоспасы қозғалтқыш цилиндріне түседі де, онда жұмыс істеген газдармен қосылып, жұмыстық қоспаға айналады. Жану қоспаларын келесідей топтарға ажыратамыз:

нормалық жану қоспасы — 1 кг бензин және 15 кг ауа, теориялық бензиннің толық жануы болады;

кедейленген жану қоспасы — 1 кг бензинға 15 тен 17 кг ауа;

кедейленген жану қоспасы — 17 кг кӛбірек ауа 1 кг бензинге;

байытылған жану қоспасы — 13 тен 15 кг ауа 1 кг бензин үшін;

байытылған жану қоспасы - 1 кг бензинді 13 кгнан кем емес ауамен қосқанда. Қозғалтқыштың әртүрлі режимдерде жұмысы кезінде әртүрлі жану қоспасының түрлері қажет.

Суық қозғалтқышты іске қосқанда байытылған жану қоспасы болу керек ӛйткені, жану алдында бензиннің бір бӛлігі конденсацияланады.

Бос жүрісте қозғалтқыштың тұрақты жұмысы үшін байытылған қоспа қолданылады. Қозғалтқыш жай жүктемеде болғанда толық жүктеме еместігінде жұмыс істеу керек, ол қозғалтқыштың үнемді жұмыс істеуі үшін жану қоспасы жарлыланған болуы керек. Қозғалтқыш толық жүктемеде болғанда, максималды айналу моментімен айналу керек кезінде, сол үшін қоспа біртіндеп байытылған болу керек. Бұл қоспа тез жану қасиетіне және қозғалтқыштың максималды айналу жылдамдығын алуға мүмкіндік береді. Жүктемені бірден ұлғайтқан кезде, (үдете қозғалу) жану қоспасы қысқа уақытта байытылуы керек.

Қарапайым карбюратор (7.7-сурет) келесі құрылымдық элементтерді иеленеді: поплавокты камера (6) онда поплавок (5) және инелі клапан (4), араластырушы камера

(9),оның ішінде диффузор (ұлғаюшы камера) (2) орналасқан. Калибрленген тесікті жиектемелері (7) бар таратушы (1) және дросселді жапқыш (8) орналасқан.

Карбюраторда тұрақты отынның тегеуріні мен деңгейін сақтап тұру үшін, попловокты камера (6) қолданылады. Инелі клапан іші қуыс отын бетінде қалқып жүретін поплавоктың (5) рычагына келіп тіреледі. Поплавокты камераны отынмен, бензинмен талап етілетін деңгейге дейін толтырған кезде, инелі клапан тоқымға тіреледі де, отын берілуі тоқтатылады. Деңгейі тӛмендегенде, поплавок тӛмен түседі де, инелі клапан қайта отынның келуіне жол ашады. Поплавокты камераның жоғарғы бӛлігінде тесік арқылы

атмосферамен байланысады.

7.7- сурет. Қарапайым карбюратор сұлбасы:

1- шашыратқыш; 2- диффузор; 3- поплавок өсі; 4- инелі клапан; 5- поплавок; 6- поплавокты камера; 7- жиектемелер; 8- дроссельді жапқыш; 9- араластырғыш камера; 10кіргізуші құбыр; 11кіргізуші клапан.

39

Негізгі мөлшерлеуші жүйе қозғалтқыштың орта жүктемеде жұмысы кезінде, тұрақты құрам үшін, кедейленген жану қоспасын жасау үшін арналған. Қазіргі кезде кӛбірек таралғаны - отынды пневматикалық тежегіші бар негізгі мӛлшерлеуші жүйесі. Ол эмульсионды құдық (1), отындық (2) және ауалық (5) жиектемлерден (7.8, а-сурет)

эмульсионды құбырлардан (4), шашыратқыш (6), диффузор (8) және дроссельді жапқыштан (9) тұрады.

7.8- сурет. Карбюратордың негізгі жүйелерінің сұлбасы:

Қозғалтқыштың жұмысы кезінде, дроссельді жапқыштардың (9) ашылуына байланысты диффузиядағы сиреу үлкейеді, және шашыратқыштан (6) шыққан отын ағу жылдамдығы да артады, бірақ отынды байыту болмайды. Ӛйткені бұл кезде эмульсионды құбырша (4) тесігі және ауа жиектемелері (5) арқылы шашыратқышқа ауа кӛп мӛлшерде түседі, ол отын жиектемелеріндегі (2) сиретуді азайтады және отын келу мӛлшерін азайтады.

Бос жүріс жүйесі иінді біліктің аз айналу жиілігі кезінде, қозғалтқыштың орнықты жұмысын қамтамасыз ету үшін, байытылған жану қоспасын дайындауға арналады.

а- негізгі мӛлшерлеуші жүйе; б- бос жүріс жүйесі; в- механикалық жетегі бар қуаттылық режимдердің экономайзері; г-пневматикалық

жетегі бар экономайзер; д- рычагты жетегі бар үдетуші сорап; е- іске қосу жүйесі.

Оның құрылымдық құраушылары: отынды (10) (7.8,б- сурет) және ауалы (11) жиектемелер, эмульсионды канал (12) ол ауа мен отынның кіруіне себебін тигізеді, ал екі тесік (13) пен реттеуші бұрандама (14) араластырушы камераға эмульсия мен ауаның шығуына кӛмектеседі.

Үлкен сиретілудің әсерінен еркін жүріс кезінде, дроссельді жапқыштан ары отын жиектеме (10) арқылы эмульсионды каналға (12) барады, онда ол ауамен араласады да, ол ауа жиектемесі (11) және жоғарғы тесік (13) арқылы эмульсия тудырады. Алынған эмульсия тӛменгі тесік (13) арқылы дросселді кеңістікке барады, ол қозғалтқыштың нормалық жұмысын қамтамасыз етеді. Бұрандамалық (14) арқылы жеткізілетін эмульсия саны реттеледі.

Өтпелі жүйе отын берілуін біртіндеп ұлғайту үшін қолданылады, ол қозғалтқыштың еркін жүріс режимінен орта жүктемелерге дейін, негізгі үнемдеуші құрылғы жұмысын бастағанға дейін ауысуға септігін тигізеді. Ӛтпелі жүйе құрамына жабық тұрған дросселді жапқыш артында тесік (13) және еркін жүріс жүйесінің элементі кіреді (7.8, б- сурет).

ВАЗ және «Москвич» автомобилдерінің екі камераларында, сондай-ақ екінші камерада да ӛзіндік ӛтпелі жүйе болады, оның құрамына ауа және отын жиектемелер, эмульсионды канал және тесіктер болады.

Қуатты режимдердің экономайзері жану қоспасын байытып, қозғалтқыштан толық қуат алуға қолданады. Механикалық жетегі бар қуатты режимдердің экономайзері, клапан (18) және шток (16) орналасатын поплавокты камера ауамен байланысатын экономайзер құрамына енеді (7.8, в- сурет).

Үдетуші сорап жану қоспасын аз уақытқа байыту үшін қолданылады, ол дроссельді жапқышты бірден ашқанда іске асады, ол кӛбінесе автомобильдің үдете қозғалуында

40

болады. Үдетуші сораптың құрамына кіретіндер: құдықша (78, д- сурет), штогі бар піспек (26), кері (25) және айдаушы (28) клапандар, жиектемелер (27) және жетек.

Жіберу жүйесі жану қоспасын суық қозғалтқышты қосқанда және қозғалтқышты қыздырғанда, аталған қоспаны байыту үшін қажет жүйе. Оның құрамына ауа тосқауылы

(7) және керекті жану қоспасының құрамын жасау үшін, керекті ауаның мӛлшерін автоматты жіберілуін қамтамасыз етеді. Автоматты клапан (30) (7.8, е- сурет) сиретілу нәтижесінде жабық ауа тосқауылы (7) кезінде ашылады да, ауаның кейбір мӛлшерін сыртқа жібереді.

Эконостат карбюратордың екіншілік камерасында орналасады да, қозғалтқыштың иінді білігінің максималды және орта айналу жылдамдығымен қатар қозғалтқыш толық жүктемемен жұмыс істегенде, жану қоспасын байыту үшін қолданылады.

Мәжбүрлеуші бос жүріс экономайзері отын шығынын және жұмыс істеп біткен газдардың улылығын азайту үшін қолданылады. Бұл дегеніміз автомобильдің қозғалтқыш пен тежелуі кезінде, қосылып тұрған беріліспен тӛмен қарай сырғанаған кезде жүзеге асады.

Негізгі мөлшерлеуші жүйе (7.9- сурет) ол отынды, инелі клапан (17) арқылы поплавокты камераға келген отыннан алады. Негізгі отын жиектемелері (28) арқылы отын эмульсионды құдықшаларға келеді. Негізгі мӛлшерлеуші жүйедегі шашыратқыштар жеткілікті сиретілу болғанда отын эмульсионды құдықшаларда ауамен араласады, ал ауа оған ауа жиектемелері (6) арқылы (13) келеді, содан соң эмульсия ретінде араластырушы камералардың диффузорына келеді.

Еркін жүріс жүйесі ол тӛмендегідей жұмыс істеу принципіне ие. Негізгі мӛлшерлеуші жүйеден эмульсионды құдықшадан шыққан отын, отын каналымен жоғары кӛтеріледі, отын жиектемесін (5) айналып ӛтіп, ауа жиектемесінен (7) келген ауамен және ӛтпелі каналдан ӛтіп, қоспа құрамына қарап, оны дроссел асты кеңістікке жібереді. Бұл жерде дросселді жапқыштармен (32,30) жабық болады.

7.9-сурет. Карбюратордың жұмыс сұлбасы:

1,2,3-

жіберуші

құрылғының ауа каналы және диафрагманың реттеуші бұрандамасы; 4-

электромаг-нитті тіреуші клапан; 5- бос жүрістің жиектемелері ; 6,13негізгі ауа жиектемелері; 7- бос жүрістің ауа жиектемелері; 8- ауа заслонкасы; 9,11негізгі мөлшерлеуші жүйенің шашыратқыштары; 10үдеткіш сораптың шашыратқышы; 12эконастат шашыратқышы; 14өтпелі жүйенің ауа жиектемелері; 15попловокты камераның теңестіруші каналы; 16поплавокты камера; 17инелі клапан; 18отынды бакқа қайта жіберуге арналған калибрленген тесік; 19карбюратордың отын сүзгісі; 20отын беру құбыршасы; 21қуаттық режимдер экономайзерінің диафрагмасы; 22қуаттық режимдер экономайзерінің отындық жиектемелері; 23қуатты режимдер экономайзерінің шарикті клапаны; 24поплавок; 25-құбыршасы бар эконостаттың отындық жиектемелері; 26өтпелі жүйенің отындық жиектемелері; 27эмульсионды құбырша; 28,38негізгі отындық жиектемелер; 29өтпелі жүйенің шығушы тесіктері;

41

30,32дросселді жапқыштар; 31өтпелі жүйенің тесігі; 33еркін жүріс жүйесінің кіргізуші тесіктері; 34карбюраторды жылыту шығыры; 35қоспаның сапасын реттейтін бұрандама; 36картерлі газдарды соратын құбыршасы; 37оталдырудың вакуумды реттегішіне сиретілулерді беруге арналған құбырша; 39эмульсионды құбырша; 40үдетуші сораптың шарикті арнасы; 41үдетуші сораптың диафрагмасы; 42үдетуші сорап жетегінің рычагі.

Бірінші камераның өтпелі жүйесі (7.9- сурет) қозғалтқыштың еркін жүріс режимінен дросселдеу режиміне бірқалыпты ӛтуін қамтамасыз етеді. Дросселді жапқышты ашқанда ӛтпелі жүйенің бірінші камерасы саңылау (31) арқылы сиретілуге түседі: одан қалыппен қозғалуға арналған эмульсия түседі. Электромагнитті тосқауылдаушы клапан

(4) қозғалтқыш сӛнгенде ӛшеді, ине отын жиектемелері (5) қозғалтқыш сӛнгенде жабылады да, оның жұмысын тоқтатады.

Екнші камераның өтпелі жүйесі екінші камераның дросселді қақпағы ашылғанға дейінгі мезетте қозғалтқыштың бірқалыпты жұмысын қамтамасыз етеді.

Эконостат дроссельді жапқыштар толық ашылған уақытында жану қоспасын байытылған күйінде береді, ол қозғалтқыш жылдамдығын максималды түрінде жүзеге асырылады.

Қуаттық режимдердің экономайзері дроссель жапқыштарының астындағы қоспаның сиретілу пульсациясының нәтижесінде байытылу деңгейі дәрежесінің ӛзгеруін болдырмайды, нақтырақ айтқанда иінді біліктің айналу жылдамдығы азайғанда, сиретілу пульсациясы арта бастайды.

Диафрагмалы үдетуші сорап — бірінші камера қақпақшасының дросселді ӛсіндегі жұдырықшасы бар диафрагмалы түріндегі сорап. Дроссельді жапқыштың бірден ашылуы кезінде, жұдырықша рычагты (42) басады және итергіштегі серіппе арқылы диафрагмаға (41) әсер етеді, ол серіппенің қарсылығын жеңу арқылы жүзеге асады. Диафрагма шарикті жіберу клапаны арқылы отынды шашыратқыштар (10) арқылы екі және бірінші

араластырушы камераға отынды шашыратады. Диафрагманың кері жүрісі кезінде серіппенің кері әсері нәтижесінде отын поплавокты камерадан кері шарикті клапан (40) арқылы отын сорылады да үдеткіш сораптың жұмыстық кеңістігіне таралады.

7.10-сурет. Жұмыс істейтін газдардың улылығын төмендету жүйесі: 1- электромагнитті клапан; 2- карбюратор; 3- ауалық қарсылық; 4-

жіберуші құрылғы; 5- жылулық экран; 6- кіргізуші құбырша; 7- жылулық оқшауланған қондырма (проставка); 8- дроссельді жапқыштар жетегінің рычагы; 9- қоспа сапасының бұрандамасы; 10бос жүріс жүйесін жылыту; 11дроссельді жапқыштың тіректі бұрандамасы; 12оталдыруды сөндіруші; 13электронды коммутатор; 14аккумуляторлы батарея; 15оталдыру катушкасы; 16таратушы датчик; 17басқару блогі.

Мәжбүрлеуші бос жүрістің экономайзері мәжбүрлеу еркін жүрісі жүйесін сӛндіреді, (автомобильдің тежелуі, еңіс пен қозғалуы, берілістерді алмастыру кезінде), бірақ кӛміртек оксидінің атмосфераға шығарылуы есептен алынбайды. Бұл режимде иінді біліктің айналу жиілігі 2100 мин-1 - да кӛп болады және карбюратордың тұйықталған соңдық сӛндіргішінде, (баспа жіберілген) тірелген электромагнитті клапан ӛшіріледі де отын берілуін тоқтатады. Айналу жиілігін 1900 мин-1 - ға дейін тӛмендеткенде басқару

42