Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Имам Бхари жне оны мірі.docx
Скачиваний:
92
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
21.89 Кб
Скачать

Діндарлығы

Бұхари – басқа да сәлаф ғалымдары секілді тақуалықта алдына жан салмағандардың бірі. Рамазан айында тарауих намазынан кейін Құранның үштен бірін бітірмейінше намазын аяқтамайтындығы айтылады.

Ибн Хиббан оның Құран оқуы жайында: «Мұхаммед ибн Исмайыл Құранды қатты беріліп оқитыны соншалық, бар зейінін тек соған салып, аяттардағы мысалдар жайлы терең ойға берілетін, харамдар мен халалдарға бойлап кететін», – деген.

Бір жолы Бұхари намаз оқып тұрғанда, денесін дәу бір ара қатарынан он жеті рет шағады. Әр шаққан сайын жан шыдатпай ауыртып, ол қатты қиналады. Бірақ сонда да намазын бұзбайды.

Көптеген ізгі қасиеттерімен қатар аз сөз сөйлегені, дүние байлыққа қызықпағаны, жомарт әрі кеңпейіл болғандығы айтылады. Мәселен, бұрын өзінен 25000 дирхам қарыз алып, қайтармай жүрген кісіні «басшыларға неге тапсырмайсың» дегендерге «Мен биліктегілерден көмек сұрасам, кейін олар да менен өздеріне ыңғайлап пәтуа беруімді сұрауы мүмкін. Сондықтан жағдайымды айтып бара алмаймын» деп жауап береді. Бірақ, сонда да таныстары Бұхаридың жағдайын биліктегілерге барып айтады. Мұны естігенде, Бұхари дереу жоғары жаққа хат жолдап, қарыз алған адамға ешқандай жамандық жасамауын өтінеді. Сөйтеді де, қарыз алған кісі-мен ай сайын өзіне 10 дирхамнан тө-леп тұратын болып келісім жасайды.

Сөздеріне қарағанда, өте әділ бол-ғаны, рухани тазалығы, дүниелік істерге көп араласпағаны байқалады. «Алла тағала ғайбат мәселесінде мені жауапқа тартпас деп үміттенем» деген сөзі оның ешкімді жамандамаған, қаңқу сөзге ермеген тақуа болғандығын ұқтырады. Тіпті хадисті ойдан шығарушыларды анықтағанда, оларды көзге шұқып «кәззап» деп атауға құмартпаған. Бар болғаны, «айтқаны сенімсіз» (мүнкәрул-хадис) я болмаса «хадисшілер олар туралы тіс жарып ештеңе айтпаған» (сәкәту анху) деген сөзбен тұспалдаумен шектелетін.

Зәхәби ол жайлы: «Бұхари ілімде, тақуалық пен ғибадатта үнемі озық тұрған кісі еді», – деген.

Еңбектері

Ілім жинақтауды тым ерте жаста қолға алғандықтан, тырнақ алды еңбектері де ерте жарық көре бастаған. Бұл жайлы өзі: «Он сегіз жасыма аяқ басқанда, сахабалар мен табиғиндер-дің пәтуалары мен сөздерін жинақтай бастадым. Кейіннен Расулулланың (с.ғ.с.) қабірінің қасында отырып, айлы түндерде «әт-Тарихты» қолға алдым», – деген.

Оның ең танымал «Жамиус-сахихынан» бөлек мынадай еңбектері де бар: «әт-Тарихул-кәбир», «әт-Тарихул-әусат», «әт-Тарихус-сағир», «әл-Әдабул-мүфрад», «Рафиул-йәдәйн фи салат», «Хайрул-кәлам фил-қирағат халфал-имам», «Биррул-уәлидәйн», «әт-Тәфсирул-кәбир лил-Құран», «Һалқул-әфғалил-ибад», «Китабул-иләл-фил-хадис», «Китабул-Мүснәдил-кәбир», «Китабул-ухдан», «Китабул-Мәбсут», т.б.

Танымал шәкірттері

Бұхаридың көзі тірісінде «Жамиус-сахих» кітабынан тоқсан мың кісі сабақ алған деседі. Ең танымал шәкірт-терінің қатарында: имам Мүслім, Тирмизи, Әбу Хатим, Әбу Зүра әр-Рази, Мұхаммед ибн Наср әл-Мәруази, Салих Жәзара, Ибн Хұзәйма, Әбу Абдулла әл-Махамили, Мансур ибн Мұхаммед әл-Бәздауи, Әбу Құрайыш Мұхаммед ибн Жұма, Ибн Сайыд, Ибн Әбу Дауыд, Әбу Хамид ибн Шарқи, Әбу Абдуллаһ әл-Фиребри секілді хадисшілерді атап өтуге болады.