Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Инж.системы здан.и соор каз.docx
Скачиваний:
396
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
22.95 Mб
Скачать

4 Тақырып. Жылу энергия көздері.

Коммуналдық - тұрмыстық және технологиялық тұтынушылар үшін жылу -өндіргіш (қазан) қондырғылар жылу энергияның көздері болып табылады.

Жылу өндіргіш қондырғы жалпы технологиялық схемамен байланыстырылған күрделі жылутехникалық құрылғылар жиынтығынан тұрады. Осы құрылғылар көмегімен отынның химиялық энергиясы жұмыстық дененің (ыстық судың немесе су буының) жылу энергиясына айналады.

Энергияның осындай түрленуі отынның жануы кезінде орындалады. Отынның жанар элементтері тотықтырушымен (ауа оттегімен) қосылу нәтижесінде газ тәрізді жану өнімдері пайда болады және көп мөлшерде жылу бөлінеді. Бөлінген жылу қазан қондырғыда айналып жүретін жұмыстың денеге (суға немесе буға) беріледі.

Сонымен жылу энергияны өндіру үшін :

1) қажетті түрде дайындалған отын мен тотықтырушы (ауа) қазан қондырғыға апарылу керек;

2) жану процесін қажетті жағдайлармен қамтамасыз еру керек;

3) жұмыстық дене қажетті куйге келтірілгенсоң оның қазан қондырғыда айналып жүруін орындау керек;

4) әбден қызған жану өнімдер - тұтыну газдармен жұмыстық дене арасындағы жылу алмасу неғұрлым қарқынды болуына жағдай туғызуы керек;

5) суытылған жану өнімдері қазан қондырғыдан шығарылуы керек.

Әрине, қазан қондырғының құрылымдылық ерекшеліктері оның міндеті мен қуатына, өндірілетін жылу тасығыштың түріне (су немесе бу), жағылатын отынның түріне*) және жағу әдісіне**) тәуелді болады. Мысалы, аса қызған бу өндіретін және қатты отын қолданатын жылу өндіргіш қондырғы (бу қазан) 4 суретте келтірілген негізгі элементтерден тұрады. Олар:

1) ошақ камерасы;

2) тозаңдатылған көмір жағылатын жанарғылар (ошақ камера қабырғасында орнатылған);

3) су экономайзері - иірілген құбырлардан тұрады, онда қазан қондырғыға түсетін су алғашқы рет қыздырылады;

4) буландыратын қыздыру беттер; ошақ камера қабырғаларында орнатылған тік құбырлар жиыны түрде жасалынған; қазанмен айналып жүретін су осы құбырларда жарымөжартылай буланып қаныққан буға айналады;

5) қазанның барабаны; мұнда буландыратын қыздыру беттерден келетін қаныққан бу жиналады;

6) буды аса қыздырғыш; иірілген құбырлар жиыны, болып табылады; мұнда қазанда алынған қаныққан бу аса қазан буға айналады;

7) топ құбырдан тұратын ауа қыздырғыш; мұнда түтін газдардан жылуды қабылдаған ауа жануды сүйемелдеу үшін ошаққа апарылады;

8) үрлену желдеткіш; мұның көмегімен ауа қоршаған ортадан алынып, ауа қыздырғыштан өтеді, содан соң ошақ камераға әкеткізіледі;

9) түтін сорғыш түтін газдарды қазан қондырғыдан мұржа арқылы атмосфераға шығарады;

10) түтін құбыры

11) күл сүзгіш түтін газдарды күлден тазартады;

12) шлак-күл ұстау жүйесі шлак пен күлді қазан қондырғыдан шығаруын қамтамасыз етеді;

13) отын дайындайтын және отын жіберіп тұратын құрылғылар отынды ұнтақтап, ұсатып, кептіріп жануға дайындайды және қазандарға апарып түсіреді;

14) су дайындайтын құрылғыларға иониттік сүзгіштер және деаэрациялық қондырғы жатады; сүзгіштерде су құбырынан келетін су қаққа айналатын тұздардан тазарып жұмсатылады; деаэрациялық қондырғыда жұмсатылған су газдардан тазарады;

15) қоректендіретін сорғыштар (насостар) қорек судың (жұмсатылған және деаэрацияланған) су экономайзер арқылы қазанның барабанына үздіксіз келіп түсуін қамтамасыз етеді.