Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бұрғылау станогы

.doc
Скачиваний:
26
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
650.24 Кб
Скачать

Бұрғылау станогы

Бұрғылау станогы- металл, ағаш т.б. материалдарды тесуге және дайын тесіктерді кеңейтіп өңдеуге арналған кескіш аспап; жұмысшы белігінде кесуші элементтері бар, ал құйрықшасы станоктың шпинделіне бектіліп, жұмыс атқару үшін одан қозғалыс алатын тесіктерді тесу және кеңейту үшін арналған шыбық түрінде болып келген кесуші құрал.[1]

Бұрғы білік тәріздес болып келеді, оның жұмыстық бөлігінің ұшында кескіш не калибрлеуіш тетігі болады, ал сабы бұрғылау станогының шпинделіне немесе патронына, қол аспапқа (электр бұрғы, бәрбі, қол бұрғы, т.б.) бекітіледі. Бұрғының негізгі қозғалысы — айналыс және осьтік беріліс. Бұрғы құралымына байланысты винттік (бұрамалы) немесе спиральді бұрғы, түзу жырашықты бұрғы, центрлік бұрғы, т.б. болып ажыратылады. Бұрғы көміртекті, легирленген, жылдам кесетін болаттан жасалады, беті қатты қорытпалардан не композициялы материалдардан жасалған қабаттармен жабылады.

Станоктың қолданылуы.

2А135 вертикальді-бұрғылау станогы дайындама немесе бөлшектерді бұрғылауға, кеңітіп бұрғылауға, зенкерлеуге, ұңғылауға және таңбалағышпен бұранда оймаларын салуға арналған.

Басқару тұтқалары:

1.     Шпиндельдің айналыс сандар жиілігін реттеп қосу тұтқасы.

2.     Шпиндельдің берілісін қосу тұтқасы.

3.     Механикалық беріліс пен қолмен берілісті қосу штурвалы.

4.     Станок пен шпиндель реверсін қосу тұтқасы.

5.     Берілістер қорабын жылжыту тұтқасы.

6.     Столды жылжыту тұтқасы.

Станоктың негізгі  түйіндері:

А - стол

Б - берілістер қорабы және шпиндель топайы

В - жылдамдықтар қорабы

Г - станина (колонна)

Д - фундамент плитасы

Фундамент плитасы бар станина (колонна) станоктың барлық түйіндерінің өзара дәлдіктерін қамтамасыз ететіндей орналастырып бекітуге қызмет етеді. Станинаның ішкі қуысына берілістер қорабына кері салмақ орнатылған.

Фундамент плитасы станок үшін тіреу болып табылады. Фундамент плитасының ішкі қуысы майлау-суыту сұйықтарын сақтайтын ыдыс ретінде қолданылады.

Электр қозғалтқыш берілістің бас қозғалысын қамтамасыз етеді. Электр қозғалтқыш жылдамдықтар қорабының артқы қабырғасына кронштейннің көмегімен орнатылған.

Жылдамдықтар қорабы станинаның жоғары бөлігіне орналасқан. Жылдамдықтар қорабының ішіне біліктер, олардың тіреулері және тісті дөңгелектер орналастырылған. Қораптың сыртындағы тұтқалардың көмегімен әр түрлі тісті берілістерді ілініске келтіріп, кесу жылдамдықтарын өзгерту үшін қажет, шпиндельдің айналыс сандарын өзгертуге болады.

Шпиндель кескіш аспаптарды бекітуге және оларға айналмалы-ілгерілемелі қозғалыстар беру үшін қажет.

Берілістер қорабы шпиндель берілісінің әр түрлі шамаларын алу үшін қажет. Оның құйылып дайындалған қорабының ішіне тісті және бұрамалы берілістер орналастырылған.

Стол  өңделетін бөлшекті немесе көмекші құрал-жабдықтарды орнату үшін қажет. Бөлшектің өлшемдеріне байланысты, станинаның бағыттағышының бойымен, столды жоғары немесе төмен жылжытуға болады.

Помпа электр қозғалтқыштың көмегімен майлау-суыту сұйықтарын кесу аймағына береді.

2А135 модельді вертикальді-бұрғылау станогы Станоктың техникалық сипаттамасы

Негізгі өлшемдері:

Бұрғылаудың ең үлкен (max) диаметрі, мм                                                      35

Шпиндель өсінен станинаның вертикальді бағыттағыштарына дейінгі

ара қашықтық, мм                                                                                   300

Шпиндель шетінен столға дейінгі ең аз және ең үлкен ара қашықтық,   0-75мм

Шпиндель:

Шпиндельдегі конустық саңылау                                         N4 Морзе конусы

Шпиндельдің максимальді жүрісі,                                                 225мм

Шпиндель топайының ең аз жылжуы,                                                   200мм

Стол:

Столдың жұмыс бетінің өлшемдері,                                    450х500мм

Ең көп вертикальді жылжуы,                                                  325мм

Станок механикасы:

Шпиндельдің жылдамдықтар саны                                               9

Шпиндельдің айналыс сандар шектері                                                    68-1100

Берілістер саны                                                                                        12

Берілістер сандарының шектері, 0,11-1,54 мм/айн.        

Станоктың жетегі, габарит өлшемдері және салмағы:

Бас қозғалыс электр қозғалтқышының қуаты, кВт                                4,5

Суыту және майлау помпасының электр қозғалтқышының қуаты,   0,125кВт

Станоктың габарит өлшемдері,                                            1240х810х2500мм