Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Аылшынша йрену

.docx
Скачиваний:
238
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
24.27 Кб
Скачать

Ағылшынша үйрену. 2-сабақ (Қарым-қатынас сөздері).

Адамдармен қарым-қатынас жасау барысында және өзіңізге қажетті сұрақтар бойынша сұрау салғыңыз келсе, алдымен, әдеппен, сыпайы түрде қаратпа сөздерді немесе соған ұқсас сөз тіркесін қолдануыңыз керек. Кей жағдайда сіздің жауап беруіңізге тура келеді. Сондай кездерде айтатын негізгі әрі көп қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері төменде келтірілген.

Ағылшынша

Оқылуы

Қазақша

Thank you / Thanks

Сәңк ю / Сәңкс

Рақмет

Thank you very much

Сәңк ю вери мач

Көп рақмет

Yes

иес

ия

No

ноу

жоқ

Please

плыйз

Өтініш (өтінемін)

You are welcome

Ю а уэлкам

Арзымайды (мәрхабат). (рахмет айтқан адамға жауап ретінде)

Here you are

Хиер ю а

Мінекейіңіз!

All right / OK!

Ол райт / Оукей!

Жақсы. Керемет.

Never mind!

Невэ майнд

Ештеңе етпейді. Оқасы жоқ.

How far is it to the town?

Хау фа из ит ту зе таун?

Қалаға дейін қанша ұзақ (жол)?

How long?

Хау лоң?

Қанша ұзақ?

I don’t understand.

Ай донт андерстәнд.

Түсінбеймін.

I’m sorry.

Ай эм сорри

Кешіріңіз. Кешірім өтінемін.

I’m sorry, I didn’t catch you.

Ай эм сорри, Ай диднт кәтч ю.

Кешіріңіз, мен сізді естімей (дұрыс ұқпай)қалдым.

After you

Афтер ю

Сізден соң. Алдымен, сіз.

Lady is first.

Лэйди из фөст.

Қыздың жолы жіңішке. (қызға жол беру)

I am lost.

Ай эм лост

Мен адасып қалдым.

Do you speak English?

Ду ю спик иңглиш?

Сіз ағылшынша сөйлейсіз бе?

Excuse me.

Икскюз ми

Кешіріңіз. Айып болмаса. Ғафу етіңіз.

Take a seat.

Тэйк э сит.

Отырыңыз. (орын беру)

Ескерту!

Мұндағы қарамен жазылған а әрпі жуан болып айтылады, дыбыс тілдің ұшын жоғары көтеріп, артқа қарай итеру арқылы шығады. Дыбысты шығарған кезде соңғы жағында р әрпін де қоса айту керек. Р дыбысы сақау түрде р әрпін айтқандағыға ұқсас болып, бірақ қысқа түрде шығады.

Асты сызылған С әрпі сақау түрде айтылған С әрпі болып саналады. Бұл дыбыс тіл ұшының тістердің арасына тіреліп (қысылып) тұрғанынан шығады. Асты сызылған з әрпі де дәл осы секілді.

Vocabulary | Сөздік қор

Ағылшынша

Оқылуы

Қазақша

after

афтер

кейін, соң

before

бифо р

бұрын

a lady

лэйди

әйел, ханым

nothing

насиң

ештеңе

to speak

спик

сөйлеу

to take

тэйк

алу

never

нэвэр

ешқашан

always

олуэйс

әрқашан

first

фөст

бірінші, алғашқы

second

сэкнд

екінші

russian

рашэн

орысша

french

френч

французша