Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ауыз су.docx
Скачиваний:
26
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
32.49 Кб
Скачать

Ауыз су — органолептикалық қасиеттері (иісі, дәмі, мөлдірлігі, т.б.) және химиялық құрамы адам организмі үшін қауіпсіз болып табылатын табиғи су. Адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуелді. Осыған байланысты ауыз суға мемлекеттік санитарлық талаптар қойылады. Олардыңнегізгілері: иісі мен дәм көрсеткіші 2 балдан аспауы керек; түсі 200-тан төмен, мөлдірлігі 30 см-ден артық; лайлығы 2 мг/л-ден аз, кермектілігі 7 – 100 ммоль болуы керек. Ауыз судың кермектігін анықтайтын кальций, магний тұздары аз болса, адам сүйегінің морттылығы өсіп кетеді. Фтордың ауыз судағы мөлшері 0,7 – 1,5 мг/л-ден төмен болуы – флюороз және кариес, темірдің, кобальт, мыстың жетіспеуі – анемия, бордың аз болуы асқазан, никельдің кем болуы – көз ауруларынашалдықтырады. Ауыз судың температурасы 8 – 150С аралығында, минералдығы 1 г/л-ге дейін болуы тиіс. Ауыз суға сондай-ақ нитраттар мен нитридтердің мөлшері, 1 л судағы ішек таяқшаларының саны (коли-индекс) бойынша т.б. талаптар қойылады. Ағын сулар, көлдер мен бөгендердің ластануына, олардың табиғи гидрологиялық және гидрохимиялық режимдерінің антропогендік өзгеруіне байланысты Қазақстанның көптеген өлкелерінің (Арал өңірі, Батыс, Орталық Қазақстан) тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі өткір қойылып отыр.

Халыққа арналған ауызсудың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентi

1. Қолданылу аясы

1. Осы "Халыққа арналған ауызсудың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентi (бұдан әрi - Техникалық регламент) халыққа арналған, оның iшiнде халықтың өмiрi мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында азық-түлiк шикiзатын қайта өңдеу және тамақ өнiмдерiн өндiру процестерiнде пайдалануға арналған ауызсудың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптарды белгiлейдi.

2. Осы Техникалық регламент "Ыдыстарға құйылған ауызсудың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" Техникалық регламентiнде көзделген талаптардағы ауызсуға қолданылмайды.

3. Ауызсудың микробиологиялық және химиялық ластануына байланысты қауiп-қатерлер қауiп-қатердiң дәрежесiн бағалауға және сенiмдi әрi салыстырмалы нәтижелердi қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн әдiстемеге негiзделуi тиiс.

4. Халықты ауызсумен жабдықтаумен етумен және суды дайындаумен айналысатын суды пайдаланушылар ауызсудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн әрбiр жұмыс кезеңiн белгiлейдi және мыналарды:

1) ауызсуды өндiру, сақтау жөнiндегi объектiлердегi және су беру орындарындағы ауызсудың қауiпсiздiгiне байланысты ықтимал қауiп-қатердi талдауды жүзеге асырады;

2) ауызсудың қауiпсiздiгiне байланысты қауiп-қатер туындауы мүмкiн бақылау нүктелерiн сәйкестендiрудi жүргiзедi;

3) бақылау нүктелерiнде тексеру және реттеу рәсiмдерiнiң тиiмдiлiгiн айқындайды;

4) ауызсудың, бақылау нүктелерiнiң қауiпсiздiгiне байланысты қауiп-қатерлердiң, тексеру мен реттеу рәсiмдерiнiң, сондай-ақ ауызсуды өндiру процестерi өзгерген кездегi талдаулардың нәтижелерiн кезең-кезеңмен қарайды;

5) бақылау нүктелерiн сәйкестендiру жөнiнде шешiмдер қабылдайды.

5. Суды пайдаланушылардың ауызсу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қолдануы қауiп-қатердiң талдауына негiзделуi тиiс.

6. Ауызсу қауiпсiздiгiнiң қауiп-қатерiн бағалау кезiнде қолда бар ғылыми деректер, тиiстi өңдеу және өндiру (дайындау) әдiстерi, инспекциялау, iрiктеп бақылау, зертханалық зерттеу әдiстерi пайдаланылуы, сондай-ақ аурулардың таралуы мен аурулардан таза аймақтардың болуы ескерiлуi тиiс.

7. Ауызсу қауiпсiздiгiнiң қауiп-қатерiн бағалауды суды пайдаланушылар мынадай жолдармен жүзеге асырады:

1) адам организмiне зиянды әсер етуi мүмкiн ауызсудың сипаттамаларын анықтау;

2) адам организмiне әрбiр анықталған ықтимал қауiптiң әсерiне талдау жүргiзу;

3) анықталған қауiп-қатерлердi шектеудiң барабар шараларын анықтау.

8. Ауызсу қауiпсiздiгiнiң қауiп-қатерiн бағалау ауызсуды зертханалық зерттеу барысында қауiп-қатердi кешендi бағалау сияқты әрбiр нақты жағдайда жүзеге асырылады.

9. Қауiп-қатердi басқару қауiп-қатердi бағалау нәтижелерiне, сондай-ақ халықтың денсаулығына зиянды әсер ету мүмкiндiгiнiң алдын алу қағидатына негiзделуi тиiс.       Қауiп-қатердi басқару жөнiндегi шаралар қауiп-қатер дәрежесiн растайтын деректердi алу үшiн талап етiлетiн уақыттың ең аз қажеттi кезеңi iшiнде қайта қаралуы тиiс.       Қауiп-қатердi талдау және бағалау кезiнде ерекше жағдайларда адам өмiрi мен денсаулығына зиянды әсер ету мүмкiндiгi сәйкестендiрiледi, алайда қолда бар ғылыми деректер оның дәрежесiн анықтау үшiн жеткiлiксiз, мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары қауiп-қатердi басқару жөнiнде қажеттi уақытша шараларды қабылдайды.