Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Имам Бхари жне оны мірі.docx
Скачиваний:
92
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
21.89 Кб
Скачать

Имам Бұхари және оның өмірі

Күллі мұсылман жұртшылығының ортақ мақтанышына айналған ғұлама, түркі даласының текті ұланы Мұхаммед ибн Исмайыл (лақап аты – Әбу Абдулла) хижраша 194 (миләди бойынша 810) жылы Бұхара қаласында туылған. Орта бойлы, арықша келген, бидай өңді кісі болған. Әкеден ерте айырылады.

Бала кезінде бірден көзі көрмей қалады. Бірақ діндар анасының көп дұға етуімен кейіннен көзі жазылып, ашылған деседі.

Білім іздеуі

10 жасынан бастап ілімге зор қызығушылық танытқан. Кішкене кезінде жаттаған хадистерінің өзі жетпіс мыңға жеткен. Алғаш рет Ибн Мүбәрәктің еңбектерін жаттаған. Кейінірек өз елінде Мұхаммед ибн Сәлам, әл-Мұсниди мен Мұхаммед ибн Юсуф әл-Бәйкандиден хадис үйренген.

Ілім үйрену үшін сол кездің бірқатар ірі қалаларына барған. Айталық, Меккеде – Мұқриден, Бағдатта – Аффаннан, Басрада – Әбу Асым мен әл-Ансаридан, Бәлхте – Мекки ибн Ибраһимнен, Куфада – Ұбәйдулла ибн Мұсадан, Шамда – Әбул-Мұғира мен әл-Фәйрабиден, Асқаланда – Адәм атты ғалымдардан ілім үйренген. Абдурраззақтан білім алу үшін Йеменге жолға дайындалып жатқанда, ғалымның қайтыс болғаны туралы хабар жетеді.

«Адам өзінен үлкеннен де, кішіден де, қатарынан да ілім үйренбейінше, кемелдікке жете алмайды» дегендей, Бұхаридың 1080 кісіден хадис алғандығы айтылады.

Хадис ілімімен қатар, фиқһ пен поэзияға да құмартқан.

Зеректігі

Бұхари жастайынан зеректігімен, алғырлығымен, есте сақтау қабіле-тінің мықтылығымен көзге түскен. Жаттағысы келген нәрсеге бір көз жүгіртіп оқып шығуы я бір рет құлақ қойып мұқият тыңдауы жеткілікті еді.

Өз замандасы Мұхаммед ибн Әбу Хатим бұл жайлы: «Кішкене кезімізде хадис дәрістеріне бәріміз бірге қатысатынбыз. Біз дәрісте өткен хадистерді жазатынбыз, Бұхари болса жазбай, жай ғана тыңдайтын.

Бір жолы «Уақытыңды босқа өткізбей, сен де жазсаңшы?», – дегенімізде, ол «Қане, жазғандарыңа қараңдаршы», – деді. Сөйтті де, сол күнге дейін жазған он бес мыңға жуық хадисті түгел жатқа айтып шықты. Біз дәптерлерімізге қарап тексеріп отырдық, ешқандай қателескен жоқ. Артынша бізге «Көрдіңдер ме? Дәрістерге босқа келіп жүр ме екенмін?», – деді», – деп еске алған.

Хадис саласында танымал болып, аты ауызға іліккенде, оның зеректігін ғалымдардың сынаған оқиғасын да айта кеткен жөн.

Бағдат қаласына алғаш келге-нінде, жергілікті ғалымдар жиналып, араларынан он кісі әрқайсысы он хадистен келтіріп сұрақ қояды. Бірақ, күні бұрын бәрі келісіп, хадисті жеткізген кісілердің есімдерін әдейі араластырып қате айтады. Бұхари бәрін соңына дейін тыңдап болғаннан кейін: «Мен бұндай хадистерді білмеймін, өйткені жеткізген кісілер-дің тізбегі дұрыс айтылмады», – деп, әуелгі хадистен бастап соңғы жүзінші хадиске дейін жету тізбегін жеке-жеке қайта дұрыстап шығады да, «Дұрысы осы» деп жауап қатады.

Бұған куә болған Бағдат ғалымдары Бұхаридың есте сақтау қабілетінің мықтылығына бас шайқап, ілімінің тереңдігін еріксіз мойындайды.

Бұхари туралы Махмуд ибн Назыр ибн Сәхл: «Басра, Шам, Хижаз, Куфаға бардым, бүкіл ғалымдармен кездестім. Қай жерге барсам да, Мұхаммед ибн Исмайыл әл-Бұхаридың есімі аталса болды, оның ілімін өздерінен жоғары санайтындығын көрдім», – десе, Ибн Хұзәйма ол жайлы: «Хадис ілімін жер бетінде Бұхаридай білетін адам жоқ-ау», – деп тамсанған.

Әсіресе, имам Мүслімнің оған деген құрметі алабөтен еді. Бұхариге әр келген сайын: «Уа, хадис сырқаттарының емшісі! Уа, хадисшылардың шейхы, рұқсат етші, аяғыңнан сүйейін», – дейтін.