Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Инж.системы здан.и соор каз.docx
Скачиваний:
396
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
22.95 Mб
Скачать

Глоссарий

Ақаба сулар -тұрмыстық және өндірістік лас сулар.

Аэрация - ғимараттардың фрамугалары және желдету фонарьлар арқылы ұйымдасқан және реттелетін табиғи ауа алмасу .

Аэротенк - ақаба суларды органикалық ластардан оларды микроорганизмдер арқылы қышқылдандыру жолымен тазартуға арналған құрылғы.

Газ құбырлары -жанғыш газдарды өндіру орнынан тұтыну пунктлерге жеткізуге арналған құбырлар жүйесі.

Желдеткіш - ауаны желдету және кондиционерлеу жүйесіне апарып тұруға арналған құрылғы.

Желдету - қажетті тазалықты және адамдардың жұмыс істеуіне, тұрмысына қолайлы жағдай туғызу үшін орындалатын бөлмелердегі тиімді ауа алмасу.

Жылу ағыны - кез келген изотермиялық беттен уақыт бірлігінде өтетін жылу шамасы.

Жылу алмастырғыш - бір жылу тасығыштан екіншіге жылу тасымалдау орындалатын құрылғы.

Жылу алмасу - қарастырылатын кеңістікте температурасы жоғары жақтан температурасы төмен жаққа қарай жылудың өздігінен тасымалдануы.

Жылу балансы - жылу процестерді зертегендегі жылу энергияның түсуі мен шығынын салыстыру.

Жылу беру - қатты дененің бетімен қоршаған сұйық (газ тәрізді) орта арсындағы жылу алмасу.

Жылумен қамту - жылыту және ыстық сумен қамту жүйелерді ыстық сумен (бумен)жабдықтау.

Жылу сәулелену - дене ішкі энергиясының электрмагниттік толқындар арқылы тасымалдануы.

Жылу тасығыш - жылу алмасатын сұйықтар мен газдар.

Жылу торабы - жылу тасығыш (ыстық су немесе бу) жылуды жылу көзінен тұтынушыларға жеткізетін құбырлар жүйесі.

Жылу өткізгіштік - дененің құрылымдық бөлшектерінің қимылы және бір-бірімен соқтығысу нәтижесінде ішкі энергияның тасымалдануы.

Жылыту - бөлмелер температурасын жылу комфортына сай келетін денгейде ұстап тұру.

Жылыту аспап - бөлмелерді жылытуға арналған аспап.

Канализация - лас суларды жинауға, әкетуге және тазартуға арналған инженерлік құрылымдар жүйесі.

Коагулянттар - сұйықтың құрамындағы ұсақ қалқынды бөлшектердің бір-біріне жабысып шөгуіне келтіретін заттар.

Конвективтік жылу алмасу - сұйық немесе газ тәрәзді ортаның конвективті қозғалу нәтижесіндегі жылу алмасу.

Конвектор - қырланған құбырдан және қаптамадан тұратын конвективті аспап (75 % артық жылу конвекциямен беріледі).

Конвекция - сұйықтың немесе газдың макрокөлемдерінің бір-біріне қатысты қозғалуы.

Кондиционер - кондиционерлеу жүйесіндегі ауаны дайындауға және тасымалдауға арналған аппарат.

Метантенк - сарқынды сулардың органикалық тұнбасын бактериялармен биологиялық өңдеуге арналған резервуар (шанақ).

Су өткізгіш– суды тұтыну орындарына жеткізуге арналған канал, тоннель, құбыр ж.т.с. туріндегі гидротехникалық құрылғы;

Су алу құрылымы –сумен қамту қажеттеріне қолдану үшін су көздерінен су алуға арналған гидротехникалық құрылғы;

Суды дайындау - бу қазандары мен жылу тораптарын қоректендіруге қолданылатын судын сапасын жақсарту.

Сорғы -сұйықтықты арынды жылжытуына арналған құрылғы.

Шығу туралы мәліметтер

СП ОӘК ИЖжЖ кафедрасының

мәжілісінде талқылынған

20__ж. «____»____________ хаттамасы

СП ОӘК Сәулет және құрылыс институтының

Ғылыми-әдістемелік кеңесінде талқыланып,

мақұлданған

20__ж. «____»____________ хаттамасы