Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Арыс каласы

.docx
Скачиваний:
19
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
18 Кб
Скачать

Арыс қаласы құрылынуының хролоногиялық тәртібі

-1900 жылы теміржол құрылысы басталды;

-1904 жылы Арыс стансасы салынды;

-1928 жыл 17 қаңтарда Арыс ауданы құрылды;

-1932 жыл 11 наурызда Арысқа жұмысшы поселкесі мәртебесі берілді;

-1956 жыл 31 шілдеде Арыс аудандық бағыныстағы қала мәртебесіне ие болды;

-1965 жыл 10 желтоқсанда Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен Арыс қаласы Бөген ауданы Чимкент облысының облыстық б

ағыныстағы қала болып атанды;

-1988 жыл 25 шілдеде Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен Арыс қаласы мен Бөген ауданы біріктіріліп, орталығы

Арыс қаласы болды;

-1989 жыл 13 қарашада Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен Қазықұрт ауданындағы Монтайтас ауылдық кеңесі мен

Чардара ауданының Тахыркөл ауылдық кеңесі Арыс қаласына өтті;

-1992 жылы Арыс қаласы ауылдық аймақтары бар қала болып кұрылып, қаланы басқару Арыс қаласының әкіміне өтті.

-2013 жылы Арыс қаласы аумағына Отырар ауданындағы Қожатоғай елді-мекені өтті

Арыс қаласы Арыс қалалық әкімдігінің орталығы болып табылады. Қала Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының солтүстік-батыс жағында

орналасқан. Облыстық орталық пен қаланың арақашықтығы теміржол бойымен 79 шақырымға жуық болса, көлік жолы бойымен 100 шақырымға жуық.

Арыс өңірінің тарихы оның ежелгі Сырдария өзенімен де тікелей байланысты. Қала Арыс өзенінің сол жақ жағалауында, Сырдария өзенінің оң жақ

ағысында орналасқан. Дарияның өн бойы тамаша мал жайылымдарына бай жер.

Қала арқылы Орынбор-Ташкент бөлімшесінің теміржол магистральінің желісі өтеді, Арыс стансасы орналасқан теміржол торабының бойьша Арыс-Шымкент-Алматы теміржол магистральі қосылады. Теміржол торабының тағы да бір ерекшелігі Мәскеу, Алматы, Ташкент бағыттарына шығады. Арыс қаласын Орта Азия мен Қазақстан бағытындағы қақпа, яғни "Тоғыз жолдың торабы" деп те атайды.

Қала әкімдігі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің жергілікті мемлекеттік басқару жөніндегі Жарлықтары, өзге нормативтік-құқықтық кесімдер арқылы белгіленген өкілеттіктері мен құзіретіне сәйкес қала аумағында атқарушы билікті іске асырады.

Арыс қаласының қысқаша тарихы

Арыс қаласының алып өлкесінің көне тарихы, тарих қойнауыңының тереңінде жатыр.

Археологтардың қазба жұмыстарына сүйенсек, біздің эрамызға дейінгі ІV-ІІІ ғасырларда Арыс өзенінінің сағасында оғыз, қыпшақ, қаңлы, дулат, найман,

қоңырат және басқа да тайпалар мекендеген. Олар мал өсірумен қатар, үйлестірілген суландыру жүйелерін жасап, диқаншылықпен, жер өңдеумен,

қолөнермен, сауда-саттықпен де айналысқан.

Өлкенің бай тарихына сүйенетін болсақ, аумақта 3000-ға жуық қорғандар орналасқан.

Біздің эрамыздағы І-VІІІ ғасырларда жергілікті жерлерде қалалар мен қалышықтар салынған, шапқыншылық кезінде қалашықтар бұзылып қайта

жаңғыртып салынып отырған. Қазіргі таңда қалашықтардың қалдығы археологтардың жүргізген қазба жұмыстарына сәйкес тарихи архитектуралық

ескерткіштер ретінде қаралады.

Қазақ даласының халқы ұзақ жылдар бойы жоңғар шапқыншылығынан азап шекті. Шапқыншылықтың кесірінен қазақ халқының ханы Абылай

орыстың патшасынан көмек сұрауға мәжбүр болды. ХVІІІ ғасырдың аяғында қазақ даласында Ресей патшасының өкілдері келе бастады, олардың

мақсаты жоңғар шапқыншылығанан қорғау еді. Осы жағдай Ресеймен экономикалық, сауда-саттық қатынасты жақсартып, одан әрі қарай теміржол

құрылыс жұмыстарының басталуына үлкен себеп болды.

Өткен ғасырдың басында (1900 ж.) Орынбор-Ташкент теміржолы жүргізілді. Ал, 1904 жылы Арыс стансасы салынды.

Станция мен поселке бойында салынған теміржол жолдары, қалада теміржол саласының дамуындағы жаңа бағыттарды айқындап берді.

Революциядан кейін де Оңтүстік Қазақстан өңірінің аумағында уездер болған. Сол кезде Чимкент уездіне қарасты Арыс ауылы болып аталған.

Алғаш рет 17 қаңтар 1928 жылы Арыс ауылына жақын ауылдар мен осы ауыл халқының базасында Арыс ауданы құрылды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]