Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Инж.системы здан.и соор каз.docx
Скачиваний:
396
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
22.95 Mб
Скачать

2.2 Дәрістік сабақ конспектілері.

1 Тақырып: Кіріспе. Инженерлік жүйелер туралы жалпы мәліметтер.

Қалалар мен елді мекендердің, бөлек ғимараттардың, өнеркәсіпті құрылыстардың осы заманғы құрылысы мәселелерін шешу үшін жылу- газбен жабдықтау, жылыту, желдету, сумен жабдықтау, канализация және қоршаған ортаны қорғау инженерлік жүйелердің құрылысынан, жобалау мен пайдалану негіздерінен теориялық білімдер және тәжірибелік дағдылар аса маңызды болып табылады.

"Инженерлік жүйелер"пәнді оқып үйрену нәтижесінде студенттер жылу энергияны өндіру, түрлендіру және тасымалдау заңдылықтары негіздері жөнінде, жылумен жабдықтау, жылыту, желдету және ауа кондиционерлеу, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, суды әкету және ауа алабы мен су ресурстарын қорғау жүйелердің құрылысы және әрекет негізі жөнінде білімді алу керек.

Сонымен қатар, олар инженерлік жүйелерді есептеу және жобалау негіздерінен алған теориялық білімдері мен дағдыларды іс жүзінде қолдана білу керек.

Инженерлік жүйелер тізіміне адамның өмір тіршілігі жайлы болуына, өндірістік іс әрекеті тиімді болуына қажетті жағдайлар туғызатын жүйелер жатады. Жеке айтқанда, тұрмыста немесе, кәсіпорындарында, жылу энергияны шығару үшін жылу өндіргіш қондырғылар өте кең қолданды. Жылуөндіргіш қондырғыларға жылу энергияның әдеттегі көзі болып табылатын қазан қондырғылар жатады. Онда отынның химиялық түрде байланған энергиясы жылу энергияға түрлендіріледі. Соған қоса күн энергиясын, геотермальді энергияны, және энергияның басқа түрлерін жылуға айалдыратын қондырғылар қолданылады.

Жылу энергияның жылу көзі - жылу өндіргіш қондырғылардан - тұтынушыларға (тұрғын және қоғам ғимараттар, өнеркәсіптік кәсіпорындары) тасымалдау үшін жылу жүйелер қолданылады. Жылу жүйесі жылу энергия көзін (жылу өндіргішті) тұтынушымен байланыстыратын құбырлар жүйесінен тұрады.

Тұтынушыларға түсетін жылу энергия коммуналдық-тұрмыстық, өндірістік объектілердің жылыту, желдеру, ыстық сумен жабдықтау қажеттеріне және өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық қажеттеріне шығындалады.

Жылыту жүйелер арқылы қысқы мерзімінде бөлмелердегі ішкі ауа мен қоршаған қабырғалардың ішкі беттерінің температуралары керекті деңгейге келтіріледі. Бөлмелердегі ауаның күйі жылыту жүйелердің ғана емес, желдету және ауа кондиционерлеу жүйелер әрекетіне тәуелді болады.

Желдету және ауа кондиционерлеу жүйелер адамның көңіл-күйі тұрақты болу үшін, сонымен қатар өнеркәсіптік процестер тиімдіорындалу үшін қажетті микроклиматтық және санитарлы-гигиеналық жағдайлармен қамтамасыз етеді.

Тұтынушыларды ыстық сумен жабдықтау үшін жергілікті және орталандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйелер қолданылады.

Қазіргі заманда тұрмыста да өнеркәсіптік кәсіпорында да әр түрлі газ тәрізді отындар өте кең қолданылады: табиғи газ және сұйылтылған газдар. Оларды тұтынушыларға жеткізу үшін, сақтау және үлестіру үшін газбен жабдықтау жүйелер қолданылады.

Тұрғын елді және өнеркәсіптік кәсіпорындарын қажетті сапалы таза сумен және жеткілікті мөлшерде сумен жабдықтау жүйелер қамтамасыз етеді.

Адамдардың тіршілік ісі нәтижесінде және өнеркәсіптік кәсіпорындарында пайда болатын сарқынды суларды жинап әкетіп және тазарту үшін канализация жүйесі пайдаланады.

Кәсіпорындардың өндіріс қалдықтарының, коммуналдық-тұрмыстық объектілердің қалдықтарының құрамындағы ластайтын заттар қоршаған ортаға зиян келтіреді. Ауа алабын және су ресурстарын осындай ұлы заттардан қорғау үшін қоршаған ортаны қорғау инженерлік жүйелер қолданылады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

9 қос ( 4-6; 80-81; 94-98; 102; 128-129; 159-161; 195-196; 209-211)

10 қос ( 4-8; 17-22; 88-89; 123-124; 152; 194; 210-212)

Бақылау сұрақтар:

1. Жылу өндіргіш қондырғылардың жүктелген міндеті.

2. Жылу жүйелердің жұмысы қандай?

3. Жылыту жүйесінің жүктелген міндеті.

4. Желдету және ауа кондиционерлеу жүйелердің жүктелген міндеті.

5. Сумен жабдықтау жүйелердің жұмысы.

6. Канализация жйелердің жұмысы.

7. Қоршаған ортаны қорғау жүйелердің міндеті.