Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мурзалина.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
68.57 Кб
Скачать

1.3.1 Көлемдік-жоспарлық шешімдер

Жобаланған ғимараттың көлемдік- жоспарлау шешімі осы ғимараттағы технологиялық процестерді ескере отырып шешілген.

Жобаланған өндірістік корпус бір қабатты ғимарат, жоспарда тік төртбұрышты. Таза еден бетінен жабын конструкциялар астына дейінгі қашықтық 3,1 м және 6м. Жертөле жоқ. Ғимараттың 1 шығатын есігі, 2 қақпасы бар. Олар жұмысшылардың қауіпті жағдайларда ғимараттан тез шығып кетуін қамтамасыз етеді.

Ғимараттың жалпы биіктігі 6,6 м. Тұрмыстық бөлмелердің ауданы ең көп адам жұмыс істейтін сменадағы жұмысшылар санына сәйкес қабылдаған. Санитарлы - тұрмыстық бөлмелердің кұрамы және өлшемдері өндірістің санитарлы- гигиеналық сипаттамасына сәйкес қабылданған ҚР ҚНЕ 3.02.04-2002ж.

Норматив бойынша гардероб барлық киімдер түріне арналған. Бір адамға 1 шкафтан. Душ бөлмелері гардербопен қатар орналасады. Душ бөлмелері үш жағы қоршалған кабиналармен жабдықталған. Душ кабиналарының еденінде суағар лотоктар бар: ені – 200мм, тереңдігі – 20мм, еңісі 1%.

Ғимараттың ішінде төмендегі негізгі бөлмелер бар:

Атаулары

Ауданы, м2

1

Басқарушы бөлмесі

11,02

2

Кезекші бөлмесі

10,26

3

Жөндеу бригадаларының бөлмесі

18,56

4

Шеберхана

22

5

Қойма

7,2

6

Ерлер гардеробы

15,84

7

Жуынатын бөлме

5,88

8

Әйелдер гардеробы

10,44

9

Гараж

121,41

1.3.2. Ғимарат қасбетінің композициялық шешімдері

Ғимараттың ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары қазіргі заман талаптарына сай етіліп жасалады. Осы талаптарға сай келесі материалдарды қолдануға болмайды:

- жаңғыш материалдар;

- адам денсаулығына әсер ететін химиялық қоспалары бар материалдар;

  • көпжылдық әрлеу материалды пайдаланбау;

  • жылуға жеңіл берілетіндер;

  • санитарлық-гигиеналық өнделуге жеңіл берілетіндер.

Ғимараттың сыртқы жұмыстарында келесі материалдар

пайдаланылады: қабырға пенельдерден болған қабырғалардың сырты жоғары сапалы сылақпен сланады.Терзелер мен есіктер ішкісі ағаш қаңқалы ағаш есіктер болса, сыртқы есіктер темір қаңқалы темір есіктер. Сыртқы терезелер пластик материалдан жасалған қазіргі кездегі кең қолданыстағы терезелердің бірі болып табылады.

1.4 Сәулеттік-конструктивтік шешімдер

Жобаланатын ғимарат өндірістік блоктан тұрады.

Өндірістік корпус құрастырмалы жеңілбетон қаңқасынан орындалған, ол көлденең рамалардан, темірбетон жабын плиталарынан, тік және бойлық байланыстардан тұрады.

Іргетас - ленталы, құймалы, өлшемдері есептеу арқасында анықталған. Сыртқы және ортаңғы колонналар астына орналастырылады. Бетон классы В25.

Іргетас арқалықтары - серия 1-415-1 Вып.1. кірпіш қабырғалар астына орналасады. Арқалық ұзындығы – 6,6м, үстіңгі ені 520мм, төменгі ені - 200мм. Арқалықтар бетон тіректерге (өлшемдері 520x820мм) орнатылады. Бетон класы В25.

Көтеруші қабырғалар ірі блок, негізгі конструкцияларға бекітіледі.

Құрастырмалы темірбетон жабын плиталары - 1.465-7Вып.1. сериясы бойынша, өлшемі Зх6м, қабырғалы, бетон класы В15, плита биіктігі - 300мм.

Едендер өндірістік корпустың барлық бөлмелеріндегі едендер жер бетіне орнатылған. Топырақ алдын ала тығыздалған. Еденнің астына қалыңдығы 150мм бетоннан төсеніш жасалған. Жабын ретінде асфальтбетон қолданған қалыңдығы 30мм.

Жабын - 4 қабатты орама қара қағаздан жасалынады. Қара қағаз астына 20мм қалыңдықта цемент-құм ерітіндісінен тегістеу қабаты орнатылады. Орама қағаз битум мастикасымен жапсырылады.

Жабын еңісі і=2%

Терезелер - терезе блоктары ГОСТ 12506-97 бойынша, пластик ені 15,1м, биіктігі - 1,8м.

Ғимарат тұтас құймалы темірбетоннан орнатылған.

Жобада келесі құрылыс конструкциялары қабылданған

  • Іргетастар - ленталы, құймалы, сериясы ИИ-04-І.в.І. Бетон классы В25.

  • Іргетастар арқалықтары - құрастырмалы темірбетон, сериясы 1-415-

І.в.1.

  • Ұстындар - құрастырмалы темірбетон сериясы ИИ-04-2 және КЭ-01-49. Көлденең қима өлшемдері 40x40см. Бетон В 25.

  • Темірбетон арқалықтары - құрастырмалы. Серия 1.462.-3 в.1.

Жабын және қабатаралық плиталары - құрастырмалы темірбетон.Серия 1.465-2-в.З. 1.141-1-в.б, ИИ-04-4-В.18. Өлшемі 2 х 1м қабырғалы.

- Қабырғалар – тұтас құймалы темірбетоннын орындалған 1.432-5-в.І және ИИ-04-5-В.4.