Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бірінші д-ріс

.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
59.9 Кб
Скачать

1 Дәріс. Социология ғылым ретінде

“Социология” термині екі тілдегі қос сөзден құралған : societas - қоғам (латын.) және logos –ұғым, сөз, оқу (грек.). сөзбе сөз аударғанда – қоғам туралы ғылым. Алайда мұндай анықтама тым жылпылама, себебі қоғамды көптеген ғылымдар зерттейді (экономика, тарих, саясаттану, мәдениеттану т.б.) Бұлар әлеуметтік – саяси және гуманитарлық білімнің ондаған кіші салаларын қамтитын ғылыми кешен болып табылады (мәселен, тарих ғылымында: тарихнама, деректану, археология, анторпология, этнография, т.б.) Социолгия ғылым ретінде нақты немен айналысатынын анықтау үшін, философия курсында оқылған кейбір нәрселерді еске түсіру керек. Атап айтқанда, ғылымның объектісі және пәні.

Ғылымның белгілі бір саласы зерттейтін шынайы болмыс аумағы – ғылымның объектісі болып табылады. Алайда, бір объектіні түрлі ғылымдар зерттеуі мүмкін екендігін тәжірибе көрсетуде. Мұның қарапайым мысалы – адам, ол жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымыдар кешенінің зерттеу объектісі болып табылады. Немесе отбасы секілді көп қырлы әлеуметтік бірлестікті алайық. Ол экономиаклық ғылымдарды – белгілі бір тұрмыстық-шаруашылық ұя ретінде қызықтырса; социологияны- әлеуметтік ұйым ретінде; психологияны – эмоцияналдық түйісулер алаңы ретінде; этиканы – ар-ұждан тәрбиесі түріндегі қатынастар алаңы ретінде; демографияны – ұрпақ әкелу және буын алмасу тұрғысынан; философияны – рухани құндылықтар мен дәстүрлердің таралуын қамтамасыз ететін әлеуметтік бірлік ретінде; заң ғылымдарын – мүшелерінің қатынастары құқық нормаларымен (от басы құқығы) шектелген бірлестік ретінде қызықтырады.

Ғылым пәні дегеніміз дегеніміз – ғылым объектісінен бөліп алынып зерттелетін бөлік.

“Социологияның пәні қайсы?” – деген сұраққа, соңғы кезде жарық көрген түрлі басылымдар мен оқулықтардың барлығы дерлік, былайжауап береді. Социология дегеніміз – қоғамның ұйымдасуының, қызмет ету мен дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтарын, олардың адам әрекеттері, қарым-қатынастары, адамдардың бірлестігі мен жалпы қоғам шартарында іске асырылу жолдарын, формаларын және әдістерін зерттейтін ғылым. Әрине , социология зерттейтін күрделі әлеуметтік байланыстар мен қатынастар алуан түрлі болғандықтан пәнді анықтау біржақты болған жоқ. Ол социолгияның өз алдына ғылым саласы ретінде бөлініп шыққан ХІХ ғасырдың 30 – шы жылдарынан бергі ғалымдардың бұл саладағы дамытқан әртүрлі тұжырымдарын қамтыды. Социологияның негізін қалаушы (осы атаудың авторы) француз ғалымы – Огюст Конт социологияны қоғам туралы позитивті ғылым деп атады; тағы бір француз ғалымы Эмиль Дюркгейм, социологияның пәні - әлеуметтік фактілер деп есептеді; неміс социологы Макс Вебер бұл адамдардың әлеуметтік әрекетін зерттейтін ғылым деген ойды алға тартады. Марксизмде социология ұғымы, іс жүзінде қоғам дамуының неғұрлым жалпылама заңдылықтары мен қозғаушы күштері туралы ғылым ретінде анықталған тарихи материализмен сәйкес келді. Қоғам әртүрлі әлеуметтік бірлестіктер, сондай-ақ жеке тұлға, мемлекет, т.б. тұратын әлеуметтік жүйе ретінде қарастырылады.

Ғылымның өзіне тән ерекшеліктерінің бірі - өзі қарастыратын құбылыстар шеңберінде өтіп жататын қайсыбір үрдістердің мәнін ашуға арналған белгілі бір ұғымдарды пайдаланады. Осындай үрдістердің немесе құбылыстардың терең мағынасын ашып көрсететін ғылымның мейлінше маңызды және түбегейлі ұғымдары, философия курсынан білетініміздей, категориялар деп аталады.

Социолгияның категориялары. Социологияның неғұрлым кең мағыналы категорияларына – “қоғам” және “әлеуметтік” ұғымдары жатады.

“Қоғам” ұғымы үш түрлі мағынады қолданылуы мүмкін. Біріншіден, өмірлік қызметі өзінің материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, тарихи дамып отыратын адамдардың жиынтығын білдіреді. Екіншіден, тар мағынада бұл ұғым адамзат тарихының белгілі бір даму сатысын көрсету үшін (мысалы, феодалдық қоғам, буржуазиялық қоғам, т.б.) Үшіншіден, өте тар аядағы мағынада, белгілі бір территорияда тұрып жатқан адамдар жиынтығын білдіру үшін қолданылады (мәселен, Қазақ қоғамы). Жалпы социологиялық тұрғыда біз оның бірінші мағынасында қолданамыз.

Осы мәселелер “әлеуметтік” категориясына да қатысты болып табылады. Бұл ұғым көбіне екі мағынада қолданылады: Кең мағыналы және тар мағыналы.

Социологияның категорияларының басым көпшілігі қоғамдық және басқа ғылым ұғымдарын “әлеуметтік” түсінігімен “біріктіру” арқылы жасалады. Мәселен, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік бірлестік, әлеуметтік байланыс, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік институт, әлеуметтік жүйе, және т.б. Енді олардың кейбіреулерін қарастыра кетелік.

Әлеуметтік бірлестік дегеніміз - өздеріне тән ортақ белгілері (мүдде, мұқтаждық, мақсат, т.б.) бойынша біріккен және бір-бірімен бірлесе әрекет ететін адамдар жиынтығы. Олардың бірлескен, өзара үйлескен әрекеттері арқылы әлеуметтік қатынастар туындайды, әлеуметтік деп аталған сапа (қасиет) іске асады. Әлеуметтік бірлестіктердің негізгі түрлері: 1) этноәлеуметтік бірлестік (тайпа, халық, ұлт); 2) әлеуметтік-демографиялық (ерлер, әйелдер, балалар, жастар, зейнеткерлержәне т.б.); 3) әлеуметтік-территориялық (аймақтық), немесе мекендік (қалалар, ауылдар, түрлі аймақтар мен аудандардың тұрғындары); 4) әлеуметтік-таптық; 5) әлеуметтік-кәсіби және басқа да бірлестіктер . Басқа да сипатқа ие тұрақсыз, нақты белгіленбеген әлеуметтік бірлестіктер де бар. Мысалы, оларға, спорттық, әйелдер ұйымы, экологиялық, т.б. бірлестіктер мен қоғамдар жатады.

Әлеуметтік бірлестіктер осы топтардың ішінде және олардың арасында да әлеуметтік байланыстардың субъектісі болып табылады. әлеуметтік байланыстар қоғамдық өмір үрдісіндегі адамдардың өзара тәуелділігін, қоғамның өмір сүруі үшін олардың өзара тәуелділігін , қоғамның өмір сүруі үшін олардың қарым-қатынас жасау қажеттігін көрсетеді.

Әлеуметтік қатынастар – жүйелік, тұрақтылық, сондай-ақ қоғамдық даму үрдісіндегі ішкі өзгергіштік сипатқа ие қоғам өмірінің әртүрлі жақтарының бүкіл күрделі жиынтығын синтетикалық түрде көрсететін байланыстардың бір түрі. Әлеуметтік бірлестіктердің түрлеріне сәйкес әлеуметтік қатынастар да сан алуан түрлерге жіктеледі: этникалық, әлеуметтік-таптық, әлеуметтік-аймақтық т.б.

Әртүрлі “конфигурациядағы” әлеуметтік байланыстар тек қана әлеуметтік бірлестіктер, қатынастар негізіне жатпай, сонымен қатар әлеуметтік институттарға, ұйымдарға, құндылықтарға және нормаларға т.б. жатады.

Әлеуметтік институт – маңызды қоғамдық және жеке сипаттағы қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған белгілі бір әлеуметтік маңызы бар қызметтер атқаратын адамдар бірлестігі. Социологияда әлеуметтік институт – белгілі бір уақыт мерзімінде тұрақтылығын қамтамасыз ететін адамдар қызметінің түйіні.

Әлеуметтік институттардың қызметі – олардың әрқайсысына тән мекемелер жүйесі арқылы іске асырылады.

Социологияның категориялары осы ғылым зерттейтін объектілер мен құбылыстардың неғұрлым маңызды ішкі қырлары мен сипаттарын бейнелейді. Социологияның заңдары олармен тікелей байланыста және оның табиғи жалғасы іспеттес. Категориялар – құүбылыстың маңызды жақтарына тоқталса, ал заңдар – құбылыстар арасындағы терең, қажетті және тұрақты қатынастарды сипаттайды. Социологияның категориялары мен заңдары – біртұтас жүйе құрайды да, аталған жүйе бұл ғылымның ерекшелігін ашып, жалпы қоғамдық өмірді, сондай-ақ әртүрлі әлеуметтік бірлестіктерді, институттарды, т.б. реттеуге бағытталған адамның танымдық қызметі мен белсенді әрекетінің негізі болып табылады.

Социологияның заңдары өзара мына белгілер бойынша ажыратылады: а) өзінің мәні; ә) әлеуметтік бірлестіктерді қамту кеңдігі; б) әрекет ету ұзақтығы; в) қызмет атқару механизмі, т.б.

Социологияның заңдарын былайша жіктеп, топтастыру қабылданған:

  1. Қоғамның тұастай және оның жекелеген бөліктерінің дамуын сипаттайтын заңдар;

  2. Белгілі бір даму кезеңіне тән заңдар;

Іске асу механизмі мен көрініс беру түрлеріне байланысты социологияның заңдары динамикалық және статикалық болып жіктеледі.

Динамикалық заңдар деп – бірінен кейін бірі ілесе жүретін құбылыстарды, оқиғалар арасындағы байланысты нақты білдіретін заңдарды атайды.

Статикалық заңдар әлеуметтік өзгерістер ағынын нақты қатаң түрде емес, белгілі бір ықтималдық дәрежесімен анықтайды.

Социология ғылым ретінде әлеуметтік үрдістерді зерттеуде түрлі деңгейлері мен әдістері бар күрделі құрылымға ие. Әртүрлі объективті және субъективті алғышарттарға сүйене отырып, социологияның құрылымдық элементтерін үш әдістемелік принцип негізінде бөліп көрсетуге болады:

  1. Қоғамды зерттеу деңгейі;

  2. Білім алу деңгейі;

  3. Әлеуметтік зерттеудің алға қойған мақсаты мен міндетінің сипаты.

Қоғамды зерттеу – үш деңгейде жүргізіледі:

  1. Жалпы социологиялық теориялар;

  2. Орта деңгейдегі социология немесе салалық социологиялық теориялар;

  3. Қолданбалы социологиялық зерттеулер.

Теориялық социологияның зерттеу объектісі – тұтас қоғам. Ол қоғамды өзара тығыз қатынаста тұрған экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани жақтары бар, өздеріне тән заңдар бойынша дамитын біртұтас әлеуметтік организм ретінде зерттейді.

Орта деңгейдегі социологияның зертеу объектісі – қоғамды құрайтын құрылымдық элементтер.

Ал жеке (арнайы) социолгиялық теориялардың қажеттілігі екі жағдайдан туындайды. Біріншіден, теориялық социологияның негізгі принциптері мен категориялары мейлінше жалпылама, әмбебап болғандықтан, әлеуметтік шындықтың әртүрлі жақтарына эмприкалық тұрғыдан зерттеулер жүргізу барысында тікелей пайдалануға келмейді. Екіншіден, көптеген салалық социологиялардың пайда болуы – орта деңгейде белгілі бір қорытындылар мен талдауды қажет етеді.

Қолданбалы социологияның теориялық социологиядан айырмашылығы – оның практикалық бағытының болуында. Оның міндеті – іргелі зерттеулер нәтижелеріне сүйене отырып, қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларындағы әлеуметтік мәселелердің шешімін, әдістерін табу, оңтайлы (оптималды) басқаруға қатысты шешімдер қабылдау, әлеуметтік саясатта болжамдар мен жоспарлар, бағдарламалар жасау.

Социолгия көптеген қызметтер атқарады. Оларды мазмұны мен мәніне қарай келесі түрде беруге болады.

  • Теориялық – танымдық қызмет.

  • Практикалық – саяси қызмет.

  • Гуманистік қызмет.

  • Идеялық – тәрбиелік (идеологиялық) қызмет

Қоғам өмірін зертеудің ежелгі тарихы сонау антика дәуірінен бастау алады. Ол алған тарих ғылымында басталды және ол Геродот пен Фукидид атты ежелгі грек есімдерімен байланысты.

Біздің дәуірімзге дейінгі ІҮ ғасырда Аристотель өзінің “Политиясында” алғашқылардың бірі болып қоғамды заңдылықтармен дамитын біртұтас ағза, өмірді жан-жақты қамтамасыз ету мақсатындағы адамдардың бірлігі деп танытуға тырысты. Платон өзінің “Мемлекет” атты еңбегінде мемлекеттік құрылыстың 7 түрін айқындайды. Қоғамдық құрылымды зерттеуге арналған керемет туындылар есебінде, Ш.Монтескье (1689-1755) “Заңдар рухы туралы”, Ж.Ж. Руссо (1712-1778) “Қоғамдық келісім туралы” еңбектерін ерекше атауға болады. Ж.Ж. Руссо өз кітабында пайда болған мүліктік және әлеуметтік теңсіздік себептерін зерттеп, мұның көрсеткіші – жекеменшіктің пайда болуы деп есептеді.

ХҮШ – ХІХ ғасырларда еуропалық мемлекеттердің ойшылдарының басты назары қоғамдық прогресс идеясына ойысты, оны француздың ағартушы-философтары Вольтер, Кондорсе, Руссо, Тюрго, неміс философы Гердер, т.б. дамытты.

Болашақ қоғамдық құрылым туралы Томас Мор мен Томмазо Кампанелла, социалист-утопистер Сен-Симон, Ш.Фурье, Р.Оуэн, т.б. жазды .

Социолгияның ғылым ретінде пайда болуы француз ғалымы Огюст Конттың (1798-1857) есімімен байланысты. Ол 1917-1824 жж. А.Сен-Симонның хатшысы болып істеген. Сен-Симонның саяси-әлеуметтік көзқарастары Кинтқа қатты әсер етіп, оның көптеген маңызды идеяларының қайнар көзі болған.

Социолгияның дербес ғылым ретінде пайда болуына бірқатар әлеуметтік-экономикалық және идеялық-саяси (бірінші кезекте Еуропаның бірқатар елдеріндегі өндірістік революция) жағдайлар, ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы жаратылыстанудағы маңызды (атап айтқанда жасушаның (клетканың) табылуы, энергияның сақталу, түрлену заңы, Дарвиннің эволюциялық теориясы) жаңалықтар түрткі болғанын есте ұстау қажет.

Конт ілімі бойынша сана үш сатыдан өтеді:

  1. теологиялық (діни);

  2. метафизикалық;

  3. ғылыми.

Конттың социологиялық ілімінде - әлеуметтік статика мен әлеуметтік динамика теориялары елеулі орын алады. Конт өзінің әлеуметтік статикасында қоғамды әртүрлі мүшелер (органдар) өзара әрекет ететін тірі ағза ретінде қарастырады. Ол қоғамды тұрақты, тепе-тең күйде болатын, “бірмезеттік” анатомиялық қима ретінде қарастырады. Бұл тепе-теңдік күйін әлеуметтік жүйелер қызметі қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік динамика – бұл қоғамдық прогресс теориясы болып табылады. Қоғамның даму тарихын Конт білім прогресінің нәтижесі ретінде қарастырады. Оның баспалдақтары – жоғарыда аталған үш саты: теологиялық (діни) ежелгі дәуірден ХШ ғасырға дейін; метафизикалық ХІГ ғасыр; ғылыми кезең ХІХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарынан бастау алады.

Конт негізін қалаған басқа да көптеген маңызды әлеуметтік-философиялық мәселелер ішінен еңбек бөлінісі мен ұжымдасу туралы заң ерекше маңызды болып табылады. Конттың тағы бір маңызды үлесі – тарихи даму мен ішкі логиканы талдау негізінде жасалған ғылымдар клссификациясы (жіктемесі).

ХХ ғасырдың 60-шы жылдардың орта шеніне таяу Қазақстанда социология дами бастады. Оның бастамасы деп, Алматьыдағы 1965-66 жылдардағы жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, құрылыс индустриясының негізгі салаларындағы жұмысшы табындағы әлеуметтік-идеологиялық процестерді танып білу болатын. Оны Қаз КСР Ғылым академиясы Философия және құқық институты ғылыми қызметкерлерінің тобы, философия ғылымдарының докторы В.А. Черняктың жетекшілігімен жүргізді.

Республикада социологиялық зерттеулер сондай-ақ миграция, атеизм, қылмыс жасаудың әлеуметтік-саяси мәселелері (Қаз КСР Ғылым академиясы Философия және құқық институты), жастарды құқықтық тәрбиелеу (Қарағанды қаласындағы ІІМ Жоғарғы мектебінің қылмыспен күрестің социологиялық мәселелері лабораторииясы), радио және телеаудиторияны зерттеу мәселелері бойынша жүргізілді.

Социологтардың ерекше күш салған салаларының бірі өндірістік кәсіпорындардағы әлеуметтік жоспарлау болды.

Жұмысшы табының мәселелерін зерттеумен қатар, социологиялық зерттеулерде ауылдың әлеуметтік дамуы да маңызды орын алды. Жоғары оқу орындарының ғалымдары 70-ші жылдардың ортасында Алматы, Көкшетау, Орал және Целиноград облыстарының колхоз-совхоздарында зерттеулер жүргізді.

1987 жылы ҚазМУ-да социология кафедрасы құрылды және ол социолог-мамандарды даярлауда маңызды рөл атқара бастады.

Әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер 1[5-42 бб.], 18 [стр. 1-10], 24 [стр. 12-17], 25 [стр. 4-18]

Қосымша әдебиеттер 11 [стр.5-17]

Бақылау сұрақтары

  1. Социологиялық білімнің даму кезеңдері .

  2. Социологияның пайба болуының объективті алғы шарттаы.

  3. Социология пәніне анықтама беріңіз.

  4. “Әлеуметтік” ұғымының кең және тар мағыналарын ашыңыз?

  5. Социологияның жалпы заңдары мен категориялары қандай?

  6. Социология пәні туралы 80-90-шы жылдардардағы көзқарастың өзгеруінің себебі не?

  7. Социологияның негізгі категориялары.

  8. Социологияның әлеуметтік философия, экономикалық теория, саясаттану және т.б. қоғамдық ғылымдармен байланысы.

  9. Социологияның қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орны

  10. Социологияның жеке пән ретінде қалыптасуының негізгі алғы шарттары.

  11. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы шет елдердегі дәстүрлі социологтар мен олардың көзқарастарын атаңыз.

  12. О.Конттың негізгі социологиялық қағидаларын атаңыз.

  13. Г. Спенсердің қоғамдық органикалық теориясының мәнін ашыңыз.

  14. О. Конта пен Г. Спенсердің социологиясында қоғамның даму мәселесі қалай шешіледі.

  15. Э. Дюркгеймнің “әлеуметтік реализм” теориясының мәнін ашыңыз.