Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ГИ-2

.docx
Скачиваний:
52
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
101.07 Кб
Скачать

Трансгенді шошқаларды алудың өзіндік қиындығы бар, өйткені мегежін зиготаларының пронуклеустерін тіпті контрасты микроскоптың өзінен көру мүмкін болмайды. Оларды центрифугалау арқылы Г. Хаммер (1980) және Г. Брэм (1986) зертханада трансгенді шошқалар алынды. Р. Хаммер өзінің қызметкерлерімен адамның соматотропин генін (промотор бөлігі металтионеин – 1 генінен) 316 зиготаларға және 1719 қос клеткалы эмбриондарға микроинъекциялады. Оларды реципиент-мегежіндерге тасымалдап, 192 торай алды, олардың 20-сы трансгенді болып табылды. Трансгенді торайлардың 11-інде бөтен геннің қызметі байқалды, яғни олардың қанында адамның өсу гормонының көп мөлшері синтезделді. Г. Брэм зертханасында осы генді зиготалардың пронуклеустеріне инъекцияланғаннан кейін реципиенттерге 208 зигота тасымалданды. Алынған 7 торайдың біреуі трансгенді болып шықты.

Трансгенді малдарды алудың ғылыми жұмыстары. Жыл сайын трансгенді малдарды алу ғылыми жұмыстары үдей түсуде. Қазіргі кезде әр түрлі ғылыми лабораторияларда трансгенді ірі қара мал (Дж. Лохс және т.б., 1980; Д. Крамер және т.б., 1980), қоян (Р. Хаммер және т.б., 1985; Л. К. Эрнест және т.б., 1989) және балықтар (Д. Пауэрс, 1986) алынды. Трансгенді ірі қара алу қиындығы биологиялық және экономикалық себептерге байланысты. Басқа малдарға қарағанда сиырлардан биологиялық жарамды зиготалардың жеткілікті мөлшерін алу проблемасы әлі толық шешілген жоқ. Екінші жағынан генетикалық бағалы донор - сиырлардан ұрықтанған жыныс клетканы алу олардың кәбею функциясының төмендеумен байланысты.

Сонымен, жоғарыда келтірілген мәліметтер трансгенді малдарды алу осы заманғы биотехнологияның келешек бағыты екендігін көрсетеді, ал оның негізгі мақсаты - малдың генотипін жаңадан құрастырып, олардан адам үшін бағалы өнім өндіру. Мұны іске асыру үшін қажет генді идентификациялау, бөлу және клонын алу, оларды зиготаларға ендіріп, экспрессиясын қосу және бөтен геннің ұрпаққа тұқым қуалауын шешу керек. Осы мәселелерді генетикалық инженерия әдістерімен шешу жоғары тиімді биотехнологияның малдар селекциясында қолдануының жаңа мүмкіндіктерін ашады. Оның іске асуы, ең алдымен, мал генетикасының молекулалық негіздерін іргелі зерттеуіне байланысты.

29