Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Имам Бхари жне оны мірі.docx
Скачиваний:
92
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
21.89 Кб
Скачать

«Сахих хадистер» жинағы

Жинақтың толық атауы – «Жамиус-сахих әл-Мүснәд мин хадиси Расулуллаһ уә сунанихи уә әйямихи».

Бірде Ханафи мәзһабындағы ұстазы Исхақ ибн Рахуя шәкірттеріне: «Әттең, сахих хадистердің өзін ғана іріктеп, жеке кітап етіп шығарар ма еді», – деп тілек білдіреді. Бұған қоса, Бұхаридың өзі айтқан мына бір жағдай да осы еңбекпен шұғылдануына итермелеген:

«Бір күні түсімде ардақты Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызды көрдім. Алдында тұрып, қолымдағы желдеткішпен желпіп, ол кісіге шыбын-шіркейлерді жолатпай тұр екенмін. Түсімді жорытқан адамым маған: «Сен пайғамбарымызды (с.ғ.с.) былайғы жұрттың өтірік сөздерінен қорғайды екенсің», – деді. «Жамиус-сахихты» әзірлеуіме осы жайт түрткі болды».

Имам Бұхари бұл еңбекке он алты жыл уақытын жұмсаған. Жинақтағы 9 мыңнан астам сахих хадис 600 мың хадистің арасынан іріктелген.

Фиребридің риуаятынша, өзі әбден зерттеген әр хадисті жинаққа енгізбей тұрып, тағы да ықтият үшін дәрет алып, арнайы екі рәкат намаз оқыған. Истихара намазында Алла тағалаға жалбарынып, сахихтығы жөнінде қандай да бір белгі беруін тілеген. Түсінде сол белгіні байқағанда барып, әлгі хадисті «Сахих» жинаққа енгізген. Өзі бұл жайында: «Осы тәсілге сүйеніп, сахихтығына күмән келтірген хадисті жинаққа алмадым», – деген. Әсіресе, «әс-Сахих» кітабы Мәдинада пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мешітінде қабірі мен мінбері арасында отырып жазылғаны мәлім.

Бұхари бұл еңбегін аяқтағаннан кейін Ахмад ибн Ханбәл, Яхия ибн Майын, Әли ибн Мәдини секілді сол дәуірдің ірі ғұламаларына тексерткен. Риуаят бойынша, олар үш-төрт хадис-тен басқаларын түгел мақұлдайды.

Зәхәби бұл еңбекті: «Бұхаридың «әл-Жамиус-сахихы» Құраннан кейін-гі ислами кітаптардың ішіндегі ең бағалысы әрі құндысы. Оны тыңдау үшін мың шақырым жол жүріп, сол жолдың бар машақатын көтеруге тұрарлық», – деп бағалаған.

Бұхара әміршісімен келіспеушілігі

Бұхари көзі тірісінде ғалым ретінде ғылымның беделін қорғауға жанын салған, ешқашан биліктегілерге жа-ғынбаған. Бұхара әміршісімен болған келіспеушіліктері осыған дәлел.

Нишабурдан Бұхараға келген ке-зінде, оның ілімін ерекше құрметтеген халық зор қошеметпен қарсы алады. Қаланың кіре-берісіне ақшаңқан ша-тырлар тігіп, келген кезінде шашу ретінде алтын, күміс теңгелер шашады. Ғалымдар жиылып, халық одан күнде хадис тыңдайтын болады. Мешітте де, үйінде де үнемі осылай хадис сұқбаттары жалғасып жатады.

Бір жолы Бұхара әміршісі де оны сарайға алдыртып, дәрістерін тыңдауға құмартады. Бұхариға адамын жіберіп, кітаптарын алып сарайға келуін, жақын адамдарына дәріс оқуын сұрайды. Алайда Бұхари: «Ілім өзі іздеп ешқашан біреудің аяғына бармайды, керек еткен адам ілімді өзі іздеп келуі керек», – деген жауап қайтарады. Әмірші екінші рет өзінің бала-шағасына арнап бөлек дәріс беруін сұрайды. Бұхари: «Мен дәріс берерде ешкімді алаламаймын, керек еткен адам мешітке не үйіме келсін», – деп бұдан да бас тартады. Бұхаридың ниеті – қайткенде де ілімнің беделін түсірмеу еді. Алайда әмірші осы оқиғадан бастап Бұхариға қырын қарай бастайды. Ретін тауып оның абыройына нұқсан келтіріп, Бұхарадан қууға әрекеттер жасайды. Екі арада күншілдер де отқа май құя түседі. Нишабурлық Мұхаммед ибн Йайха әміршіге: «Бұхари «Құран – жаратылған» деп жүр» деген жала сөз жеткізеді. Бұл кезде имам Бұхараның орталық мешітінде халыққа ілім үйретумен ғана шұғылданатын еді. Халықты одан ажырату биліктегілерге де оңайға соқпайды. Дегенмен, әмірші зорлықпен ақыры имамды қаладан қуады. Имам Байкентті бетке алып, одан әрі Хартенк деп аталатын ауылдағы туыстарын сағалап кетеді.

Риуаяттар бойынша, Бұхари қаладан қуылғанда, өзіне қиянат жасағандарға налыған деседі. Бір ай өтпестен, Бұхара әміршісі Халид ибн Ахмед пен жандайшаптары күтпеген қиындықтарға душар болады.